Конкурс өткізу туралы хабарландыру



жүктеу 103,84 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі103,84 Kb.
#12545
түріКонкурс




«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға

ішкі конкурс өткізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ, 120008, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 64 “г’’ анықтама үшін байланыс телефондары: 8(724)-2-23-81-14, 23-87-32, электронды пошта e-mail: kyzylorda@taxkzil.mgd.kz «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер органы мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
1. Талдау және болжамдау бөлімінің бас маманы (С-R-4 санаты-1 бірлік, индекс №07-0-3). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 73 288 теңгеден 99 105 теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері: Қызылорда қаласы бойынша бюджетке түсетін салықтық түсімдер мен бекітілген болжам арасындағы айырмашылықтың себебіне талдау жасайды; бюджеттің болжамы орындалуы жөнінде, жыл басынан бастап түскен салық түсімдерінің алдыңғы жылда түскен салық түсімдерімен салыстырмалы жыл басынан бастап және айға факторлық талдау жасайды; Салық және төлемдердің артық төленген сомаларына ай сайын талдау жасайды; шағын кәсіпкерлікпен айналысатын мекемелер жөнінде оперативтік мәлімет жинайды; бюджетке түсетін кірістің түрлері бойынша перспективалық және ағымдық болжам жасауға, Қызылорда қаласының әлеуметтік дамуының индикативтік жоспарын құруға атсалысады; салық базасын зерделеу мақсатында Қызылорда қаласында ірі салық төлемгерлерінің қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жасайды; бюджеттік сыныптама коды шегінде салықтық түсімдердің динамикасын құрады. Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ішкі еңбек тәртіп ережесін сақтау; мемлекеттік және қызметтік құпия болып саналатын мәліметтерді жария етпеу.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласы (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, әлемдік экономика) бойынша мамандықтар немесе мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі: қызмет көрсету, экономика және басқару саласы (маркетинг, менеджмент, қаржы, статистика, есеп және аудит, экономика) немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі



Жұмыс тәжірибесі:  Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
2. «Жеке тұлғалардың ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің бас маманы С-R-4 санаты-1 бірлік, индекс №11-0-8). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 73 288 теңгеден 99 105 теңгеге дейін (экологиялық коэффициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері: Салық төлеушілерге салық заңдылықтарын түсіндіру жұмыстарын жүргізеді; бекітілген учаскелер бойынша салық төлеушілер мен салық объектілерінің толық есебін алады, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде иелері ауысқан жағдайда салық салу объектілерін жаңартады; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің және Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің орталықтандырылған тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындалуын қаматамасыз етеді; Салық төлеушілері бойынша жаңартылған мәліметтер негізінде бекітілген учаскелер бойынша жеке тұлғалардың жер және мүлік салықтарын есептеп, БСАЖ бағдарламасындағы бет есептеріне енгізеді; хабарламаларды дайындайды және оларды таратады. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес сапалы қызмет көрсетеді. Басқарманың ішкі еңбек тәртіп ережесін сақтайды; мемлекеттік және қызметтік құпия болып саналатын мәліметтерді жария етпейді.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласы (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, әлемдік экономика) бойынша мамандықтар немесе мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі: қызмет көрсету, экономика және басқару салаcы (маркетинг, менеджмент, қаржы, статистика, есеп және аудит, экономика) немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.



Жұмыс тәжірибесі: Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік
Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 2017 жылғы 21ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі-Қағида) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрдене «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Құжаттар «Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 120008, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 64 «Г», 207 кабинетте қабылданады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы ішкі конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады. Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Үміткерлермен әңгімелесу өтетін орны ««Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 64 «г».

Үміткерлермен әңгімелесу өтетін күні, құжаттарды қабылдау мерзімі өткен соң конкурстық комиссиясымен бекітіледі.

Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Қағиданың 13-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитеті Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Қызылорда қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық

мемлекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені______________________________________________________________

__________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және

орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________


Мекен жайы және байланыс телефоны

__________________________________________________________________


________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))



«___»_______________ 20 __ ж.
жүктеу 103,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау