7
1 Терминдер және олардың жасалу тәсілдері
Термин (лат. terminus шек, шекара) – ғылым, техника, өндіріс, өнер
саласындағы белгілі бір ұғымды атау үшін қолданылатын сөздер мен сөз
тіркестері.
Терминжасам тілдің сөзжасам жүйесінің бір тармағы болғандықтан, ол
сөзжасамның жалпы заңдылықтарын сақтайды. Олай болса терминжасамда
сөзжасамның тәсілдері қолданылады.
Техника терминдерінің сөзжасамдық тәсілдері төмендегідей бөлінеді (1-
кестені қараңыз).
1 кесте –Техника терминдерінің сөзжасамдық тәсілдері
1-тапсырма. Мәтіннен терминдерді теріп жазыңыз, олардың түсіндірме
сөздігін жасаңыз.
Үлгі: Информатика – компьютерлік технологияларды қолдану ғылымы.
Информатика
Информатика – бұл деректерді есептеу техникасы құралдарымен құру,
сақтау, қайталау, өңдеу және беру тәсілдерін және осы құралдардың қызмет
ету принциптері мен оларды басқару әдістерін жүйелейтін кешендік,
техникалық ғылым. «Информатика» термині түбірін Informatigue деген
француз сөзінен алады және ол екі: ақпарат, автоматика деген сөзден тұрады.
Бұл термин алғаш рет Францияда ХХ ғасырдың 60 жылдары, есептеу
техникасы кеңінен етек жайып дами бастағанда енгізілген. Сол кезде
ағылшын тілді елдерде «Computer Science» термині қолданысқа ене бастады.
Бұл термин есептеу техникасын пайдалануға негізделген ақпаратты
түрлендіретін ғылымды белгілеу үшін қолданыла бастады.
Информатиканың ғылым ретіндегі заттық мағынасына мыналар жатады:
1) есептеу техникасы құралдарының аппараттық қамтамасы;
2) есептеу техникасы құралдарының программалық қамтамасы;
3) аппараттық және программалық қамтамалардың өзара әрекеттесу
құралдары;
4) аппараттық және программалық құралдардың адаммен өзара
әрекеттесу құралдары.
Терминдердің
жасалу тәсілдері
синтетикалық
(морфологиялық)
лексика-
семантикалық
аналитикалық
(синтаксистік)
8
Өзара әрекеттесу құралдары информатикада интерфейс деп аталады.
Сондықтан аппараттық және программалық қамтамалардың өзара әрекеттесу
құралдарын – программалық-ақпараттық интерфейс деп, ал аппараттық және
программалық құралдардың адаммен өзара әрекеттесу құралдарын
пайдаланушы интерфейсі деп атайды.
Информатиканың ғылым ретіндегі негізгі міндеті – есептеу
техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс істейтін
әдістері мен тәсілдерін жүйелеу. Жүйелеу мақсаты деректермен жұмыс істеу
кезеңдерін
автоматтандыратын
тиімді
және
алдыңғы
қатардағы
технологияларды ерекшелеу, ендіру және дамытумен қатар, жаңа
технологиялық зерттеулерді әдістемелік түрде қамтамасыз ету.
2-тапсырма. Дұрыс сәйкестігін табыңыз.
1
пайдаланушы
1
информационное неравенство
2
амалдық жүйе
2
видеографический адаптер
3
қолданбалы бағдарлама
3
работоспособность
4
есептеуіш техника
4
ввод данных
5
программалық қамтама
5
оперативное
запоминающее
устройство
6
желілік орта
6
пользователь
7
жергілікті атқару ұйымы
7
прикладная программа
8
жұмыс істеу қабілеттілігі
8
операционная система
9
деректерді енгізу
9
местная
исполнительная
организация
10 ақпараттық теңсіздік
10 вычислительная техника
11 жедел жадтайтын құрылғы
11 сетевое окружение
12 бейне сызбалық бейімдегіш
12 программное обеспечение
3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.
Жаңа технологиялық зерттеулер, аппараттық және программалық
қамтама, әрекеттесу құралдары, қызмет ету принциптері, кешендік,
техникалық ғылым.
