Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы Алматы, 2017 жыл «Аман-Саулық»



жүктеу 25,93 Mb.
Pdf просмотр
бет2/30
Дата13.11.2018
өлшемі25,93 Mb.
#19108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

 

 

5



Қазіргі  уақытта  Қазақстандағы  психикалық  және  жүйке    ауру-

лары  бар  адамдардың  хал-жағдайы  дамыған  елдердің  нормалары 

мен  көрсеткіштеріне  сай  келмейді.  Ментальды  және  психикалық 

ауытқушылықтары  бар  18  жастан  асқандарды  тек  қоғамға  ғана  емес, 

сонымен бірге оларды отбасына, әлеуметтік ортаға бейімдеумен айна-

лысатын баламалық қызметтерді құру және енгізу мәселесі «ұрықтану» 

жағдайында деуге болады.

Бұл мәселемен көбінесе отбасы бір өзі ғана  айналысады, әбден шаршаған 

кезде ғана олар өздерінің сүйікті жандарын дәрігерлік,әлеуметтік меке-

мелерге жіберуге мәжбүр болады.

Тіреу болатындар бізге әрдайым қажет, ал қоғам оларды өз ортасына 

қабылдағысы келмеген кездерде олардың отбасылары үшін ол көбірек 

керек.

Өмірге  бейімдеу  педагогикасы  саласындағы  маман  және  Даун  син-



дромы бар асыранды қыздың анасы ретінде айтарым:  аталған жинақ 

қолжетімді  ақпаратқа  мұқтаж  жандар  үшін  көмекші  құрал  болуы 

тиіс.  Жинақта  дамуында  ерекшеліктері  бар  адамдарға  дұрыс  шешім 

қабылдауға, серіктестер мен жақтастарды табуға, өзінің тірек нүктесін 

іздеуге көмектесе алатын материалдар жинақталған. 

Психиатрия саласындағы мамандардың мақала жарияланымдары және 

отбасында  өз  баласының дамуындағы  проблемамен  күнделікті  бетпе-

бет  келетіндерге  ұсыныстар  бүгінгі  таңда  тапшы  болып  отыр,  оңай 

қолжетімділікте табу қиын. Өкінішке қарай, проблемаға тап болған адам-

дар дұрыс ақпаратқа ие емес, кейде кімге өтініш білдіретіндерін және 

қалыптасқан  өмірлік  қиын  оқиғалардан  шығар  жолды  білмей  жатады. 

Когнитивтік  немесе  мінез-құлық  саласындағы  проблемалар  жайында 

дұрыс және қолжетімді ақпарат беру маңызды. Көбінесе «көпшіліктің» 

пікірі білімсіздік пен надандықтан (мысалы, Даун синдромы – бұл ақыл-

естің артта қалушылығы), қоғамның балалардың даму және тәрбиелеу 

проблемаларына жағымсыз көзқарасынан  негіз алады.  

Менің пайымдауымша, ақпаратты жасыруға болмайды. Баланың дамуы 

туралы  шындықты  білген  жақсы,  сол  кезде  өз  өміріңде  көп  нәрсені 

өзгертуге  болады  және  ең  бастысы,  баланың  өмірін  жақсы  жаққа 

өзгертіп, оны ашық-жарқын етуге болады. Елімізде мүмкіндіктері шек-

телген көптеген балалар өздерінің негізгі ауруына қосымша дамудағы 

екінші,  кейді  тіпті  үшінші  ақауларға  ие  болып  жатады  және  оған  көп 

уақыт,  қаражат  және  мамандар  командасының  күш-жігері  жұмсалады. 

Көбінесе, бұл ақпараттың жоқтығынан және ата-аналардың «сиқырлы» 

таблетка іздеуге уақыт жоғалтуынан  болады.

Тірек  көзі  жайлы  айтар  болсақ,  әрдайым  тұйықтан  шығар  жол  табуға 

болатын  сияқты.  Қазіргі  сәтте  бұл  негізінен,  үкіметтік  емес  ұйымдар, 

оның ішінде қоғамдық «Аман-саулық» қорын айтуға болады



Майра Сулеева

«КЕҢЕС» МҚБ Бас директоры


ТІРЕК КӨЗІ

   

Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы



МҮГЕДЕКТЕРДІҢ 

ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ 

КОНВЕНЦИЯ 

ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН 

РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 

ПСИХИКАЛЫҚ 

ДЕНСАУЛЫҚ 

САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Біздің  мемлекеттің  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  (БҰҰ) 

мүгедектер 

құқықтары 

жөніндегі 

Конвенцияны 

ратификациялағанына екі жыл өтті. 

Алғашқы  қорытынды  жасауға  бола  ма,  осы  уақытқа дейін 

Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бар адамдардың 

жағдайы  өзгерді  ме?  Біздің  заңнама  халықаралық 

талаптарға және стандарттарға сай ма?

Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  8-бабы  

бойынша, Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың 

принциптері  мен  нормаларын  құрметтеуді,  Қазақстан 

Республикасының  қолданыстағы  құқығы  конституциялық 

нормаларға сәйкес келуін көздейді. 

Қазақстан Республикасы Конституциясынның 29-бабы бой-

ынша азаматтардың денсаулығын қорғау, тегін медициналық 

көмектің кепілдік берілген көлемін алуға, заңда белгіленген 

мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде ақылы 

көмек алу бекітілген. Барлық денсаулық сақтау саласындағы 

қоғамдық  қатынастар  жөніндегі  конституциялық  құқығын 

іске  асыру,  азаматтардың  денсаулығын  сақтау  Қазақстан 

Республикасының  «Халық  денсаулығы  және  денсаулық 

сақтау  жүйесі  туралы»  Кодексімен  реттеледі.  Психикалық 

ауытқушылықтарға  шалдыққан  науқастарға  медициналық-

әлеуметтік  көмек  көрсету  Қазақстан  Республикасының 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 

Кодексінің 20-бабымен  регламенттеледі.

Қоғамдық қарым-қатынаста мүгедектерді әлеуметтік қорғау 

«Қазақстан  Республикасындағы  мүгедектерді  әлеуметтік 

қорғау туралы» Заңымен реттеледі, ол заң өмір сүру үшін 

Бақыт Түменова, 

«Аман-саулық» ҚҚ 

президенті

 



Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенция және Қазақстан Республикасындағы психикалық денсаулық саласындағы жағдай

 

7



тең мүмкіндіктер құру және интеграциялық қамтамасыз ету үшін құқықтық, экономикалық 

және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды.

«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау» Заңына сәйкес, мүгедек 

сөзіне  мынадай  анықтама  берілген,  мүгедек  -  «организм  функциясының  бұзылуына 

байланысты  тұрақты  ауру-сырқаушылыққа  душар  болған,  кеселдерге  кіріптар  (жара-

лану,  жарақат  алған,  контузиямен  соққы  алған)  болудың  салдарынан  тіршілік  қызметі 

шектелгендіктен әлеуметтік қорғауды қажет ететін адам».  

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын іске асыру кезінде туындайтын 

қарым-қатынас,  сонымен қатар «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңымен, Еңбек 

Кодексімен және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен регламенттеледі.

Біздің ішкі заңдарымыз мүгедек жандарды, оның ішінде психикалық және мінез-құлық 

ауытқушылықтары бар адамдардың денсаулыққа және әлеуметтік қорғауға деген құқығын 

заңмен толық қамтамасыз ететін болып көрінеді. Дегенмен, мәселеге тереңірек  үңілсек. 

Мүгедектердің  құқықтары  туралы  Конвенция  (МҚК)  ең  бастысы  мүгедектердің 

құқықтарының  қорғалуы  мен  бостандықтарының  сақталуындағы  тұжырымдамалық 

өзгерістерді  көздейді,  әлеуметтік  қамсыздандыру  және  қайырымдылық  бұл  саясатты 

толықтырады. Мүгедектерге әлеуметтік, құқық қорғау тұрғысынан бағытталған көзқарас 

негізінен алғанда оларды өмірден шеттетуден қорғауға және оларды қоғамдық өмірге 

қосуға бағытталған шараларды қамтиды. 

Осылайша, МҚК барша мүгедектердің барлық адами құқықтары мен негізгі бостандықтарын 

толық қамтамасыз етуді және тең жүзеге асыруды, ынталандыруды, қорғауды, сондай-ақ 

қадір-қасиетін құрметтеуді мақсат етеді.

МҚК концепциясына сәйкес, мүгедектерге мына кісілер: өмір тосқауылдары жолында кез-

дескен кезде қоғам өміріне басқалармен бірдей тең дәрежеде қатыса алмайтын, тұрақты 

дене, психикалық, интеллектуалдық немесе сенсорлық кемістігі бар тұлғалар жатады. 

Мүгедек адамдар арасында психикалық және мінез-құлық ауытқушылықтары бар адам-

дар ерекше орын алады. Психикалық аурулар ежелден мистикалық қорқынышпен, естен 

танумен, қиялдармен, әртүрлі сенім-нанымдармен ерекшеленеді. Өкінішке орай, бүгінгі 21 

ғасырда, психикалық және менталдық проблемалары бар адамдарға қатысты қоғам тара-

пынан теріс стереотиптік көзқарас және шеттету мысалдары жиі кездеседі. Психикалық 

және  мінез-құлықтық  аурулардың  жүздеген  түрлерінің  болуына  қарамастан,  олардың 

абсолюттік көпшілігі сәтті емделеді немесе дұрыс терапия есебінен қалпына келтіріледі, 

кез келген адамның мінез-құлқы немесе реакциясы  шартты нормалардан ерекшеленсе, 

адамдар ондай кісілерге кеміс деген сөзді жапсыра салуға бейім. 

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының (ДДҰ) статистикасы бойынша,  әрбір 4-ші адам 

өмір  жолында  психикалық  проблемаларды  басынан  өткереді;  халықтың  10%  қандай 

да бір психикалық аурулардан зардап шегеді, ал 10 жыл өткеннен кейін бұл көрсеткіш 

15%-ға жетеді. Ал, бізде, Қазақстанда бұл көрсеткіш бүгінгі таңда 1,1% деңгейінде, бірақ 

бұл біз немесе біздің жақындарымыз біздің психикамызға байланысты бұл көмекке зәру 

емес деп айта аламыз ба? Менің ойымша, жоқ. Бұл факт, біздің психикалық және мен-




жүктеу 25,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау