Ақпарат мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында жұмыс орындарын құру



жүктеу 105 Kb.
Дата27.12.2019
өлшемі105 Kb.
#25165

Әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелер боыйнша

АҚПАРАТ
1. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында жұмыс орындарын құру

Құрылатын жұмыс орындарын жүйелеу және есебін қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) 2019 жылғы 19 сәуірде Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құруына, жұмыс орындарын құру туралы мәліметтер ұсынуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын қабылдады.

Аталған Қағидалардың негізінде Министрлік «Жұмыс орындарын құрудың интеграциялық картасы» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – Ақпараттық жүйе) әзірледі, ол ауылдық елді мекендердің, мемлекеттік бағдарламалардың, шағын және орта бизнестің, жобалардың, кәсіпорындардың, экономика салаларының бөлісінде жұмыс орындарын құру бойынша міндеттемелердің орындалуына сапалы мониторинг жүргізуге, жұмыс орындарын құру мен қысқартуды болжамдау, жұмыс орындарының профициті мен дефицитін талдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ақпараттық жүйе шынайы ахуалды көрсетеді, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар іске асыратын мемлекеттік бағдарламалардың жұмыспен қамту саясатын іске асыру бөлігінде тиімділігін бағалаудың жаңа тәсілін қамтамасыз етеді.

Ағымдағы жылғы мамыр айынан бастап Ақпараттық жүйеде негізгі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жұмыс орындарын құру, сондай-ақ жеке бастамалар аясында құрылатын жұмыс орындары бойынша мәліметтерді енгізуге мүмкіндік бар.

Жергілікті атқарушы органдардың берген деректері бойынша 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 186 мың жаңа жұмыс орны (оның ішінде тұрақты – 126,1 мың, уақытша – 59,9 мың) құрылды, бұл жылдық жоспардан (373 мың) 50%, оның ішінде ауылдық жерде – 77,8 мың.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыс орындарын құрудың көп саны көтерме бөлшек сауда (24,5 мың), құрылыс
(18,2 мың) және ауыл, орман және балық шаруашылығына (17,0 мың) келеді.

Алматы (22,6 мың) қаласында, Алматы (17,1 мың) және Маңғыстау (15,8 мың) облыстарында ең көп жұмыс орындары құрылған.

Қызылорда (5,6 мың), Қарағанды (6 мың) және Батыс Қазақстан (6,5 мың) облыстарында ең аз жұмыс орындары құрылған.

2019 жылғы 1 шілдеге Ақпараттық жүйе ел бойынша жұмыс орындарын құрудың нақты көрсеткішінен (186 мың) тек 52%-ы толтырылғанын және 98,4 мың бірлікті құрайтынын атап өту қажет.


2. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша

Қазіргі уақытта Бағдарлама шараларымен 281 мың адам қамтылды, оның 198 мыңы жұмыспен қамтылды.



Бірінші бағыт. Бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету.

Мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі халықты жаппай оқыту жолымен өнімді жұмыспен қамтуға тарту үшін жағдай жасау болып табылады:

- жұмыссыз жастардың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі (ТжКБ) арқылы (оқу орындарына түспеген мектеп түлектерін қосқанда);

- еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіби дағдыларды қалыптастыру үшін, 1 айдан 6 айға дейін қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.

2019 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын және жұмыссыздардың атаулы жұмысын кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан саясатты ескере отырып, қысқа мерзімді курстармен қамту бойынша жоспар 100 мың адамға дейін жеткізілді.

2019 жылдан бастап қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды өткізу тәсілдері қайта қаралды.

Білім беруді ұйымдастыру үшін тиісті материалдық-техникалық базаның, білікті педагогтардың болуы, дуальді оқыту элементтерін пайдалану және бітірушілердің кемінде 60% жұмысқа орналасу бөлігінде біліктілік талаптары қатаңдатылды.

Министрлік «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп оқу орталықтары мен оқу орындарының тізілімін жасады. Бүгінгі күні Тізілімге 564-тен астам оқу ұйымы енгізілді.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың ұзақтығы кәсіптің (мамандықтың) ерекшеліктеріне қарай 1 айдан 6 айға дейін мерзімді құрайды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін қатысушылар шәкіртақымен және жол жүру мен тұру үшін материалдық көмекпен қамтамасыз етіледі.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне қысқа мерзімді курстармен қамтылған 21,6 мың адам (14,7 мың жұмыссыз, 6,9 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған), оның ішінде 3,1 мың адам оқуды аяқтады.

II-бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

Бағдарламаның шарттарына сәйкес микрокредиттер қолданыстағы бизнесті ашу немесе кеңейту және зәкірлік кооперацияны дамыту мақсатында беріледі.

Ағымдағы жылы шағын 19 мың адам, оның 16,7 мыңы қалаларда, 2,3 мыңы ауылда несиелеумен қамту жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың 6 айында 4 401 шағын несие, оның ішінде ауылда – 3 785 немесе жылдық жоспардың 22,7% (16,7 мың), қалаларда – 616 немесе жылдық жоспардың 26,4% (2,3 мың) берілді.

Берілген микрокредиттер санынан:

- Start-up жобаларды қолдауға 2 500 шағын несие берілді (56,8%);

- зәкірлік кооперация бағытын дамытуға 327 шағын несие (7,4%);

- өз ісін кеңейтуге 1 574 шағын несие (35,7%).

Есепті кезеңде берілген қарыздардың жалпы санынан әйелдерге 1 381 шағын несие немесе 31,4% (ауыл – 1 092), 29 жасқа дейінгі жастарға 716 шағын несие немесе 16,3 % (ауыл – 687) берілді.

Шағын несие алушылармен ауылдарда 3 815 жұмыс орны құрылды.

Бастау-Бизнес жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 15,8 мың адам қамтылды немесе 106 % (жылдық жоспар 15 мың адам). Оның ішінде 11,2 мың адам оқуды аяқтады, 9,2 мың адам бизнес жобасын қорғады,оның ішінде 1,4 мың адам шағын несиелер мен гранттар алды.

Жыл аясында жастарды Бастау-Бизнес жобасы бойынша қосымша 20 мың жас адамды оқыту жоспарланған.

Шаралардың кеңеюіне байланысты осы курстармен қосымша тағы 40 мың адам қамтылатын болады. Жалпы кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен жалпы қамту 75 мың адамды құрайды.



III-бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде жұмыс берушілерді ынталандыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары құрылады, онда мемлекет жұмыс берушілер шығыстарының 35% - ын субсидиялауды жүзеге асырады. 75% жұмыс берушінің өзі қаржыландырады.

Жастардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін бағдарлама аясында Жастар тәжірибесі іске асырылуда.

Колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектерін бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтары жастар практикасына жібереді. Бұл жастар үшін жұмыс берушіге өзінің кәсіби қасиеттерін көрсету және тұрақты жұмысқа орналасу үшін, тамаша мүмкіндік. Жастар практикасынан өту ұзақтығы 6 айды және еңбекақысы 25 АЕК құрайды.

Есепті күнге субсидияланатын жұмыс орындарына 87 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына17 мың адам, жастар тәжірибесіне - 15 мың адам, қоғамдық жұмыстарға – 55 мың адам.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын ынталандыру үшін Үкімет айқындайтын өңірлерге ерікті түрде қоныс аударатын адамдарға мемлекеттік қолдау шаралары көзделген.

Бағдарлама шеңберінде ерікті қоныс аударуға қатысушылар үшін субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:

- көшуге-әр отбасы мүшесіне бір жолғы төлем 35 АЕК (88 мың теңге).

- ай сайын төленетін, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығындарды жабу үшін, отбасына 12 ай ішінде 15-тен 30 АЕК-ке дейін (39 мыңнан 76 мың теңгеге дейін)

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде 1 056 отбасы қоныс аударды, оның ішінде 3 707 адам (жоспар - 2 253 отбасы, 9 614 адам). 1 190 адам немесе еңбекке қабілетті жастағы қатысушылардың 63% жұмысқа орналастырылды (1 879 адам). Сонымен қатар, 54 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысса, 23 адам жаңа жерде оқумен қамтылған.


3. Аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету (бұдан әрі – АӘК)

Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша АӘК алушылардың саны 1 409,8 мың адамды немесе 291 мың отбасыны құрайды, оның ішінде ауылда 48,6 %-ы отбасы тұрады, 21,4 %-ы толық емес отбасылар, 29 %- көп балалы отбасылар. АӘК алушылар санынан 1,4 млннан 900 мыңы балалар (62 %).

Көмекті алушылардың негізгі үлесі Шымкент қаласында (11,6 %), Түркістан облысында (26%), Алматы (12,2%), және Жамбыл облысында (10,9 % ).

Көпбалалы отбасыларға АӘК орташа мөлшері 105 мың теңгені құрайды.

2019 жылы АӘК төлеуге 202 млрд. теңге қарастырылған.

А.ж. 1 шілдедегі жағдай бойынша әлеуметтік көмек
82,3 млрд.теңге төленді немесе жылдық жоспардан 62,5% құрайды.

Ағымдағы жылғы 18 шілдеде жедел деректер бойынша еңбекке қабілетті АӘК алушылар барлық саны – 427 мың адам, оның ішінде


89 мың жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жататындар, оның ішінде 63 мың адам жұмысқа орналастырылды (40 836 адам өз бетімен жұмысқа орналастырылды және 21 978 адам Жұмыспен амту орталықтары арқылы орналастырылды) Бұл ретте, республика бойынша 47 мың бос орындар бар.

Әлеуметтік келісімшарт 39 мыңнан астам адаммен келесілді немеесе 44,1 % (жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жататтындардың жалпы санынан). Өңірлер бөлінісінде ең төменгі көрсеткіштер Шымкент қаласында (13,2 %), Түркістан (34,6 %) және Атырау облысында (39,3 %) байқалады.

Қазіргі уақытта республика бойынша «Е-халық» ақпараттық жүйелер базасында 98 % отбасылардың әлеуметтік карталары толтырылды.

Анықтама: әлеуметтік карта индикаторлары автоматты түрде отбасы өмірлік қиын жағдайда деңгейі туралы қорытынды береді (шұғыл, дағдарыс, қолайсыз, қанағаттанған, қолайлы).

Нәтижелері бойынша қажетті көмек көлемін отбасына жеткізуді және мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдаудың атаулылығын арттыруды қамтамасыз ететін отбасын дамытудың жеке жоспары әзірленеді.

АӘК бақылау тетігі іске асырылды, ол тағайындалған сәттен бастап, табыстың белгіленген өлшемдерге сәйкестігіне, жұмысқа орналастырылған отбасы мүшелерінің міндетті зейнетақы аударымдары бойынша әлеуметтік келісім-шарттар жасасу және мониторинг жүргізу жүзеге асырылады.

Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін Министрлік көмек тағайындау тәртібін сақтау бойынша шараларды күшейтеді. Мониторингтік топтардың өңірлерге шығуы ұйымдастырылды, Мемлекеттік органдардың жасырын кірістер мен АӘК тағайындау бұзушылықтарын анықтау бойынша жұмысы күшейтілді және үйлестірілді.

АӘК үміткерлерінің табыстарын жасыруына себеп болған артық төлем жасау фактілері анықталды. Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша бүгінгі күні 36 отбасы мемлекеттік бюджетке


6,8 млн.теңге мөлшерінде артық төленген соманы қайтаруды жүзеге асырды.

Жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері тарапынан алаяқтық іс-әрекеттер 21 фактісі анықталды, олар бойынша мәліметтер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне берілді

АӘК тағайындаудың және төлеудің дұрыстығын мемлекеттік бақылау саласында тәуекел дәрежесін бағалау және тексеру парақтарының өлшемдері әзірленеді.

Жергілікті атқарушы органдардың алдында АӘК-тің еңбекке жарамды алушылармен әлеуметтік келісімшарттарды міндетті түрде қорытынды жасауды және шартсыз орындауды қамтамасыз ету міндеті тұр.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес азаматтарды әлеуметтік қолдаудың кепілдік берілген көлемінің бірыңғай тәсілдерін қандай өңірлерде тұруына қарамай, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп әлеуметтік көмектің бірыңғай тізбесін әзірлеу мәселесін қарастырылады.

Қазіргі уақытта әлеуметтік қолдаудың біріздендірілген түрлерін қосымша төлеуге қаражат анықтау бойынша есептеулер жүргізілуде.



Анықтама: бірыңғай тізбеге 1 - ден 4-ке дейінгі сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен; мектеп формасымен, оқулықтармен және керек-жарақтармен; балабақшалардағы орындармен; балалар лагерлерінде демалумен қамтамасыз ету; біржолғы әлеуметтік көмек көрсету; АӘК еңбекке жарамды алушыларды жұмыспен қамту шараларымен қамту; бизнес-идеяларды іске асыру үшін көп балалы отбасыларға гранттар мен микрокредиттер беру және басқалар енгізу көзделеді.

Атаулы қағидатты қамтамасыз ету және АӘК бөлінген қаражатты мақсатты пайдалану жөніндегі жұмыс тұрақты бақылауда тұр және АӘК көрсету тетіктерін жетілдіру жалғастырылатын болады.


4. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау мүмкіндігі шектеулі 685 мың адамның құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған, оның ішінде еңбекке жарамды жастағы 421 мың адам (61,5%), зейнеткерлік жастағы 176 мың адам (25,7%), 18 жасқа дейінгі 88 мың бала (12,8%).



Жыл сайын 50 мыңға жуық адам алғаш рет мүгедек деп танылады.

Соңғы жылдар ішінде мүгедектікке алғаш рет шығу бойынша аурулар құрылымы өзгермейді және келесі түрде болып отыр: ересек халықтың арасында ең үлкен үлес салмағын (26,9%) қан айналымы жүйесінің аурулары, қатерлі ісіктер – 21,4%, барлық орындардағы жарақаттар – 10,1% алады; балалар арасында туа біткен даму кемістіктері (32,4%), жүйке жүйесінің аурулары (22,8%) және психикалық бұзылулар (12,6%) алда келеді.

Бүгінгі күні Мемлекет заңнамамен бекітілген мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді толық көлемде орындайды.



1) Республикалық бюджет қаражаты есебінен базалық әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу, техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүзеге асырылады.

2018 жылдың шілде айында Елбасының тапсырмасы бойынша бала жасынан бірінші топтағы кәмелетке толған мүгедекке күтім жасау бойынша жаңа жәрдемақы енгізілді. 2018 жылы шамамен


30 мың теңге мөлшерінде жаңа жәрдемақы 11 мыңнан астам алушыға қолдау болды.

Елбасының «Нұр Отан» партиясының съезінде 2019 жылғы


27 ақпанда айтылған тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдың
1 шілдесінен бастап 30%:

- жәрдемақы ата-аналарына, қамқоршыларына және отбасыларына (тұлғаларға) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған;

- 18 жастан асқан бала кезінен бастап бірінші топтағы мүгедекке күтім жасау жәрдемақысы.

2. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтендіру деңгейін арттыру мақсатында техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен (протездік-ортопедиялық көмек, сурдо-, тифло - құралдар, кресло-арбалар, санаторлық-курорттық емдеу, міндетті гигиеналық құралдар) және жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.



Оңалтудың техникалық компенсаторлық құралдарының тізбесі қазіргі заманғы сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдарды қоса алғанда, атаулардың 55 түрінен тұрады (есту қабілеті бұзылған тұлғаларға арналған веб-камерасы бар ноутбуктер, сөйлеу синтезі бар экрандық қолжетімділіктің бағдарламалық қамтамасыз етуі бар ноутбуктер, көру қабілеті бұзылған тұлғаларға арналған дыбыс хабарламасы және диктофоны бар ұялы телефондар және т. б.).

2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша осы құралдармен және қызметтермен 146,7 мыңнан астам мүгедек қамтамасыз етілді.

3) кохлеарлы импланттары бар балаларды ерте кезеңде тиімді оңалтуды дамыту қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 330 бала жаңа жағдайда есту – сөйлеу оңалтудан өтті-тоқсан сайын 10 күн (бұрын оңалту тек жылына15 күн өтетіні).

4). Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту үшін жергілікті атқарушы органдарға ағымдағы нысаналы трансферттер шеңберінде 7 487 млн. теңге көзделген, оның ішінде:

Анықтама: Соның ішінде:

- мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен көрсеткіштер орнатуға 2,5 млн. теңге;

- мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жаяу жүргіншілер өткелдерін дыбыстық құрылғылармен жайластыруға - 6,6 млн. теңге;

- жаңалықтар телехабарларын трансляциялауды сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз ету - 116,5 мың теңге;

- мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын арттыру - 3,8 млн. теңге;

- есту қабілеті нашар тұлғаларға ымдау тілі маманының қызмет көрсету уақыты 30-дан 60 сағатқа дейін өсті – 598,1 мың теңге;

техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдар тізбесін кеңейтуге-2,9 млн. теңге;

Spina bifida диагнозы бар мүгедек балаларды бір рет пайдаланатын катетерлермен қамтамасыз етуге - 51,7 млн. теңге.

5) Министрлік «Қолжетімді орта «интерактивті қолжетімділік картасы» порталын әзірледі. Бұл портал онлайн-режимде ел объектілері бойынша ақпарат енгізуге, әрбір объектінің бейімделу деңгейін көруге және сапасын онлайн режимде бағалауға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша паспортталған объектілердің 96,1% - ы қол жетімді болды.

6) 2019 жылы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелері дайын болған жағдайда, еліміздің барлық өңірлерінде жекелеген назологиялар бойынша мүгедектікті сырттай белгілеу пилоттық жобасын жалғастыру жоспарлануда.



Анықтама: 2018 жылы жеті өңірде күндізгі куәландырумен қатар мүгедектікті сырттай анықтау жобасы (Ақмола, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары, Нұр-сұлтан және Алматы қалалары) іске қосылды. Пилот шеңберінде мүгедектік туралы шешім ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер негізінде көрсетілетін қызметті беруші мен азаматтың тікелей байланысынсыз қашықтан қабылданды.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету шеңберінде 893 ұйым ерекше қажеттіліктері бар 121 мыңнан астам адамды, оның ішінде 55 мыңнан астам мүгедектігі бар адамдарды қамтыды. Оның ішінде 177 ҮЕҰ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді, олармен 11 мыңнан астам адам қамтылған, оның ішінде 5 мыңнан астам мүгедек.

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму тұжырымдамасында 2025 жылға қарай Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызметтердің біріктірілген моделі құрылады. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және басқа да салалардың әлеуметтік қызметкерлерінің қызметін үйлестіру тетігі әзірленетін болады, бұл мұқтаж азаматтарға «бір терезе» қағидаты бойынша әлеуметтік қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді.

2019 жылы 10 өңірде (Алматы, Астана, ШҚО, БҚО, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды және Алматы облыстары) әлеуметтік қолайсыздықтың алдын алуға бағытталған әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетудің біріктірілген моделін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру жалғастырылуда.

Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі шараларды енгізу үшін Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі жаңа ұлттық жоспар қабылданды (2019 жылғы 28 мамырдағы № 326 ҚР ҮҚ).

Жаңа жоспарды іске асыру мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандырудың халықаралық стандарттарға сәйкес келуіне ықпал ететін болады.

Әлеуметтік қызметтер порталын пилоттық іске асыру басталды, бұл әлеуметтік қызметтерді алушылар мен жеткізушілерге бірыңғай цифрлық алаңда тікелей өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік қызмет порталын енгізу өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.


5. Көші-қон процестерін реттеу

2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша білікті шетелдік мамандарды тарту шеңберінде жергілікті атқарушы органдар белгілеген квотаға сәйкес ШЖК тартуға 14 256 рұқсат берілді, оның 65% құрылымдық бөлімшелердің менеджерлері мен білікті мамандар үшін. Жұмыс берушілер 4,7 млрд. теңге сомасында салық жарнасын төледі.

Бұл ретте компаниялар кадрлардағы қазақстандық қамтуды қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтауда, олардың үлесі
96% құрады.

Бұдан басқа, шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында 2018 жылы шетелдік инвесторлар кеңесі мен Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығының қатысуымен нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер қабылданды:

- шетелдік қатысу үлесі жүз пайыз қазақстандық заңды тұлғалардың бірінші басшыларын және олардың орынбасарларын рұқсат алудан босату;

- басым салалар бойынша ішкі корпоративтік аударма шеңберінде ШЖК тарту бойынша шектеулерді алып тастау;

- 1-ден 3 жылға дейін бірінші санат бойынша жұмыс берушілерге рұқсаттың қолданылу мерзімін таңдау құқығын ұсыну.

Шетел жұмыс күшін тартып отырған кәсіпорындарда, негізгі заң бұзушылықтар жалақы төлеу мерзімдеріне, еңбек шарты мазмұнының, жұмыс уақыты нормалары мен еңбек шарттарының сәйкес келмеуіне, сонымен қатар берілген рұқсаттарда көрсетілген лауазымдарға шетел жұмысшыларын тартудың сәйкес келмеу фактілері мен жалақы диспропорциясына қатысты екенін атап өту қажет.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында, жалақы төлеу мен жергілікті және шетел персоналы үшін еңбек шарттарында теңсіздікке жол бермеу үшін Министрлікпен Шетел жұмыс күшін тартатын, кәсіпорындарда жанжалдардың алдын алу және жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.

Іс-шаралар жоспары келесі шараларды қарастырады :

- еңбек саласында дискриминация фактілеріне жол берген жұмыс берушілердің жауапкершілігін қарастыратын, Әкімшілік кодексіне өзгерістер енгізу;

- еңбек пен тұрмыстың қауіпсіз және қолайлы жағдайларын жасау бойынша әкімдіктер, ШЖК тартатын кәсіпорындар (жұмысшылардың өкілдері) әкімшіліктерімен және кәсіподақтар арасында Меморандум жасау;

- ішкі еңбек нарығында жағдайды есепке ала отырып ШЖК тарту үшін квота қалыптастыру және рұқсат беру барысында өңірлік комиссия жұмысын күшейту;

- жұмыссыз қазақстандық азаматтар ие кәсіптер мен мамандықтар бойынша, әсіресе 3 және 4 санаттар бойынша ШЖК қысқарту.




жүктеу 105 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау