Коммерциялық емес
акционерлік қоғам
КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ
Автоматтандыру және басқару бағытының студенттері үшін өздік
жұмыс тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік
нұсқаулықтар мен
тапсырмалар
Алматы 2018
АЛМАТЫ
ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ
БАЙЛАНЫС
УНИВЕРСИТЕТІ
Тілдері білімдері
кафедрасы
2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
БЕКІТЕМІН
АҚ жөніндегі
проректор _____ С. В. Коньшин
“_______ ” ___________ 2018 ж.
КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ
Автоматтандыру және басқару бағытының студенттері үшін өздік
жұмыс тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқауларлықтар мен
тапсырмалар.
КЕЛІСІЛДІ Тіл білімдері
АМД директоры кафедрасының мәжілісінде қаралды
__________ Р.Р.Мухамеджанова және бекітілді
“_____” _________2018 ж. “ ” 2018 ж № хаттама
Кафедра меңгерушісі:
Әдістемемен қамтамасыз ету ____________ М.М.Төлеуп
және сараптау бойынша
ЖУОӘК төрағасы Құрастырушы:
_________ М.В. Курпенов ________Д.М.Арыстангалиева
“_____” _________2018 ж.
Редактор
_________
“_____” _________2018 ж.
Стандарттау бойынша маман
_________ Н. К.Молдабекова
“_____” _________2018 ж.
Алматы, 2018
3
Кіріспе
Ұсынылып отырған «Автоматтандыру және басқару» бағытының
студенттері үшін өздік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік
нұсқаулықтар мен тапсырмалар «Кәсіби қазақ тілі» пәнінің типтік оқу
бағдарламасына сәйкес құрастырылған.
Әдістемелік көрсеткішке студенттердің кәсіби қазақ тілінен оқу
материалдарын игеруіне қажетті мамандыққа қатысты мәтіндер мен
тапсырмалар енгізілген. Кәсіби бағытталған мәтіндер, лексика-грамматикалық
жаттығулар жүйесі, шығармашылық тапсырмалар студенттерді қазақ тілінде
еркін сөйлеуге, баяндама жасауға, сұхбаттасуға үйретеді.
СӨЖ орындаудың негізгі мақсаты – студенттің кәсіби және тілдік,
қатысымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру болып табылады
Әдістемелік нұсқауда берілген №1 өздік жұмысты орындау барысында
тіл үйренуші кәсіби сөздік қорын байыта отырып, мамандығына қатысты
ұсынылған мәтінді аударады, ал №2 өздік жұмысты орындау үшін
мамандығына қатысты терминдер мен терминдік бірліктерді пайдалана
отырып, кәсіби және қоғамдық-әлеуметтік салаларға байланысты қатысымдық
жағдаяттарға сұхбат құрастырады.
Әдістемелік көрсеткіштің негізгі міндеті – кәсіп саласы бойынша
терминдерді еркін пайдалана білу, кез-келген жағдаятта еркін сөйлесу,
берілген сұрақтарға сөздік қорында бар болашақ мамандығына қатысты
сөздерді барынша белсенді пайдалана отырып дұрыс жауап беруге үйрету,
белгілі бір кәсіби жағдаяттар бойынша өз ойын дұрыс, жүйелі түрде айта
алатын дәрежеге жеткізу, коммуникативтік-кәсіптік біліктілікті қалыптастыру
Өздік жұмыстарды орындауға қойылатын талаптар:
Өздік жұмыстардың таратылу және қабылдау кестесінде көрсетілген
мерзім аралығында орындалуы тиіс;
Мәтіндік құжаттар А4 (210х297 мм) пішіміндегі қағазға компьютерлік
терілім көмегімен 14 кегльмен, Times New Roman қарпімен орындалады.
Жұмыстың соңында әдебиеттер, интернет қорларының тізімі және
сілтемелер берілуі қажет.
4
Студенттің № 1 өздік жұмысы (жазбаша)
Тақырыбы: кәсіби бағытталған мәтінмен жұмыс.
Мақсаты: кәсіби
бағыттағы мәтін негізінде терминдердің
жасалу жолдарын игеруге және ғылыми-техникалық мәтін аударуға
машықтану.
Тапсырма: студент оқытушы ұсынған нұсқа негізінде лексика-
грамматикалық тапсырмаларды орындай отырып, мамандығына қатысты
ұсынылған мәтінді аударады.
Тапсырмалар
1. Мәтінді оқып, сөздік түзіңіз.
2. Мәтінді аударыңыз.
3. Мәтіннің жоспарын жазыңыз.
4. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
5. Мәтіннен жалпы ғылыми сипаттағы терминдерді жазып алып,
түсіндірмесін жазыңыз (санын көрсету).
6. Мәтіннен анықтауыш қызметінде қолданылып тұрған тіркестерді
жазып алыңыз.
7. Мәтіннен ғылыми стиль терминдерін жазып алып (санын көрсету),
олардың жасалу тәсілдерін (аналитикалық, синтетикалық, лексика
семантикалық т.б.) түсіндіріңіз.
8. Мәтіннен ілік септік пен тәуелдік жалғауы тіркестерін жазып алып,
олардың қызметін түсіндіріңіз.
9. Мәтіннен анықтама ретінде қолданылып тұрған сөйлемдерді жазып
алыңыз.
10. Мәтіннен негізгі ақпарат беретін сөйлемдерді теріп жазыңыздар.
1 нұсқа
Жасанды интеллекттің даму тарихы
Жасанды интеллект ұғымы. Күрделі есептерді шешу және адамның
санасын модельдеу үшін «жасанды ой» құрастыру идеясы көне заманнан
бастап халықты қызықтырған. Солай ежелгі Египетте Амонның «тірілетін»
механикалы ескерткіші жасалған. Гомердің «Илиадасында» Гефес құдайы
адамтектес жанды заттарды – автоматтарды құйған. Әдебиетте − папа
Карлоның Буратиносы, бауырсақ және т.б. XVII ғасырда Лейбниц пен Декарт
бір-бірінен тәуелсіз барлық ғылымдардың жіктелудің әмбебап тілдерін
ұсынған. Бұл жұмыстарды жасанды интеллект аумағындағы бірінші
теориялық жұмыс деп есептеуге болады. Жасанды интеллектің ғылыми бағыт
ретінде пайда болуы тек ЭЕМ жасағаннан кейін XX ғасырдың 40 - жылдары