Конкурс өткізу туралы хабарландыру. Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар



жүктеу 147,42 Kb.
Дата01.12.2017
өлшемі147,42 Kb.
#2638
түріКонкурс

ҚР АШМ АӨК МИК Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру.

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар

C-R-4 санаты үшін: жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

      мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

      жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

С-О-6 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.


Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты




min

max

С-R-4

73288

99106

С-О-6

57657

78157


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы, 160017, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 9 В, анықтама үшін телефон (факс): 8/7252/ 55-11-82, uko_msx_rk@mail.ru, «Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

1. Шымкент қалалық аумақтық инспекциясының бас маман - өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы (С-R-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: карантиндік объектілердің енуі мен таралуының алдын-алу бойынша мемлекеттік шаралар жүйесін жоспарлай және ұйымдастыра білу, олардың жеке және заңды тұлғаларымен орындалуын бақылау, заң талаптарына сәйкес жұмыстарды жоспарлау; мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындалуына нұсқама шығарады және оның орындалуын бақылайды; өсімдіктер карантині саласындағы заңнамаларды бұзған лауазымды, заңды және жеке тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: Ауылшаруашылық ғылымдары (агрономия, өсімдік қорғау және карантин, топырақтану және агрохимия, аграрлық техника және технология, агрониженерия, жеміс-көкөніс және жүзім шаруашылығы, су ресурстары және суды пайдалану, фермерлік іс) мамандықтары.
2. Шардара аудандық аумақтық инспекциясының бас маман - өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы (С-R-4, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: карантиндік объектілердің енуі мен таралуының алдын-алу бойынша мемлекеттік шаралар жүйесін жоспарлай және ұйымдастыра білу, олардың жеке және заңды тұлғаларымен орындалуын бақылау, заң талаптарына сәйкес жұмыстарды жоспарлау; мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындалуына нұсқама шығарады және оның орындалуын бақылайды; өсімдіктер карантині саласындағы заңнамаларды бұзған лауазымды, заңды және жеке тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: Ауылшаруашылық ғылымдары (агрономия, өсімдік қорғау және карантин, топырақтану және агрохимия, аграрлық техника және технология, агрониженерия, жеміс-көкөніс және жүзім шаруашылығы, су ресурстары және суды пайдалану, фермерлік іс) мамандықтары.
3. ҚР АШМ АӨК МИК Созақ аудандық аумақтық инспекциясының бас маман – өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы (С-R-4, 1-бірлік).

Функционалдық міндеттері: Жинақталған фитосанитарлық жағдайлар есебімен қорғау шараларының көлемін анықтау және өсімдіктерді қорғау құралдарын пайдалану. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын зиянкестермен, өсімдіктер ауруларымен және арам шөптермен күрес бойынша шаралардың сапалы өткізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамалар-ды бұзған заңды және жеке тұлғалар мен лауазымды тұлғаларды әкімшілік жазаға тарту. Мерзімді есептілікті жүзеге асыру-есеп құру мен оны жоғарғы органдарға ұсыну.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Ауылшаруашылық ғылымдары (агрономия, өсімдік қорғау және карантин, топырақтану және агрохимия, аграрлық техника және технология, агроинженерия, жеміс-көкөніс және жүзім шаруашылығы, су ресурстары және суды пайдалану, фермерлік іс), ұйымдастыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандықтары.
4. Өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің жетекші маман-өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекторы (С-О-6, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: қызметі карантиндік өнімдерді дайындаумен, өндірумен, қайта өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен байланысты ұйымдардың, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен жеке және заңды тұлғалардың карантиндік ережелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру; өсімдіктердің карантині жөніндегі ережеге және нұсқаулыққа сәйкес карантиндік бақылауды, тексеру мен сараптауды және карантинге жатқызылған өнімдерді, сондай-ақ көлік құралдарын залалсыздандыруды бақылауды жүргізу; тағайындау пунктіне карантинге жатқызылған өнімнің шыққан жері туралы карантиндік хабар жеткізу; бекет қызметі аймағында карантиндік нысандарды анықтау үшін қоймалық үй-жайлар мен қойма жанындағы аумақтар және 3-шақырымдай қашықтықтағы аймақтарға тексеру жүргізу; мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындауға нұсқама шығару және оның орындалысын бақылау; өсімдіктер карантині саласындағы заңнамаларды бұзған лауазымды, заңды және жеке тұлғаларды әкімшілік жазаға тарту; жұмыстың біліктілік талаптары мәселелері бойынша отандық және шетелдік тәжірибелерді оқып, білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе ортадан кейінгі білім: агрономия, өсімдік қорғау және карантин, топырақтану және агрохимия, жеміс баубақша және жүзім, су ресурстары және суды пайдалану, аграрлық техника және технология, агроинженерия, фермерлік іс мамандықтары бойынша білім.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері:

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысындарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Норкологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен жай бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясына тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген құжаттарды электрондық почта не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, әңгімелесуге жіберілген туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 9 «В» мекен жайда орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.

«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
__________________________


(мемлекеттік орган)

Өтініш
     

Мені___________________________________________________________


____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:


____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     


Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
________                         ____________________________________
  (қолы)                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»




_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)







_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)




ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения




2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)




3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения




4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)




5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками




6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)




7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)




8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)




9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)




ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения












_____________________


Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________


күні/дата

жүктеу 147,42 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау