Конкурс өткізу туралы хабарландыру



жүктеу 101,3 Kb.
Дата25.11.2017
өлшемі101,3 Kb.
#1652
түріКонкурс



«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға

ішкі конкурс өткізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қармақшы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 120500, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Т.Рысқұлов көшесі №2/А үй, анықтама үшін телефондары 8(72437) 2-19-59, факс 8(72437) 2-19-59, электронды пошта: karmakchi@mail.ru
«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға

Қармақшы ауданындағы осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

«Қармақшы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің



Ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы,

(Е-3 санаты, 1 бірлік, №02-1 - 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай102 524 теңгеден 138 365,теңгеге дейін (экологиялық коэффициентті есепке алмағанда).

НЕГІЗГІ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:

Бөлімнің жұмысына басшылық жасайды. Аудан аумағындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді және жергілікті атқару, өкілетті органдарымен тұрақты өзара қатынастарын қамтамасыз етеді. Аудандық тұрақты кеңес мәжілісінің және аудан әкімдігі мәжілісінің күн тәртібінде қаралатын мәселелерді ұсынады, кеңесте берілген тапсырмалардың орындалуына бақылау жасайды. Аудандық комиссиялардың жұмысына бақылау орнатады. Облыс әкімдігі мәжілісінде қаралатын мәселелер бойынша тиісті материалдарды жинақтап, аудан әкіміне ұсынады. Тоқсандардағы аудан әкімдігі мәжілістерінің күн тәртіптерін аудан әкімінің орынбасарларының, аппарат басшысының ұсыныстары бойынша әзірлейді. Бөлімге жүктелген міндеттердің дер кезінде орындалуын, тиісті атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді, бөлім қызметкерлерінің міндеттерін бөледі және жұмыстарын үйлестіреді. Бөлімнің жұмысын жоспарлайды және аудан әкімдігінің жұмысын жоспарлауға қатысады. Аудан әкімінің жұмыс кестесін әзірлейді. Аудан әкімі аппараты басшысына бөлім қызметкерлерін марапаттау және оларға тәртіптік шара көру туралы ұсыныс береді. Бөлімге келіп түскен арыз-өтініштердің орындалуын қамтамасыз етеді.



ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР:

Білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар немесе технологиялар немесе ауылшаруашылығы ғылымдары немесе ветеринария немесе қызмет көрсету мамандықтары бойынша жоғары білім.



2.«Қармақшы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы, (Е-3 санаты, 1 бірлік, №05-1) (Е-3 санаты, 1 бірлік, №05-1 - 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 102524 теңгеден 138 365 теңгеге дейін (экологиялық коэффициентті есепке алмағанда).

НЕГІЗГІ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:

Бөлімге жүктелген міндеттердің дер кезінде орындалуын, тиісті атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді, бөлім қызметкерлерінің міндеттерін бөледі және жұмыстарын үйлестіреді. Аудан әкімі аппаратының басшысына бөлім қызметкерлерін марапаттау және оларға тәртіптік шара көру туралы ұсыныс береді. Бөлімге келіп түскен арыз-өтініштердің орындалуын қамтамасыз етеді. Бөлімнің жұмысын жоспарлайды және аудан әкімдігінің жұмысын жоспарлауға қатысады. Аудан әкімі аппаратында іс-қағаздармен жұмысты «Қазақстан Республикасының жергілікті әкімдерінің аппаратында іс-жүргізу жөніндегі нұсқауға» сәйкес ұйымдастыру. Жоғары органдарға уақытылы хабарламалардың жіберілуіне қатаң бақылау орнату, аудан әкімі аппаратында қабылданатын құжаттардың жобаларын әзірлеу, мазмұны мен көлеміне баса назар аудару, іс-қағаздар жүргізу номенклатурасына сәйкес құжаттарды іске құрастырады. Дайындалған әкімдік қаулыларының жобаларына әкімдік мәжілісі барысында айтылған ұсыныс, пікірлерді, өзгертулер мен толықтыруларды қосып тиісті заңдылықтар мен нұсқау, ереже талаптарына сай толық рәсімделуін әрбір орындаушыдан талап етіп, оның мәжіліс өткеннен кейін қамтамасыз етілуін қадағалайды. Бұл жөнінде кемшіліктерге жол берілсе аппарат басшысына, тиісті аудан әкімінің орынбасарына, аудан әкіміне орындаушылар тарапынан жіберілген кемшіліктерге байланысты шара көруге ұсыныс беру. Аудан әкімі аппаратындағы құжат айналымын жолға қою, есептерін жүргізу, нормативтік актілердің, директивалық құжаттардың орындалуын, бақылау барысында компьютер жүйесімен жұмысты жетілдіру, түскен хат-хабарларды өңдейді. Аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің және аудан әкімдігінің қаулылары жобаларының мазмұнын, дұрыс рәсімделуін алдын ала зерттеп, оған өзінің келісімі жөнінде қолын (визасын) қою. Аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының тапсырмаларын есепке алып, орындалуына талдау жасап, хабарлама беру, құжаттарды орындаушыларға дер кезінде жеткізілуін қамтамасыз ету (тарату қағазы арқылы), іс-қағаздардың қозғалысына, орындалуына, бақылаудан алынуына талдаулар жасайды. Демалыс, мереке күндері, қажет болған жағдайда (күннің суытуына, төтенше жағдайларға байланысты және т.б) аудан әкімінің қабылдау бөлмесінде аппараттың жауапты қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастырады. Күзетшілер мен үй сыпырушылардың жұмыстарын қадағалайды. Электронды құжат айналым бағдарламасының жұмысын қадағалау, бөлімдер және кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының электронды құжат айналым бағдарламасына түгелдей көшуіне ықпал жасайды. Электрондық ақпараттық жүйені енгізу, аудан әкімінің веб-сайтын жаңартып отыру, жалпы қолжетімді пункттердің тұрақты жұмыс жасауына бақылау орнатады. Кент, ауыл округтері әкімдеріне, бөлімдерге іс-қағаздармен жұмыс жөнінде практикалық көмек көрсетеді. Қызметтік құжаттардың конфиденциалдығын сақтайды.



ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР:

Білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе менеджмент немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету) мамандықтары бойынша жоғары білім.

КӘСІБИ ҚЫЗМЕТТІ ТИІМДІ АТҚАРУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰЗІРЕТТЕР:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

«Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ:

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес;

      4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;


      5) ғылыми дәрежесінің болуы.

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

ІШКІ КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі-Қағида) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Қармақшы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, индекс 120500, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Т.Рысқұлов көшесі, №2/А үй 19 кабинетте қабылданады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы ішкі конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығына сүйенедi.

Үміткерлермен әңгімелесу «Қармақшы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, индекс 120500, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Т.Рұсқұлов көшесі, №2/А үй ғимаратында өтеді.

Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағиданың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Қағиданың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.


«Қармақшы ауданы әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

конкурстық комиссиясы
жүктеу 101,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау