Конкурс өткізу туралы хабарландыру «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты»



жүктеу 108,01 Kb.
Дата14.11.2018
өлшемі108,01 Kb.
#19611
түріКонкурс


21.06.2016 ЭҚАБЖ МО (7.18.4 нұсқасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.





«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120000, анықтама үшін байланыс телефондары: 8(724)-2261644, электронды пошта person.kadr2013@mail.ru «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

 

Ақсуат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы


(E-G-3 санаты, 1 бірлік, №28-2). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай  53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).
Негізгі функционалдық міндеттері:

Ауыл округі әкімі аппаратының ішкі жұмыстарын және жеке тұлғалар мен ауылшаруашылығы құрылымдарын ұйымдастырып, ішкі еңбек тәртібіне және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес, қызмет жасайды;

Жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жасайды;

Тиісті органдарға берілетін есептерді және мәліметтердің уақытылы заңдылықтарға сәйкес, дайындап беріп отыруын ұйымдастыру;

ҚР – ның ветеринария саласындағы жаңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізуді, жинақтауды, талдауды жүзеге асыруды қадағалау;

Халық денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау және оларды емдеу, ветеринариялық – санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

округ көлемінде мал жаятын орындарды анықтау, ветринариялық төлқұжат беру, жануарлардың және адамдардың денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою туралы шешім қабылдайды;

округ аумағында ауылшаруашылығы саласын оның ішінде : мал және егін шаруашылығына басшылық жасау;

санитарлық тазалық, көркейту – көгалдандыру жұмыстарының дәйекті жүруін қамтамасыз етеді;

ветеринария және мал қозғалысына қатысты мәліметтер мен есептерді ай, тоқсан, жыл сайын қалалық бөлімдерге уақытылы беріп отыру;

Қазақстан Республикасы президенті Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Заңдарының, Үкімет қаулыларының, облыс, қала әкімінің өкім, шешімдерінің, облыс, қала әкімдігі қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету.

Ішкі еңбек тәртібіне және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес, аппарат қызметкерлеріне басшылық жасайды;

Ауыл округі әкімі аппаратының ішкі жұмыстарын және жеке тұлғалар мен ауылшаруашылығы құрылымдарын ұйымдастыру;

Мемлекеттік органдардың құжаттарының дер кезінде орындалуын бақылайды, қызметтік міндеттердің орындалуын қадағалайды;

Аппарат қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді;

Ішкі еңбек тәртібіне және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес қызмет жасайды;

Сенбіліктерге ауыл тұрғындарын қатыстыру жұмыстарымен айналысады; «Электронды үкімет» порталына және қосалқы шаруашылықтары бойынша электрондық тізілім деректерін толтыру;

Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру;

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мониторинг жүргізу;

Ай сайын көрсетілген мемлекеттік қызметтердің есебін уақытылы тапсырып отыру;

«Алтын дән - 2016» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу шараларын ұйымдастыру;

Мекеменің мемлекеттік елтаңбасы бар бланкілерінің дұрыс пайдаланылуын қадағалайды;

Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

Жоғары тұрған органдардан келген хаттар мен хаттамаларды, тапсырмаларды орындайды;

Ауыл тұрғындарын баспасөзге жазылуын ұйымдастырады;

Ауылдық округтің ветеринариялық пунктінің қызметкерлерінің жұмысын қадағалау.

Ішкі саясат, діни ахуалды қадағалау;

Заң актілерінің, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің Премьер – Министірдің облыс, қала әкімдігі және әкімнің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы ауылдық округі әкіміне хабардар ете отырып, олардың орындалуын бақылау жөніндегі қызметін қамтамасыз етеді.


Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

Құқық немесе білім немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе ветеринария мамандықтары бойынша жоғары білім.

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.



Мынадай құзыреттердің бар болуы:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

«Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі-Қағида) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120000, Қызылорда қаласы Ы.Жақаев көшесі  №16 үй ғимаратының 3 қабатында қабылданады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы ішкі конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Кандидаттардың кәсiби және жеке қасиеттерiн бағалау кезiнде конкурс комиссиясы бiлiктiлiк талаптарына және тиiстi бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығына сүйенедi.

Үміткерлермен әңгімелесу «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120000, Қызылорда қаласы, Ы.Жақаев көшесі  №16 үй ғимаратында өтеді.

Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр жұмысы) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін,  Қағиданың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Қағиданың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
жүктеу 108,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау