Коммерциялық емес акционерлік қоғам



жүктеу 0,49 Mb.
Pdf просмотр
бет3/19
Дата15.01.2020
өлшемі0,49 Mb.
#26810
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

 

бағдарламасын  негіздеуді  ұсынып,  маңызды  қаржылық  үлес  қосты.  Жіберіп 



алған  мүмкіндіктерді  қуып  жету  үшін  80-жылдардың  басында  жасанды 

интеллект  мәселесі  қосылған  ESPRIT  Еуроодақтың  жаңа  технологиялық 

дамуының  глобальді  бағдарламасы  жарияланды.  АҚШ-тың  сәттілігіне  жауап 

ретінде Жапония білім негізінде құрылған V ұрпақтарының машиналарының 

жобасын жариялап жарысқа қосылады. 

 

 

4 нұсқа 


 

Жасанды интеллекттің бүкіл әлемдік коммерциализациясы 

 

1980-жылдардың  ортасынан  бастап,  жасанды  интеллекттің  бүкіл 



әлемдік  коммерциализациясы  пайда  болды.  Жыл  сайын  капитал  салушылар 

өседі,  өнеркәсіптік  сарапшы  жүйелер  құрылады.  Өз  бетінше  үйренетін 

сарапшы  жүйелерге  қызығушылық  артады.  Ондаған  және  жүздеген  ғылыми 

журналдар  басылып  шығарылып,  жыл  сайын  халықаралық  конференциялар 

жиналады. Жасанды интеллект  ақпарат саласының  бірі болады. 

КСРО-дағы және ТМД елдеріндегі жасанды интеллектің даму тарихына 

бөлек  тоқталу  керек.  1954  жылы  ММУ-да  Ляпуновтың  басшылығымен 

«Автоматтар  және  ойлау»  деген  семинар  өзінің  жұмысын  бастады.  Бұл 

семинарға  физиологтар,  лингвисттер,  психологтар,  математиктер  қатысты. 

Дәл  осы  уақытта  КСРО-да  жасанды  интеллект    дүниеге  келген  деп  санауға 

болады. 

1954-64  жылдары  теоремаларды  автоматты  түрде  дәлелдейтін, 

Масловтың  кері  қорытындысына  негізделген  «АЛПЕВЛОМИ»  бағдарламасы 

құрылады.  60-жылдары  бейнелерді  таныған  кездегі  адам  миының  қызметі 

модельдейтін Бангардтың «Кора» алгоритмі жасалады. Жасанды интеллектің 

кеңес  мектебінің  құрылуына  көрнекті  ғалымдар  Цетлин  М.Л.,  Пушкин  В.Н., 

Говрилов М. А. үлкен үлес қосты. 

 

5 нұсқа  



 

Қара жәшік кибернетикасы 

 

КСРО-да  жаңа  ғылымдарға  деген  көзқарас  әрдайым  белсенді 



болғандықтан, мұндай «еліктіретін» аты бар ғылым да дамып, КСРО-ға қарсы 

алынды.  Тек  1974  жылы  ғана  жасанды  интеллект    проблемасы  жөнінде 

ғылыми кеңес құрылды (Поспелов Г.С., Поспелов Д.А. және Микулич Л.И.). 

1980-90  жылдары  білімді  ұсыну  саласында  белсенді  зерттеулер 

өткізіледі,  білімді  ұсыну  сарапшы  жүйе  тілдерін  дайындады.  ММУ-да 

«РЕФАЛ»  тілі  жасалады.  1988  жылы  жасанды  интеллект  ассоциациясы 

құрылады  (ЖИА),  оның  мүшесі  300-ден  аса  ғалымдар  болып  табылады. 



 

Ассоциацияның  шарасында  көптеген  зерттеулер  жүргізіледі,  жас  мамандар 



үшін мектептер ұйымдастырылады, семинарлар, симпозиумдар өткізіледі. 

КСРО-дағы  жасанды  интеллект  саласынан  жүргізілген  теориялық 

зерттеулер  деңгейі,  сонымен  қатар  Ресей,  Украина,  Беларуссия  да  әлемдік 

деңгейден  кем  емес.  Өкінішке  орай,  80-ші  жылдардан  бастап  жақсарту 

жұмыстарында біртіндеп технологиядан артта қалушылық көріне бастайды. 

Жасанды  интеллектің  ең  дамыған  бағыттары  болып  бүгінгі  таңда  

қолдану кезеңіне жеткен, нейрокибернетика саласынан (табиғи құбылыстарды 

модельдеу)  −  нейронды  жүйелер  және  генетикалық  алгоритмдер,  ал  қара 

жәшік кибернетикасы саласынан − сарапшы жүйелер болып табылады. 

 

6 нұсқа  



 

Сарапшы жүйелердің тағайындалуы 

 

Соңғы  он  жыл  аралығында  жасанды  интеллект  (ЖИ)  бойынша 



зерттеулер нәтижесінде сарапшы жүйелер (СЖ) немесе білімдер инженериясы 

өзіндік  бағыт  құрды.  Бұл  бағыттың  мақсатына  бағдарламаларды  (құрылғы) 

зерттеу  және  дайындау,  сарапшы-адамдар  үшін  ауыр  болып  табылатын, 

білімдерді қолданатын және есептерді шығару үшін шығару процедураларын 

қолдану.  Жасанды  интеллектің  арнайы  жүйелеріне  қарағанда,  Сарапшы 

жүйелер  жасанды  интеллект    жүйелеріне  −  тек  берілген  процедураларды 

орындап  қана  қоймай,  сонымен  қатар  метапроцедуралардың  негізінде  жаңа 

нақты  есептерді  есептеу  процедураларын  генерациялау  және  қолданатын 

жүйелерге ортақ мақсатқа жету үшін қатысты болуы мүмкін. 

Сарапшы  жүйелерге  пайдаланушылар  жағынан    орасан  зор 

қызығушылық үш себеппен байланысты пайда болған: 

1) Біріншіден, 

олар 

қазіргі 


уақытқа 

дейін 


формализденбеген 

аумақтардағы, мазмұнындағы кең шеңбердегі есептерді шешуге қалыптасқан, 

есептеуіш техника үшін өте қиын болып саналған. 

2) Екіншіден, сарапшы жүйелердің көмегімен бағдарламалауды білмейтін 

мамандар өздерін қызықтыратын қосымша анықтауыштарды өз бетінше жасай 

алады,  бұл  есептеу  техникасын  пайдалану  аумағын  тез  арада  кеңейтуге 

мүмкіндік береді. 

3) Үшіншіден, 

сарапшы  жүйелер  практикалық  есептерді  шешу 

барысында 

ЭЕМ-мен 

жабдықталмаған 

сарапшы-адамдардың 

мүмкіншіліктерінен қалмай, кей кезде тіпті асып түсетін нәтижелерге жетеді. 

 

 

 



 

 



 

7 нұсқа 



 

Сарапшы жүйелерді пайдалану 

 

Сарапшы  жүйелер  интегралды  микросызбаларды  жобалауға,  қателерді 



іздеуге,  әскери  қосымшаларда  және  бағдарламалауды  автоматтандыруда 

ерекше кең таралымға ие болды. 

Сарапшы жүйелерді пайдалану: 

1) 


Интегралды  микросызбаларды  жобалау  нәтижесінде  (NEC 

фирмасының берілгендерінен) еңбек өнімділігін 3-6 рет арттыруға мүмкіндік 

береді,  сонымен  қатар  кейбір  операцияларды  орындау  10-15  ретке 

жылдамдатылды. 

2) 

Күрделі  құрылғылардағы  қателерді  табуды  10-15  ретке 



жылдамдатуға. 

3)  Программистердің  еңбек  өнімділігін  (TOSHIBA  фирмасының 

берілгендерінен) 5 ретке арттыруға. 

4)  Кәсіби  дайындықтың  нәтижесінде  оқушымен  жеке  жұмысқа  кеткен 

(сапаны жоғалтусыз) шығындарды 8-12 рет азайтуға мүмкіндік береді. 

Соңғы  кездері  келесі  қосымша  анықтауыштар  үшін    мемлекеттік  және 

халықаралық  дауларды  алдын-ала  ескерту;  кризисті  жағдайларда  шешім 

қабылдау; заңды тәртіпті қадағалау; білім; медицина; ресурстарды жоспарлау 

және  тарату;  ұйымдасқан  басқару  жүйесі  (министрлер  кабинеті, 

муниципалитет, мекеме) және т.б. Сарапшы жүйелерді дайындау жүргізілуде. 

 

8 нұсқа  



 

Сарапшы жүйелердің ерекшеліктері 

 

Қандайда бір саланың (пәндердің) мамандарының білімдерін, формальды 



(нақты)  және  формальды  емес  (нақты  емес)  деп  бөлуге  болады.  Формальды 

білімдер  әмбебап  білімдерді  көрсететін  кітаптарда  және  құралдарда 

(басшылықтарда)  жалпы  және  қатал  талқыламалар  түрінде  (заңдар, 

формулалар, модельдер, алгоритмдер және т.с.с.) тұжырымдайды. Формальды 

емес  білімдер  дұрыстап  айтқанда,  кітаптар  мен  құралдарда  өздерінің 

нақтылықтарына,  субъективтілігіне  және  мөлшерлілігіне  байланысты 

кірмейді.  Мұндай  білімдер  түрі  жұмыстың  көпжылдық  тәжірибесі  мен 

мамандардың  сезімінің  жинақталған  нәтижесі  болып  табылады.  Олар  әдетте 

эмпиристік (эвристік) әдістер мен ережелердің әртүрлілігін көрсетеді. 

Басқа  салада  (пәнде)  қандай  білім  түрі  артық  екеніне  байланысты  оны 

формальдыға  (егер  нақты  білімдер  артық  болса)  немесе  формальды  емеске 

(егер  нақты  емес  білімдер  артық  болса)  бейнелейтін  салаларға  жатқызады. 

Нақты білімдер негізінде шығарылатын есептерді − формальды деп атайды, ал 

нақты емес білімдердің көмегімен шығарылатындарды − формальды емес деп 

атайды.  (Мәселе  формальды  емес  жайында  емес,  формальды  емес  есептер 



жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау