«Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың



Дата21.11.2018
өлшемі80 Kb.
#23147
түріКонкурс



«Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар

D-3 санаты санаты үшін:

жоғары білім;жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.


Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты




min

max

D-3

123 257

166 564

D-4 санаты санаты үшін:

жоғары білім;жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі; 2) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;* 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.



Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты




min

max

D-4

93 276

125 756

«Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Инд. 050001, Абылайхан даңғылы 97, контакт телефондары: 272-06-65, 272-10-78, e-mail: Rcalmaty7@gmail.com мемлекеттік қызметкерлері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
1. Жоспарлау, есептілік, сараптама және ақпараттандыру бөлімі жоспарлау, есептілік және ақпараттандыру секторының бас маман (уақытша, негізгі қызметкердің 31.12.2016 жылға дейінгі оқу демалысы кезеңіне), D - 4 санаты, (4-3) 1- бірлік

Қызметтік міндеттері: Тексеру комиссиясының перспективалық және жылдық жоспарларын жасау және олардың орындалуын мониторингілеу; тәуекелдерді басқару жүйесінің қолданылуын ескере отырып мемлекеттік аудит Тізбесін қалыптастыру; тәуекелдерді басқару жүйесін әдіснамалық және практикалық қолдануды қамтамасыз ету; Тексеру комиссиясының есептерін, ақпараттарын дайындау; Мәслихатқа есепті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті және Қазақстан Республикасы Президентінің Аппаратына, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне Тексеру комиссиясы жұмысының қорытындысы, соның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жұмысының негізгі көрсеткіштері туралы тоқсан сайынғы ақпаратты дайындауға қатысу; Тексеру комиссиясының ұсынымдарының және қызметінің көрсеткіштерін мониторингілеуді жүргізу; бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық материалдар әзірлеу; Тексеру комиссиясының аудиторлық қорытындысы ұсынымдарының мониторингісін жүргізу; өзге де функционалдық міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика және/немесе менеджмент және/немесе есеп және аудит және/немесе қаржы және/немесе статистика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару).

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.



Тексеру комиссиясы туралы ережені, Тексеру комиссиясының Регламентін, салық, кеден заңнамаларын, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнамаларды, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын, Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу қағидаларын, мемлекеттік сатып алу және бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамаларды, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын, бюджеттің атқарылуына, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор активтерінің пайдаланылуына мемлекеттік аудитті жүзеге асыруға байланысты Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерін білуі.

Мүмкіндігінше аудит немесе бухгалтерлік есеп бойынша сертификаттарының және/немесе дипломдарының болуы.

Мемлекеттік және орыс тілдерін білуі.
2. Әкімшілік – құқықтық бөлімінің басшысы, D -3 санаты (5-1) 1- бірлік

Қызметтік міндеттері: Бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру және жүктелген міндеттерді орындауды, олардың өз функцияларын жүзеге асыруын қамтамасыз ету; Тексеру комиссиясының қызметінің құқықтық, қаржылық және құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы жұмыс кешеніне басшылық жасау; бөлім қызметкерлері арасындағы міндеттерді бөлу, өз құзыреті шегінде қызметкерлерге нұсқаулар мен тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру; қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібі қағидасын, қызметтік құжаттармен және ақпаратпен жұмыс тәртібін сақтауын қамтамасыз ету; бюджет және Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы өзге де заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар дайындауға қатысу; Тексеру комиссиясының қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты шешімдерді жүзеге асыру, олардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу; өзге де функционалдық міндеттерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика және/немесе әлемдік экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит); құқық (құқықтану).

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.



Тексеру комиссиясы туралы ережені, Тексеру комиссиясының Регламентін, салық, кеден заңнамаларын, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнамаларды, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын, Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу қағидаларын, мемлекеттік сатып алу және бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамаларды, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын, бюджеттің атқарылуына, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор активтерінің пайдаланылуына мемлекеттік аудитті жүзеге асыруға байланысты, сондай-ақ әкімшілік, азаматтық, қылмыстық құқық саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерін білуі.

Мүмкіндігінше аудит немесе бухгалтерлік есеп бойынша сертификаттарының және/немесе дипломдарының болуы.

Мемлекеттік және орыс тілдерін білуі.
3. Әкімшілік – құқықтық бөлімінің құқықтық жұмыс секторы құқықтық мәселелер және мемлекеттік сатып алу бойынша бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің 17.07.2016 жылға дейінгі бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне), D-4 санаты, (5-3) 1-бірлік

Қызметтік міндеттері: Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және оларды мониторингілеу; Тексеру комиссиясының қаулылары, бұйрықтары және хаттарының, шаруашылық шарттарының және басқа да құжаттарының жобаларына құқықтық сараптама жүргізу; талап қою жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру және үйлестіру, сотта және басқа да мемлекеттік органдарда Тексеру комиссиясының мүдделерін білдіру; мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; Тексеру комиссиясының қызметіне қатысты жиынтық талдамалық және әдістемелік материалдарды дайындауға қатысу; мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуге қатысу және электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; шарттарды уақытылы және дұрыс жасауды қамтамасыз ету шараларын қабылдау, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмағанда немесе тиісінше орындалмағанда ықпал етудің құқықтық шараларын қолдану; құқықтық мәселелер бойынша техникалық оқуды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысу; бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдары мен өтініштерін уақытылы қарауды қамтамасыз ету; бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қызметтік жазбалар, баянжазбалар және басқа да ақпарат дайындау; өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика және/немесе әлемдік экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит); құқық (құқықтану).

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Тексеру комиссиясы туралы ережені, Тексеру комиссиясының Регламентін, салық, кеден заңнамаларын, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнамаларды, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын, Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу қағидаларын, мемлекеттік сатып алу және бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамаларды, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын, бюджеттің атқарылуына, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор активтерінің пайдаланылуына мемлекеттік аудитті жүзеге асыруға байланысты, сондай-ақ әкімшілік, азаматтық, қылмыстық құқық саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерін білуі.

Мемлекеттік және орыс тілдерін білуі.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:


  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кадр қызметіне тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында өтеді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар және сарапшылар шақырылады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 25.04.2016 жылдан 29.04.2016 жылға дейін.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау