Конфиденциялық



жүктеу 3,33 Mb.
Pdf просмотр
бет5/71
Дата05.01.2020
өлшемі3,33 Mb.
#25896
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71

 
Әлеуметтік және экологиялық әсерді бағалау бойынша қосымша есеп 
WSP 
Проект № .: 70048319 | Our Ref No.:  2 нұсқа 
Тамыз  2018 
Қазақстан  Республикасының (ҚР) ұлттық заңнамасына сәйкес мүдделі тааптармен өзара әрекет жасау 
және қоғамдық тыңдалымдар міндетті болып табылады. Нақты Жобаға қатысты екі бұқаралық отырыс 
өткізілді, бұқаралық отырыстар төменде сипатталған:   
• 
2015  жылдың  3  желтоқсаны  Құрты  ауылдық  округінің  әкімдігінде,  Ақши  ауылында.  Шараға 
шақыру  және  қандай  мәселелер  талқыланатыны  туралы  қосымша  ақпарат  2015  жылдың  13 
қарашасы жергілікті «Іле таңы» газетінде орыс және қазақ тілдерінде жарияланды. Хабарлама 
қоғамдық консультация (кеңес) өткізу талаптарына сәйкес бағытталды, ол үшін хабарламаның 
жариялануы мен кездесу өткізу арасында 20 күн мерзімі өтуі талап етіледі.   
Бұқаралық  жиналысқа  жергілікті  тұрғындар  қатысты  (барлығы  22  адам).  Олардың  арасында 
фермерлер (шаруалар), Құрты ауылдық округінің басшысы және Жобаның бас инженері болды.   
• 
2016  жылдың  15  мамыры  Қапшағай  қаласының  әкімдігінде  ҚазАвтоЖол  компаниясы  мен 
Қапшағай  қаласының  әкімдігі  бірлесіп  кездесу  ұйымдастырды,  Шараға  шақыру  және 
талқыланатын мәселелер туралы қосымша ақпарат 2016 жылдың 8 маусымы жергілікті «Нұрлы 
ӨЛКЕ»  газетінің  №  25  (382)  жарияланды.   
  
Қо
ғамдық  консультация  (кеңес)  өткізу  талаптары 
бойынша хабарламаның жариялануы мен кездесу өткізу арасында 20 күн мерзімі өтуі қажет, ал 
бұл  алдын  ала  хабарлама  беру  мерзімі  сақталмауына  орай  аталған  талаптаға  сай  келмейді. 
Газетте  жариялаудан  басқа,  осы  аймақтағы  барлық  тұрғын  үйлердің  пошта  жәшіктеріне, 
Қарлығаш  ауылында  орналасқан  барлық  кәсіпорындарға  бұқаралық  тыңдалымдар  туралы 
ақпараты  бар  плакаттар  ілінген.  Бұл  кездесуге  жергілікті  тұрғындар,  жобаның  инженері, 
Қапшағай қаласының қоғамдық көлік және автожолда бөлімінің бастығы, Қапшағай қаласының 
сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы және ҚазАвтоЖол АҚ өкілі қатысқан (барлығы 16 
адам).   
Бұқаралық жиналысқа қосымша Астана мен Алматы қалаларын байланыстыратын «орталық-оңтүстік» 
барлық  коридорының  аясыгда  Қапшағай  қалася  шекарасында  жобалық  шешімді  бекіту  үшін  жиналыс 
өткізілді.  Кездесу  2016  жылдың  2  маусымы  Қапшағай  қаласының  әкімдігінде  өтті.  Жиналысқа 
ҚазАвтоЖол  АҚ  өкілдері,  Қапшағай  қаласының  түрлі  департаменттерінің  өкілдері,  Жер  қатынастары 
бөлімі,  Астана  Инжениринг  орталығы  және  жер  активтерінің  Ғылыми-өндірістік  орталығы  қатысты.  
Нысаға екі рет бару кезінде (2018 жылдың сәуірі және 2018 жылдың шілдесі) жол маңында орналасқан 
үйшаруашылықтары мен кәсіпорындарға, сонымен қатар (шығыстан батысқа қарай): NS1.8 жанындағы 
пластмасса  өндіретін  жабық  зауытқа,  NS1.8  жанында  орналасқан  қолданыстағы  асфальтбетон 
зауытына,  жабық  қоқысқа,  S4.06  фермаға,  11  фермаға,  9  фермаға,  33  фермаға,  21  фермаға,  22 
фермаға, 5 фермаға және 4 фермаға барылды. Фермалар мен кәсіпорындардың орналасқан жерлері В 
Қосымшасында берілген. Фермалар негізінен үй жануарларын (жылқы, ірі қара мал, қой-ешкі және т.т.) 
өсірумен айналысады. Екі сапар барысында сұрау салынған фермерлер осы жобаға қуанышты екенін, 
Алматыға бару уақытын қысқартатындықтан жолдардың жақсаратыны туралы айтты.   
 
1.6 
БАЛАМАСЫН ҚАРАСТЫРУ 
2016 
жылдың 2 маусымында өткізілген кездесуде Қапшағай қаласының шекарасында тасжол салудың 
үш  балама  сұлбасы  ұсынылды  және  қаралды.  Жиналыс  нәтижесі  бойынша  А  Қосымшасында 
ұсынылған соңғы жоба бекітілді.   
Жобаның  балама  (альтернативті)  сұлбасы  қаралған  жоқ,  себебі  нысанның  тікелей  жақын  орналасқан 
кедергілер  бар,  олардың  ішіне  фермалар  және  төбешікті  ландшафт.  Қолданыстағы  профильді  және 
автомобиль жолдарына телінген аймақты пайдалану жобаға жерлерді сатып алу қажеттілігін қысқарту 
мүмкіндіктерін береді.   
1.7 
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЛДАРЛАРДЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ  
 
1.7.1 
АУА САПАСЫ  
ЖобамаңындағыауаныңнақтысапасыЕвропалықодақ  (ЕО),  Дүниежүзілік  денсаулықсақтау  ұйымы  (ДДҰ) 
мен  Қазақстанның  аздаған  мазасыздық  туғызатын,  ластаушы  заттары  бар    азот  қостотығына  (NO2) 
қатысты  көрсеткіштерден аспайды деп ойлаймыз, себебі Жоба ауылдық жерлермен өтеді.   


 
Әлеуметтік және экологиялық әсерді бағалау бойынша қосымша есеп 
WSP 
Проект № .: 70048319 | Our Ref No.:  2 нұсқа 
Тамыз  2018 
Орын алуы ықтимал қатты бөлшектердің шоғырлануы 10 микрометрге диаметрмен (PM10) және құрған 
ауа  райына  байланысты  шаң  табиғи  көтерілуі  мүмкін.  Дегенмен,  ЕО,  ДДҰ  және  Қазақстанның 
көрсеткіштерінен асып кету мүмкіндігі өте төмен. . 
1.7.1.1 
ҚҰРЫЛЫС 
Жоба  бойынша  құрылыс  жұмыстары  барысында  үлкен  шаң  туындауы  мүмкін.  Жобадан  50  м  шекте 
бірнеше тұрғын нысан орналасқан, олар адамның денсаулығына зиян келітретін шаңның туындауынан 
зардап  шегуі  мүмкін.  Дегенмен  құрылыс  алаңдарын  басқарудың  тиісті  тәжірибесін  қолдану,  шаң 
туындауын  бақылау  Жоспары  және  құрылыс  барысында  қоршаған  ортаны  қорғау  Жоспары  (ҚҚОҚЖ) 
аясында  тиісті  жеңілдету  шараларын  қолданғаннан  кейін  құрылыстың  ауа  сапасына  әсері  төмен  (аз) 
болады деп күтілуде.   
1.7.1.2 
ПАЙДАЛАНУ 
Бағыт  ашылғаннан  кейін  көлік  ағынының  ұлғаюына  байланысты  ауа  сапасының  Жобаға  50  м 
қашықтықта  орналасқан  тұрғын  үйлерде  тұратын  адамдарға  әсері  үлкен  емес.  Пайдалану  кезеңінде 
әсерді жеңілдету үшін қосымша шаралар ұсынылмайды.   
1.7.2 
БИОӘРАЛУАНДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ТІРІ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР  
Жоба палеарктикалық биогеогафиялық аймақта орналасқан; және де далалық ландшафтық аймақпен 
байланысты. Жоба бірінші кезекте ауылшаруашылығын дамытумен байланысты антропогенді әсері бар 
таулы  аймақтың  бөктерінде  орналасқан.  Жоба  аймағында  ашық  ауылшаруашылығы  ландшафты 
басым,  оның  ауылшаруашылығы  жерлерінен  жалғыз  көріністі  айырмашылығы  желілік  нысандар  және 
шағын  ормандар  болып  табылады.  Бұл  аймақтағы  жануарлар  түрлерінің  байлығы  шектелген  және 
аумақ бойынша ауылшаруашылығымен бұзылған барлық аймақтарға ұқсас.   
Жақын әйгілі табиғатты қорғау нысандары: Алтын Емел ұлттық саябағы (шамамен алғанда шығысқа 
қарай 132 км.) және Іле өзенінің атырауы, Балхаш көлінің оңтүстік бөлігіндегі Рамсар ауданы (шамамен 
алғанда солтүстік – шығысқа 200 км). Қорғалатын аймақтармен арадағы қашықтықты есепке ала 
отырып Жоба мен Жобаның сипаты қорғалатын аймақтарға әсер етпейді деп күтілуде.   
1.7.2.1 
ҚҰРЫЛЫС  
Құрылыс  жұмыстары  жүргізілетін  аймақты  бұзуға  құрылыстың  әсері  барынша  төмен,  ол  жер  осы 
уақытта  өзгертілген,  шағын  табиғи/жартылай  табиғи  өсімдіктер  бар,  олар  аздаған  ағаштар  және 
бұтақтасындар.   
Шағынорналасуды  бағалау  арқылы  жартылайтабиғи  ортаны  бұзудан  сақтауға  болады.  Егер  мүмкін 
болса қорғалатын өсімдік әлемін анықтау үшін жергілікті биоалуандылық бойынша білікті мамандардың 
күшімен құрылыс басталғанға дейін барлық ағаштар мен ғимараттарды тексеру жүргізу қажет, және де 
зардаптарды жеңілдету стартегиясын  әзірлеу брасында толық  көлемде есепке  алу  қажет.  Бұл  құстар 
мен  мекендеу  ортасы  туралы  ЕО  Дерективасын  сақтауды  қамтамасыз  етеді  (ЕҚДБ  6ЖТ  бойынша 
талаптар).   
Ұя  салатын  құстарға  тікелей  әсер  етудің  алдын  алу  үшін  өсімдік  жабынын  алу  бойынша  жұмыстар 
құстардың көбейтін уақытында жүргізілмеуі тиіс.  
Өсімдіктермен байланысты қандайда бір маңызды залалдар келтірілмейді деп күтілуде, дегенмен бұл 
нәтижелерді растау үшін қосымша зерттеулер және бағалаулар қажет.   
Құрылыс  жұмыстары  жануарлар  өміріне  әсер  етпейді  деп  күтілуде,  себебі  құрылыс  алаңына  келуі 
мүмкін жануарлардың (үй жануарлдары және тағы жануарлар) зақым алуы және өлуі қаупі жоқтыңқасы. 
Және де ол барлық ашық экскаватор жұмыстары барысындағы қауіпсіздік, қауіпсіз тәсілмен сақталуы 
тиіс  және  пайдаланылмаған  кезде  қауіпті  материалдар  мен  құрал-жабдықтарды  күзетуді  қамтамасыз 
ету арқылы төмендетіледі. Құрылуы тиіс қоршау үй және тағы жануарлардың құрылыс алаңына өтуінің 
алдын алуды қамтамасыз етеді.   
1.7.2.2 
ПАЙДАЛАНУ 
Жобаны  пайдалану  барысында  көлік  ағынының  ұлғаюына  байланысты  (үй-тағы)  жауарлар  өлімінің 
қатері  өсуі  мүмкін.  Дегенмен,  Жоба  бойынша  жобалық  шешімдер  ірі  қара  мал  үшін  сеткалы 
қоршауларды  және  жерасты  өткелдерін  қарастырады,  бұл  аумақта  күзетілетін/  сирек  түрлердің 
байқалмауына орай биоәралуандылыққа үлкен әсер ету күтілмейді.   


жүктеу 3,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау