11 дәрiс. Абоненттiк қатынаудың мультисервистік торабының мысалы
Дәрiс мақсаты: абоненттік қатынаудың мультисервистік торабының мысалын студенттермен оқып үйрену.
Мазмұны:
- абоненттік қатынаудың мультисервистік торабының негізгі сипаттамалары;
- абоненттік қатынаудың мультисервистік торабының қатынау түрлері.
Абоненттік қатынаудың мультисервистік торабының негізгі сипаттамалары.
SI3000 Multi Service Access Node (SI3000 MSAN ) - SI3000 абоненттік қатынаудың мультисервистік торабы, Iskratel компаниясының әмбебап абоненттік қатынауы болып табылады. Ол фиксирленген және сымсыз қосылыстармен мультимедиялық және дыбыстық қызметтерін жоғары жылдамдықпен жеткізіді қамтамасыз етеді [12, 13].
SI3000 MSAN торабы мультимедяилық қызметтерді, дыбыс және деректер тарату қызметтерін тұтынушының әртүрлі интерфейстерін қолдану арқылы жүзеге асырады. Ол Triple Play қызметін баяу енгізуге немесе пәтерлік сектор абоненттері мен бизнес - абоненттерге қызметтер спектрін кеңейтуге оңтайлы шешім болып табылады.
SI3000 MSAN әртүрлі желілік конфигурациялар мен үйлесімді болып табылады. Ол дәстүрлі ЖҚТЖ (ТФОП) желілерімен, сондай-ақ NGN/IMS негізделген IP желілерімен жұмыс істей алады. Оны келесі жағдайларда қолдануға болады:
- TDM желiлеріне қосылуға мүмкіндігі бар ТDM-қатынау торабы;
- DSL және FTTx кеңжолақты қатынау функциялары бар торабы;
- IP желілеріне қосылу мүмкіндігі бар сымсыз қатынау желілерінің функциялары бар торабы.
SI3000 MSAN базасы негізінде өткізу жолағы жоғары болатын қалалық және ауылдық қатынау желілерін жобалауда Ethernet технологиясы, оптоталшықтар, мыс және сымсыз тарату арнадары қолданылады.
Басқару жүйесі Iskratel желілік элементтерінің дистанциялық басқару мен бақылауда функциялардың барлық түрін жүзеге асырады. Қайтаруды өңдеуде, тарификацияны, конфигурацияны жұмыстық сипаттамалары мен қауіпсіздікті жан-жақты басқару есебінен бақылау мен конфигурациялауға кететін шығын мөлшері азаяды.
Тұтынушылық қосылыстардың түрлері:
- POTS;
- VDSL2, ADSL2+ және SHDSL;
- IVD-қиыстырылған тарату;
- POTS/ADSL2+ );
- фиксирленген және мобильді байланыс үшін WIMAX;
- FTTH, FTTx.
Желілік қосылулар түрлері:
- 10 GE;
- Gigabit Ethernet;
- E1 (V5.2 ).
Абоненттік қатынаудың мультисервистік торабының қатынау түрлері [12, 13].
DSL бойынша қатынау дестелік тарату негізінде операторлық кластың triple-play қызметтерін ақырғы тұтынушыларға жеткізуге арналған. Ол IP DSLAM-ды әртүрлі интегралданған DSL-дың кең жолақты технологияларын бірыңғай платформаға біріктіреді. Кең жолақты қатынау Gigabit Ethernet-тің бірнеше интерфейстерін транспорттық желіге қосу үшін береді.
Мультимедиялық қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін кең жолақты қатынау QoS функцияларын, көпадрестік көпдеңгейлі тарату функцияларын және қауіпсіздікпен қамтамасыз ету функцияларының жетілдірілген түрін қолдайды.
SI3000 MSAN IP-технологияның негізінде жүзеге асады. Оның конструкциясы DSL қосылған абонентке бір портпен IPTV-дің 3 ағынын қабылдауға мүмкіндік береді.
Абоненттік кең жолақты интерфейтер VDSL2, ADSL2+ және SHDSL технологияларының негізінде жүзеге асады. Бұл нұсқалар тұтынушыларға бірнеше жүздеген метрден 5 км-ге дейін және одан артық арақашықтықта орналасқан тұтынушыларға кең жолақты қатынауды қамтамасыз етеді. DSL технгологиясын қолданғанда POTS пен ISDN классикалық таржолақты қызметтерін бір уақытта бір мыс сыммен беруге мүмкіндік бар.
POTS-қатынау дәстүрлі дыбыстық қызметтердің тиімді және ыңғайлы әдістерімен және пакеттік желілерге көшудің сенімді нұсқаларын қамтамасыз етеді. SI3000 MSAN-ға түрленген POTS-қатынау, келесі ұрпақ желісінің деңгейіне дейін операторлардың базалық желілерін модернизациялайтын, сол уақытта бастапқы инфрақұрылымды сақтап қалатын жақсы шешім болып табылады.
POTS-қатынау-ды екі жекелеген компонентке бөлуге болады; қатынау шлюзінің платасына және POTS платасына (аналогтық АЛ платасына).
Қатынау шлюзінің платасы желі жағында жергілікті ТDМ станциясын қосылады, ол стандартты V5.2 интерфейсімен жабдықталған, ал абоненттер POTS платасына стандартты аналогтық интерфейс көмегімен қосылады. Платалардың бір-бірімен ішкі өзара қосылуы IР/Ethernet технологиясының негізінде жасалған, ол POTS платасын басқару үшін SI3000 Call Server (SI3000 CS) атымен танылған Iskratel компаниясың программалық коммутаторларын немесе MGCP, H248/Megaco немесе SIP протоколдарын қолданатын басқа өндірушілерге қолдануға мүмкіндік береді.
WiMAX қатынау. WiMAX Access стационарлық немесе мобильді байланыс абонентеріне қызмет көрсету үшін арналған шешім. 802.16е мобильді байланыс стандартын енгізу инфрақұрылым талаптарына сәйкес мобильді стандарттарды енгізуді қамтамасыз етеді.
WiMAX технологиясы корпоративті желілерге Е1 деңгейін өткізу жолағымен және кабельді қосылулар негізінде үй тұтынушыларын эквивалетті қатынаумен қамтамасыз етуге арналған.
Артықшылыұтары:
- Толық қамту. Жоғары класты технология базасында құрылған, ол OFDM модуляциясы сияқты. Бұл жүйенің толық жұмыс сипаттамаларын тура көрініс (LOS) пен тура емес (NLOS) көріністі қамтамасыз етеді.
- Сымды байланысқа қосымша. Өзінің архитектурасына, интерфейстеріне және желімен интеграциясының қарапайымдылығына байланысты SI3000 WiMAX Access жоғары сапалы дыбысты тарату және жоғары жылдамдықты Интернетке қатынауды, сонымен қатар деректерді тарату ағыны қызметін ұсынуды қамтамасыз ету үшін қолдануға болады.
- Иілгіштігі. SI3000 WiMAX Access көптеген қолданыстарға ие, ол «соңғы милядағы» кең жолақты қатынау, Wi-Fi қатынау нүктелері мен ұялы трафиктің транспорттық таралуы.
SI3000 WiMAX жүйесінің архитектурасы келесі компоненттерден тұрады:
- SI3000 WiMAX BS базалық станциясы;
- SI3000 WiMAX ODU блогы сыртқа орнатуға арналған.
SI3000 WiMAX жүйесінде ODU блогының екі моделі қарастырылған, ол WiMAX платаларымен бірге қолданылады:
1) SI3000 WiMAX BS8100 (1Tx 1Rx ) қуаты 30 dBm (802.16d );
2) SI3000 WiMAX BSM8200 (2Tx 2Rx ) қуаты 36 dBm немесе 40 dBm (802.16e ).
- SI3000 WiMAX SS абоненттік құрылғылары. Абоненттік құрылғылар тұтынушының үйінде орналасады және базалық станция арқылы деректерді беру үшін қосылыс ұйымдастырады. Абоненттік құрылғылар WiMAX-тың шешімі үшін маңызды компонент болып саналады және келесі түрлерге бөлінеді:
1) Тек үйдің ішінде пайдаланылатын.
2) Жартылай үйдің ішінде пайдаланылатын.
3) Үйдің сыртында пайдаланылатын.
- SI3000 WiMAX SSM3100/SSM32100 абоненттік құрылғысы (802.16e – мобильді байланыс үшін).
- SI3000 WiMAX ASN шлюзі. ASN-нің жеңілдетілген түрі WiMAX негізіндегі мобилдік желілерге арналған SI3000 WiMAX ASN шлюзі болып табылады. Шлюз үшін WiMAX NWG форумы бекіткен белгілі бір кең ауқымды функциялар, сондай-ақ роумингтің барлық функцияларын қолдау және функционалды үйлесімі қарастырылған. Сондай-ақ, шлюз интерфейтерді қолдайды, олар мобильді станциялар, базалық станциялар, CSN желілерімен және ASN-нің көрші шлюздары үшін ASN-нің эталонды моделімен анықталған.
Оптикалық-талшықты қатынау. Беру жылдамдығының жоғары болуы себепті және бір қосылықа бірнеше ағынды біріктіру мүскіндігі бар. Келесі ұрпақ қызметтерінің жеткізілуі қызметтерді тасымалдауда жекелеген қосылыстарға альтернатива болып табылады.
Оптикалық-талшықты жүзеге асырудың үш варианты ұсынылған: оптикалық линияны тұтынушыға дейін жеткізу (FTTC) және оптикалық линияны кабельді шкафқа немесе ғимаратқа (FTTB) дейін жеткізу.
FTTC DSL технологиясының негізінде осы кезде қолданыстағы сымды линиялармен оптикалық қосылыстарды аралас қолдану. Сырт жаққа орнатылатын (ODU-M) «shelter» сияқты корпусты қолдану SI3000 MSAN торабын ауданның тығыз орналасқан аймақтарына орналастыруға және талшықты линияларды абоненттерге өте жақын орналастыруға мүмкіндік береді. FTTC-де оптикалық-талшықты линияларды жоғары өнімділікпен қамтамасыз ететін артықшылықтары пайдаланылады және қолданыстағы мыс сымдардың төмен бағасы әсер етеді.
FTTB үлкен ғимараттарға жоғары жылдамдықты қызметтерді жеткізуді қамтамасыз етеді. Fast және Gigabit Ethernet қосылыстары соңғы тұтынушыларға экрандалмаған оралған жұп арқылы жүзеге асады. Қолданыстағы мыс сымдармен бұл шешім үшін VDSL2 және ADSL2+технологиялары қолданылады.
FTTB түрі үшін «shelter» сияқты корпустың қоректену көзі және басқару интерфейстері бар іште (IDU-M) орналасатын түрі қолданылады, ол қатынау торабының өнімділігін жоғарылату үшін қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |