«Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Лисаков қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы»
«Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға
орналасуға жалпы конкурс жариялайды
«Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Лисаков қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ, 111200, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, 4 шағын аудан, 25 үй, анықтама телефоны: (871433) 3-47-33, 3-23-47, электрондық мекенжайы: nk3918@taxkost.mgd.kz, l.beseda@kgd.gov.kz «Б» корпусының төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.
1. Салықты әкімшілендіру және камералды бақылау бөлімінің бас маманы (С-R-4 санаты), 1-бірлік.
Функционалдық міндеттері: Камералдык және автоматы турде бакылау жүргізу Бюджет қаржысына мемлекеттік сату арқылы қаржы алған салық төлеушілерден тускен мағлұматтарды өңдеу Жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушілермен контрагенттер арадағы өзара есептерін өңдеу. Салық төлеушілердің құжаттық тексерулерін жүргізу, салық тексерістерің негізінде хабарлама жазып жіберу, бөлім бастығына және Лисаков қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бастығына тексеру материалдарын ұсыну. Лауазымды және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды беру (әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттамаларды және әкімшілік жаза тартқызу туралы қаулыларды жасау, әкімшілік тәртібі бойынша мемлекеттік органдармен салып қойған штрафтардың түсуын тексеру және бақылау, Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бақылау тапсырмаларының орындау, бекітілген салықтар мен төлемдер түсуінің орындалуын қамтамасыз ету, салық заңдылығындағы өзгерістерді оқып, бекітілген салықтар мен төлемдер туралы ақпаратты бөлім қызметкерлеріне жеткізу). Кеден одағында импорт-экспортпен айналысқан салық төлеушілер туралы ақпаратты тексеру. Ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім. Әлеуметтану ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы). Мынадай құзыреттердің бар болуы: жігерлілік, байланысқа бейімділік, талдамалық, ұйымшылдық, стратегиялық ойлау, жетекшілік, этикаға сәйкестік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдалану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
2. Ұйымдастыру – құқықтық жұмыстар және өндіру бөлімінің бас маманы (С-R-4 санаты), 1-бірлік
Функционалдық міндеттері: Сот отырыстарына қатысу, құқықтық сұрақтарды қарауында Лисаков қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының атынан сот немесе басқа да органдарда қатысу. Лисаков қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының сотқа құымдарды дайындау. Хаттамаларды және әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы қаулыларды дұрыс дайындау бақылау және оларды САЭБ АЖ уақытында енгізу. Әкімшілік деректер банкіде жұмыс істеу. Әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін салынған айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу. Салық, әкімшілік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы туралы жаппай түсіндіру жұмысты өткізу. Ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, қаржы, бухгалтерлік есеп, талдау және аудит), құқық (құқықтану). Мынадай құзыреттердің бар болуы: жігерлілік, байланысқа бейімділік, талдамалық, ұйымшылдық, стратегиялық ойлау, жетекшілік, этикаға сәйкестік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдалану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға
үміткерлерды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен
заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламалары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест;
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың бос орындарына конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары негізінде өткізіледі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн «Лисаков қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-сіне 7 жұмыс күні ішінде (2016 жылғы 11 тамыздан бастап 2016 жылғы 19 тамызды қоса есептегенде) құжаттарын қолма-қол тәртіпте, 111200, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, 4 шағын аудан, 25 үй мекен-жайы арқылы не nk3918@taxkost.mgd.kz, l.beseda@kgd.gov.kz электрондық пошта мекен - жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Анықтама телефоны: (871433) 3-47-33, 3-23-47.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей өткізуі қажет.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны үміткерлерді әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде «Лисаков қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-сіне Қостанай облысы, Лисаков қаласы, 4 шағын аудан, 25 үй мекен - жайы бойынша өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |