Әлеуметтік және экологиялық әсерді бағалау бойынша қосымша есеп
WSP
Проект № .: 70048319 | Our Ref No.: 2 нұсқа
Тамыз 2018
3 ЕҚҚДБ ЕО ДИРЕКТИВАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН
ТАЛАПТАРЫ, ЗАҢНАМАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ МӘНМӘТІН
3.1 ІСКЕ АСЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЕҚҚДБ ТАЛАПТАРЫ
Жоба келесі ІАТ сәйкес іске асырылуы тиіс:
•
ІАТ1: Экологиялық және әлеуметтік бағалау және басқару;
•
ІАТ2: Еңбек және жұмыс шарттары;
•
ІАТ3: Ластанудың алдын алу және олармен күресу;
•
ІАТ4:
Қоғамдық денсаулық, еңбекті қорғау және қауіпсіздік;
•
ІАТ5: жерді сатып алу, мәжбүрлеп көшіру және экономикалық жылжыту;
•
ІАТ6: Биоалуандылықты сақтау және тірі табиғи ресурстарды тұрақты басқару;
•
ІАТ8: Мәдени мұра;
•
ІАТ9: Қаржылық делдалдар; сондай-ақ
•
ІАТ10: Ақпаратты жариялау және мүдделі тараптардың қатысуы.
«Байырғы халықтар» деп аталатын ІАТ7 осы Жобаға қолданылмайды, себебі ҚР ешқандай байырғы
халық тіркелмеген, ІАТ5, ІАТ9 және ІАТ10 қатысты растаушы ақпарат ретінде келесі құжаттар талдануы
тиіс:
•
2018 жылғы шілдеде жарияланған мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу туралы жаңартылған
есеп (МТӨӘЕ): МТӨӘЕ жаңартылған есебінде мүдделі тараптардың қатысуына қойылатын
талаптар шолуын және шағымдарды қарастыру рәсімдерін, ашық кеңес беру мәжілістері
барысында мүдделі тараптармен көтерілген түсініктердің, сұратуралдың және мәселелердің
қысқаша сипаттамасын және олар қалай шешілгені туралы, кеңестерді жүргізуге және жоба
туралы ақпаратты жариялауға қойылатын талаптарды қамтиды, соның ішінде әлеуетті мүдделі
тараптар, кеңес беру үшін пайдаланылатын әдістер және жүргізу қажетті жазбалар анықталған;
сондай-ақ
•
2018 жылғы шілдеде дайындалған Тіршілікті қамтамасыз етуді қалпына келтіру қағидалары
(ТҚЕҚКҚ): ТҚЕҚКҚ Жобаға байланысты негізгі әлеуметтік тәуекелдер сипаттамасын қамтиды,
және қабылдануы тиіс болған өтемақыларды беру/ күнелтуге керек қаржыны қалпына келтіру
процесін бағалайды.
Осы ұсыныстар 2018 жылғы шілдеде шығарылған жаңартылған Экологиялық және әлеуметтік іс-
шаралар жоспарында (ЭӘІШЖ) ескерілген. ЭӘІШЖ Жобаны ЕО қолданыстағы стандарттарына, ЕҚҚДБ
іске асыруға қойылатын талаптарға және жұмыс істеудің озық әдістеріне толық сәйкестікке келтіру үшін
әзірленген.
3.2 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ЕО ДИРЕКТИВАЛАРЫ
Жоба ҚОӘБ бойынша Директиваның сәйкес талаптарын, Мекендеу орталары туралы директиваны,
Экологиялық шуыл бойынша директиваны, Су бойынша шектеулі директиваны, Жер асты сулар
бойынша директиваны және ауа сапасы бойынша директиваны қоса (бірақ олармен шектелмей), ЕО
қоршаған ортаны қорғау бойынша қолданыстағы стандарттарына сәйкес келуі тиіс.
ҚОӘБ бойынша Директива туралы бұдан да толығырақ төменде сипатталған, басқа Директивалардың
әрқайсысы туралы егжей-тегжейлі ақпарат әрбір бағыт бойынша сәйкес тарауларда ұсынылған.
3.2.1 ҚОӘБ БОЙЫНША ЕО ДИРЕКТИВАСЫ
Жоба бойынша іс-шараларды ҚОӘБ бойынша директиваның I немесе II-қосымшасына жатқызуға
болатын-болмайтынын бағалау үшін ҚОӘБ бойынша директиваның талаптарына сәйкестік мәселесіне
талдау жүргізілді. Директиваның I-қосымшасына қосылған жобалар үшін ЕО бойынша толық ҚОӘБ