1 дәріс. Абоненттік қатынау желілерінің негізгі ұғымы (АҚЖ)
Дәріс мақсаты: студенттердің абоненттік қатынау желісінің негізгі ұғымын үйренуі.
Мазмұны:
- абоненттік қатынау желісінің негізгі ұғымын үйрену;
- абоненттік қатынау желілері туралы ұғым (АҚЖ).
Абоненттік қатынау жүйесінің негізгі ұғымы.
Абоненттік қатынау желісі (АҚЖ) – бұл пайдаланушының үй жайында орналасқан, абоненттік құрылымдар мен техникалық құралдардың жиынтығы, сонымен бірге коммутациялық жабдықтармен, телекоммуникациялық терминалдар жүйесіне қосылатын нөмірлер жоспарына (немесе адресаттарға) қосылады [1].
Модель, абоненттік желі құрылысының негізгі көрсетілу варианттары 1.1 - суретінде келтірілген [1]. Бұл модель қала телефондарының желілері үшін, сондай - ақ ауыл телефон желілері үшін дұрыс. Сондай - ақ қала телефондары үшін 1.1-суретте келтірілген модель вариантына станция аралық құрылымына инвариантты. Ол мыналар үшін сәйкес:
-тек бір телефон станцияларында тұрған, аудандандастырылмаған желілерге;
- «әрбірі әрқайсысына» принциптері бойынша өзара біріккен, бірнеше аудандық АТС тұратын аудандастырылған желілерге;
-кіріс хабарлама тораптарымен (КХТ) немесе шығыс хабарламалары тораптарымен құрылған (ШХТ) және КХТ, аудандастырылған желілерге.
1.1 сурет - Абоненттік желі құрылымының негізгі нұсқалары
1.1 - суретте көрсетілген, модель коммутация станциясы типіне қатысты жан-жақты болып саналады. Негізінде, ол қол телефон станциясы үшін де, сондай-ақ ақпарат таратушы ең заманауи сандық жүйесі үшін де бірдей.
Сондай-ақ осы модель интерактивті желі түрлеріне инвариантты, мысалы телефонды немесе телеграфты [1].
АЛ магистральді аумағы (Direct service area) – кросстың линиялық жағынан абоненттік линия аумағы немесе жергілікті станцияның, концентратордың немесе басқа модульдің қосу-коммутациялық қондырғысынан таратқыш шкафқа дейінгі аумағы. АЛ магистральді аумағына "Main cable" термині сәйкес. Магистральді аумақ, сондай - ақ тура тұтыну зонасы болып табылады, себебі бұл аумақта таратқыш шкафтары абоненттік желі құрылымы үшін қолданылмайды. Тура тұтыну зонасы, телефон станциясынан 500 метрге дейінгі радиуста қолданылатын аймақта орын алады.
АЛ таратқыш желісі – таратқыш кабельдік шкафтан абоненттік пунктке дейінгі абоненттік линияның аумағы. Осы АЛ аумағына – қатынау желісінің құрылымына байланысты "Primary distribution cable" және "Secondary distribution cable" терминдері сәйкес келеді. Ал таратқыш аумақ орналасқан бөлігі әдетте "Cross-connection area" деп аталады.
Абоненттік таратқыш - абоненттік желі аумағы таратушы қорабынан абоненттік телефон құрылғысын қосатын розеткаға дейін. Ағылшын тілді техникалық әдебиетте екі термин қолданылады:
- "Subscriber's lead-in" – таратқыш қораптан абоненттің үйіне дейінгі аумақ;
-"Subscriber's service line" – таратқыш қораптан телефондық аппаратқа дейінгі аумақ.
Кросс, ВКУ – қала, ауыл және абоненттік станциялық желі қосылыстарының тоғысуының және құрамдасқан телефон жүйелерін жабдықтау. Осы қатынау жүйесінің элементі ағылшын тілді техникалық әдебиетте "Main distribution frame" аталады; MDF аббревиатурасы қолданылады.
Кабельді таратушы шкаф (ТШ) – кабельді құрылым, кабельді бокстарды орнату үшін арналған (электрлік қорғаныс элементтерінсіз, плинталармен), жергілікті телефон жүйесінің абоненттік желілерінің магистральді және таратушы кабельдердің жалғануымен іске асырылады. Кабельді таратушы шкафқа "Cross-connection point" термині сәйкес. Егер АЛ екі таратушы шкафтан өтсе, онда ағылшын тілді техникалық әдебиетте екінші шкаф үшін "secondary" қосымша қосылады. Бұдан басқа, егер ТШ арнайы жабдықталған үй-жайда болғанда, онда ол "Cabinet" деп аталады. АЛ мұндай жағдайда таратушы шкаф ғимарат қабырғасында немесе басқа орында орналасқанда ол "Sub-cabinet" немесе "Pillar" аталады. Бұл белгілер функционалды тағайындаудан кейін көрсетіледі - "Cross-connectionpoint". Техникалық әдебиетте ТШ – ға бірнеше қатысты тиісті терминдер қолданылады. Көбінесе "Curb" сөзі кездеседі.
Абоненттік таратушы қорап (ТҚ) – соңғы кабельді құрылым, абоненттік өткізгіштердің бір жұпты сымдармен таратушы қораптың плинтіне қосылған кабель жұптарының тоғысуымен іске асыруға арналған. Distribution point (DP) – терминнің ұқсастығы "Абоненттік таратушы қорап”.
Кабельдік канализация (Duct немесе Cable duct) – төсем, байланыс кабельдерін монтаждау және техникалық қызмет көрсету үшін арналған жерасты құбыр өткізгіштер мен құдықтардың жиынтығы (байқау құрылғылары).
Кабельдік (байқау құрылғылары) канализацияның құдығы. (Jointing chamber немесе Jointing manhole) – кабельді канализациялардың құбыр өткізгіштерінің кабель төсеніштері, кабель монтаждау, байланыс кабельдеріне тиісті жабдықтар орналастыру және техникалық қызмет көрсетуге арналған.
Кабельдік шахта (Exchange manhole) – телефон станциясының жертөлесіне орналасқан, кабельді канализацияның құрылысы, станция ғимаратынан өтетін және көпжұпты желілі кабельдер 100 жұп көлемдегі станционды кабельге дәнекерленеді.
Абоненттік линия туралы ұғым.
Абоненттік линия (АЛ) – жергілікті телефон желісінің линиясы, абоненттік телефондық құрылғы мен соңғы станциядағы абоненттік комплектіні (АК), концентраторды немесе модульді қосады. Ағылшын тілінің техникалық әдебиетінде Subscriber line немесе Line қолданылады [1].
АЛ функциясының телекоммуникациялық жүйесінде қолданылуы:
- терминалды пайдаланушы және станция ұшының абонент жиынтығы арасындағы хабарламаларды екі жақты тасымалдауды қамтамасыз ету;
- қосылуды орнату және ажырату үшін қажетті, сигналды ақпаратты алмастыру;
- ақпараттарды беру сапасының берілген көрсеткіштерін және станция ұшының терминал байланысының сенімділігін ұстау.
ҚТС мен АТС үшін құрылым сызбасы мен абоненттік желі жабдықтарының түйісуі 1.2 суретті келтірілді.
АЛ құрылым сызбасы үшін (1.2 суреттің жоғарғы бөлігі) абоненттік терминалды қосудың үш нұсқасы көрсетілді.
Берілген суреттің жоғарғы тармағында ТА қосудың кросс жабдықтау аралығын пайдаланусыз қосудың тиімді нұсқасы көрсетіледі. Кабель кросстан таратушы қорапқа дейін төселеді, абоненттік өткізгіштер арқылы ТА қосу жүзеге асырылады.
1.2 сурет – ҚТС және АТС үшін абоненттік желілердің құрылым сызбасы және жабдықтардың түйісуі
Ортаңғы суреттің ортаңғы тармағында шкафтық жүйе бойынша ТА қосу нұсқасы бейнеленген, кросс пен таратушы қорап арасында аралық жабдықтары орналасады. Моделдің рөлі осындай жабдықтың модел ролі таратушы шкафқа келтірілген. АЛ бірқатар жағдайларда әуе байланыс желілерін пайдалану ұйымдастырылады.
1.2 - суретте осы нұсқа төменгі тармақта көрсетілген. Осы жағдайда бағанада кабельді жәшік және енгізу-шығару оқшаулағыштары орнатылады. Таратушы қораптарды бірге орналастыруға, ТА әсер ететін қауіпті токтар мен кернеулерді қайтаратын абоненттік қорғаныс құрылымдары (АҚҚ) құрылады. Абоненттік желі ұйымы немесе оны жеке әуе байланыс желі құрылысы есебімен жеке аймақтарда қолданылмайда, бірақ бірқатар жағдайларда бұл ұйымның абоненттік қатынаудың бір ғана нұсқасы.
Достарыңызбен бөлісу: |