1.1 Синтетикалық тәсіл
Техника саласына байланысты терминдердің синтетикалық тәсілі, яғни
сөз тудырушы жұрнақтар арқылы термин жасау маңызды орын алады. Сол
себептен болар сөзжасамның бұл тәсілі қазақ тіл білімінде кеңінен зерттелген.
Техника терминдерін тудырушы жұрнақтардың белсенділік деңгейі
әртүрлі. Мәселен:
-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш жұрнақтары арқылы көптеген терминдер
қалыптасқан. Бұл жұрнақтар термин жасауда өнімді жұрнақтардың қатарынан
табылды. Мысалы: қозғалтқыш (двигатель), өткізгіш (проводник),
ажыратқыш (выключатель), көрсеткіш (указатель), сақтандырғыш
9
(предохранитель), көрсеткіш (показатель), араластырғыш (смеситель),
қыздырғыш (нагреватель), түзеткіш (выпрямитель), салқындатқыш
(охладитель), дірілдеткіш (вибратор), күшейткіш (усилитель), үдеткіш
(ускоритель), түрлендіргіш (преобразователь) т.б. Атаулы жұрнақтардың
көмегімен жасалған терминдер жоғарыда келтірілген мысалдардан орыс
тіліндегі -тель суффиксімен жасалған қосымшаларға сәйкес келетінін байқау
қиын емес.
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары арқылы
жайма (развертка),
сынама (проба), ысырма (задвижка), қоспа (смесь), сырғыма (скольжение),
түйіспе (контакт), қаптама (кожух), серіппе (пружина), орама (обмотка)
т.б. терминдер қолданысқа енген. Бұл жұрнақтардан құралдық және іс-әрекет,
үдеріс нәтижесінде туындаған мағынаны білдіретін атаулар қалыптасқан.
-ым, -ім, -м жұрнақтары арқылы төсем (настил), өлшем (мера), орам
(виток), айналым (оборот), құрылым (структура), тартым (тяга), қысым
(давление) т.б. терминдер жасалған. Етістік тұлғалы сөздерге жалғанып, зат
есім тудыратын бұл жұрнақтардан энергетика саласында ұғым, зат атауларын
білдіретін термин атаулары қалыптасқан.
-ық, -ік, -қ, -к жұрнақтары арқылы сызық (линия), үзік (разрыв), ойық
(паз), түтік (трубка), тізбек (цепь), тірек (опора), елек (грохот), т.б.
терминдер қолданысқа енген.
-ғы, -гі, -қы, -кі жұрнақтары да термин сөздер жасауға қатысады.
Мысалы: сүзгі (фильтр), сорғы (насос), құрылғы (устройство), соққы (удар),
қондырғы (установка) т.б. терминдер қолданысы соның дәлелі. Термин
атауларынан жұрнақтардың етістік тұлғалы сөздерге жалғанып, зат есім
тудыратын бұл жұрнақтардың энергетика саласында негізінен құрал, құрылғы
немесе жабдық атауы қалыптасқан.
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтары арқылы жиілік (частота),
беріктік (прочность), дәлдік (точность), кернеулік (напряженность) т.б.
терминдер қалыптасқан. Бұл жұрнақтар зат есім, сын есім тұлғалы сөздерге
жалғану арқылы жаңа термин атауы жасалып тұр.
-ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы толқын (волна), ағын (поток), құйын
(вихр), түйін (узел) т.б. терминдер жасалған.
Мысалдардан жұрнақтардың
етістік тұлғалы сөздерге жалғану арқылы термин атауы
қалыптасқанын
байқауға болады.
-ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы
тербеліс (колебание), үйкеліс (трение),
қозғалыс (движение), байланыс (связь), айналыс (вращение), ағыс (течение)
т.б. терминдер қалыптасқан. Атаулы жұрнақтар етістікке жалғанып, өзінің зат
есім тудырғыш қызметін атқарып тұр.
-уыш, -уіш жұрнақтары арқылы бейімдеуіш (адаптер), реттеуіш
(регулятор), тежеуіш (тормоз), өлшеуіш (измеритель), дәнекерлеуіш
(паяльник), тіркеуіш (регистратор), санауыш (счетчик) т.б. терминдер
жасалған.