Конкурс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі


ейін негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне



жүктеу 322,5 Kb.
бет3/3
Дата19.11.2018
өлшемі322,5 Kb.
#21163
түріКонкурс
1   2   3
ейін негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне)

Функционалдық міндеттері: Реттеу әсерін талдауды енгізу және жетілдіру бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары, тұжырымдамалар және мемлекеттік органдармен байланысты жаңа реттеу құралдарын енгізуді көздейтін де өзге құжаттар бойынша реттеу әсерін талдау (қажет болған жағдайда, балама реттеушілік әсерді талдау (РӘТ)) жүргізу. Реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарау және реттеуші мемлекеттік органдармен белгіленген рәсімдерді сақтау туралы қорытындысын беру. ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен балама РӘТ өткізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау. Мемлекеттік органдармен РӘТ одан әрі іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау. РӘТ нәтижелерімен жұртшылықпен талдауға қатысу (қоғам өкілдерімен және мүдделі тұлғалармен дөңгелек үстелдер, конференциялар, кеңестер және басқалар арқылы жалпы талқылау). Жаңа реттеу құралын енгізу және реттеуді қатаңдату тұрғысынан нормативтік құқықтық актілерге сараптама өткізу. Реттеуші мемлекеттік органдармен бекітілетін қолданыстағы реттеу құралдарын қайта қарау жоспарларын кәсіпкерлік саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып мониторингілеу мен талдау және олар бойынша қорытынды жасау. РӘТ қолдану бойынша консультациялар беру. Халықаралық ұйымдармен РӘТ одан әрі іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау. РӘТ халықаралық тәжірибесін зерделеу. Реттеу органдарының бекітілген рәсімдердің орындалу сәйкестігін тексеру (оның ішінде, қажетті келісулер, РӘТ болуы, жария талқылау процесінің деректері және оның ұсыныстарын талдау). Министрліктің веб-сайтына орналастыру үшін реттеушілік әсерді талдау материалдарын дайындау және қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика) және/немесе құқық (құқықтану) және/немесе жаратылыстану (математика) және/немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (математикалық және компьютерлік модельдеу, көлік, көлік техника және технологиялары, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандықтары бойынша жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы:талдау жүргізу қабілеттілігі, жинақылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапалы қорытындыға бағдарланушылық, халықтың мүдделеріне бағдарланушылық, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

30. Кәсіпкерлікті дамыту департаменті Реттеушілік саясаты басқармасының бас сарапшасы, С-4, 1 бірлік (27-6-5).

Функционалдық міндеттері: Реттеу әсерін талдауды енгізу және жетілдіру бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары, тұжырымдамалар және мемлекеттік органдармен байланысты жаңа реттеу құралдарын енгізуді көздейтін де өзге құжаттар бойынша реттеу әсерін талдау (қажет болған жағдайда, балама реттеушілік әсерді талдау (РӘТ)) жүргізу. Реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарау және реттеуші мемлекеттік органдармен белгіленген рәсімдерді сақтау туралы қорытындысын беру. ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен балама РӘТ өткізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау. Мемлекеттік органдармен РӘТ одан әрі іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау. РӘТ нәтижелерімен жұртшылықпен талдауға қатысу (қоғам өкілдерімен және мүдделі тұлғалармен дөңгелек үстелдер, конференциялар, кеңестер және басқалар арқылы жалпы талқылау). Жаңа реттеу құралын енгізу және реттеуді қатаңдату тұрғысынан нормативтік құқықтық актілерге сараптама өткізу. Реттеуші мемлекеттік органдармен бекітілетін қолданыстағы реттеу құралдарын қайта қарау жоспарларын кәсіпкерлік саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып мониторингілеу мен талдау және олар бойынша қорытынды жасау. РӘТ қолдану бойынша консультациялар беру. Халықаралық ұйымдармен РӘТ одан әрі іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау. РӘТ халықаралық тәжірибесін зерделеу. Реттеу органдарының бекітілген рәсімдердің орындалу сәйкестігін тексеру (оның ішінде, қажетті келісулер, РӘТ болуы, жария талқылау процесінің деректері және оның ұсыныстарын талдау). Министрліктің веб-сайтына орналастыру үшін реттеушілік әсерді талдау материалдарын дайындау және қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика) және/немесе құқық (құқықтану) және/немесе жаратылыстану (математика) және/немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (математикалық және компьютерлік модельдеу, көлік, көлік техника және технологиялары, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандықтары бойынша жоғары білім. . Мынадай құзыреттердің бар болуы:талдау жүргізу қабілеттілігі, жинақылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапалы қорытындыға бағдарланушылық, халықтың мүдделеріне бағдарланушылық, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.


31. Сауда қызметін реттеу департаменті Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы, санаты С-3, 1 бірлік (28-2-1, 27.04.2018 ж. дейін негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне).



Функционалдық міндеттері: Басқарма қызметін жоспарлау, бақылау, ұйымдастыру, Департамент көрсететін мемлекеттік қызметтер саласындағы құжаттарды және талдамалық материалдарды дайындау, лицензиялық бақылауды жүзеге асыру және лицензиялар тізілімін жүргізу, Департамент көрсететін мемлекеттік қызметтерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, Басқарма құзыретіне қатысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, Басқарма құзыретіне қатысты мәселелер бойынша Министрліктің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес және/немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) және/немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) мамандықтары бойынша жоғарғы білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамашылық, коммуникативтілік, талдау жүргізе білу, жинақылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарланушылық, тұтынушыға бағдарланушылық, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

32. Ішкі әкімшілендіру департаменті Мемлекеттік сатып алу басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 1 бірлік (30-2-2).

Функционалдық міндеттері: Министрліктің қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қажеттілікті жоспарлауға арналған есептеулерді жасау, басқарма құзыретіне сәйкес тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шығыстары бойынша бюджеттік өтінімдер әзірлеу, мемлекеттік сатып алулар жоспарын іске асыруды мониторингілеу, министрлік үшін конкурс/аукцион тәсілімен тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу, шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау, мемлекеттік сатып алуды өткізу мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелермен өзара өзара іс-қимыл жасау, мемлекеттік сатып алулар мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен жұмыс істеу, міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттар тізіліміне енгізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу веб-порталында жұмыс істеу, басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, қаржы) және/немесе құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

33. Ішкі әкімшілендіру департаменті Материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4,
1 бірлік (30-3-3).


Функционалдық міндеттері: Қажеттілікті қалыптастыру, бюджеттік өтінімді, қаржыландыру жоспарын, техникалық тапсырмалар мен ерекшеліктерді, шарттар мен тауарларды қабылдау және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету актілерінің жобаларын жасау, министрлікті материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі материалдық-жауапты тұлғаның функцияларын орындау, министрліктің есептеу және ұйымдастыру техникасының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, қызметкерлер үшін жұмыс орындарын ұйымдастыру (қызметкерледі отырғызу және орналыстыру), көшірме цехының үздіксіз жұмысын ұйымдастыру, әртүрлі съездерге қатысушылар делегациясын қарсы алу, Қазақстан халқы ассамблеясы және басқа Қазақстан Республикасының Үкіметі Министрлікке бекіткен іс-шаралар бойынша ұйымдық іс-шаралар (көлік, кездесулер, алып жүру, мәдени бағдарламамен қамтамасыз ету, Министрдің атынан ресми қабылдаулар өткізу) ұйымдастыру, Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, маркетинг) және/немесе құқық (құқықтану) және/немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, электр энергетикасы) және/немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, тарих) мамандықтары бойынша жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

34. Заң департаменті Нормативтік құқықтық актілер құқықтық мониторингі және талдау басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 1 бірлік (31-2-3).

Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді талдау және мониторинг жүргізу; Әділет министрлігінің мемлекеттік тіркеуден бас тартқан Министрлік әзірлеуші болып табылатын нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша талдау; мемлекеттік орган қызметінің құқықтық қамтамасыз етілуін бағалау шеңберінде нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі бойынша ақпарат дайындау; Министрліктің қызметі бойынша заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу, оларды қарауға Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгізу; Басқарма құзіретінің шегінде басшылықтың қатысуымен өтетін отырыстарға, кеңестерге материалдар дайындау; Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте заң жобаларын ғылыми экономикалық сараптама жүргізуге жіберу; Министрліктің Операциялық жоспарын әзірлеуге және іске асыруға Басқарма құзыреті шегінде қатысу; Министрліктің норма шығармашылық қызметін талдау және талдау нәтижелері бойынша жоғары басшылыққа оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізу; басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандығы бойынша жоғары білім.Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамашылық, коммуникативтілік, талдау жүргізе білу, жинақылық, стратегиялық ойлау, әдептілік, сапаға бағдарланушылық, тұтынушыға бағдарланушылық, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

35. Заң департаменті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 1 бірлік (31-3-5).

Функционалдық міндеттері: Министрліктің қызметкерлеріне құқықтық консультация беру; басшылыққа қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, нұсқаулықтардың және басқа да құжаттар жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру; Министрлікте өткізілетін алқа мәжілістеріне, аппараттық кеңестерге құқықтық жұмыстың жағдайы туралы ақпарат дайындау; Министрлік ведомстволарына құқықтық көмек көрсету; сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттiк орган қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде мемлекеттiк органның мүдделерiн бiлдiредi; мемлекеттік органның пайдасына қабылданбаған заңды күшіне енген сот актілерін орындау бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз ету; басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандығы бойынша жоғары білім. . Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамашылық, коммуникативтілік, талдау жүргізе білу, жинақылық, стратегиялық ойлау, әдептілік, сапаға бағдарланушылық, тұтынушыға бағдарланушылық, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

36. Ақпараттық технологиялар департаменті Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу басқармасының басшысы, санаты С-3, 1 бірлік (32-2-1).

Функционалдық міндеттері: Басқарманың жұмысын ұйымдастыру, жалпы басшылық жасау және жоспарлау, Департамент басшылығына ақпараттық жүйелер саласындағы функцияларды іске асыру бойынша ұсыныстар беру, Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жүйелерді ақпараттандырудың басым проблемаларын шешуге бағытталған саясатты жүргізу; ақпараттық жүйелер мен деректер базасын құру, енгізу, дамыту және жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі орталық аппарат пен Комитеттердің қызметін қамтамасыз ету, сыртқы ақпараттық жүйелермен және деректер базаларымен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру;техникалық тапсырмаларды, техникалық ерекшеліктерді және техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеуге, ақпараттандыру бойынша бюджетті қалыптастыруға қатысу; негізгі қызметті жүзеге асыру шеңберінде Министрлік пайдаланатын ақпараттық жүйелердің, байланыс құралдарының және ақпараттық технологиялардың сенімділігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу; Министрлік басшылығына баяндамалар дайындау үшін қажетті анықтамалар мен басқа да талдамалық материалдар жасау; Министрліктің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері мен функцияларын автоматтандыру процесін нормативтік, әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару) және/немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьтерлік модельдеу, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар) және/немесе жаратылыстану ғылымдары (информатика, физика) мамандықтары бойынша жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамашылық, коммуникативтілік, талдау жүргізе білу, жинақылық, стратегиялық ойлау, әдептілік, сапаға бағдарланушылық, тұтынушыға бағдарланушылық, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

37. Экономика жән еқаржы департаменті Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 1 бірлік (33-1-5).

Функционалдық міндеттері: Республикалық бюджет жобасын және алдағы үшжылдық кезеңге мемлекеттік және республикалық бюджеттердің болжалды көрсеткіштерін қалыптастыру (нақтылау) мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру, талдамалық және анықтамалық материалдарды, бюджет жобасы бойынша баяндамаларды дайындау, республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері ұсынған есептеулердің Бюджеттік өтінімді құрастыру қағидаларына сәйкес дұрыс құрастырылуын тексеру және Министрліктің міндеттемелері мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен хат алмасу, «Мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесі» электрондық дерекқорына жоба деректерін және Министрлік қолдаған бюджетті қалыптастыру және басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамашылық, коммуникативтілік, талдау жүргізе білу, жинақылық, стратегиялық ойлау, әдептілік, сапаға бағдарланушылық, тұтынушыға бағдарланушылық, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

38. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, С-О-1 санаты, 1 бірлік:

Функционалды міндеттері: Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметке жол бермеу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жосықсыз бәсекелестіктің, баға белгілеудің алдын алу және жою мақсатында департаменттің жұмысына жалпы басшылық ету: табиғи монополиялар, сондай-ақ бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында заңнаманың сақталуын бақылау, қаржылық және кадрлық қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыруды қамтамасыз ету. Тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізуді ұйымдастыру, монополиялық жоғары (төмен) бағаларды белгілеу мақсатында талдау жүргізу. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен кәсіпорындарының, олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша монополияға қарсы заңнамада белгіленген тәртіппен талдау жүргізуді ұйымдастыру. Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау. Рәсімдерді ұйымдастыру және өткізу және мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың талаптарын орындау департаменттің қызметі үшін қажетті материалдық-техникалық базаны құрумен байланысты шаралар кешенін әзірлеуге қатысу, жоғары тұрған органдар тапсырмаларының орындалу барысын бақылау, Департаменттің құзыретіне кіретін, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен өзара іс-әрекеттесу. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын қолданумен және бұзушылықтармен байланысты істер бойынша сотта өкілдік ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) және/немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (машина жасау, құрылыс, мұнай-газ ісі, көлік, көліктік техника және технологиялар, көлік құрлысы) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 ЖҰМЫС КҮНІ ішінде тапсырылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

______________________
     
(мемлекеттік орган)    

                           

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.



Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________


______________________________________________________________________

      


__________                ____________________________________
(қолы)                     (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      


«____»_______________ 20__ ж.
жүктеу 322,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау