Концепция


Қызметтерді пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу



жүктеу 465,56 Kb.
бет2/3
Дата14.01.2018
өлшемі465,56 Kb.
#7480
1   2   3

Қызметтерді пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу

Қолданыстағы Пошта туралы заңда қызметтерді пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін регламенттейтін нормалар қамтылмайды.

Заң жобасы көрсетілген құқықтық қатынастар саласындағы елеулі құқықтық олқылықты алып тастайды және пошта саласындағы пайдаланушыларға сапалы қызметтерді ұсынуға; өз құқықтары мен пайдаланушылардың міндеттерін пайдалануға, пошта жөнелтілімдерін ресімдеу және операторларға тапсыру кезінде олардың белгіленген талаптарды сақтауына; қызметтерді пайдаланушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған нормаларды көздейді.

Пошта байланысы қызметтерін сапалы көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында Заң жобасында пайдаланушылар (үй-жай, пәтер иелері) үшін, сондай-ақ үй-жай (пәтер) иелерінің кооперативтері үшін пайдаланушылардың (үй-жай, пәтер иелерінің) есебінен абоненттік пошта жәшіктерін орнату, күтіп ұстау және олардың сақталуын қамтамасыз ету міндетін енгізу көзделеді. Жеке тұрғын үйлерде тұратын пайдаланушылар өз есебінен абоненттік пошта жәшігін орнатуы және күтіп ұстауы, сондай-ақ оның сақталуын қамтамасыз етуі керек.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес абоненттік пошта жәшіктері жалпы мүлікке жатады және адресаттар өздерінің абоненттік пошта жәшіктерін дербес күтіп ұстауы керек. Алайда, қазіргі уақытта көп пәтерлі тұрғын үйлердің бәрінде абоненттік пошта жәшігі бар емес, бұл жазбаша хат-хабар жөнелтілімдерін жеткізу бойынша пошта операторларының жұмысын айтарлықтай қиындатады. Бұл іс жүзінде барлық объектілер абоненттік пошта жәшіктерімен беріле бермеуіне, ал пайдаланушылар абоненттік пошта жәшіктерін орнатпауына байланысты. Ұқсас жағдай жеке тұрғын үй қорының жеке секторында да қалыптасып отыр, мұнда да абоненттік пошта жәшіктері жоқ және пайдаланушылар пошта жөнелтілімдерін көрсетілген пайдаланушыларға жеткізу бойынша проблеманың болуына байланысты оларды орнатпайды. Осыған байланысты, оператор қызметтерін әрбір пайдаланушы абоненттік пошта жәшігі арқылы жеткізілуі мүмкін, пошта жөнелтілімдерін алу үшін тұрғылықты тұратын жерінде абоненттік пошта жәшігі сақталуын және түзу жай-күйде болуын тиісті түрде қамтамасыз етеді деп көзделеді. Абоненттік пошта жәшігі болмаған немесе ақау болған жағдайда пошта операторы пошта жөнелтілімін жеткізуді жүзеге асырмайтын болады және оны өндірістік объектіден беру бойынша шаралар қабылданатын болады.

Пошта операторының қызметтерін пайдаланушылар пошта жөнелтілімдерінде және пошталық ақша аударымында мекен-жайды ресімдеу тәртібін белгілейтін, Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ пошта жөнелтілімдерін күтіп ұстауға қойылатын талаптарды сақтай отырып пошта жөнелтілімдерін беруді және алуды жүзеге асыратын болады.

Осылай, Заң жобасында оператордан пошта төлемінің белгілерін сатып алған жағдайда, пайдаланушы пошта жөнелтілімін жіберуге бұдан бұрын жасалған төлемді растау мақсатында, көрсетілген пошта төлемінің белгілері сатып алынған пошта операторына тиесілі операциялық терезе немесе пошта жәшігі арқылы, пошта төлемінің осы белгілерімен төленген пошта жөнелтілімін тапсыруға міндетті екендігі көзделген.

Пошта жәшіктерінен жиналып алынған жай хаттарды, пошта карточкалары мен бандерольдерді жіберуден тұратын пошта байланысының әмбебап қызметтерін көрсету кезінде пошта операторының пошта жөнелтілімдерін жөнелтушілер мен алушылардан дербес деректерін жинауға, жинақтауға, пайдалануға және сақтауға келісім алу мүмкіндігі жоқ, өйткені пошта операторының қызметтерді пайдаланушылармен тікелей байланысы жоқ, демек қызметтерді пайдаланушылардың дербес деректерін жинауға, жинақтауға, пайдалануға және сақтауға келісім алу мүмкін емес. Осыған ұқсас қиындық жеткізу үшін қабылданатын, барлық пошта жөнелтілімінде көрсетілетін адресаттардың дербес деректеріне қатысты да туындайды. Дербес деректері көрсетіліп қойылған, шетелден келіп түсетін халықаралық пошта жөнелтілімдеріне де пошта операторының жөнелтушінің келісімін алуға мүмкіндігі жоқ.

Дүниежүзілік пошта конвенциясының 1-бабы 1-тармағының 1.4-тармағында дербес деректер: пошта қызметі клиентінің жеке тұлғасын анықтау үшін қажет ақпарат деп көзделгенін айта кету қажет. Дүниежүзілік пошта конвенциясының 12-бабына сәйкес клиенттің дербес деректері алынған мақсатта ғана қолданылатын ұлттық заңнамаға сәйкес пайдаланылатын болады. Мүше-елдер мен олардың тағайындалған операторлары өзінің ұлттық заңнамасын сақтай отырып, клиенттердің дербес деректерінің құпиялығын және қорғалуын қамтамасыз етуі керек.

Сонымен қоса, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңы дербес деректер субъектісіне қызметтер көрсету кезінде өзінің дербес деректерін жинауға, жинақтауға, пайдалануға және сақтауға келісім беруден субъекті бас тартқан жағдайда, меншік иесі мен/немесе дербес деректер операторының әрі қарайғы іс-қимылын анық белгілемейтінін айта кетеміз. Мәселен, Ұлттық пошта операторы «Халықтық IPO» бағдарламасын іске асыру барысында «KEGOC» АҚ жай акцияларын сатып алу кезінде дербес деректердің жекелеген субъектілері өздерінің дербес деректерін жинауға, жинақтауға, пайдалануға және сақтауға келісім беруден бас тартқан, қиын жағдайға тап болды.

«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңының 9-бабы заңмен айқындалған жағдайларда дербес деректерді жинау, жинақтау, пайдалану және сақтау субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз жүзеге асырылатын болатынын көздейді.

Құқықтық олқылықты болдырмау мақсатында Заң жобасымен дербес деректерді жинауға, жинақтауға, пайдалануға және сақтауға субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімін және келісім бермеуі ескеріліп, қызметтерді пайдаланушыларға қызмет көрсету тәртібін, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, жинақтауға, пайдалануға және сақтауға олар келісім бермеген жағдайда пайданлаушыларға қызмет көрсетуден бас тартуды регламенттейтін нормаларды бекітіп беру ұсынылады.


2.3. Пошта байланысы саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Пошта туралы заң пошта операторлары пошта қызметін ұйымдастырады және пошта операторына оның пошта қызметiн жүзеге асыруына байланысты сенiп тапсырылатын пошта жөнелтiлімдерiнiң және пошталық ақша аударымының сақталуын, жазысқан хаттардың, пошта арқылы және өзге де жолдармен алысатын хабарламалардың құпиялылығын қамтамасыз етуге бағытталған жеке күзет ұйымдарын құруға құқылы екендігін белгілейтін бір норманы қамтиды.

Заң жобасында пошта байланысы саласында пайдаланушылар мен пошта операторы жұмыскерлердің денсаулығының, өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды күшейту ұсынылады. Пошта операторларына пайдаланушылар мен жұмыскерлердің денсаулығы мен өмірін қорғаумен қатар, сондай-ақ пошта жөнелтілімдерінің, пошта операторларының мүлкінің сақталуын қамтамасыз ететін болатын күзет бөлімшелерін құру құқығы беріледі. Бұл ретте, Ұлттық пошта операторына пошта қауіпсіздігі жүйесін құру жөнінде міндет жүктеледі, сондай-ақ қызметтерді көрсету кезінде пошта байланысы инфрақұрылымы объектілерінің, пошта көлігінің, жұмыскерлер мен қызметтерді пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болатын жеке күзет ұйымын құру құқығы беріледі, сондай-ақ ол пошта жөнелтілімдерін рұқсатсыз ашудан қорғауды қамтамасыз етеді, пошта жөнелтілімдерінің және ақшаның жоғалуы мен ұрлануы жағдайларын болдырмау бойынша шараларды жүзеге асырады, салымдарды жіберу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шектеулердің сақталуын бақылайтын болады.

2013 жылы пошта жөнелтілімдеріндегі заңсыз айналымнан 2 мылтық, 1 сүңгі-пышақ, 3 раритет заттар (2 семсер, 1 қылыш), UBS құрылғысы бар (дыбыстық-бейне жазатын құрылғы) екіұдай мақсаттағы 11 қаламсап, кіріктірме бейнекамерасы бар 3 сағат алынды, есірткіге күдік келтіретін 38 зат анықталды. ҚР ІІМ ҚАЖК ресми деректері бойынша тыйым салынған заттарды жеткізу арналарының бірі оларды сауқат және бандероль арқылы жіберу болып табылады, оларда кейбір жағдайларда жөнелтушінің жалған мекен-жайы мен деректері көрсетіледі, сондықтан кінәлі адамдарды әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту мүмкін емес. Осылай, 2012 жыл мен 2014 жылғы наурыз аралығындағы кезеңде республиканың түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында 90 мыңға жуық сауқаттар мен бандерольдердің келіп түскені тіркелді, бұл ретте жыл сайын ҚАЖ мекемелерінде сауқаттар мен бандерольдер арқылы тыйым салынған заттарды жеткізудің анықталған әрекеттерінің шамамен 40-50 фактісі (2012 ж. – 43 факт, 2013 ж. – 48 факт, 2014 ж. 1-тоқсан – 17 факт), олардың ішінде есірткі заттары (марихуана, героин, гашиш), қолма-қол ақша, спиртті ішімдіктер, мобильді байланыс құралдары тіркеледі.

Сондай-ақ, пошта операторларына пошта жөнелтілімдерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тыйым салынған салымдарды жіберуді болдырмау мақсатында пошта жөнелтілімдерін қабылдау кезінде салымдарын бақылауды жүзеге асыру жүктелетін болады. Пошта жөнелтілімін жөнелтуші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пошта жөнелтіліміндегі салымдар үшін белгіленген тыйым салулар мен шектеулерді бұзғаны үшін және шектеулер тізбесіне кірмейтін, бірақ жасырын қауіпті қасиеттері бар салымдардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікте болатын болады. Пошта операторлары жіберу барысында техникалық құралдарды, жабдық және бейне фиксация жүйелерін қолданып, пошта жөнелтілімдерінде тыйым салынған заттар мен бұйымдарды анықтауға міндетті болатын болады. Норма пошта операторларының тарапынан айтарлықтай шығын келтіретінін ескерсек, Заң жобасында белгілі бір уақыт өткен соң жоғарыда көрсетілген норманың қолданысқа енгізілу мерзімін кейінге қалдыратын норма ұсынылады.

Қолданылатын нормалар Дүниежүзілік пошта одағының халықаралық пошта байланысы саласында пошта қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықты болдырмау жөніндегі актілерінде жазылған жалпы қағидаттарға, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі қабылдаған шешімге (10.12.2014 жылғы №6 хаттама) сәйкес келеді.

Заң жобасымен бекітіліп берілетін, көрсетілген шаралар жай-күйі елдің ұлттық қауіпсіздік жүйесіне ықпал ететін салада қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
2.4. Пошта байланысы саласындағы халықаралық қызмет

Дүниежүзілік пошта одағы (бұдан әрі – ДПО) БҰҰ мамандандырылған мекемесі мәртебесі бар халықаралық үкіметаралық ұйым болып табылады. Қазақстан Республикасы ДПО Жарғысына қосу туралы өтініш беріп, 1992 жылғы 27 тамыздан бастап ДПО толық құқықты мүшесі болып табылады. Осыдан кейін, Қазақстан Республикасы ДПО толық құқықты мүшесі болып, ДПО Жарғысына Бесінші, Алтыншы, Жетінші және Сегізінші қосымша хаттамаларды ратификациялады (Қазақстан Республикасының 18.03.2002 жылғы № 305 және № 306, 18.01.2011 жылғы № 392-IV ҚРЗ және 24.03.2011 жылғы № 419-IV ҚРЗ Заңы). Ол одақтың негізгі ережелерін қамтиды және ескертпелердің нысанасы болмайды. Дүниежүзілік пошта конвенциясы, Жазбаша хат-хабар регламенті және Пошта сауқаттары регламенті халықаралық пошта қызметінде қолданылатын жалпы ережелерді, сондай-ақ жазбаша хат-хабар және пошта сауқаттары қызметтері туралы ережені қамтиды. Бұл Актілер барлық мүше-елдер үшін міндетті болып табылады. Мүше-елдер Конвенциядан және оның Регламенттерінен туындайтын міндеттемелерді өздерінің тағайындалған операторлары орындауын қадағалап отырады.

Осыған байланысты, Заң жобасында халықаралық ынтымақтастық, халықаралық пошта алмасу мен транзитін қамтамасыз ету мәселелерімен байланысты нормаларды енгізу қарастырылады.

Қолданыстағы Пошта туралы Заңның 6-1-бабында тағайындалған оператор:  Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық елді мекендерде барлық пайдаланушы үшін пошта байланысының сапалы көрсетілетін қызметтерін тұрақты негізде көрсетуді; жазбаша хат-хабарды қабылдауды, өңдеуді, тасымалдауды және жеткізуді; салмағы 20 килограмға дейінгі сауқаттарды қабылдауды, өңдеуді, тасымалдауды және жеткізуді; жауап қайтарылатын халықаралық коммерциялық хат-хабарды қайтаруды; Дүниежүзілік пошта одағына мүше басқа да елдердің тағайындалған операторларының халықаралық пошта жөнелтілімдерінің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитін қамтамасыз етуге міндетті деп бекітіп берілген. Тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін жүзеге асырады. Тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен және осы баптың 1-тармағынан туындайтын міндеттемелерді орындамаған кезде уәкілетті орган пошта операторынан тағайындалған оператордың өкілеттігін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен кері қайтарып алады.

Заң жобасында көрсетілген норма сақталады, бұл ретте тағайындалған оператордың міндетіне төлемге халықаралық қайтарым купонын қабылдау міндеті қосымша қарастырылады. Қолданыстағы Пошта туралы заң бойынша осы міндет Ұлттық пошта операторына жүктелген, бұл Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде халықаралық қайтарым купонын тағайындалған операторлар ғана қабылдайды деп көрсетілгендіктен (Дүниежүзілік пошта конвенциясының 13-бабы) дұрыс болмайды.

Сондай-ақ, Заң жобасында тағайындалған оператор Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде халықаралық пошта жөнелтілімдерін алмасу және өңдеу орындарын (орталықтарын) құруға және Дүниежүзілік пошта одағы актілерінде және халықаралық пошта жөнелтілімдерін алмасу және өңдеу орындары (орталықтары) құрылатын шетел мемлекетінің заңнамасында көзделген жағдайларда осындай қызметті жүзеге асыруға құқылы деп қосымша қарастырылған. Дүниежүзілік пошта одағы шеңберіндегі тағайындалған оператордың мұндай қызметі шетелде жеке пошта жөнелтілімдерімен алмасу орындарын құруға мүмкіндік береді, бұл түптеп келгенде Қазақстан Респубикасына келіп түсетін халықаралық пошта жөнелтілімдерінің жедел өңдеуге және ең қысқа бағыттар арқылы жіберуге оң әсер етеді. Бүгінгі күні Германия аумағында тағайындалған операторға («Қазпочта» АҚ) тиесілі, бір пошта жөнелтілімдерімен алмасу орны жұмыс істейді.

Тағайындалған оператордың Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес Дүниежүзілік пошта одағы органдарында халықаралық пошта алмасу орындарын (мекемелерін) ресми тіркеуді жүзеге асыру міндетін регламенттейтін нормалар көзделген. Халықаралық пошта алмасу мен транзиті жеке қаражаты есебінен тағайындалған оператор құратын халықаралық пошта алмасу орындарында (мекемелерінде) жүзеге асырылатын болады.

Заң жобасында Дүниежүзілік пошта одағының мүшелері болып табылатын шет мемлекеттердің басқа тағайындалған операторлары халықаралық пошта жөнелтілімдерімен алмасу және өңдеу орындарын (орталықтарын) Қазақстан Республикасының аумағында құруы тағайындалған оператормен келісім бойынша уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылатын болады деп қарастырылған.
3. Заң жобасын қабылдау мақсаттары

Заң жобасының негізгі мақсаттары: Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тең жағдайларда әмбебап пошта қызметтерін көрсетуге кепілдік ету; пошта байланысы қызметтерін пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау; операторлар қызметінің құқықтық негізін қамтамасыз ету, пошта желісін құру және дамыту; қолданыстағы Пошта туралы заңдағы құқықтық олқылықтарды жою болып табылады.


4. Заң жобасын реттеу мәні

Болжаулы Заң жобасы Қазақстан Республикасындағы пошта саласындағы және операторлардың қызметіндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.


5. Заң жобасының құрылымы

Заң жобасы 8 тараудан және 53 баптан тұрады:

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап . Осы Заңның қолданылу аясы

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

3-бап. Пошта туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы

4-бап. Пошта қызметінің негізгі қағидаттары

2-тарау. Пошта байланысы саласындағы мемлекеттік реттеу

5-бап. Пошта байланысы саласындағы операторлардың қызметін мемлекеттік реттеу

6-бап. Пошта байланысы саласындағы қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері

7-бап. Пошта байланысы саласындағы қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары

8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

9-бап. Уәкілетті органның құзыреті

10-бап. Пошта саласындағы құпияны қамтамасыз ету

11-бап. Пошта операторларының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылы

12-бап. Пошта байланысы саласында көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтер

3-тарау. Пошта қызметі және өзге қызмет

13-бап. Қызмет пен көрсетілетін қызметтердің түрлері

14-бап. Тіркелмейтін жазбаша хат-хабар

15-бап. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері

16-бап. Тіркелетін пошта жөнелтілімдерін жіберу бойынша көрсетілетін қызметтер

17-бап. Тіркелетін пошта жөнелтілімдері



18-бап. Пошта байланысының жедел және курьерлік көрсетілетін қызметтері

19-бап. Пошталық ақша аударымы

20-бап. Жазылым бойынша мерзiмдi баспа басылымдарын тарату

21-бап. Мерзімді баспа басылымдарын бөлшек сату

22-бап. Пошта төлемінің белгілерін сату;

23-бап. Қазақстан Республикасының пошта төлемінің мемлекеттік белгілері және филателиялық өнімдер

24-бап. Электрондық пошта қызметтері

25-бап. Гибридтік жөнелтілімді жіберу бойынша көрсетілетін қызметтер

26-бап. Пошта операторының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу

27-бап. Пошта жөнелтiлімiн алғаны туралы хабарлама

28-бап. Пошта жөнелтiлімiн қайтару, мекен-жайды өзгерту немесе түзету

29-бап. Пошта операторлары

30-бап. Ұлттық пошта операторы

31-бап. Пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидалары

32-бап. Пошта байланысы қызметтерін ұсыну кезіндегі шектеулер мен тыйым салулар

33-бап. Пошта операторларының қызметінде тілдерді қолдану

34-бап. Пошта байланысы саласында жергілікті уақытты қолдану

4-тарау. Пошта желісі

35-бап. Қазақстан Республикасының пошта желілері

36-бап. Пошта операторларының пошта желілерін жоспарлау және дамыту

37-бап. Пошта байланысы бөлімшелері

38-бап. Пошта жәшіктері

39-бап. Абоненттік пошта жәшіктері

40-бап. Пошта бағыттары

41-бап. Пошта операторларының атаулы заттары

42-бап. Көлік құралдарын пайдалану

5-тарау. Пошта операторларының қызметтерін пайдаланушылар

43-бап. Пошта операторлары қызметтерінің сапасы

44-бап. Пайдаланушылар

45-бап. Қызметтерді пайдаланушылардың құқықтарын қорғау

6-тарау. Пошта байланысы саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету

46-бап. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бақылау шаралары

47-бап. Ұлттық пошта операторының пошта қауіпсіздігі жүйесі

7-тарау. Пошта байланысы саласындағы халықаралық қызмет

48-бап. Халықаралық ынтымақтастық

49-бап. Тағайындалған оператор

50-бап. Халықаралық пошта алмасу және халықаралық пошта транзиті

8-тарау. Қорытынды ережелер

51-бап. Пошта байланысы қызметтерін көрсету кезінде міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік

52-бап. Пошта туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік

53-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібі туралы
6. Заң жобасын қабылданған жағдайда болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдар

Осы Заң жобасын қабылдау мынадай түрдегі негізгі позитивті құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға алып келеді:

1) пошта саласындағы қызметтерді құқықтық реттеуде туындаған құқықтық коллизияларды, сәйкессіздіктерді, олқылықтарды жоюға мүмкіндік береді;

2) пайдаланушылардың құқықтарын қорғауды арттыру, операторлардың пошта желілерін дамыту және жетілдіру, операторлар мен Ұлттық пошта операторының шығынды қызметтерді ұсынумен байланысты шығыстарын өтеу;

3) осы Заң жобасын қабылдау пошта саласындағы операторлардың қызметін және қолданыстағы халықаралық стандарттарға өздері көрсететін қызметтерді жақындатады;

4) ел халқына операторлар көрсететін пошта саласындағы қызметтер сапасының арттыруын қамтамасыз етеді.


7. Басқа заңнамалық актілерді әзірленіп жатқан заң жобасымен бір мезгілде (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттілігі

Заң жобасын қабылдаумен бірге мына басқа заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу болжанады:



  • «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі;

  • «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;

  • «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  • «Өсімдіктер каратині туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  • «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  • «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  • «Қазақстан Республикасында әуе кеңестігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  • «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  • «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.


8. Заң жобасы мәнінің өзге де нормативтік құқықтық актілермен регламенттелуі

Пошта саласындағы қызмет Пошта туралы заңға, заңға тәуелді актілерге, сондай-ақ Дүниежүзілік пошта одағының мүшесі ретінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

Пошта саласындағы заңнама:


  • «Пошта туралы» ҚР Заңы;

  • «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  • «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңы;

  • «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңы;

  • Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидалары және Почта жөнелтімдеріне почта мөртабанын қолдану қағидалары;

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы ереже.


9. Қаралатын мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің бар-жоғы

Мемлекеттік заңнамалық және реттеуші саясат ұлттық пошта операторының да, басқа операторлардың да қызметтерінің сапасына маңызды ықпал етеді. Заңнама құзыретіне пошта байланысы қызметтерін реттеу, сондай-ақ осы органның функциялары мен өкілеттіктері кіретін мемлекеттік орган - «мемлекеттік реттеушіні» айқындайды.

Дүниежүзілік пошта одағына мүше елдің барлығы дерлік операторлар көрсететін қызметтердің сапасы мен көлемі өсуінің ең маңызды пошта факторы болып табылатын пошта қызметін мемлекеттік реттеуді заңнамалық деңгейде іс жүзінде бекітіп қояды. Заңнама (немесе мемлекеттік реттеуші) қызметтердің құрамын, осы қызметтердің әрқайсысының нарығында бәселестік деңгейін, осы қызметтердің сапасына қойылатын талаптарды, сондай-ақ тарифтік саясаттың қағидаттарын анықтайды. Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде пошта байланысы саласында көрсетілетін қызметтер мен қызметінің негізгі түрлері регламенттелген. Дүниежүзілік пошта одағына мүше-елдер негізінен пошта байланысы саласындағы қызмет пен көрсетілетін қызметтердің негізгі түрлерін сақтайды және өздерінің ұлттық заңнамаларында бекітіп қояды. Бұл ретте, әрбір елдің өзінің экономикалық, әлеуметтік және тарихи факторларына орай пошта байланысы саласындағы көрсетілетін қызметтер мен қызметтің негізгі түрлері бойынша айырмалық ерекшеліктері бар.

Алайда, батыс Еуропа елдерінде мемлекеттік реттеу бір-бірінен ерекшеленеді, мәселен Германияның пошта саласындағы заңнамасы пошта қызметі саласында консервативті болып қала беретін, Ұлыбритания заңнамасымен салыстырғанда анағұрлым ырықты. Бұл ретте, осы елдердегі операторлардың қызметі жеке және мемлекеттік сектордың мүдделеріне қысым көрсетпей, Ұлттық пошта операторлары мен операторлар арасында бәсекелес және тең жағдайларда жүзеге асырылады.

Қызметтердің сапа деңгейін арттыру оларға деген сұранысты арттырады және қызметтер көлемінің өсімін айтарлықтай жылдамдатады. Poste Italiane, New Zealand Post, Empresa Brasileira de Correios e Telégrafos және Eesti Post сияқты шетелдік ұлттық пошта операторларын қайта құрылымдау тәжірибесі қызметтердің сапасын түбегейлі жақсарту хат-хабардың көлемін жылына 15%-ға дейін арттыратынын көрсетеді. Мәселен, Бразилияда Empresa Brasileira de Correios e Telégrafos 17 жаңа сұрыптау орталығын құруға шамамен 160 млн. АҚШ долл. инвестициялады. Пошта жұмысының тиімділігін және ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру нәтижесінде жеткен жетістік жазбаша хат-хабар көлемінің жылына 10%-ға өсуіне алып келді.

Эстонияда инфрақұрылымға, көлікке, персоналды оқытуға, Таллинде жаңа сұрыптау орталығын құруға инвестиция жасау, сондай-ақ пошта байланысы бөлімшелерін 60% жөндеу және қайта жабдықтау жазбаша хат-хабардың жылына 13%-ға және сауқаттардың жылына 95%-ға өсуіне алып келді.

Бұдан бұрын Қазақстан Республикасында Ұлттық пошта операторының базасында пошта-жинақтау жүйесін құру кезінде Германия және Жапония сияқты елдердің поштасын реформалау тәжірбиесі ескерілді.

Осыған баланысты, елдерді поштаны дәстүрлі жолдармен дамытатын (Ұлыбритания, Ресей) және поштаны жаңғырту арқылы дами бастаған елдер (90-жылдардың ортасындағы Германия, 2000-жылдардың басындағы Жапония) деп шартты түрде бөлуге болады.

Көбіне шет елдер поштаны дәртүрлі нысандарда дамытуды ұстанады, яғни поштаға тән қызметтің жаңа және басқа да түрлерін енгізу басқа елдерде оларды енгізу және дамыту тәжірибесі ескеріліп баяу қарқынмен жүзеге асырылуда.

Поштаны дамыту мен жаңғыртудың жарқын мысалы мемлекеттік поштаны толықтай жекешелендіруді жүзе асыра алған және үш негізгі: пошта, қаржы және логистикалық сегментте операторлардың қызметі үшін заңнамалық негізді құра алған Германия мен Жапония поштасы бола алады. Осыған байланысты, Германия мен Жапонияның пошта операторлары пошта, қаржы және логистикалық қызметті жүзеге асырады. Мұндай қызмет Германия поштасына алушыларға жөнелтілімді келесі күн жеткізуге мүмкіндік берді және поштаны жеткізу және Батыс Еуропа елдерінің арасында кіріктірілген логистика сапасы алдыңғы қатарлы болып қала берді, сондай-ақ Германияның федералдық банкінен кейін екінші бола отырып, қаржы секторында ірі және тұрақты пошта банкі болуына мүмкіндік берді. Жапонияда сақтандыру қызметіндегі және халықтың салымдарын жинақтау бойынша пошта операторы алдыңғы позицияларда тұр, мұндай жинақтармен салыстырғанда Жапонияның басты банкінің өзі жолда қалады.

Қазіргі уақытта, Ресей Федерациясы Ресей поштасының қызметін кеңейту және жекешелендіру арқылы поштаны жаңғырту жөніндегі бағдарламалар мен заңнамалық жобаларды енді әзірлеуде.

Австралия мемлекеттік пошта корпорациясы (бұдан әрі – Австралия поштасы) соңғы 15 жылда көрсетілетін қызметтердің тізбесін кеңейтті және өз инфрақұрылымының дамуына елеулі қаржыны инвестициялады. Пошта желісі 4462 пошта бөлімшесіне жататын 10 млн. аса пошта мекен-жайын қамтиды. Күн сайын Австралия поштасы миллионнан аса клиентке қызмет көрсетеді.

Австралия поштасы жетекші пошта бизнесі ретінде халықаралық деңгейде мойындалған. Австралия поштасы Австралияның бүкіл аумағында халыққа қызмет көрсетілетін, елдің ірі және қолжетімді бөлшектік желілердің бірі болып табылады.

Желісінің үлкен бөлігін лицензиат, агент немесе франчайзи ретінде әрекет ететін жеке тұлғалар пайдаланады. Лицензияланған пошта бөлімшелері (бұдан әрі – ЛПБ) бүкіл ел бойынша клиенттер үшін тікелей қатысуын кеңейте отырып, Австралия поштасының ұлттық пошта желісінің үштен екісін құрайды. Қазіргі уақытта шамамен 2900 ЛПБ бар деп есептеледі. ЛПБ пошта бөлімшесі ретінде айрықша және басқа бизнеспен, мысалы, newsagency немесе дүкенмен үйлесімділікте іске қосылуы мүмкін. ЛПБ пошта қабылдауды және өңдеуді, пошта маркаларын, ақша аударымын, шот төлемдері мен банктік қызметтерді қосқанда, Австралия поштасы тауарлар мен қызметтердің кең спектрін ұсынады. Олар сондай-ақ поштаны өңдеу мен жеткізуді, филателиялық өнімді, буып-түю өнімдерін, кеңсе заттарын, сыйлықтар мен пошта жәшіктерін қосқанда, қосымша өнімдер мен қызметтер ұсына алады.

Елді мекеннің/ауданның пошта агенттері (бұдан әрі – ЕМПА) ауылдық және шалғайдағы аудандарда 2500 пошта бөлімшесінің едәуір бөлігін құрайды. Олар жеткізу қызметін қамтамасыз етеді және пошта баптарын бағалайды. Австралия поштасының 700 аса аудандық пошта агенттері бар, оның ішінде 90 пайызға жуығы басқа бизнес бөлігі ретінде де, әмбебап дүкендер ретінде де жұмыс істейтіндер. Барлығы әрбір екі жыл сайын жаңартылатын болып табылатын жалпы келісіммен жұмыс істейді. ЕМПА түрлі пошта және филателиялық қызметтер ұсына алады. Кем дегенде, поштаны бағалаудың негізгі қызметін, пошта маркаларын сатуды, электрондық поштаны қабылдау мен жеткізуді ұсынады. Олар шоттарды төлеу мен банктік қызметтер сияқты агенттік қызметтерді көрсетпейді. Жұмыс сағаты олардың басқа бизнесімен байланысты поштаның келу уақытына, жұмыс сапасына байланысты құбылады.

Франчайзингтік пошта бөлімшелерінің жұмысы «кілтпен» жүзеге асырылады, демек Австралия поштасы оларды франчайзи үшін ыңғайландырады, жабдықтайды. Қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша 29 франчайзингтік пошта бөлімшесі бар. Франчайзингтік пошта бөлімшелері корпоратив иелеріне де, желі операторларына да сол өнімдер мен қызметтерді ұсынады. Франчайерлерге тауарларды консигнация шарттарымен ұсынады.



жүктеу 465,56 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау