Конкурс «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Елбасының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»


Нысан Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша



жүктеу 0,59 Mb.
бет2/3
Дата13.11.2017
өлшемі0,59 Mb.
#10
1   2   3

Нысан

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша

гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға өтінім



1. Жалпы ақпарат

1. Жоба тақырыбының атауы.

2. Жобаның жеке тіркеу нөмірі (ЖТН)

3. Өтінім берілетін ғылымды дамытудың басым бағытының атауы.

4. Өтінім берілетін мамандандырылған ғылыми бағыттың атауы.

5. Жобаны бастаудың болжанған күні және жобаның ұзақтығы.

6. Гранттық қаржыландырудың сұралатын сомасы (жобаны іске асырудың бүкіл мерзіміне және жылдар бойынша, мың теңге).


2. Жобаның сипаттамасы

1. Кіріспе бөлім [100 сөзден артық емес]

Бөлімде жобаның негізгі қатысушылары (жобаның ғылыми жетекшісі, тең жетекшісі),

олардың ғылыми мүдделерінің бағыты, жоба идеясының қысқаша сипаттамасы

көрсетіледі.

2. Жобаның мақсаты [100 сөзден артық емес]

Жобаның мақсаты ықшам және айқын баяндалып, жобаның тақырыбына сәйкес келуі керек.

3. Жобаның міндеттері [500 сөзден артық емес]

Бұл бөлімде жоба мақсатына қол жеткізудің тәсілі сипатталады, іске асырудың қысқаша түсініктемесімен алға қойылған міндеттері мен күтілетін нәтижелерінің тізбесі беріледі.

4. Ғылыми жаңашылдық және жобаның маңызы [2000 сөзден артық емес]

Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:

1) жобаны әзірлеудің алғышарттары, зерттелетін тақырыпқа қатысты әлемде жүргізілген алдыңғы ғылыми зерттеулерге және олардың осы жобамен өзара байланысына міндетті түрде шолу жасай отырып (түпмәтінде шолуда пайдаланылған әдебиетке жасалған сілтемелер көрсетілуі керек, олардың толық жазылуы «Библиография» деген 8-бөлімде ұсынылуы тиіс), ғылыми жаңалықтың негіздемесі. Бар болса, алдын ала нәтижелері көрсетіледі;

2) жобаның ұлттық және халықаралық ауқымдағы маңызы;

3) мәлімделген зерттеудің маңыздылығы мен қажеттілігін негіздеуге арналған тиісті білім беру саласының трендтерін қамтитын ғылыми және технологиялық қажеттіліктер (қажет болған жағдайда, әлеуметтік сұраныс пен (немесе) экономикалық және индустриялық мүдделерді қамту) (ғылыми бағдарламалар үшін);

4) алынған нәтижелердің ғылым мен технологияны дамытуға ықпалы және күтілетін әлеуметтік және экономикалық әсер.

Аталған бөлімді сипаттаған кезде мынадай бағыттарға назар аудару ұсынылады:

1) жоба идеяларының қолданыстағы ұқсастықтардан түбегейлі айырмашылығына сипаттама беру қажет;

2) егер зерттеудің идеясы немесе нәтижесі әлемде бар болып, Қазақстанда болмаса, жобаның неліктен қаржыландырылуға тиіс екенін негіздеу қажет;

3) егер жобаның түпкі нәтижесі өнім болса, жобаның нысаналы саласында қазіргі уақытта қалыптасқан техника деңгейін отандық және шетелдік өндірушілердің жетістіктері туралы деректерді келтіре отырып сипаттау қажет;

4) ғылыми-техникалық жобалар, зерттеулер үшін жобаға негіз болған технологиялар, бәсекелі және/немесе баламалы технологиялар бойынша зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы озық топтарды көрсету қажет.

3. Зерттеу әдістері және этикалық мәселелер[1500 сөзден артық емес]

Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:

1) жобада пайдаланылатын ғылыми әдістерді алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерінің негіздемесі, таңдалған тәсілдемелер негіздемесі ретінде сипаттау;

2) жобаны іске асырудың сыни нүктелері, балама жолдары;

3) жоба шеңберінде пайдаланылатын ғылыми этика қағидаттары мен нормаларының, яғни басқару, атап айтқанда, жоғары зияткерлік адалдық стандарттарын қолдау және деректердің ойдан шығарылуына және бұрмалануына, плагиатқа, жалған тең авторлыққа, ұжымдық зерттеулерді, басқа қатысушылардың келісімінсіз зерттеулерден алынған деректер мен тұжырымдарды жекелеген қатысушылардың пайдалануына жол бермеу этикалық рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету тәсілдері;

4) адамдар мен жануарлардың қатысуымен жүргізілетін зерттеулерді өткізудің егжей-тегжейлі тәртібі мен тетігі, жоспарланған зерттеулердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін сипаттау;

5) зерттеу нәтижелеріне арналған зияткерлік меншік құқықтарын ресімдеу және бөлу шарттары (зияткерлік меншікті қорғаудың қандай тәсілі таңдалатынын көрсету қажет).


4. Жобаны жоспарлау және басқару [1500 сөзден артық емес]

Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:

1) зерттеу тобының құрамын, олардың ұстанымдарын, біліктіліктерін және жобадағы жұмыс бағыттарын сипаттау;

2) жоба кезеңдерін, алға қойылған міндеттерді, олардың маңыздылығының негіздемесін, Гант диаграммасын (алға қойылған міндеттер* уақыты (аймен)) қамтитын жұмыс жоспары.


Екі жылдық жоба үшін Гант диаграммасының үлгісі:

Мысал


Күнтізбелік жоспар


р/с

Жоба міндеттерінің, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың атауы

Ұзақты-ғы

(аймен)

Орындалған жұмыстың басталуы мен аяқталуы* (күні/айы/жылы)

Жобаны іске асыру жылдары, жобаны іске асырудағы күтілетін нәтижелер (міндеттер мен іс-шаралар аясында)

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

1.

Міндеттің атауы







күтілетін нәтижелер







1.1

Іс-шараның атауы







күтілетін нәтижелер







1.2

Іс-шараның атауы







күтілетін нәтижелер







2.

Міндеттің атауы










күтілетін нәтижелер




2.1

Іс-шараның атауы










күтілетін нәтижелер




2.2

Іс-шараның атауы










күтілетін нәтижелер




3.

Міндеттің атауы













күтілетін нәтижелер

3.1

Іс-шараның атауы













күтілетін нәтижелер

3.2

Іс-шараның атауы













күтілетін нәтижелер

Ескерту: * - күнтізбелік жоспарға мерекелік күндерді енгізбеу керек
3) жобаны іске асырудың әр жылы міндетті түрде түсіндірілген жобаның жалпы құны (мың теңгемен) мен шығыстар сметасының негіздемесі. Ағылшын тілінде рәсімделген өтінімдерде шығыстар бабы доллардың теңгеге қатынасы бойынша бағамы көрсетіліп, АҚШ долларымен көрсетілуге тиіс (өтінім берілген күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша). Жобаның бюджетін жұмыстар жоспарына сәйкес ғылыми жетекші бөледі және оны аталған жобамен байланысты емес өзге шығыстар бабына жұмсауға болмайды. Барлық шығыстар бабының жалпы сомасы қаржыландыру үшін сұралатын соманы білдіреді және «Жалпы ақпарат» деген 5-бапта мәлімделген сұралатын қаржыландыру сомасына баламалы болуға тиіс.

       Жобаға Ұлттық ғылыми кеңестің шешімі негізінде бюджет бойынша бөлуге өзгерістер енгізілуі мүмкін.


Жобаны іске асыру барысындағы шығындарға келесі шығындар енгізіле алады:

  1. еңбекақы – барлық салықтар мен өзге де бюджетке тиісті төлемдерді ескере отырып, ғылыми зерттеуді жүргізуге қатысқан зерттеу топ мүшелерінің еңбегіне сыйақы;

  2. ғылыми іссапарларлар – зерттеулер жүргізумен байланысты іссапарлар, олардың өтеуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген іссапар шығындарын өтеу нормаларынан аспау тиіс;

  3. бөгде ұйымдар көрсететін қызметтер – ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертханалар, өзге зертханалар көрсететін, зерттеулерді орындауға қажетті қызметтер, өзге де ұйымдар көрсететін қызметтер, оның ішінде конференцияларға қатысу үшін ұйымдастыру жарналары.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын (аутсорсинг) орындауды қамтитын бөгде ұйымдар көрсететін қызметтер жұмыстың орындаушыларын және жұмыстың түрлері, көлемдері, күтілетін нәтижелері көрсетіле отырып, ұсынылады;

  1. материалдар сатып алу – зерттеуді жүргізу үшін жұмсалатын материалдарды сатып алу.

  2. жабдықтар және бағдарламалық қамтамасыздандыруды сатып алу (заңды тұлғалар үшін).

Бір жабдық құны 4000 АЕК-тен асқан жағдайда, оның мемлекеттік ұйымдар жанында жұмыс істейтін, ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертханаларда болмауын жазбаша растау, оны сатып алу қажеттілігінің негіздемесі ұсынылады.

Мемлекеттік емес ұйымдар болып табылатын өтінім берушілер гранттық қаржыландыру шеңберінде сатып алынатын құны 4000 АЕК-тен асатын жабдықты жобаны іске асыру аяқталғаннан кейін алты ай ішінде мемлекеттік ұйым жанында жұмыс істейтін ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертхананың теңгеріміне береді;



  1. ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу – жүзеге асырылатын жобаның ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша жарияланымдарды дайындауға және оларды жариялауға шығындар, жүзеге асырылатын жоба бойынша алынған нәтижелерді патенттеу; аналитикалық материалдарды сатып алу, сондай-ақ жобаны сүйемелдеу бойынша өзге қызметтер үшін шығындар;

  2. өтініш беруші жеке тұлға болған жағдайда орынжайды жалға алу;

  3. зерттеуді іске асыру үшін пайдаланылатын жабдықтар мен техниканы жалға алу;

  4. зерттеуді іске асыру үшін пайдаланылатын жабдықтар мен техниканы күтуге кеткен пайдалану шығындары.


Шығындар сметасының мысалы


Шығын баптарының атауы

2018 жылға шығындар,

мың теңге



2019 жылға шығындар,

мың теңге



2020 жылға шығындар,

мың теңге



Жобаны жүзеге асырудың барлық мерзіміне шығындар

(мың теңге)



Еңбекақы













Ғылыми іссапарлар













Бөгде ұйымдар көрсететін қызметтер













Материалдар сатып алу













Жабдықтар және бағдарламалық қамтамасыздандыруды сатып алу (заңды тұлғалар үшін)













Ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеудің шығындары













Орынжайды жалға алу (жеке тұлғалар үшін)













Жабдықтар пен техниканы жалға алу













Жабдықтар мен техниканы пайдалану шығындары













Қорытынды













5. Ғылыми-зерттеу тобы [1000 сөзден артық емес]

Бөлім ғылыми жетекші және жобаның негізгі орындаушылары (қоса орындаушылар) туралы ақпаратты қамтиды:

1) түйіндеме және ғылыми еңбек (ғылыми жетекшінің және жобаның негізгі орындаушыларының (қоса орындаушыларың) түйіндемесі беріледі және мәлімделген зерттеудің бұрын өткізілген ғылыми зерттеулермен қаншалықты байланысты екендігі сипатталады);

2) ғылыми жетекшінің жоба тақырыбына қатысты негізгі жарияланымдары туралы мәліметтер;

3) қолдағы патенттер және басқа да қорғау құжаттары туралы мәліметтер;

4) зерттеу тобының жоба тақырыбына қатысты негізгі жарияланымдары (онға дейін), патенттер, авторлық куәліктер және басқа да қорғау құжаттары;

5) жобадағы жұмыстары мен жұмыс істеу мерзімдерінің сипаттамасы;

6) жобаның ғылыми жетекшісі зерттеу тобының жоспарланып отырған штатының кемінде 70 %-ының (негізгі персонал) жеке деректерін көрсетеді, штаттың басқа 30 %-ы (көмекші персонал) жобаға грантты алған соң тартылады.




6. Ғылыми-зерттеу ортасы [500 сөзден артық емес]

Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:



  1. өтініш берушіде бар, зерттеу жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық базаның сипаттамасы (зерттеуді жүргізуге қажетті құрал-жабықтардың, құралдар мен
    мүкәммалдардың бар болуы, сондай-ақ зерттеулерді жүргізетін ғылыми персоналдың бар болуы);


Өтінім берушінің бар болған материалдық-техникалық базасы сипаттамасының үлгісі

№ р/р

Құрал-жабдықтың, құралдар мен
мүкәммалдар түрі

Құрал-жабдықты, құрылғыны және мүкәм-малды қолдану мақсаты

Моделі және шығарылған жылы

Қолда бар

бірліктердің саны




Жағдайы (жаңа, жақсы, нашар)

Жекеменшік, жалға алынған (кімнен)































































2) түсіндірмелері бар отандық және шетелдік зерттеу инфрақұрылымдарының (зертханалардың және т.б.) пайдаланылуы, түсіндірмелермен;

3) отандық және халықаралық негізгі байланыстар, шетелдік ғалымдардың жобаға қатысуы;

4) жас ғалымдардың (35 жасқа дейінгілерді қосқанда), PhD-докторанттардың, өндірістен инженерлердің жобаға қатысуы;

5) ұтқырлық негіздемесі: жобаны іске асыру үшін басқа жердегі жұмысқа қатысудың және оның кезеңдерінің ықпалы.


7. Күтілетін нәтижелер [250 сөзден артық емес]

Бөлімде мынадай ақпарат көрсетіледі:

1) шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланымдарды жүзеге асыру (жоба шеңберінде жүргізілетін ғылыми зерттеулер нәтижелерінің жариялануы болжана ма және қандай журналда жарияланады);

2) шетелдік басылымдарда кітаптар/кітап тарауларын жариялауды жүзеге асыру;

3) қазақстандық басылымдарда кітаптар/кітап тарауларын жариялауды жүзеге асыру;

4) монографиялар жариялауды жүзеге асыру;

5) шетелдік патенттік бюроларда (еуропалық, америкалық, жапондық) алынған нәтижелерді патенттеу мүмкіндігі;

6) алынған нәтижелерді патенттеу (қазақстандық немесе еуразиялық патенттеу бюросында), зияткерлік меншік объектісі бойынша лицензиялық келісім жасау мүмкіндігі, басқа да қорғау құжаттарын алу;

7) күтілетін ғылыми және әлеуметтік-экономикалық әсер;

8) алынған ғылыми нәтижелердің қолданылуы және/немесе коммерцияландырылуы;

9) алынған нәтижелердің нысаналы тұтынушылары, оның ішінде субъектілік құрам бойынша;

10) тәуекелдерден тұратын серпінді нәтижелер алу мүмкіндігі; ғылым мен технологияның дамуына ықпалы;

11) әлеуетті пайдаланушылардың, ғалымдар қоғамдастығының және кең жұртшылықтың арасында жұмыс нәтижелерін тарату.


8. Библиография

Бөлімде осы өтінімнің «Жобаны сипаттау» деген 2-бөлімінің «Жобаның ғылыми жаңашылдығы мен маңыздылығы» деген 4-тармағына сілтеме жасалған жарияланымдар көрсетіледі.

Әрбір жарияланымда журналдың толық атауы, басылым нөмірі, шығарылған жылы, беттер нөмірі, мақаланың толық атауы, мақаланың барлық авторларының аты жазылуға тиіс.


Қосымшалар

Куәлік көшірмесі не уәкілетті органның ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы бұйрығынан үзінді.




2017 жылғы «15» тамыздағы

Конкурстық құжаттамаға

3-қосымша
ІЛЕСПЕ ХАТ

(Жеке тұлғаның атынан тіркеу нөмірі көрсетілген фирмалық бланкіге

мекеме басшысының немесе өтініш берушінің қолы қойылған болуы тиіс)


  1. Конкурс атауы.

  2. Конкурс нысаны болып табылатын ғылым дамуының басты бағыттарының және мамандандырылған ғылыми бағыттарының атауы.

  3. Жоба тақырыбының атауы (3 тілде).

  4. Жобаның ЖНИ

  5. Ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекетаралық рубрикатор коды (ҒТАМРК) (xx.xx.xx; xx.xx.xx;…).

  6. Зеттеу түрлері (іргелі, қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар).

  7. Сұратылып отырған қаржыландыру сомасы (жобаның толык мерзіміне және жылдар бойынша, мың теңге).

  8. Жобаның басталуы мен аяқталуы бойынша болжалған даталары.

  9. Жобаны іске асыру мерзімі (аймен көрсету).

  10. Бағасы 4000 АЕК-тен жоғары сатылып алынатын жабдықтарды, құралдарды, мүкәммалдарды орналастыру туралы мәлімет (мемлекеттік емес ұйымдар үшін).

  11. Өтінімде клиникаға дейінгі зерттеулер, медициналық-биологиялық эксперименттер және клиникалық сынақ туралы ақпараттың болуы (адамдар мен жануарлардың қатысуымен зерттеу қарастырыла ма).*

  12. Өтініш берушінің жеке мәліметтері:

Жеке тұлғалар үшін – жеке түлғаның тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы, ЖСН (ИИН), байланыс деректері (ұялы телефон, e-mail).

Заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның толық атауы, заңды мекен-жайы, БСН (БИН), байланыс деректері (телефон, e-mail).



13. Жобаның ғылыми жетекшісінің жеке мәліметтері (тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, тұрғылықты мекен-жайы, ЖСН (ИИН), байланыс деректері (телефон, e-mail) және ол қатысатын жобалар туралы мәліметтер.
Ұйым басшысының Т.А.Ә. ___________________

(қолы)


дөңгелек мөр
немесе жеке тұлға ретінде

өтініш берушінің Т.А.Ә. ____________________

(қолы, нотариуспен куәландырылған)
Ескерту.

*11-тармақ ғылымның медицина мен ветеринария жабдықтары мен медициналық-биологиялық және өзге де дәрі-дәрмектерді жасау саласындағы зерттеулермен байланысты ғылыми бағыттарға арналған


ЖОБАНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ*


  1. Жоба тақырыбының атауы


2. Жоба рефераты (абстракт)
Бөлімде қолданылған әдістеменің зерттеу өзектілігі, күтілетін нәтижелер және олардың қолданымдылығы, жоба нәтижесі олардың қажеттілігіне бағытталған әлеуетті тұтынушылар сипаттамасы мен Жобаның қысқаша тұжырымдамасы (250 сөзден аспауы тиіс) көрсетіледі.
3. Жобаның мақсаты мен міндеттері
Жобаның мақсаты мен міндеттері қысқа және нақты болуы керек, және Жобаның тақырыбына сәйкес келуі тиіс.
4. Түйінді сөздер
Бөлімде Жобаға қатысты 10–ға (он) дейінгі түйінді сөздер көрсетіледі.

___________________________


*Жобаның қысқаша сипаттамасы А4 форматындағы бір беттен аспауы тиіс.

2017 жылғы «15» тамыздағы

Конкурстық құжаттамаға

4-қосымша
Ғылыми-зертеу жұмыстарын орындау туралы

___ келісім-шарт

Астана қ. 201_ жылғы «___»_________

«Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Ғылым Комитеті» мемлекеттік мекемесі, бұдан әрі __________________ Т.А.Ә. төраға атынан Тапсырыс беруші, 2013 жылдың 4 шілдесіндегі № 96 Жауапты хатшы бұйрығымен бекітілген Ғылым Комитеті туралы Ереже негізінде, бір жағынан, және (жеке тұлғалар үшін Т.А.Ә./ заңды тұлғалар үшін мекеменің атауы), ары қарай Орындаушы, (тек заңды тұлғалар үшін мекеме басшысының Т.А.Ә., лауазымы) атынан, негізге ала отырып (жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын құжат/заңды тұлға үшін заңды құжат), берілген/бекітілген (жеке тұлғалар үшін берген мекеме және берілген кезі/заңды тұлғалар үшін ______ жылғы «___»____№__), екінші жақтан, ары қарай біріккен атау тараптары, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы «Ғылым туралы» Заңына сәйкес, 2016 жылдың 29 қарашасындағы «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылдың 6 желтоқсанындағы №775 «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджеті туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы» қаулысы, Қазақтан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 25 мамырындағы №575 «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті негізгі, гранттық, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру Ережесін бекіту туралы» қаулысы, «Жүзеге асырылған басым бағыт көрсетіледі» (201_ жылғы «___»________№__протоколы) басымдылығы бойынша гранттық қаржыландыру туралы Ұлттық ғылыми кеңестің шешімі, Ғылым Комитеті төрағасының 201_ жылғы «___»________ №__«Бұйрықтың атауы» бұйрығымен, төмендегідей келісімшарт (ары қарай - Келісімшарт) жасасты:


  1. жүктеу 0,59 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау