Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;**
7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
8) ғылыми дәрежесінің болуы.**
* Ескертуге: осы лауазымдарға аумақтық тәжірибе бойынша қосымша талаптар қойылу мүмкін.
** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.
*** Ескертуге: осы талап сот жүйесінің лауазымдарына ғана белгіленген.
**** Ескертуге: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы № 98 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 мамырда № 15121 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
| С-3
| 154071,85
| 208205,20
|
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, 2 қабат, блок В, 201 кабинет, анықтама үшін телефоны: +7 (7172) 74-05-79, электрондық адрес a.zhangali@miс.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үшін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
Ақпарат комитеті Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Басқарма қызметіне басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асырады. Басқармаға жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік ақпараттық агенттіктер, интернет-ресурстар, желілік басылымдардың қызметін үйлестіреді, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру бойынша мемлекеттік тапсырыстың сапасын бақылау. Мемлекеттік емес БАҚ-пен, отандық және шетелдік ақпараттық агенттіктер, интернет-ресурстар, желілік басылымдар, қоғамдық журналистік ұйымдармен ынтымақтастықты дамытады. «Казконтент» АҚ, «Қазақпарат» ХАА» ЖШС-мен нақты қызмет бағыттары бойынша ынтымақтастықты үйлестіреді. Мемлекеттің әлеуметтік желілерде жұмыс бойынша ақпараттық стратегиялардың әзірлеуін үйлестіреді. Ақпараттық агенттікер, интернет-ресурстар, желілік басылымдармен ақпраттық стратегия жұмыстарын әзірлеуін үйлестіреді. Басқарма құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі, басқа орталық атқарушы органдарға Елбасының тапсырмаларын, үкімет қаулылары мен шешімдері мәселелері бойынша есеп, ақпаратты уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Бекітілген тәртіп бойынша Басқарма құзыреті шеңберінде Комитеттің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Басқарма құзыреті шеңберінде Басқарма қызметкерлеріне міндеттер қойып, тиісті тапсырмалар беріп, Министрлік пен Комитет басшыларының бұйрықтары мен нұсқауларын, коллегия шешімдерін орындауын тексереді. Басқарманың ағымдық және ұзақ мерзімдік жұмыс жоспарын әзірлейді. БАҚ даму мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлеуінде қатысады. Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, БАҚ-ын дамытудағы мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламалары қызметін үйлестіреді. Басқарма құзыреті шеңберінде БАҚ және әлеуметік желілер қызметіне мониторинг өткізуді үйлестіреді. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру бойынша мемлекеттік тапсырманың орындалуын тексеруді қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, қоғаммен байланыс, саясаттану, әлеуметтану, мемлекеттік және жергілікті басқару), гуманитарлық ғылымдар (философия, аударма ісі, халықаралық қатынастар, тарих, филология), білім (тарих, құқық және экономика негіздері, шет тілі: екі шет тілі,қазақ тілі және әдебиет). «Телерадио хабарларын тарату туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін білу.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Тиісті мемлекеттік органның басшысымен келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) Конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін келесі күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады. Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Сұхбаттасуды өткізу орны мен мерзімдері: сұхбаттасу үміткерлердің сұхбаттасуға рұқсаты туралы ескерту алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |