25
29-тапсырма. Мәтіннің мағыналық аудармасын жасаңыз.
Ақпарат және ақпараттану негіздері
ХХ ғасырдағы мен өндірістің жедел өркендеп дамуы қажетті ақпаратты
адамның тез қабылдауына мүмкіндік береді. Бұдан ақпаратты кластарға,
тақырыптық топтарға бөлу, оларды сақтау, өңдеу, керек кезде шапшаң іздеп
таба білу және өзгерту заңдылықтарын зерттеу қажеттілігі туындайды. Осы
мәселелерді зерттейтін, өмір талабынан пайда болған жаңа ғылым саласы
ақпараттану деп аталады. Бұрын бұл ғылым техника саласының кибернетика
деп аталатын бөлігі ретінде қарастырылған болатын.
Ақпараттану-адам қызметінің әр түрлі саласында пайдаланылатын
ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, түрлендіру және тарату әдістерін үйрететін
ғылыми пән.
Ақпараттанудың негізгі объектісі, яғни шикізаты мен беретін өнімі
ақпарат болып табылады. Сондықтан ақпарат ұғымы ақпараттану ғылымы мен
ЭЕМ-да жұмыс істеудің ең маңызды атауларының бірі болып есептеледі.
“Ақпарат” термині латынның “түсіндіру, баяндау, білу” деген ұғымдарын
білдіретін сөзінен шыққан.
Ақпарат – қоршаған орта мен онда болып жатқан әр түрлі құбылыстар
туралы мәліметтер жиынтығы.
Ақпараттындыру – әлемдегі қазіргі тоқырауға қарамастан тоқтаусыз
дамып келе жатқан экономиканың бірден-бір саласы. Бұл ақпаратты тиімді
пайдаланудың арқасында өндірісте энергияны, еңбекті, шикізатты барынша аз
жұмсап, үнемдеудің нәтижесінде болса керек.
Ақпарат – адамзаттың дамуы барысында еш тозбайтын, қайта жаңа
сапаға өтіп, молайып отыратын өнімнің айрықша түрі.
Ақпараттандыру – қазіргі қоғамды басқару мақсатында жүзеге
асырылуы тиіс іргелі іс-шаралар жүйесі. Бұл қазіргі қоғам дамуындағы ең
қажетті де кезек күттірмес мәселе.
4.2 Аудармадағы трансформациялау әдісі
Аудармада бара-барлыққа жету аудармашыдан әрқилы тіларалық
өзгертулер жасай білуді талап етеді. Мұндай өзгертулер аударматануда
трансформациялау деп аталып жүр. Мұндай трансформациялаулар көбінесе
түпнұсқа тіліндегі хабарды, мағлұматтарды, ақпаратты, мазмұнды аударма тіл
нормаларын сақтай отырып жеткізу мақсатына бағындырылады.
Аударма процесінде қолданылатын техникалық әдістер:
1) орын алмастыру (перестановки). Бұл – аудару үстінде түпнұсқа
тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма мәтінде өзгертіп жіберу.
Алмастырылатын, әдетте, сөздер, сөз тіркестері, құрмалас сөйлемдерді
құрастырушы сыңарлардың орын тәртібі, дербес сөйлемдердегі тіркестегі
26
орны. Мысалы: Я в отчаяньи, если Вы на то не согласитесь. – Егер Сіз бұған
келіспесеңіз, мен өкініп қалар едім.
2) ауыстыру (замены). Түпнұсқа мәтіндегі сөз формаларын, сөз
таптарын, сөйлемшелерді, синтаксистік байланыс түрлерін т.с.с. ауыстыру.
Орыс тілінен қазақ тіліне аударуда сын есімдердің зат есімге ауысып
отыруы – жиі кездесетін құбылыс. Мысалы: атомная энергетика – атом
энергетикасы, электрическая энергия – электр энергиясы.
а) сөйлем мүшелерін ауыстыру: Впервые в мире передача трехфазного
тока была осуществлена М.О. Доливо-Добровольским – Дүние жүзінде
алғаш рет үшфазалы токты алысқа беруді М.О. Доливо-Добровольский
іске асырды. Противодействие электрической цепи прохождению
электрического тока называется сопротивлением. – Электр тізбегінің
электр тогы өтуіне қарсы әрекеттілігін кедергі деп атайды. Бұл аударуда
толықтауыш бастауышқа ауыстырылып тұр.
Орыс сөйлеміндегі пысықтауыш қазақ тіліне бастауыш түрінде
аударыла алады.
ә) құрмалас сөйлем көлеміндегі ауыстырулар. Құрмалас сөйлем
құрылысына
байланысты
синтаксистік
трансформациялаулардың
төмендегідей түрлері орыс тілінен қазақ тіліне аударуда жиі кездеседі:
- жай сөйлемді құрмалас сөйлем етіп аудару;
- құрмалас сөйлемді жай сөйлем етіп аудару;
- басыңқы сөйлемді бағыныңқы етіп немесе бағыныңқыны басыңқы етіп
аудару;
- сабақтастық байланысты салалас байланыс етіп немесе салалас
байланысты сабақтас байланыс етіп жеткізу;
- жалғаулықты байланысты жалғаулықсыз етіп немесе жалғаулықсыз
байланысты жалғаулықты етіп жеткізу.
Лексикалық аудару. Екі тілдегі сөздердің мағыналық ауқымы әртүрлі
болады, соған байланысты түпнұсқа тіліндегі кең мағыналы сөздерді аударуда
нақтыландыруға тура келеді немесе, керісінше, түпнұсқа тілдегі тар мағыналы
сөзді аудармада кең мағыналы сөзбен беретін жайттар болады. Мұның бірінші
тәсілін – нақтыландыру (конкретизация), екінші тәсілін жалпыландыру
(генерализация) деп атайды.
Шендестіре аудару (антонимический перевод). Шендестіре аудару
дегеніміз – түпнұсқадағы болымды мағынаны болымсыз түрмен я, керісінше,
болымсыз мағынаны болымды түрмен жеткізу. Мысалы: Я серьезно говорю. –
Мен ойнап айтып тұрған жоқпын.
3) қосу (добавления). Кейде түпнұсқа тілдегі құрылымда белгілі бір
сөздің не элементтің айтылмауы тұруы, көрінбей тұруы мүмкін. Ал аударуда
сол элементті көрсетуге тура келетін жайттар болады, міне, осыған
байланысты қосу тәсілі қолданылады: Переход электрической энергии в
тепловую отражает закон Ленца-Джоуля. – Электр энергиясының жылу
энергиясына өтуі Ленц-Джоуль заңымен анықталады. Измерительные
трансформаторы
делятся
на
трансформаторы
напряжения
и