Комментарии и выводы по диаграммам



жүктеу 0,87 Mb.
бет2/4
Дата01.02.2018
өлшемі0,87 Mb.
#8322
1   2   3   4

ЕВРОПЕЙСКИЙ СОЮЗ

«Еңбек және зейнеткерлік құқығы: Қазақстан Республикасында жұмысшылар мен жұмыс берушілер қаншалықты қорғалған»
атты қоғамдық пікірді зерттеу нәтижесі бойынша
талдау есебі
(«Еңбек нарығындағы құқықтық қорғанушылық бүгін –лайықты қарттық ертең» жобасының аясында «ЗУБР» Әлеуметтік корпоративтік қорымен жүргізілген)

2010 ж.

Қазақстан Республикасы

Есептің құрылымы

1. Зерттеу туралы
2. Еңбек және зейнеткерлік қатынастары

2.1. Халықтың еңбек және зейнеткерлік саласындағы құқықтық сауаттылығы

2.2. Азаматтардың еңбек құқықтарын бұзу. Кім және не бұзады?

2.3. Азаматтардың еңбек құқықарын қорғау

2.4. Еңбек келісім-шарты

2.5. Ұжымдық келісім-шарт

2.6. Зейнетақы жүйесі
3. Қорытынды:

3.1.Еңбек қатынастары жүйесі

3.2. Зейнетақы жүйесі

1. Зерттеу туралы

Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасы Конституциясында және Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес ресми мәлімделген Қазақстан Республикасындағы еңбек және зейнеткерлік құқықтары болып келеді.

Зерттеу мақсаты – азаматтардың еңбек және зейнеткерлік саласындағы өз құқықтары туралы ақпараттану деңгейін бағалау, еңбек және зейнеткерлік жүйесінің тиімділігі, еңбек және зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы құқық бұзудың басты проблемалары мен жағдайлары, қазіргі қолданыстағы құқық қорғау формаларының тиімділігі, азаматтардың құқығын қорғаудағы кәсіподақтардың, ҮЕҰ және мемлекеттік инспекторлардың орны.

Сауалға барлығы 1400 респондент қатысты. Респонденттер 18-ден 65 жас аралығындағы жұмыс істейтін азаматтар, анығырақ айтқанда болашақта лайықты зейнетақы жинауға және алуға, өз тағдырын және кәсіби дамуын жоспарлау жөнінде өз еркімен шешім қабылдай алатын халық болды.

Зерттеудің географиялық қамтуы – Қазақстан Республикасы (бүкіл республика аумағындағы 9 облыстық орталық, республикалық маңызы бар қалалар – Астана және Алматы).

Сауалнама жүргізу үшін халықтың географиялық, этникалық, жыныстық жас ерекшеліктерін ескере отырып, пропорционалдық стратифицирленген сұрыптама жасалды, аталып өткен сипатталық белгілер негізінде Қазақстан халықының нақты бөлігіне пропорционал құрылуда.

Зерттеу сауалнама бланкілерін пайдалана отырып алынған жүйеленген сұқбат түрінде жүргізілді.

Сауалнамаларды өңдеу SPSS статистикалық мәліметтер массивтерін өңдеу бағдарламасында жүргізілді.

Зерттеу «ЗУБР» ӘКҚ Еуропалық Кеңестің қолдауымен іске асырылған «Бүгінгі еңбек нарығындағы құқықтық қорғанушылық – ертеңгі лайықты қарттық» жобасының аясында жүргізілді.

Зерттеу нәтижесінде бірінші рет Қазақстан халқының бүгінгі еңбек және зейнеткерлік құқықтары саласында туындайтын жағдайларға көзқарасын анықтауға, азаматтардың жұмыс істеуге және өзіне лайықты зейнетақы дайындау мүмкіндігіне қатысты әлеуметтік-экономикалық болжамдарын бағалауға, Қазақстан халқының құқықтық сауаттылығы және қорғаныс көзқарасы бойынша толықтыруды қажет ететін «проблемаларды» көруге мүмкіндік беретін кешенді тәуелсіз мәліметтер алынды.

Осы кезеңде зерттеудің нәтижелеріне қоғамдық талқылау жүргізілді, кейін Қазақстан азаматтарының еңбек және зейнеткерлік құқықтарын іске асырудың тиімділігі және айқындығын арттыру бойынша бірлескен тәжірибелік ұсыныстарды өндіріп шығару үшін пайдаланатын әр түрлі қоғамдық секторлар өкілдерінен пікірлер алынды.

Жұмыстың маңыздылығы тікелей еңбек және зейнеткерлік құқықтардың қозғалысы мен қорғанысында еңбек ететін мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ зейнетақы қорлары мен жұмыс берушілердің жүйелі жұмысын оңтайландыру үшін әр түрлі еңбекші халық категориясының пікірін пайдалану мүмкіншілігімен анықталады.


2. ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЗЕЙНЕТКЕРЛІК ҚАТЫНАСТАР

Еңбектік өзара қарым-қатынастар әр азаматтың тіршілік әрекетінің ажырамас және өте маңызды бөлігі болып келеді. Орта есеппен 30% жуық уақытын адам күнделікті әріптестерімен, басшыларымен және/немесе қол астындағы жұмысшылармен өзара әрекеттесумен, өз лауазымдық міндеттерін атқарумен, одан басқа, өз еңбек ұжымының «бейресми» өміріне жиі қатысумен жұмыста өткізеді. Осының бәрі және басқалары еңбек қатынастарының бөлігі болып табылады.

Еңбек қатынастары өте күрделі және көп қырлы ұғым. Жалпы және толықтай, еңбек қатынастары - бұл еңбек қызметін жүзеге асыру процесінде жұмысшы мен жұмыс беруші арасында қалыптасатын қатынас.

«Еңбек қатынастары» ұғымы: құқықтық (еңбек заңнамасы, еңбек және ұжымдық келісім); әлеуметтік (жұмысшыға ұсынылатын әлеуметтік жинақ, кәсіподақтардың қызметі); қаржылық (жұмысшының еңбегін төлеу); кәсіптік (біліктікті арттыру, қызметкерді оқыту); психологиялық (ұжымдағы психологиялық климат, қызметкердің еңбекке дәлелі) және т.б. сияқты көптеген аспектілерден құралады. Аталған аспектілердің барлығы өзара тығыз байланысқан және өзара тәуелді, бір де біреуі бір- бірінсіз күн көрмейді. Басқаша айтқанда, өзара еңбек қарым-қатынасы – бұл жұмысшы, жұмыс беруші және мемлекет арасындағы серіктестік.

Қазіргі заманғы кәсіпорындарда серіктестіктің орнына жиі патернализм – өзара байланыс және нормативтік- құқықтық әрекеттеріне негізделген ресми қатынастарды бейресми, жеке және байланыстық қатынастарға өзара тиімділікке ауыстыру қолданылады. Қажетті құжаттар жинағын (мысалы, санитарлық кітапшсын) ұсынуға мүмкіндігі жоқ адамды жұмысқа алу, онымен қоса ол адаммен еңбек келісіміне отырмау және еңбек кітапшасына жазбау, еңбекке қолайсыз жағдайдағы жұмыс, қызметкерге «қара кассаға» өткізуге қажетті «сыйақы» төлеу мысал бола алады. Мұнда жұмысшының жоғары, алайда бейресми (жұмыс беруші салық төлемейтін) еңбекақыға келісетін жағдайын жатқызуға болады.

Алғашқы көзқараста, бұл екі жаққа да тиімді. Мүмкін, мұндай істің жағдайы барлық еңбек қатынастарының мәселелерін шешудің үйлесімді шешімі болар ма еді, алайда бір «БІРАҚ» бар. Қазақстан Республикасы ортақ зейнетақы жүйесінен жинақтау зейнетақы жүйесіне ауысумен жеке мұқтаждық қарттықты қамтамасыз ету жауапкершілігі азаматтардың өздеріне жүктелді. Және адам өз еңбек өтілінің ары қарайғы құжаттамалық дәлелінің болуы туралы қаншалықты қам жесе, тұрақты зейнетақы бөлінуі көбінесе оның қарттықта қамтамасыз ететін өмір деңгейіне тәуелді.

Мәселен, қазір еңбек күшінің үлкен бөлігі адамдардың барлық проблемаларын мемлекет шешетін, оған жұмыс орнын, еңбекақысын, кейіннен зейнетақысын кепілдейтін кеңес өкіметі кезінде тәрбиеленген адамдар болуында. Бұндай адамдардың менталитеті және қалыптасқан мінез-құлқы, олардың бүгінгі күнмен өмір сүретінін, қазір өз құқықтарын бұзудың болашақтағы салдарын бағалай алмайтындықтарын сипаттайды.

«ЗУБР» ӘКҚ жүргізген зерттеудің мақсаты Қазақстан азаматтарының бүгінгі күні еңбек және зейнеткерлік құқығы саласындағы қалыптасқан жағдайларға қатынасы, осы саладағы ақпараттарға қызығушылық деңгейін, сондай-ақ азаматтардың осы құқықтарды іске асыру кезінде соқтығысатын проблемалар мен қиындықтарды анықтау болды.

Қабылдауды ыңғайлы ету үшін алынған нәтижелердің барлығы келесі санаттар бойынша құрамдалған болатын: халықтың еңбек және зейнеткерлік саласындағы құқықтық сауаттылығы, азаматтардың еңбек құқығын бұзу, азаматтардың құқығын қорғау, зейнетақы жүйесі.
2.1. Халықтың еңбек және зейнеткерлік саласындағы құқықтық сауаттылығы

Зерттеу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында сұралғандардың жартысы - 46,9% - жұмысшының еңбек құқықтарымен өте жақсы таныс екендерін және қалған 43,1% - ол туралы жалпы көрініс бар екендігі туралы сендірді (1 кесте). Сөйтіп, Қазақстан халқының 90% (!) мәселе олардың өз еңбек құқықтарына келгенде өздерін сауатсыз емес деп санайды. Сұралғандардың 89,4% азаматтар ортақ дәрежеде жұмысшының еңбек міндеттерімен де таныс деп санайтындарын атай кету керек, бұл жұмысшылардың ұстанымы жұмыс берушілерге және олардың алдындағы жауапкершіліктерге қатысты «көрпені өзіне қарай тарту» ғана болып келмейтінін дәлелдейді. Сөйте тұра, өз құқықтары туралы білу, оны қорғай білу болып келмейді! Ал өз еңбек құқықтарын қорғау мүмкіндіктері туралы азаматтар біраз аздау біледі (82,9%). Мөлшермен халықтың осындай пайызы жұмыс берушінің құқығы туралы және оның жұмысшыға қатысты міндеттері туралы қандай да болмасын дәрежеде ақпараттанған (82,7% және 83,1% сәйкесінше). Сөйте тұра, құқықтық ақпараттану деңгейі 30-39 жас аралығындағы аса экономикалық белсенді халықтың арасында жоғары екендігін айта кету керек.



1 кесте

Азаматтардың ақпараттану деңгейі (еңбек құқықтарын іске асыру жүйесі)






Жақсы білемін


Жалпы білетінім бар

Мүлдем ештеңе білмеймін


Жауап беруге қиналамын

Жұмысшының еңбек құқықтары туралы

46,9%

43,1%

4,0%

6,0%

Жұмысшының еңбек құқықтарын қорғау мүмкіндіктері туралы

33,6%

49,3%

9,0%

8,1%

Жұмысшының еңбектік міндеттері туралы

53,4%

36,0%

5,3%

5,4%

Жұмыс берушінің құқықтары туралы

36,7%

46,0%

9,8%

7,5%

Жұмыс берушінің жұмысшыға қатысты міндеттері туралы

34,9%

48,2%

8,3%

8,6%

Жұмыс берушінің мемлекетке қатысты міндеттері туралы

23,5%

46,5%

15,0%

15,0%

Қазақстанның зейнетақы жүйесі туралы және азаматтардың осы саладағы құқықтары туралы ақпараттану деңгейі төменде берілген (2 кесте). Азаматтардың 70% жуығы өздерін толық жүйе туралы, одан аздауы (67%) - өз зейнетақы жинақтары сақтығының кепілдігі туралы ақпараттанғанбыз деп санайды, одан да азы (шамамен 60%) зейнетақы жинағын сақтандыру жүйесі туралы біледі. Біздің азаматтарымыз ең аз құнсыздануды ескерумен зейнетақы жинағын индекстеу тетігі туралы ақпараттанған – барлығы 42,3%. Сөйте тұра, азаматтар жиі «Қазақстан Республикасының зейнетақылық қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес азамат зейнеткерлікке шықанда және жасы бойынша бірінші зейнетақысын алған кезде бір рет жүргізілетін, жыл сайынғы мемлекеттік өтемақыдан зейнетақы қорлары өздері жүргізуге қажетті индекстеумен шатастырады. Қызығы, еңбек құқығына қарағанда зейнетақы жүйесі мәселесінде ақпараттану үстіртін – «Жалпы білетінім бар». Бұл жерде респонденттердің анық көрсетілген жасқа тәуелділігі жоқ. Зейнетақы жүйесінде бір жағынан 30-49 жастағы белсенді, жұмыс істейтін халық, екінші жағынан өз тәжірибесінде зейнетақы есебі және алумен соқтығысқан, жұмыс істейтін зейнеткерлер жақсы бағдарланған.

2 кесте


Азаматтардың ақпараттану деңгейі (зейнетақымен қамтамасыз ету)




Жақсы білемін


Жалпы көрінісім бар

Мүлдем ештеңе білмеймін


Жауап беруге қиналамын

Зейнетақы жинақтарының сақтығын кепілдеу туралы

18,3%

48,6%

18,2%

14,9%

Зейнетақы жинағын сақтандыру жүйесі туралы

13,4%

46,4%

25,6%

14,6%

Қазақстанның зейнетақы жүйесі туралы толықтай

13,8%

54,3%

15,9%

16,1%

Өз еркімен зейнетақыны аудару мүмкіндігі туралы

18,8%

44,5%

19,6%

17,1%

Құнсыздануды ескерумен зейнетақы жинағын индекстеу тетігі

7,4%

34,9%

33,9%

23,8%

Егер де халық еңбек және зейнеткерлік құқықтары туралы ақпарат алу көздерінің қайсысын таңдайтыны туралы айтатын болсақ, «көшбасында» - теледидар, баспа БАҚ, Интернет, жұмыс орны бойынша кеңес және мамандандырылған ұйымдарда жеке кеңес тұрады (3 кесте). «Көрініс» жеткілікті алдын ала болжалған және күтілген.

3 кесте


Ақпарат алу көздерінің «рейтингі»

Теледидар

52,6%

Баспа БАҚ

49,0%

Интернет (соның ішінде меморгандарының электрондық қабылдаулары арқылы)

31,9%

Жұмыс орны бойынша кеңес алу

27,0%

Мамандандырылған ұйымдардан жеке кеңес алу

24,7%

Радио

19,5%

Осы мәселе бойынша кеңес беретін телефондық қызметтер

14,8%

Жақындардан, достардан, таныстардан

13,6%

Парақшалар, буклеттер, жаднамалар

11,0%

Осы тақырыпқа қатысты семинарлар

9,8%

Мамандандырылған әдебиет (құқықтық әдебиет, кәсіби журналдар және т.б.)

8,0%

Пошта арқылы сұраныс

5,0%

Басқа

0,2%

Осыған орай, Қазақстанның әр түрлі аумақтарында ақпарат алудың басым көздерінде айтарлықтай анық айырмашылықтар орын алатынын айта кету қажет. Сөйтіп, Батыс Қазақстанда – мамандандырылған ұйымдарда және жұмыс орындарында жеке кеңес алу, ал Астана қ. Интернет (соның ішінде меморгандарының электрондық қабылдаулары арқылы) артық көрсе, Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс Қазақстан және Алматы қ. теледидар мен баспа БАҚ-ты таңдаған. Оңтүстік Қазақстан үшін тағы бір ерекшелік – басқа өңірлерге қарағанда БАҚ, сондай-ақ радиоға деген үлкен сұраныс.

Сонымен қатар, қазіргі сәтте теледидарда және баспа БАҚ еңбек және зейнеткерлік құқығына арналған ақпараттың көп емес екенін байқауға болады. Ерекше назарды сондай-ақ жұмыс берушілерге аудару керек – кәсіпорында жұмысшыларға осы мәселе бойынша түсініктеме немесе кеңес беруге мүмкіндігі бар қызмет немесе маман бар ма екен?

Өкінішке орай, осы тақырыпқа арналған оқыту ақпараттық семинарлары және кәсіби журнал, бюллетендер және т.б. түрде жеткілікті шығарылатын мамандандырылған әдебиет аса танымалдылықты иеленбейді және сұралғандардың 10% -нан азының мойындауын алды.
2.2. Азаматтардың еңбек құқықтарын бұзу. Кім және не бұзады?

Тікелей азаматтардың құқықтарының бұзылуы туралы айтпас бұрын, біраз шегініс жасайық. Қазақстанның бірнеше қаласында алғаш жобаны іске асыру кезінде өткен пікір алмасу алаңдарына қатысушылар, ең көп тараған еңбек құқығын бұзушылықтардың бірі ретінде жұмысқа орналасу кезіндегі дискриминацияны (әр түрлі белгілер бойынша) атады. Алайды, біздің ойымызша жұмысқа орналасу кезіндегі дискриминацияны бір мағынада азаматтардың еңбек құқығын бұзушылық деп айтуға болмайды. Толықтай, «еңбек құқығы» ұғымын «тараптар өзара еңбек қатынасына түскен кезде туындайтын құқық» деп анықтауға болады, яғни жұмысқа орналасар сәтте, еңбек шарты жасалмағандықтан, еңбек құқығы (еңбек міндеттері) туралы әңгіме болмайды, сондықтан да потенциалды жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында еңбек қатынастары жоқ.

Алайда, мәселеге деген айтарлықтай жоғары қызығушылықты, және ол жанама түрде болса да еңбек құқығына қатысы барын ескере отырып, сауалнама жүргізу кезінде оған ерекше назар бөлінген болатын.

Жұмысқа орналасу кезіндегі дискриминация немесе жасырын жұмысқа қабылдамау салдарының негізгі факторы адам жасы болатын болжам дәлелденді - 63% осылай санайды (1 сурет).


Жұмысқа орналасу кезіндегі дискриминация


1 сурет


Тәжірибе көрсеткендей, жас бойынша дискриминациядан көбінесе екі категория зардап шегеді: жас жеткен, зейнеткерлік жасындағы адамдар және кейбір қызметтерге талаптану үшін, мысалы, жеткілікті өтілі жылдарын «жинай» алмай жүрген жас мамандар. Ол Орталық Қазақстанда, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында аса айқын, Батыс және Шығыс Қазақстанда бәрінен аз байқалады. (4 кесте).

4 кесте


Қазақстанның әр түрлі өңірлерінде жұмысқа орналасу кезіндегі жас бойынша дискриминация

Қазақстан Республикасы

Алматы

Астана

Шығыс Қазақстан

Батыс Қазақстан

Солтүстік Қазақстан

Орталық Қазақстан

Оңтүстік Қазақстан

62,9%

72,1%

76,4%

55,0%

52,9%

58,1%

73,7%

62,3%

Сондай-ақ, респонденттердің ойынша жұмысқа орналасу мүмкіншілігі денсаулығы нашар (28,6%) және сотталған (28,4%) адамдарда төмен. Жұмыс берушілер бос орын лауазымына үміткерлердің мемлекеттік тілде еркін сөйлеу қажеттілігімен байланысты болуы мүмкін ұлтына (25,2%) және жынысына (20,1%) назар аударады.

Әр бесінші жұмыс беруші (19,4%) үшін кішкентай баланың болуы потенциалды жұмысшының құндылығын күрт төмендететіні көрнекі, бұл ең алдымен әйел адамдардың жұмысқа орналасу кезіндегі позициясын әлсіретеді. Ал «дін» сияқты фактор үміткерді таңдауға ешқандай әсер етпейді, бұл көрсеткіш ең аз дауыс жинады (2,6%), бұл қазақстандық азаматтардың толеранттық деңгейінің жоғары екенін және біздің Республика шынымен де кеңестік мемлекет екенін дәлелдейді.

Кейбір респонденттер дискриминация белгілері туралы сұраққа жауап беру кезінде, ізденушіде қажетті білімі мен дағдылары болмағандықтан жұмысқа қабылдамау – бұл димкриминация деп «Басқа» бағанасына «жоғарғы білімнің болуы» деген сияқты белгілерді жазатынын жеке айту керек. Біздің ойымызша, адамдарға өздерінің әрекеттестігін осындай «объективті» жағдайларға сілтей салатын кездер де жиі кездеседі – «Жұмысқа орналаса алмай жүрмін! Барлық жерге жастар қажет! (жұмыс тәжірибесі/еңбек өтілі/білімі және т.б.)».

Осының бәрі, экономика нарығы жағдайында жиырма жылдай өмір сүріп, көптеген азаматтар әлі күнге дейін оның негізін қалаушы принцип – бәсекелестіктің болуына, соның ішінде еңбек нарығындағы бәсекелестікке тартылмағандықтары туралы айтады. Және жақсы жұмыс орнына үміттену үшін үнемі өзінің кәсіби және жеке дамуымен айналысу қажет. Осы сәтте тілмәш мамандығына тілді білмейтін, аспазшыға тамақ дайындай алмайтын, жүк көтерушіге денсаулығы нашар, қарт және т.б. адамды алу мақсатқа лайық емес екендігімен ешкім дауласпайтыны анық.

Бұны зерттеу нәтижелері де дәлелдейді. Жұмысқа орналасу кезіндегі дискриминация факторларының айқын «бейнесіне» қарамастан, сауалға қатысқан азаматтардың жартысы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде (23-бап. 1-т.) бекітілген, жұмыс берушімен жұмысқа қабылдау кезіндегі таңдау еркіндігі құқығы негізделген және әділ екендігімен келіседі (2 сурет).

Жұмыс берушімен қызметкерлерді таңдай еркіндігінің негіздемесі



2 сурет


Егер жұмыс берушімен қызметкерлерді таңдау негізіндегі еркіндігі мәселесін қарастыратын болсақ, онда бір жағынан жұмыс берушінің ұстанымы түсінікті және ақталғанын белгілеуге болады. Коммерциялық ұйымдардың қайсысы болмасын пайда табуды, яғни жоғары өндірістікті және нәтижелікті көздейді, бұл өз кезегінде тікелей қызметкердің кәсіби деңгейіне, және де жеке қасиетіне (жыныс, жас, денсаулық жағдайына және т.б.) тәуелді. Бір қарағанда пайда табуға бағытталмаған мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарға қызметкерлерді қабылдау бәрі бір тиімділікті, сапаны арттыру курстарымен, жақсы нәтижелерді алумен анықталады.

Сонымен қатар, мемлекет азаматтарға Қазақстан Республикасы Конституциясымен, сондай-ақ ҚР ЕК 5-бабымен бекітілген «... еңбек еркіндігіне», «... сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға» кепілдік береді.

Шынымен де жұмысқа орналасу кезіндегі барлық санаттағы азаматтардың мүмкіндіктерін тепе-тең ету үшін жұмыс берушіге «танымалдыққа ие емес» азаматтар санатын жұмысқа алуды тиімді ететін, нақты айтқанда осы тиімділіктерді жұмыс беруші көре алатын жағдау жасау қажет. Өйткені, кейде, мысалы, 50-55 жастағы жасы жеткен қызметкерлер санаты жеңілмейді, керісінше кәсібилік деңгейінде, және көптеген тұрмыстық және отбасылық мәселелер шешілгені жағынан 35-45 жас аралығындағы қызметкерлерден асып түседі, және олардың уәждемесі төмен емес, жай ғана ұстанымды сауатты таңдау қажет!

Бүгінгі күні жұмыс беруші үшін «танымал емес» санаттарды жалдауды тиімдіге айналдыру схемасы Қазақстанда және басқа да елдерде бар және жақсы жұмыс істеуде. Бірақ, өкінішке орай осы зерттеу көрсеткендей, әзірше бұл шаралар біздің елімізде дискриминация проблемаларын мүлдем жою үшін жеткіліксіз. Олай болса, әлеуметтік әріптестік1 схемаларын ары қарай дамыту және жетілдіру қажеттігі әлі күнге дейін бар.

Бұл жорамалды азаматтардың қазіргі уақытта мемлекет, жұмыс беруші және жұмысшы арасында өзара қарым-қатынас қаншалықты ұстамды екендігі туралы пікірлері дәлелдейді (3 сурет).

Азаматтардың пікірі бойынша «жұмыс беруші – жұмысшы - мемлекет» өзара қарым-қатынасыныдағы тараптардың әлсіздігі




50%

3 сурет


Тұрғындардың көпшілігі «жұмыс беруші – жұмысшы - мемлекет» үш бұрышында 52% - жұмыс берушіге қатысы бойынша, сондай-ақ 26% - мемлекетке қатысы бойынша ең әлсіз тарап жұмысшы болып келеді деп санайды. Азаматтардың төрттен бір бөлігі мемлекетке қатысы бойынша жұмыс беруші де, жұмысшы да бірдей дәрежеде әлсіз деп санайды. Азаматтардың 12% - «одақ» тең құқылы және тараптардың еш қайсысы басқаларға қатысы бойынша әлсіз жағдайда емес деп санайды.

Ал енді еңбек құқытарын бұзу жөніндегі мәселеге көшеміз. Зерттеу көрсеткендей, Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін 80% азаматтар өзінің еңбек тәжірибесінде бір рет болсын жұмысшы ретінде еңбек құқығының бұзылғанымен соқтығысқан.

Азаматтар жиі еңбекақыны уақытында төлемеу және оны толық көлемде төлемеу сияқты өз құқықтарының бұзылуымен соқтығысады - 41,4%. «Танымалдылық» бойынша екінші орында - жұмыс кестесін бұзу (32,8%), үшінші орында - үстеме жұмысты төлемеу (32,3%). Басқа бұзушылықтар да орын алады (5 кесте).

5 кесте


Азаматтардың еңбек құқықтарын бұзу «рейтингі»

Еңбекақыны уақытында төлемеу және оны толық көлемде төлемеу

41,4%

Жұмыс кестесін бұзу

32,8%

Үстеме жұмысты төлемеу

32,3%

Еңбек және/немесе ұжымдық келісімнің шарттарын орындамау

22,2%

Аурулық төлемдерді төлеуден бас тарту

19,6%

Жұмысқа қабылдау кезіндегі дискриминация

18,7%

«Өз еркімен» жұмыстан шығуға мәжбүрлеу

18,6%

Қолданылмаған еңбек демалысы/демалысы үшін өтемеақы төлемеу

16,6%

Еңбекті төлеу кезіндегі дискриминация

16,1%

Кезекті төленетін еңбек демалысын ұсынудан бас тарту

15,4%

Жұмыс берушінің еңбек келісімін жасаудан бас тартуы

15,2%

Негізсіз санкцияларды қолдану: айыппұлдар, жетпеген ақшаны төлеу және т.б.

9,3%

Жұмыс берушінің ұжымдық келісімді жасаудан бас тартуы

9,1%

Еңбек міндеттерін орындаумен байланысты денсаулыққа тиген зиянын өтеуден бас тарту

8,7%

Ұйымда еңбек дауын шешетін комиссияның болмау

7,5%

Жұмыс берушінің кәсіподақты құруға кедергі жасауы

4,1%

Сонымен қатар, ер адамдардың, және де әйел адамдардың құқықтары жиі тең дәрежеде бұзылатынына, қайта ер адамдар бұзушылықтарға жиі көңіл бөлетінін ескере кеті қажет (6 кесте).
6 кесте

Жыныс бойынша азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылу «рейтингі»






Ер адам

Әйел

Жұмыс берушінің еңбек келісімін жасаудан бас тартуы

16,5%

14,1%

Жұмыс берушінің ұжымдық келісімді жасаудан бас тартуы

10,0%

8,4%

Еңбек және/немесе ұжымдық келісімнің шарттарын орындамау

24,8%

20,1%

Еңбекақыны уақытында төлемеу және оны толық көлемде төлем

41,3%

41,4%

Кезекті төленетін еңбек демалысын ұсынудан бас тарту

17,3%

13,9%

Еңбек міндеттерін орындаумен байланысты денсаулыққа тиген зиянын өтеуден бас тарту

10,7%

7,0%

Еңбекті төлеу кезіндегі дискриминация

16,0%

16,1%

Жұмысқа қабылдау кезіндегі дискриминация

17,8%

19,5%

Қолданылмаған еңбек демалысы/демалысы үшін өтемеақы төлемеу

18,5%

15,0%

Аурулық төлемдерді төлеуден бас тарту

18,5%

20,6%

Үстеме жұмысты төлемеу

31,2%

33,2%

Жұмыс кестесін бұзу

32,4%

33,1%

Жұмыс берушінің кәсіподақты құруға кедергі жасауы

5,1%

3,3%

Ұйымда еңбек дауын шешетін комиссияның болмау

7,5%

7,5%

«Өз еркімен» жұмыстан шығуға мәжбүрлеу

19,6%

17,8%

Негізсіз санкцияларды қолдану: айыппұлдар, жетпеген ақшаны және басқа да материалды залалдарды төлеу

11,5%

7,4%

Мұндай жағдайлармен соқтығысып көрген жоқпын

20,4%

19,1%

Өз еңбек тәжірибесінде азаматтардың 20% еңбек құқықтарын бұзушылықтармен соқтығыспаған. Сонымен бірге, бұл көрсеткіштің әр түрлі өңірлер бойынша мағынасында айтарлықтай үлкен «амплитуда» бар. Сөйтіп, Солтүстік Қазақстанда мұндай азаматтардың 30% саналса, Оңтүстік Қазақстанда мысалы - 13% «бақытты жандар» ғана болғанда, Алматы қ. одан да аз - 8%. Мұндай көңілсіз «көрініс», Алматы қ. мегаполис ретінде ақша табуға келетін азаматтар үшін өте көрнекі болып келетінін болжауға болады. Шынына келгенде, мұндай адамдар жоғары біліктілікті қажет етпейтін және Алматы өлшемі бойынша аз ақша төленетін жұмыстарды атқарады. Алайда осылайша адамдар табыстарының жартысын, өмір деңгейі біршама төмен, шағын қалалар мен ауылдардағы отбасыларына жіберу мүмкіндіктері бар, яғни азғана мөлшердегі ақша отбасылық бюджет үшін өте салмақты. Әрине, бұл жағдайда адамдар жиі еңбек келісімісіз және жұмыс беруші тарапынан бұзушылықтардан өзін қорғау мүмкіндігісіз заңсыз жұмыс істейді.

Зерттеу нәтижесі жұмысшылардың құқығын бұзу шағын компаниялар үшін «қарапайым іс», ал ірі кәсіпорындарда ерекшелік екендігі туралы болжам дәлелін таппағандығы туралы айта кету керек. Ірі компаниялар тең, кейде жоғары деңгейде өз жұмысшыларының құқығын бұзу проблемасына душар.

Сөйтіп, шағын бизнес үшін жұмысшылармен еңбек келісімін жасаспай проблемасы анық көрсетілген. Ал ірі компаниялар үшін – бұл еңбекақыны уақытында төлеу және жұмысқа қабылдау кезіндегі дискриминация, жұмыс кестесін бұзу және т.б. (4 сурет).

Ұйымның көлеміне тәуелді азаматтардың



еңбек құқықтарын бұзу «рейтингі»

4 сурет.

Әділдік үшін кейбір азаматтар сыртынан қарағанда олардың еңбек құқықтары бұзылған тәрізді көрінентін жағдайларды өздері туындататынын айта кетейік (7 кесте).


7 кесте

Жұмысшылардың кейбір қылықтарының себебі (Сізде осындай жағдай болды ма?)









Жоқ, болған жоқ

Өз бастамам бойынша

Өз жұмысымды басқа қызметкерлерге жүктей алмадым

Басшылық

мәжбүр етті



Ақшамды жоғалтқым

келмеді


Басқа

Есімде жоқ/

Жауап бергім келмейді





Науқас бола тұрып, жұмысқа бару

26,7%

30,1%

13,3%

17,5%

8,6%

0,1%

3,6%



Жыл сайынғы еңбек демалысын пайдаланбау

48,6%

16,4%

7,0%

15,1%

6,9%

0,5%

5,4%



Үстемелі/демалыста/мейрамдарда жұмыс істеу

24,8%

19,0%

9,4%

35,4%

5,4%

1,0%

5,0%



Еңбек келісімшартында көрсетілмеген жұмысты атқару

24,9%

17,5%

9,9%

34,0%

4,5%

1,3%

7,8%



Қажетті қорғаныс шараларысыз қауіпті/зиянды жағдайда жұмыс істеу

63,7%

5,7%

2,5%

13,6%

3,1%

0,6%

10,7%



Техника қауіпсіздігін бұзумен жұмыс істеу

65,1%

6,6%

2,4%

11,4%

2,0%

0,8%

11,6%



Үнемі режімді бұзып жұмыс істеу (ұзаққа дейін, түскі үзіліссіз және т.б.)

45,7%

12,7%

8,4%

21,8%

3,4%

1,1%

6,9%



Еңбек келісімін жасамай жұмыс істеу

67,4%

5,4%

1,9%

12,9%

2,6%

1,5%

8,3%

жүктеу 0,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау