«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға
ішкі конкурс өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Қармақшы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, индекс 120500, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Т.Рысқұлов көшесі №2/А үй, анықтама үшін телефондары 8(7243) 72-19-59, факс 8(7243) 72-19-59. электронды пошта:karmakchi@mail.ru
«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
Қармақшы ауданындағы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
1. Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары (санаты Е-1, индексі №01-03) - 1 бірлік Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 150869 тенгеден 203381 теңгеге дейін (экологиялық коэффициентті есепке алмағанда).
НЕГІЗГІ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:
Ұлтаралық келісім және тіл саясаты, әлеуметтік-мәдени салада бағдарламалар әзірлеу мен жүзеге асыру, спорттың бұқаралығын арттыру мәселелерімен айналысу.”Қазақстан 2050” стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауын және бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам Ұлт жоспарын іске асыру бағытындағы жұмыстарды үйлестіру.
Аудандық әлеуметтік-саяси ахуал келешегін зерделеп отыру және болжам жасау.Аудан көлеміндегі сайлау комиссияларының жұмысын зерделеп , сайлау мәселелелері жөніндегі ұйымдастыру шараларының орындалу барысы
туралы жұмыстарға жетекшілік жасау.
Қоғамдық кеңес жұмысына бақылау жасау .
Тұрғындардың денсаулығын сақтау, туберкулез және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы күрес мәселелеріне бақылау жасау.”Саламатты Қазақстан” бағдарламасының аудан көлемінде іске асырылуын үйлестіру.
Мектептерді компьютерлендіру, оқушыларды мектепке тарту бағдарламаларын жүзеге асыру, әскер қатарына шақырылған және шақырылатын жастармен жұмыс және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне бақылау жасау.”Білім беруді дамыту 2010-2015” мемлекеттік бағдарламасының орындалуына бақылау жасау.
Елбасы мен Үкіметтің ішкі және сыртқы саясатын түсіндіру жөнінде саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізу, әлеуметтік қайшылықтарды ауыздықтау және қалыпты арнаға түсіру, діни экстремизмді болдырмау.
Жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамту және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, аз қамтылған азаматтарға қолдау көрсету, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің уақытылы төленуі, еңбекақы, зейнетақы , жұмыс берушілердің бірлестіктерімен өз ара іс-қимыл жасау.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мәселелерді ұйымдастыру .
Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және мемлекеттік хал актілерін тіркеу бөлімі және ішкі саясат бөлімдері, Жосалы обаға қарсы күрес стансасы, мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, «Қармақшы ауданының жұмыспен қамту орталығы» мекемесі, аудандағы аптекалар жүйесі, денсаулық сақтау жүйесіндегі мекемелер, Қармақшы ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі, Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Қармақшы аудандық бөлімшесі, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аудандық бөлімшесі, аудандық мұрағат мекемесі, Республикалық, облыстық, аудандық «Қармақшы таңы» бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты нығайту, баспасөзге жазылу, №12 кәсіптік-лицей, аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, спорт клуб, аулалық клубтармен бірлесе іс-қимыл жасау жұмыстарын өз құзыры шегінде үйлестіріп отыру.
«Нұр-Отан» партиясының аудандық филиалы, облыстық «Соқырлар қоғамының» аудандық бастауыш ұйымы, “Қармақшы жастары” , «Қорқыт елі-Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестіктері, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық ұйымы, «Отан» қоғамдық бірлестігі, «Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлері кеңесі» қоғамдық бірлестігі, ардагерлер, әйелдер кеңестері, аудандық кәсіподақ комитеттері, саяси партиялар және діни бірлестіктермен байланыс жасайды.
Аудан әкімі жанындағы ономастикалық, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі, марапаттау жөніндегі, мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі, діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және әріптестік жөніндегі, мемлекеттік рәміздер жөніндегі, жастар саясаты мен патриотық тәрбие беру жөніндегі, терроризмге қарсы комиссия, адамдарды заңсыз әкету, әкелу және сатуға қарсы комиссия, аудан тұрғындарының денсаулығын сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөнідегі үйлестіру кеңесінің, 1941 жылдың 22 маусым-1945 жылдың 9 мамыр кезеңінде 6 ай жұмыс істеген азаматтардың жұмыс стажын белгілеу жөніндегі, консультативтік-кеңесші орган жөніндегі, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі, аудан аумағында жаңадан ескерткіштер мен белгілер қоюды реттеу жөніндегі, әлеуметтік әріптестікпен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі ауданда жұмыс атқаратын үш жақты комиссияларының жұмыстарына басшылық жасау.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының орындалуын жүзеге асыру.
Т.Көмекбаев,Қуаңдария,Алдашбай Ахун,Дауылкөл,Ақжар ауылдық округтері әкімдерінің іс-қимылына бақылау жасап, жұмысын үйлестіріп отыру.
Аудан әкімдігі және әкімнің актілерінің, дерективалық құжаттардың орындалуына бақылау жасау.
ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР:
Білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім.
КӘСІБИ ҚЫЗМЕТТІ ТИІМДІ АТҚАРУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰЗІРЕТТЕР:
Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
«Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, нақты лауазымының мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ:
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;
4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.
Мынадай құзіреттердің бар болуы:
бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
«Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
ІШКІ КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі-Қағида) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде «Қармақшы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, индекс 120500, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Т.Рысқұлов көшесі,№2/А үй 19 кабинетте қабылданады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы ішкі конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.
Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды.
Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыc күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.
Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығына сүйенедi.
Үміткерлермен әңгімелесу «Қармақшы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, индекс 120500, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Т.Рұсқұлов көшесі, №2/А үй ғимараттың 2 қабатында өтеді.
Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағиданың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Қағиданың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
«Қармақшы ауданы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
конкурстық комиссиясы
Достарыңызбен бөлісу: |