Конкурс Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары



жүктеу 65,7 Kb.
Дата22.02.2018
өлшемі65,7 Kb.
#10496
түріКонкурс

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс


Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы;**

9) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

* Ескертуге: осы лауазымдарға аумақтық тәжірибе бойынша қосымша талаптар қойылу мүмкін.

** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

*** Ескертуге: осы талап сот жүйесінің лауазымдарына ғана белгіленген.

**** Ескертуге: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы № 98 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 мамырда № 15121 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-4

109932,35

148242,11




Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, 2 қабат, блок В, 201 кабинет, анықтама үшін телефоны: +7 (7172) 74-05-79, электрондық адрес a.zhangali@miс.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үшін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

  1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің «Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық жасау, қызмет бабындағы нұсқаулыққа сәйкес бөлім қызметшілері арасында міндеттерді бөлу, бөлім қызметшілерінің орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын қадағалау, заңды және жеке тұлғаларға байланыс жүйесі мен ақпараттық жүйенің жұмысын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін, стандарттар мен нормаларды орындаудағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныс жасауға, байланыс саласында қызметін радиожиілік спектрін пайдаланумен жүзеге асырылатын заңды және жеке тұлғалардың радиобақылау және тексеріс жұмыстарын жүргізу және лицензиаттардың лицензиялық талаптарын орындауын бақылау, пошталық байланыс немесе телекоммуникация жүйесі мен құралдары, оларды пайдалану барысында Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес техникалық нормаларға сәйкестігін тексеру, сотқа шағымдар дайындау, оның қаралуына қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар

(ақпараттық жүйе, автоматтандыру және басқару, радиотехника, электроника және телекоммуникация) немесе құқық. «Байланыс туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін білу.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Тиісті мемлекеттік органның басшысымен келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) Конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін келесі күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады. Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.



Сұхбаттасуды өткізу орны мен мерзімдері: сұхбаттасу үміткерлердің сұхбаттасуға рұқсаты туралы ескерту алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс өтеді.
жүктеу 65,7 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау