Конкурс жариялайды: «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі»



жүктеу 212,9 Kb.
Дата29.05.2018
өлшемі212,9 Kb.
#18354
түріКонкурс

«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ

Интернет-ресурсында орналастыру үшін



2.12.2016 ж.

«Б» корпусы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк төменгі лауазымдарына орналасу үшiн жалпы конкурс жариялайды:



1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі» КММ экономикалық секторының бас маманы (2018 жылғы 6 наурызға дейін, негізі қызметшінің бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыс кезеңіне), 1 бірлік.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-R-4.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес функцияларды іске асыру: Ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру, тірек ауылдық елді мекендерді дамытудың кешенді жоспарларын, ауылдық округ орталықтарын және дамытудың жоғары және орта әлеуеті бар ауылдық елді мекендерді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау барысы туралы мониторинг өткізу. Ауылдық жерлерге жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала және агроөнеркәсіп кешені мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша бюджеттік бағдарлама өңірлерінде іске асыруды үйлестіру. Ауыл тұрғындарының тіршілікпен қамтамасыз етілуі сәйкестігіне ауылдық елді мекендерді бағалауға қатысу және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі критерийлер бойынша ауылдық елді мекендердің сыныпталуын бақылау, аудандық ұйымдардың қызметін үйлестіру және оларға ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері бойынша әдіснамалық көмек көрсету. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету. Бөлім басшысының нұсқауы бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру, ҚР заңдарын, нұсқаулық материалдарын зерделеу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика), немесе «құқық» (құқықтану) бейіндері бойынша.

Орта білімнен кейнгі немесе техниқалық және кәсіптік: «қызмет көрсету, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), маркетинг (салалары бойынша), статистика), немесе «құқық» (құқықтану) бейіндері бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға сәйкес санат үшін үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуі.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.


2. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі» КММ, бас маман-редактор (2019 жылғы 29 сәуірге дейін, негізі қызметшінің бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыс кезеңіне), 1 бірлік.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-R-4.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік тілде қажет құжаттарды аударуды қамтамасыз ету: экономика және қаржы бөлімінің Ережесі, Ұжым шарты. Мемлекеттік тіл және орыс тілінде іс жүргізу: кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу, істер номенклатурасы, бөлімнің барлық мамандарының экономикалық-бақылау жұмыстарының жоспары, секторлардың жұмыс жоспары, мамандардың лауазымдық міндеттері, негізгі қызмет, іссапарлар, жеке құрам және еңбек демалысы туралы бұйрықтар. Аудан әкімдігіне және аудандық маслихатқа қосымшаларымен, түсініктеме хаттарымен бірге шешімдердің, қаулылардың жобаларын, бөлімнің стратегиялық жоспарының жобасын мемлекеттік тілде тапсыруды қамтамасыз ету. Әкімдіктің және бөлімнің сайтына орналастыру үшін қажет ақпараттарды аудару. Мекеменің стендтерін ресімдеу, қажетінше жаңартып отыру. Тоқсан сайын БАҚ-қа сенім телефоны, азаматтарды қабылдау кестесі жөнінде екі тілде хабарландырулар беру. Мемлекеттік тіл сағатын өткізуді ұйымдастыру, қажет құжаттарды екі тілде басып шығару, жеке және заңды тұлғаларды қабылдау бойынша іс жүргізу, өтініштер бойынша есептік мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізу және ай сайын прокуратураға тапсыру, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттіктің басқармасына, әкімдіктің кадрлар жұмысы жөніндегі бөлімге, облыстық басқармаларға мемлекеттік қызметшілер жөнінде мәліметтер тапсыру, бөлімнің кадрлар жұмысын жүргізу, бөлімнің әскери есебін жүргізу, заңнамалармен белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарына біліктілік талаптары жинағын құрастыру және өткізу, істер номенклатурасын құрастыру және оны аудандық мұрағатпен келісу, істер номенклатурасына сәйкес мұрағат құжаттарын қалыптастыру, ресімдеу, өткізетін құжаттардың тізбесін жасап, тапсыру, бөлім басшысының нұсқауы бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының заңдарын, нұсқаулық құралдарын зерделеу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім: «білім», немесе «гуманитарлық ғылымдар», немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» бейіндері бойынша.

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «білім», «қызмет көрсету, экономика және басқару» (аудармашы ісі (түрлері бойынша), іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (салалар және қолдану аясы бойынша), маркетинг (салалары бойынша), менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша), қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), статистика, экономика (салалар бойынша) бейіндері бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға сәйкес санат үшін үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуі.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.



3. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкімінің аппараты» КММ, бас маман-редактор (2019 жылғы 17 сәуірге дейін, негізі қызметшінің бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыс кезеңіне), 1 бірлік.


Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты Е-G-3.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік тілден орыс тіліне және орыс тілінен мемлекеттік тілге әкімнің шешімдері мен өкімдерін және де басқа материалдарды аудару. Мемлекеттік тілді қолдану сұрақтары бойынша мемлекеттік қызметшілерге кеңес беру. Қажеттілігі бойынша әкіммен өткізілетін іс-шараларда ілеспе аудармамен қамтамасыз етеді, азаматтарды жек қабылдауда аудармашы ретінде қатысады. Мемлекеттік тілде (қала әкімінің шешімдері және өкімдері, хаттар) құжаттамаларға түзетуді жүзеге асырады. Қала әкімінің басқа да тапсырмаларын орындайды.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім: «білім» (қазақ тілі және әдебиеті, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті), немесе «гуманитарлық ғылымдары» (аударма ісі, филология), немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (журналистика, мұрағаттану, іс қағаздарын жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету) бейіндері бойынша.

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «білім» (қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі, орыс тілі және әдебиеті мұғалімі), «қызмет көрсету, экономика және басқару» (аудармашы ісі (түрлері бойынша), іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (салалары бойынша)) бейіндері бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға сәйкес санат үшін үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуі.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.


4. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ, құқық мәселелері бойынша бас маман, 1 бірлік.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-R-4.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Бөлімнің құқықтық қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асырады, құқық мәселелері бойынша бөлімнің лауазымдық қызметкерлеріне кеңес береді, аудан әкімдігі қаулысының жобаларын, ауыл шаруашылығы бөлімінің компитенциясына кіріс мәселелері бойынша аудан әкімінің шешімдерін дайындайды және өңдейді. Бөлім мамандарының, бөлім басшысының құжаттарын дайындау кезінде қолданыстағы заңнаманы сақтауды бақылауды қамтамасыз етеді, юстиция органдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара бірлесіп жүзеге асырады, заңдық семинарлар, мемлекеттік қызметкерлердің арасында жалпы оқытылым өткізеді, ауданның құқықтық органдарымен өзара бірлеседі. Бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды. «Айкын» бағдарламасында заңды және жеке тұлғалардың үндеулерінің есебін жүргізеді. Жоғары органдардан келіп түскен құжаттардың орындалу мерзімдерін сақтауын, ұсыныстарды, өтінімдерді, хаттарды, азаматтардың арыздарын қарастыру бойынша басқа да қызметтегі тапсырмалар мерзімдерінің есептеріне жауап беруін бақылайды. Заңды және жеке тұлғалардың үндеулері бойынша есептерді ұсынады. Өсімдік шаруашылығында және мал шаруашылығында субсидиялау бағдарламалары Ережелерге сәйкес іске асырылады. «Е-қызмет» базасын уақытылы жүргізуге жауапты. Бөлім басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім: «құқық» бейіні бойынша.

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «құқық» бейіні бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға сәйкес санат үшін үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуі.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.


5. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ, бас маман, 1 бірлік.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-R-4.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Келесі іс-шаралар жоспарының орындалу туралы есептер әзірлеу және тапсыру: тұрғын үйлер құрылысы, коммуналдық шаруашылық нысандары, сумен қамту жүйесі бағдарламалары, аудандағы абаттандыру нысандары; ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік және аумақтық бағдарламалары; СҚО Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары; тұрғын үйлер құрылысы, коммуналдық шаруашылық нысандары, сумен қамту жүйесі бағдарламалары, аудандағы абаттандыру нысандары бойынша бағдарламалар әзірлеу және жүзеге асыру; қолданыстағы және енгізілген инфрақұрылым нысандарына мониторинг жүргізу; «құрылыс» секторы бойынша ауылдық аумақты дамыту бағдарламасына мониторинг жүргізу; аудан бойынша құрылыс барысына мониторинг жүргізу; Электронды арыздарды есепке алу, қабылдаумен және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» № 1-ОЛ үлгі бойынша есеп беру, құруменен айналысады; жоғары тұрған органдардан келіп түскен құжаттардың және өзге де қызметтік тапсырмалардың орындалу мерзімінің сақталуын бақылайды; азаматтардың ұсыныстарының, өтініштерінің, хаттары мен арыздарының қаралу мерзімінің сақталуына жауап береді; құжаттармен жұмыс істеу тәртібін анықтайды және оның сапасы үшін жауап береді; бөлім басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім: «техникалық ғылымдар және технологиялар» (құрылыс), немесе «өнер» (сәулет), немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе «қызмет көрсету» (жерге орналастыру) бейіндері бойынша.

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «құрылыс және коммуналдық шаруашылық» (ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану, сәулет өнері), немесе «қызмет көрсету, экономика және басқару» (қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), экономика (салалар бойынша)), немесе «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» (жерге орналастыру) бейіндері бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға сәйкес санат үшін үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуі.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.


6. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Авангард ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, бас маман бухгалтер – салықшы, 1 бірлік

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты Е-G-3.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Ауылдық округ аумағында салық төлеуші – жеке тұлғалардан мүлік, көліктік құралдар, жер салықтарын жинау. Бухгалтерлік есепті және бюджеттік қаржының жұмсалуына бақылауды жүзеге асыру, бюджеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау. Ауылдық округ әкімі аппаратының есептік, қаржылық құжаттамасын жүргізу. Тауарлы-материалдық құндылықтарға есеп жүргізу, қазынашылық органдарында тіркелетін сатып алулардың шарттары мен хаттамаларын ресімдеу. Еңбекақыны есептеу және Ұлттық зейнетақы қорына салымдар жіберу. Мемлекеттік сатып алулар бойынша қазынашылыққа, салық органдарына, статистика органдарына есеп

беру.Берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды. Жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі. Кіріс көздерін қалыптастырады. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді.Мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды. Ауылдық округ әкімінің тапсырмалары бойынша өзге де жұмыстар жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Білімі жоғары: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы) бейіні бойынша.

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «қызмет көрсету, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша) бейіні бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, «Қазақстан — 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi.

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттерiн орындау үшiн үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiмдер.



7. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Лебяжье ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, бас маман – хатшы, 1 бірлік

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты Е-G-3.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Ауылдық округ әкімі аппаратының ісін жүргізу, ауылдық округ әкімінің өкімдері мен шешімдерінің жобасын әзірлеу, олардың орындаушыға уақытында жеткізілуін қадағалау, белгілі бір нотариалды әрекеттер жасау, интернет - қордың (сайттың) жұмысын ұйымдастыру.

Азаматтардың ұсыныстарын, өтініштерін, шағымдарын есепке алу, олардың мазмұнын қарау және уақытында ауылдық округ әкімінің қарауына беру. Азаматтардың өтініштерін қарау және бақылау, ЕУОЛ бағдарламасымен жұмыс жасау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету.Кадрлық іс жүргізу.

Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, орындаушыларға жоғары тұрған органдардың, ауылдық округ әкімінің шешімдерін уақытында жеткізу.

Ауылдық округ әкімі аппаратының құжаттарын номенклатураға сәйкес мұрағатқа тапсыру. Ауылдық округ әкімінің тапсырмалары бойынша өзге де жұмыстар жүргізу. «Е-қызмет» базасын уақытылы жүргізуге жауапты.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Білімі жоғары: ««құқық», немесе «білім», немесе «ауылшаруашылық ғылымдары» (агрономия, зоотехния), немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (маркетинг, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару)), немесе «қызмет көрсету» (туризм) бейіндері бойынша.

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «құқық», немесе «білім», немесе «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» (агрономия, зоотехния), немесе «қызмет көрсету, экономика және басқару» (туризм (салалары бойынша), маркетинг (салалары бойынша), менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша), қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), экономика (салалар бойынша)) бейіндері бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, «Қазақстан — 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi.

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттерiн орындау үшiн үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiмдер.



8. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Молодежный ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, бас маман – хатшы, 1 бірлік

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты Е-G-3.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Ауылдық округ әкімі аппаратының ісін жүргізу, ауылдық округ әкімінің өкімдері мен шешімдерінің жобасын әзірлеу, олардың орындаушыға уақытында жеткізілуін қадағалау, белгілі бір нотариалды әрекеттер жасау, интернет-қордың (сайттың) жұмысын ұйымдастыру. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, жергілікті атқарушы органдардың сайлауларын ұйымдастыру. Азаматтардың ұсыныстарын, өтініштерін, шағымдарын есепке алу, олардың мазмұнын қарау және уақытында ауылдық округ әкімінің қарауына беру. Азаматтардың өтініштерін қарау және бақылау, ЕУОЛ бағдарламасымен жұмыс жасау. Ауылдық округ әкімі өткізетін барлық отырыстардың хаттамаларын жүргізу. Нормативті‑құқықтық актілерді дайындау (ауылдық округ әкімінің шешімдері, өкімдері). Мемлекеттік қызметтерін көрсету. Кадрлық іс жүргізу. Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, орындаушыларға жоғары тұрған органдардың, ауылдық округ әкімінің шешімдерін уақытында жеткізу. Ауылдық округ әкімі аппаратының құжаттарын номенклатураға сәйкес мұрағатқа тапсыру. Ауылдық округ аумағындағы әскери міндеттілерді есепке алу, әскери міндет пен әскери қызмет мәселесі бойынша заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету. Шаруашылық есеп жүргізу. Ауылдық округтің жастарымен жұмысты ұйымдастырады. Ауылдық округ әкімінің тапсырмалары бойынша өзге де жұмыстар жүргізу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Білімі жоғары: «құқық», немесе «білім», немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент, маркетинг) бейіндері бойынша.

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «құқық», немесе «білім», немесе «қызмет көрсету, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша), маркетинг (салалары бойынша)) бейіндері бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, «Қазақстан — 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi.

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық мiндеттерiн орындау үшiн үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiмдер.



«Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестiлеу бағдарламасындағы «Е-R-4», «E-G-3» санаттары үшiн:

мемлекеттiк тiлдi бiлуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге және бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік деңгейiн анықтауға арналған тестiлер белгiленедi.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу Қағидалары негiзiнде өткiзiледi.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:


  1. белгiленген нысандағы өтiнiш;

  2. 3х4 үлгiдегi суретпен белгiленген нысанда толтырылған сауалнама;

  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

  4. еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тiркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

  7. құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық күәландырылған көшiрмесi);

  8. конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалды куәландырылған көшiрмесi).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi. Егер азамат қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайларда еңбек қызметiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн ұсыну талап етiлмейдi.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде электрондық почта мекен-жайына не E-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегрлендірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасы әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктерiлмей бередi. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгiмелесуден өтуге жiберiлмейдi.

Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер одан «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ әңгiмелесуге жiберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде өтедi. Әңгiмелесу өткiзу кезiнде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол берiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлғалар әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) тiркеледi. Тiркелу үшiн тұлғалар персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн, Қағидаларының 30-тармағында көрсетiлген ұйымдарға тиесiлiлiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшiрмелерiн ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» КММ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурстарында соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150800, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы Юбилейная көшесі 56, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты немесе mzhumabaeva-akimat@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды телефон 87153121449, факс 87153121557 арқылы алуға болады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
жүктеу 212,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау