10
ТІРЕК КӨЗІ
Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы
Қазақстанның мүгедектердің құқықтары туралы Конвенциясын ратификациялауы алға
жылжудың маңызды қадамы болып табылады, бұл біз үшін «алғашқы қадам» және «тірек
көзі». Біздің мемлекетімізді, қоғамымызды, әрқайсысымызды осы құжаттың ережелерін
біздің өміріміздің бір бөлігіне айналдыру үшін көп жұмыс күтіп тұр, сүйткен кезде ғана ол
өмірде қиын жағдайға тап болған әрбір адамның, отбасының, өмірін айтарлықтай жақсартады.
Бұл жинақта мүгедектігі бар адамдарға, психикалық және мінез-құлқы бұзылған адамдарға,
олардың отбасы мүшелеріне, мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелеріне қызығушылық
танытқан әрбір адамға пайдалы болуы мүмкін ақпаратты жинақтадық. Сондай-ақ, біз
Қазақстанда қызығушылық танытқан адамдарға және олардың отбасыларына қолдау көрсету
және қолдау көрсетудің балама түрлерін енгізетін және психикалық бұзылулар диагно-
зымен өмір сүретін адамдарға сөз беріп, қызықты тәжірибелерін ұсынып отырмыз. Біз бұл
жұмысымыздың тек қана бастамасы және мұндай оқиғалар әліде көп болады деп үміттенеміз.
Біз психикалық және ақыл-ой проблемалары туралы сөйлесуге үйренеміз, тыңдап, естиміз,
бір-бірімізге көмектесеміз, ауруларды шектеулерге, кемсітулерге жол беретін үрдістерді
жеңеміз,қоғамымызды мейірімді және ашық етеміз.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
11
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
ҰЙЫМЫ: ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ
ЖӘНЕ АДАМНЫҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТІ
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының
1-бабында былай делінген:
«Барлық адамдар еркін және тең
құқықтармен туылады».
БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы
конвенциясының Кіріспесінде келесі сөздер жазылған:
«... мүгедектік негізінде кез келген адамға
қатысты кемсіту адамға тән құндылық пен
ар-намысқа қол сұғу болып табылады».
Ар-намыс дегеніміз не?
Ар-намыс адамның ішкі құндылықтарына жатады және құрметтеуге,
тануға, өзін-өзі бағалауға және таңдау жасау қабілетімен тығыз байла-
нысты. Тиісті өмір сүру мүмкіндігі адамның негізгі құқықтарын сақтауға
негізделген, оның ішінде:
•
зорлық зомбылықтан азат болу
•
дискриминациядан бас тарту;
•
автономия және өзін-өзі анықтау;
•
жергілікті қауымдастықты қосу;
•
саясатты дамытуға қатысу.
Психикалық ауытқушылықтары бар көптеген адамдардың абыройын құрметтемеу
• Олар көп жағдайда қоғамнан оқшауланған
мекемелерде ұсталынады және
адамгершілікке жатпайтын зорлық-зомбылыққа ұшырайды.
• Көптеген адамдар ауруханаларда және түрмелерде,
сондай-ақ жергілікті
қауымдастықтарда физикалық, жыныстық және эмоционалдық зорлауларға түседі.
• Олар көбіне өздеріне қатысты шешім қабылдау құқығынан айырылады.
Көптеген
адамдар психиатриялық көмек пен емдеу алу, тұрғылықты мекені, сондай-ақ өздерінің
жеке және қаржылық мәселелерін шешу туралы шешім қабылдау құқығынан жүйелі
түрде айрылған.
• Оларға жалпы медициналық және психиатриялық көмек берілмейді.
Осыған бай-
ланысты олар халықтың қалған мүшелерімен салыстырғанда ертерек өледі.
12
ТІРЕК КӨЗІ
Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы
• Олар көп жағдайда білім алу мен жұмысқа орналасу мүмкіндігінен айырылған.
Жүйке ауруларына ұшырағандар жайлы теріс түсінік нәтижесінде жұмысқа қабылдау
барысында көптеген кемсітушілікке ұшырап, олардың жұмыс істеуге және өмір
сүруге мүмкіндіктерін шектейді. Психикалық ауытқушылықтары бар балалар көбінесе
білім алу мүмкіндігіне ие емес. Бұл маргиналдануға әкеп соғады және олардың өмірде
жұмысқа орналасу мүмкіндігін жоққа шығарады.
• Олар қоғам өміріне толық қатысу мүмкіндігінен айрылады,
мемлекеттік істерге,
қызметке қатысуға, дауыс беруге немесе билік жүргізуге мүмкіндік берілмейді. Оларға
психикалық денсаулығына қатысты саясат, заңнама немесе қызмет реформасы сияқты
мәселелер бойынша шешімдерді қабылдау үдерісіне қатысуға мүмкіндік берілмейді.
Сонымен қатар, психикалық бұзылулары бар адамдарға көп жағдайда демалыс және
мәдени іс-шараларға қатысуға мүмкіндік берілмейді.
Психикалық ауытқушылықтары бар адамдардың құқықтары мен беделін қалай
көтере аламыз?
Денсаулық сақтау жүйесінде психикалық ауытқушылықтары бар адамдарға төмендегі жол-
дармен қолдау және көмек көрсету қажет:
•
жергілікті қауымдарда оларға өмірге бейімделу бағытындағы көзқараспен қарап,
болашағына үміт сыйлап қолдау білдіретін қызметтер көрсету;
•
адамдардың тәуелсіздігін құрметтеу, оның ішінде емделу және медициналық көмек
туралы өздерінің шешімдеріне құлақ асу;
•
адамдардың сапалы көмекке қол жетулерін қамтамасыз ету, адамдардың талап-
тілектерін сыйластықпен қабылдау, олардың құндылықтарын, таңдауларын және
артықшылықтарын құрметтеу.
Жергілікті қоғамдастықта бізге қажет:
•
психикалық ауытқулары бар адамдардың қоғам жұмыстарына қатысуы мен қосқан
үлестерін бағалау;
•
олардың өздеріне қатысты шығарған шешімдерін қабылдауда, оның ішінде өмір сүру
жағдайына, жеке және қаржылық мәселелерге қатысты шешімдерді қабылдаудағы
тәуелсіздігін құрметтеу.
•
жұмыспен қамтылуға, білім алуға, тұрғын үйге, әлеуметтік қолдау мен басқа
мүмкіндіктерге қол жеткізуді қамтамасыз ету;
•
адамдарды олардың өміріне, саясатына, заңнамасына және психикалық денсаулығына
қатысты, медициналық қызметтерді реформалауға қатысты мәселелерді шешу мен
қабылдауға қатыстыру.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) психикалық бұзылыстары бар
адамдардың абыройын насихаттау үшін не істейді?
ДДҰ «QualityRights» жобасына сәйкес бүкіл әлем бойынша адамдардың психикасы
ауытқығандардың қадір-құрметін қамтамасыз ету мақсатын қолға алып отыр.
ДДҰ жобасы «QualityRights» келесі әрекеттерді орындайды: