Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілерінің арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік талаптар
E-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік
біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орынан кейінгі білім болған, жағдайда;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда 2 жылдан кем емес.
Санаты
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
|
min
|
max
|
Е-1
|
477 277
|
622 533
|
Ескерту: Еңбекақыны факторлы-баллдық жүйемен есептейтін пилоттық жобаны енгізуге байланысты
|
«Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, 1-ші ғимарат, анықтама алу үшін телефондар: 8-72934-78468, e-mail: K.turtkulova@mangystau.gov.kz, Жаңаөзен қаласының мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілерінің арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға Ішкі конкурс жариялайды:
«Жаңаөзен қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, қала әкімінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылықты, дене шынықтыру және спортты дамыту, ветеринария, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелер жөніндегі орынбасары, санаты E-1, 1 бірлік
Функционалдық міндеттері:Шағын бизнес және кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау, туризм мен спортты дамыту саясатын іске асырады. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің тиімді өзара іс-қимылына жағдайлар жасау, инфрақұрылымдарды және халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін дамыту үшін инвестицияларды тарту, көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі тиімділігін және сапасын арттыру жұмыстарын ұйымдастыру.
Автомобиль жолдарын және коммуникацияны қайта жаңғыртуды қамтамасыз ету, көліктік және ауылшаруашылық инфрақұрылымдарын қалыптастыру.
Қала әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер және кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі сараптамалық кеңестерді, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің бюджеттік субсидиялар алуға арналған тізімін айқындау үшін ведомствоаралық комиссияны басқарады және автомобиль жолдарын қабылдау жөніндегі тұрақты мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмыс тобына жетекшілік етеді.
Жаңаөзен қаласы бойынша және іргелес елді-мекендерде әлеуметтік, коммуналдық сала объектілерінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша іс-шараларды ұйымдастырады.
Қорғаныс және жұмылдыру сипатындағы мәселелерді жүргізеді.
Қалалық төтенше жағдайдың алдын алу және жою комиссиясы төрағасының орынбасары.
Қала әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы күрес ведомствоаралық комиссиясының жұмысын үйлестіреді, сондай-ақ терроризмге қарсы күрес саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол», «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті
дамытудың 2017-2021» жылдарға арналған бағдарламаларын, Кешенді жоспарды іске асыруға жауапты.
Жаңаөзен қаласы Рахат, Қызылсай, Теңге ауылдарының аумағында жануарларды асырау, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жұмыстарын ұйымдастырады және бақылау жасайды.
Қарасты құрылым тарапынан әзірленген, қабылданған қала әкімдігінің қаулыларына және қала әкімінің шешімдеріне дербес жауапкершілік жүктеледі.
Жетекшілік ететін мемлекеттік мекемелермен қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Жеке тұлғалармен және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдау жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім;
Білім (математика, дене шынықтыру және спорт). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика). Құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі). Техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, көлік, көліктік техника және технологиялар, машина жасау). Қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру). Ауылшаруашылық ғылымдары (агрономия, аңшылықтану және аң шаруашылығы, аграрлық техника және технология, ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету). Ветеринария (ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария). Гуманитарлық ғылымдар (дінтану). Әскери іс және қауіпсіздік (өрт қауіпсіздігі).
«Жаңаөзен қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, қала әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары, санаты E-1, 1 бірлік
Функционалдық міндеттері:Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық, мәдениет, тіл және жастар саясатының, көші-қон және демография мәселелерімен айналысады. Қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, партиялармен және қозғалыстармен, шығармашылық одақтармен өзара әрекет жасауды жүзеге асырады. Сайлау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, Отбасы және гендерлік саясат, бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің мәселелерін жүргізеді.
Аумақтық қорғаныс, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес, жасөспірімдердің арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерін қадағалайды және осы саладағы комиссиялардың жұмысын үйлестіреді.
Қала әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер, Үкіметтік емес ұйымдар, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі, отбасы істері және гендерлік саясат, жеке меншікке мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияларға, Жаңаөзен қаласының мемлекеттік органдардың нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін Үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабын басқарады.
Әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың санаттарын анықтау жөніндегі Арнайы комиссияны басқарады және қала әкімдігі жанындағы эвакуациялық комиссиясына басшылық етеді.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы, Кешенді жоспар т.б. мемлекеттік бағдарламалардың орындалысына жауапты.
Қала әкімінің орынбасарына қарасты құрылым тарапынан әзірленген, қабылданған қала әкімдігінің қаулыларына және қала әкімінің шешімдеріне дербес жауапкершілік жүктеледі.
Жетекшілік ететін мемлекеттік мекемелермен қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдау жүргізеді.
Қызылсай ауылының жетекшісі.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім.
Білім мамандықтары. Гуманитарлық ғылымдар (философия, тарих, мәдениеттану, филология, дінтану). Құқық (құқықтану). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, қоғамдық байланыс, журналистика, еңбекті ұйымдастыру және нормалау). Қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету). Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
«Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты»ММ және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде құжаттар тапсырылуы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» ММ кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан
Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін
тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген
жағдайда осы Қағидалардың 13-тармағында, 15-тармағының бірінші бөлігінде, 16-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Шағым жасау тәртібі:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |