Компьютердің адам ағзасына әсері



жүктеу 0,49 Mb.
Дата19.11.2018
өлшемі0,49 Mb.
#20619

Аңдатпа
Бұл баяндамада бүгінгі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дамыған заманымыздың басты талабы болып отырған компьютердің, әсіресе интернеттің, компьютерлік ойындардың бала психологиясының бұзылуына және денсаулығына кері әсер ететіндігі жайлы мәселелер баяндалған.
Компьютердің адам ағзасына әсері
Өкей Маржангүл

Информатика пәні мұғалімі

71 мектеп-лицей



Астана қаласы
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамыған уақытында біз қаласақ та, қаламасақ та баланы компьютерсіз, ұялы телефонсыз, МР-3, МР-4, i-Pod-сыз елестету мүлде қиын. Өйткені өркениетті қоғамның тірлігін компьютерсіз көз алдыңызға келтіру мүмкін емес. Енді осы компьютерге анықтама беріп көрейік. Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарату болып табылады. Тоқсан ауыз сөзді түйіндер болсақ «компьютер – уақыт талабы». Компьютер көп жұмысымызды оңайлататыны анық. 1990-шы жылдардың соңында еліміздің табалдырығын имене аттаған компьютер бүгінде төрімізді жаулап алған. ХХІ ғасыр – компьютер заманы. Сондықтан өскелең ұрпақтың виртуалды әлемді жан-жақты меңгергендігіне қуанамыз. Интернеттің арқасында қазіргі кезде ел орталығы мен шет аймақтар арасындағы ақпараттық алшақтық жойыла түсуде. «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын» да, ғылыми-танымдық ізденістеріңізде сізге көмекші болатын да – осылар. Тіпті компьютердің күрделі бағдарламаларын былай қойғанда, оның басқа да қарапайым, бірақ керемет артықшылықтары барын барлық жастағы тұтынушылар баяғыда-ақ бағалап қойған.

Ал енді тек балалар әлеміне ғана игі әсер ететін жағын айтар болсақ. Балалар сәби кезінен компьютерлік ойындарды еркін меңгерулері арқылы есейе келе стратегиялық шешімдерді жылдам қабылдай алатын қабілетке ие болатын көрінеді. Интернет арқылы сабақ әзірлеген кезде балалар есептеу, мәтінді оқу және географиялық карталармен жұмыс жасау, яғни тану үдерістерін танымдық тұрғыда едәуір жедел меңгеретін болып шықты. Оқытудың компьютерлік технологиясы – мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау және беру процестері. Сонымен қатар балалардың кішкентайынан-ақ интернет арқылы ақпаратты жабу, жинақтау және оны тиімді түрде сұрыптау істерінің шебері болатыны нақты істе дәлелденіп отыр. Демек, біздің ұрпақтарымыздың болашағы осы аталған технологияларға тікелей байланысты. Дей отырсақта бесаспап бұл құралдың адамға тигізер пайдасымен қатар зияны да мол. Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, компьютердің зиянды жақтары қазірдің өзінде бой көрсетіп, оның салдарының адамзат үшін оңай болмайтындығын аңғартқан сыңайы бар.

Тірі пендемен араласпай, күндіз-түні компьютерге телміріп, бар қызығын содан табатын пенделер қатары жыл өткен сайын көбейіп барады. Компьютердегі алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін ерте кезде-ақ ғылыми негізде дәлелденген.

Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынадай:



  • көздің көру қабілетін төмендетеді:

  • омыртқалардың қисаюына әкеледі;

  • жүйкеге салмақ түсіреді;

  • шаршағыштық, әлсіздік басады.

Қазіргі уақытта мектепке дейінгі балалар арасында «компьютерлік көру синдромы» деген диагноз жиі кездеседі. Бұл теледидар алдында көп отырғаннан, компьютермен жұмыс істеудің қарапайым ережелерін сақтамаудан болады.

«Бүгінгі өмірді компьютерсіз елестету мүмкін емес. Ол біздің балаларымыздың да жан-жақты білім алудағы сенімді досы және көмекшісі, өмірдегі мақсаттарға қол жеткізу құралы болып табылады.              Алайда, компьютерлік технологияны құрметтей отырып, біз бір медальдің екі жағын да ескеруге міндеттіміз»,- дейді  депутат Майра Айсина

«Балалар мен жасөспірімдердің компьютерге шектен тыс еліктеуі қауіпті. Бәріміз де бір кездері «компьютерлік нашақорлар» туралы бұрын жай естісек, ал енді өкінішке орай, өз балаларымыз, немерелеріміз,

жиендеріміз арасында кездестірудеміз.

Статистикалық дерекке сүйенсек, елімізде 780-ге жуық ойын клубы тіркелген. Олардың арасында күндіз-түні дамылсыз жұмыс істейтіндері тағы бар. Күн сайын клуб қызметін – 7,5 мыңнан аса бала пайдаланады екен, олардың арасында екі мыңнан астамы 7-12 жастағы жасөспірімдер. Бала компьютер клубтарында негізінен, атыс-шабыс, кісі өлтіру, тонау, неше түрлі құбыжықтармен арпалысу сынды оқиғаларға құралған ойындарды ойнайды. Бұл бала психологиясының бұзылуына, мінезінің өзгермелі болуына, тіпті денсаулығының нашарлауына алып кеп соғады. Мұны ғалымдардың зерттеуі де дәлелдеп отыр. Республикалық психиатрия және наркология ғылыми-практикалық орталығының деректерін сүйенсек, елімізде осындай клубтарға баратын 12-13 жастағы оқушылардың 80 пайызы физиологиялық, 10 пайызы жүйке жүйесі жағынан зардап шегуде. Сондай-ақ әрбір бесінші баланың басы ауырады екен.

Қытайда Интернеттен бас көтере алмай, ауруға душар болғандарды емдейтін клиника ашылды.

ХХ ғасырда пайда болған ғылыми-техника жетістіктерінің бірі - Интернет жүйесі қазіргі таңда адамзат тұрмыс-тіршілігінің құрамдас бір бөлігіне айналып кеткені мәлім. Бірақ, компьютер алдында сағаттап, күні бойы тапжылмай отыратындар интернет дертіне кезігіп қалғандығын өздері де сезбей қалады дейді дәрігерлер.

АҚШ-тағы бір жеке меншік емдеу орталығы да 1995-жылдан бері Интернет ауруын зерттеп, емдеп келеді екен. Ол жерде телефон және интернет ауруымен барған азамат берілген кеңес, жасалған ем үшін бір сағаттық қызметке 95 доллар төлейді екен. Ал, Германияда 2003-жылдан бері Еуропада алғаш болып балалар мен жасөспірімдерді интернет дертінен емдейтін әлеуметтік қауіпсіздік қызметі ашылған. Ол орталықта балаларға компьютермен зиянсыз қалай жұмыс істеудің тәсіл-жолдарын үйретеді.

Бейжіңдегі ауруханада емделгендер екі аптадан кейін Интернетті ойларынан бүтіндей шығарып, үйіне оралады екен. Бірақ, күніне 6 сағат бойы компьютермен отыратын Жао, күнделікті сүреңсіз өмірден құтылудың жолы - интернет қана болуы керек деген пікірін айттады.

- Мен компьютер ойындарына кіріскенде ғана өзімді азамат ретінде сезінемін. Мына жалпақ әлемде сен бір картоп ғана секілдісің. Ал компьютерге кіргенде сен - суперменсің. Сол супермен болу үшін мен интернет ойынымды қоймаймын. Жеңіске жету үшін, әрине, бар уақытыңды интернетке арнауың керек болады, - дейді жасы 20-дағы Жао есімді жігіт.





Адамзаттың бағындырмаған белесі жоқ шығар, сірә. Осыдан бірнеше жыл бұрын «компьютер деген «ұлы» машина өмірге келеді» деп ешкім болжамаған болар. Алайда ХХ ғасырдың озық туындысына айналған төрт бұрышты техниканың өмірімізге дендеп енгенін байқамай да қалдық. Компьютерсіз өмірді елестету бүгін әсте мүмкін емес. Үйде де, түзде де «ақылды машинаға» бағынатын халге жеттік. Дегенмен компьютер біздің досымыз ба, әлде жауымыз ба?

Компьютермен жұмыс істеу ережелері:



  • компьютердің мониторы мен көзіңіздің арақашықтығы кемінде 50 см болуы қажет;компьютер тұрған бөлменің ауасы жиі тазартылуы керек;

  • күн сайын бөлмеде ылғалды тазалық жұмыстарын (влажная уборка) жүргізгеніңіз дұрыс;

  • компьютермен жұмыс істеп болғаннан кейін қолыңызды салқын сумен жуыңыз;

  • ересек адамдар үшін әрбір екі сағат сайын 15 минут үзіліс жасау керек;

  • балалар үшін әрбір жарты сағат сайын 15 минут үзіліс жасап отыру керек;

  • көзге жасалатын жаттығуларды жасап отыру керек;

  • оқуға тиісті құжаттарды принтерден басып шығарып алып оқу керек, көзіңіздің саулығына үлкен пайдасы тиеді.

Осы жұмысты жүргізу барысында мен мектептің оқушылары мен мұғалімдеріне келесі сұрақтарды қойған болатынмын:

1. Қол мен көзге арналған жаттығуларды орындайсыз ба?



24,5 пайызы қол мен көзге арналған жаттығуларды орындайтынын, ал 74,5 пайызы оны мүлдем орындамайтынын айтты.
2. Компьютермен жұмыс жасау нормаларын білесің бе?

Осы сұрақ қойылған кезде оқушылардың жартысынан көбі компьютермен жұмыс жасау нормаларын білетіндіктерін мойындады, бірақ оны жұмыс жасау барысын келгенде қолданбайтындықтарын айтып кетті. Неге? Бұл сұраққа оқушылардың ешқайсысы жауап бере алмады. Сонда бұл өз өміріне жауапсыздықпен қарау ма?



3. Компьютер алдында неше сағат отырасың?

Мектептерде өткен медициналық бақылау балалардың жетпіс пайызында жақыннан көру ауруы бар екенін, ал олардың жиырмасында көз бұлшық етінің көп жұмыс істегендігінен болатын «аккомодация спазмы» бар екенін көрсетіп отыр. Бұл көз ауруын емдеуге болады, тек оған тәртіпті қатаң сақтау қажет, яғни орта жастағы немесе ересек балалар монитордың алдында 40 минуттан артық отырмауы керек. Өкініштісі осы ережені ешкімнің сақтағысы келмейді.

Компьютерде көп отырған балалардың омыртқасы да қисая бастайды да, соның салдарынан миына оттегі аз баратын болады, әрі бұл да біртіндеп көз көруінің нашарлауына алып барады. Сонымен бірге мойын, бастың, қолдың және иық бұлшық еттеріне күш түсіп, осыдан омыртқаға артық жүктеме болып, ересектерде «остерохондроз», ал балаларда «сколиоз» пайда болады. Отырып көп жұмыс істейтін адамдарда, орындықта көп отырғанда жамбас мүшелерінде қан айналымының нашарлауына әкеліп соғады, мұның салдарынан «простатит» және «гемаррой» пайда болады. Бұдан басқа қозғалыстың аз болуы май басуға әкеледі.

Дәрігер мамандардың айтуынша, ұзақ мерзім жүйеге қосылып тұрған компьютерден электромагниттік зиянды өрістер пайда болады да, ол ауа құрамындағы ағзаға пайдалы түрлі иондарды жоя бастайды. «нәтижесінде сол бөлмеде «өлі» ауа құрамы пайда болады», - дейді мамандар. Жоғарыда айтылып кеткендей компьютерде отырған адам ағзасына ауа шамадан тыс аз түсіп, түрлі ауруларға жол ашылады. Қауіпсіздік үшін компьютерлерге арналған сүзгілерді пайдаланған жөн. Дегенмен оның пайдасы тым аз. Тамаққа деген тәбеті де төмендейді. Ішкен асы дұрыс қорытылмайды. Денені шынықтыратын қимыл-қозғалысы көп ойындармен айналыспаған баланың ағзасы мардымсыз тамақ ішуге көндігіп алады. Нәтижесінде баланың физиологиялық қарқыны да тежелетін боп шығады. Тіпті компьютерге құмар кейбір балалар талма ауруларынада душар болады.

Қол саусақтарымен пернетақтаны үнемі басқан соң жансыздану, әлсіздік пайда болады. Бұл қол ұшының буын және байланыстырушы аппаратының бұзылуына әкеледі, ал бұдан әрі қарай қол ұшының ауруы созылмалы жағдайға өтеді.

Компьютерде және оның маңында шаң көптеп жиналады, бұл сол жұмыс аумағын ластайды. Лас болған жерде әртүрлі микробтар, бактериялар болады. Осының бәрі аллергиядан бастап әртүрлі ауруларды тудыруы мүмкін.

Бұдан да сорақысы – интернетке тәуелділік. Интернет және компьютерлік ойындар психикалық проблема ретінде сипатталады. «Игромания» және «агентомания» дегеніміз осы. Әсіресе, әлі дүниетанымы толық қалыптасып үлгермеген жеткіншек үшін интернет өте қауіпті. Біздің елімізде интернеттегі зорлық-зомбылықтарға заң тұрғысынан белгілі бір деңгейде шектеулер қойылмаған. Мәселен, жастардың қолымен жасалған қылмыстарды алыңыз. Қатыгездіктен жан шошиды, ал аяушылық жоққа тән. Мұның бәрі қайдан? Әрине, интернеттен.

Интернет пен компьютерлік ойындарға құмар балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы қиынға соғады, мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Өмірдегі өзгерістерге, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасқа, қимыл мен іс-әрекеттерге толы ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім «жабық әлем» қалыптасады.

Баланың интернет арқылы қабылдап жатқан ақпараты көбіне бұзақылық сипатта болып келеді де, баланың қоғамдық өміріндегі жағымды бағытына кері әсер етеді.

Компьютерде көп отыратын балаларды бақылаған кезде жасөспірімдердің даму деңгейінің төмендейтіндігі, ойлау қабілетінің нашарлайтыны, назар аудару қабілеті мен сараптамалық қабілетінің әлсірейтіні белгілі болған. Көптеген балалар жаңа ғана айтқан нәрсені есінен тез шығарып, тіпті сөйлем құрауға қиналады екен.

Интернетке және компьютерге тәуелділіктің негізгі белгілері:


  • бақылауды жоғалту, яғни компьютер алдында үзіліссіз шамадан тыс көп отыру;

  • әлеуметтік ортадан оқшаулану, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасының бұзылуы. Үйдегі адамдармен, достарымен байланысын үзу немесе оларды мүлде елемеу;

  • шынайы өмірден алшақтап кету;

  • басқа жұмысты немесе сабағын қойып, интернетке ұмтылып тұру;

  • іс-әрекеті мен мінезінің жиі құбылуы;

  • интернетті пайдалануға кедергі туа қалғанда жүйкесінің қозуы;

  • интернетке немесе компьютер алдында отыруды азайтамын деп азайта алмау;

Оқушыларға интернетке байланысты сұрақтар қойылды.

1. Интернет алдында қанша уақыт отырасыз?



2. Компьютерлік ойындарға қаншалықты қызығасыз?




Жоғарыдағы көрсеткіштерге зер сала қарасаңыздар, балалар уақыттарының көбісін интернет пен компьютерлік ойындарға жұмсайды деген сөз. Яғни олардың сабақ оқуларына жұмсаған уақыттарынан компьютерде отырған уақыттары әлде қайда көп.

Интернетпен жұмыс кезінде нервтік-эмоциональдық жүйеге жоғары дәрежеде күш түседі. Интернетпен қатынасу кезінде, ол өзінің байланыс жасап отырған досымен ойындар ойнауы мүмкін. Ойындар барысында олардың нерв жүйесі қатты шаршауы мүмкін, себебі жылдам жауап беріп, тез қимылдауды талап етеді. Нерв жүйесінің қысқа уақытта жылдам жұмыс істеуі жас баланың шаршауын тездетеді.

«Неге балалар интернет пен компьютерлік ойындарға құмар?» деген сұраққа жауап іздеп көрелік. Бұл балалардың бос уақыттарын тиімді пайдалана алмауларына тікелей байланысты деп айта аламын. Неге? Егер де біз кеңес заманын есімізге алсақ, ол уақытта көптеген үйірмелер, спорт секциялары, түрлі факультативтер, «Тимур және оның достары» сияқты үлкен кісілерге қол ұшын беретін топтар өте көп болатын. Қазіргі уақытта олардың оннан бірі ғана қалды. Бар дегеннің өзінде ақылы, төлемақысы өте жоғары. Ауылды жерлерде үйірмелер мен спорт секциялары жоқтың қасы. Ал, осыдан кейін бос уақыттарын қайда жіберерін білмеген балалар, үйдегі компьютерлерді және ұялы телефондар арқылы интернетті айналдырады.

Интернет пен компьютерлік ойындардың тағы бір зиянды тұсы – еліміз өзінің ұлттық болмысын жоғалтуы. Интернеттегі ойындар, фильмдер, мультфильмдер, түрлі ұятты суреттер болсын, біздің өсіп келе жатқан өскелең ұрпағымыздың санасын улайды. Нәтижесінде, болашақ ұрпақ жат мәдениеттің өнімдеріне табынып, еліктеп, өзінің дәстүрлік ментаоитетін жоғалтады. Ақыры ұлттық болмысымыздың жоғалуына әкеп соғады. Бұл мәселе компьютерді баладан тартып алып немесе қатаң тыйым жасаумен шешілмейді. Мәселе жан-жақты зерттелуі тиіс.

Мен осы баяндама барысында жүргізген зерттеулерім мен бақылауымның нәтижесінде балалардың денсаулығын сақтау үшін төмендегі ұсыныстар қажет деп есептедім:

1. Компьютермен жұмыс жасау нормаларын балаларға, үлкендерге түсіндіру жұмыстарын мектепте де, үйде де үнемі жүргізіп отыру;

2. Мектепте «компьютердің адам ағзасына әсері» тақырыбында тренингтер, дөңгелек үстелдер, пікірсайыстар т.б. ұйымдастыру;

3. Шаршауды болдырмау үшін үзілістер мен көзге арналған және т.б. жаттығуларды жасауға баланы, компьютермен көп жұмыс жасайтын адамдарды дағдыландыру;

4. Ата-аналар мен балаларға компьютердің адамағзасына кері әсері жайлы арнайы мамандармен қамтылған кеңес беру кабинеттерінің ашылуы дұрыс болады деп есептеймін;

5. Интернеттегі жайттардың бала денсаулығына зиян келтірмеуін компьютерлік бағдарлама және ақпараттық технологияларды әзірлеумен айналысатын компаниялар да ойлауы керек.

Зерттеу нәтижелері проблемаларды шешуді толық қамтымайды. Бұл проблема әлі де болса, толық зерттеуді қажет етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. WIKIPEDIA. Ашық энциклопедия. Компьютер зияны.

2. «Ана тілі» газеті, 1 шілде 2011 жыл. Компьютер баланың қасы ма, досы ма?

3. «Алтын орда» газеті, 28 қазан 2001 жыл. Компьютерге таңылған ұрпақтың денсаулығы құлдырап барады.

4. «Қазақ үні» газеті, 6 сәуір 2011 жыл. Ғаламторға қамалған жастар.

5. www.be1.kz сайты. Балаға ғаламторда да абай болған жөн.

6. «Дала мен қала» 08.11.2008 ж



7. Азаттық радиосы

8.Фабрика новостей қараша 2010 жылы
жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау