Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы Алматы, 2017 жыл «Аман-Саулық»



жүктеу 25,93 Mb.
Pdf просмотр
бет30/30
Дата13.11.2018
өлшемі25,93 Mb.
#19108
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

82 

ТІРЕК КӨЗІ

   

Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы



ТУЫСТАРЫ МЕН ДОСТАРЫНА 

КӨМЕКТЕСЕТІН АЛТЫ КЕҢЕС

1.  

Жақын туысы немесе досы науқастың құқығын қорғап, соның мүддесінде әрекет етуі 



керек. Кейде науқас адамның оғаш жүріс-тұрысы мен әңгімелері жайында тек жақын 

адамдары ғана білуі мүмкін. Емделуші өзі жайлы осындай ақпаратты психиатрға өз 

еркімен бере алмайтындықтан, достары және туыстары әңгімені оқиғаның мән-жайы 

дәрігерге түсінікті болатындай құруы қажет.

2. 

Емделуші  стационардан  шығатын  кезде,  терапиялық  курстың  дәл  сақталуын 



мұқият қадағалау керек. Бұл өте маңызды. Науқас дәрі қабылдауды тоқтатып, емді 

жалғастырмауы  мүмкін,  бұл  дегеніңіз  ауру  белгілерінің  қайта  пайда  болуына  жиі 

әкеледі.

3.  


Жақыныңызды  эмоциялық  тұрғыда  қолдаңыз.  Ем  алу  барысында  оған дем  беріңіз, 

терапияның  маңыздылығына,  оны  жалғастыруға  көңдіріңіз.  Сіздің  қолдауыңыз  бен 

көмегіңіз науқастың қалпына келуіне оң әсерін тигізе алады. Ем қабылдаусыз кейбір 

шизофрениктердің дәрменсіз болатыны соншалық, олар өздерінің ұйқы, тамақ, киім 

және т.б. сияқты күнделікті қажеттіліктеріне қарекет жасай алмайды. Ауыр психикалық 

сырқаты бар адамдар өз өмірлерін көмек өте сирек берілетін көшеде немесе түрмеде 

аяқтауы мүмкін.

4.  


Шизофрениктің оғаш өтініштері мен пайымдауларын дұрыс қабылдай білуге дайын 

болыңыз. Шизофрениямен ауыратындармен жақын қарым-қатынаста болатын адам-

дар  көбінесе  олардың  ақылға  қонымсыз  әңгімелерін  қалай  қабылдауды  білмейді. 

Есте сақтаңыз, шизофрениямен ауыратындар үшін олардың елестері (галлюцинация) 

мен  сендіру-пайымдаулары  нағыз  шындық!  Оларға  жағынудың  қажеті  жоқ,  заттар 

басқаша көрініс беретінін және әлемді басқаша танитыңызды айтып, оған шындықты 

өзінше көру құқығын қалдырыңыз. Науқаспен дауласпау, оны күмәндандырмау аса 

маңызды. Науқас адам үшін оның қиялы шындық болып табылады, сондықтан оның 

түсінігін өзгертудің еш мәні жоқ. Бұның орнына әңгімені екауара бір-біріңізді толық 

түсінетін тақырыпқа аударыңыз.

5.  

Күнделік  жазып  отырыңыз.  Шизофрениямен  ауыратын  науқастың  жақын  адам-



дары үшін оның жағдайындағы барлық өзгерістерді: аурудың қай белгілері көрініс 

табады, уақыт өте олар қалай өзгереді, науқас қандай дәрілерді қабылдайды, қандай 

мөлшерлемеде және тиімділігі қандай және т.б. егжей-тегжей жазып отырған өте пай-

далы. Ауру белгілері қалай пайда болып, дамығанын біле отырып, отбасы мүшелері 

болашақта оларды не күтіп тұрғанын болжай алады.  

 

Туыстары  сондай-ақ,  ұйқының  бұзылуы,  мінезінің  тұйықталуы  және  т.б.  осы  секілді 



таяп қалған күйзеліс белгілерін науқастан гөрі ертерек білуі мүмкін. Осылайша, науқас 

жағдайының нашарлауы және психоздың асқынуы бастапқы кезде байқалуы мүмкін, 

ол  өз  кезегінде  күйзелістің  шыңдық  нүктеге  жетпей  дамуының  алдын  алуға  және 

шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.  




ТУЫСТАРЫ МЕН ДОСТАРЫНА КӨМЕКТЕСЕТІН АЛТЫ КЕҢЕС

 

83



 

Одан бөлек, науқасқа қандай дәрілердің көмектесіп, қандайының жанама әсері бар 

екені жайлы нақты ақпаратқа ие бола отырып, туыстары дәрігерге медициналық ара-

ласу бағдарламасын түзету тұрғысынан көмектесе алады.

6.  

Науқасқа ағымдағы сәттегі қарапайым және қол жетімді өмірлік мақсаттарын табуға 



көмектесіңіз. Бұл мәселеде жақындарынан артық ешкім көмектесе алмайды.

 

Науқасты  емдеуден  бөлек,  оның  шығармашылық  және  әлеуметтік  белсенділігінің 



оралуы ерекше мәнге ие және жақындары оның алдына шынайы мақсаттарды қоя 

отырып, соған қол жеткізуге ықпал ете алады. Науқасты мақұлдау және қолдау өте 

маңызды  және  оның  бәсеңкі  көңіл-күйін  туғызып,  жалпы  жағдайын  нашарлатуға 

ықпал  ететін  сыннан  бас  тарту да  аса  маңызды.  Өмірге деген  оң  көзқарас  сыннан 

гөрі әлдеқайда пайдалырақ. Психикалық ауытқушылықтарға душар адамдармен ісі 

барлардың бәріне осыны ұмытпаған жөн.



Автор: Брайан Смит Аударма: Ирина Гончарова Редактор: Марина Лелюхина 

Оригинал: http://psychcentral.com/lib/helpful-hints-about-schizophrenia-for-family-members-and-

others/000706  

Фейсбуктегі біздің топ: https://www.facebook.com/specialtranslations  

В Контактедегі біздің паблик: https://vk.com/public57544087


84 

ТІРЕК КӨЗІ

   

Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы



АУРУДЫҢ АСҚЫНУЫ КЕЗЕҢІНДЕ 

ТУЫСЫҢЫЗБЕН ҚАЛАЙ ҚАРЫМ-

ҚАТЫНАС ҚҰРУ КЕРЕК

(«Ерекше аудармалар» құрамына ұсынылған материалға алғыс, сайт www.specialtranslations.ru)

Келесі ұсыныстар Огайо штаты, Гамильтон округының Психикалық бұзылысы бар науқастарға 

көмек ассоциациясының бөлімшесі ұсынып отыр. Олар жақын адамдарға науқастың асқынған 

жағдайымен күресте жеңіп шығуына көмектесулері қажет. Алайда, әрбір адамның дара екенін 

және бұл кеңестердің барлық науқастарға бірдей қолданыла бермейтінін атап кету керек.

Кейбір іс-әрекеттер сізге ұстаманың шиеленісін азайтуға немесе оны толығымен болдырмауға 

көмектеседі. Сіз үдеп келе жатқан психикалық шиеленісті тоқтатып, науқас туысыңызға ол 

мұқтаж болып тұрған қорғаныс пен қолдауды дереу қамтамасыз етуіңіз қажет. Есте сақтаңыз: 

егер сіз жұмсақ сөйлеп, қарапайым қысқа сөйлемдерді қолдансаңыз, оқиға әрдайым қолайлы 

өрбиді.


Адамның  өз  ойын,  сезімін  және  іс-әрекеттерін  толығымен  кенеттен  бақылай  алмай  қалуы 

сирек  болады.  Ескерту  белгілері,  анығында:  ұйқысыздық,  белгілі  бір  қызметті  атқаруға 

алаңдаушылық,  күдікшілдік,  кенеттен  ашулану,  көңіл-күйдің  ауытқулары  және  т.б.  болады. 

Осы бір ерте кезеңдерде өткір күйзелістің алдын алуға болады. Егер адам дәрі қабылдауды 

тоқтатса,  оның  дәрігерге  баруы  туралы  ой  тастауыңыз  керек.  Оның  жағдайы  нашарлаған 

сайын, ойлаған ойыңызға қол жеткізу ықтималдығы да азаяды. Егер қорықсаңыз, бірден шара 

қолданыңыз.

Сіздің негізгі міндетіңіз 

– пациенттің өзін-өзі бақылай білуін қалпына келтіруге көмектесу. 

Оны  қобалжытпауға  тырысыңыз.  Егер  ол  өз  жағдайының  өзгерісін  түсінсе,  өз  ойлары  мен 

сезімдерін  бақылауды  жоғалтудың  мүмкін  екендігінен  қатты  қорқып  жүрген  шығар.  Ішкі 

«дауыстар» өмірі үшін қауіпті командалар беруі мүмкін, бәлкім туысыңыз терезелермен жыл-

жып келе жатқан жыландарды көріп, шамдардан хабарламалар естіп, бөлмеде улы буларды 

сезінетін шығар. Пациенттің бұрмаланған шындықта өмір сүретінін және өзінің елестеріне 

сәйкес әрекет ететінін қабылдаңыз. Мысалы, ол жыландарды өлтіру үшін терезені сындырғысы 

келуі мүмкін. Сабырлылық сақтағаныңыз аса маңызды. Егер сіз жалғыз болсаңыз, кәсіби көмек 

келгенше науқаспен жалғыз қалмас үшін, біреуге телефон соғыңыз.



Пациент  ауруханаға  жатқызыла  алады

.  Оның  дәрігерлермен  бірге  өз  еркімен  бару-

ына  көндіріңіз,  бірақ  жақпайтын  немесе  өктем  дауыс  ырғағымен  сөйлеуге  жол  бермеңіз.  

Қажеттілік жағдайында мәжбүрлі ем алу үшін шаралар қолданыңыз. Егер қажет деп санасаңыз 

полиция  шақырыңыз,  бірақ  кез  келген  қарумен  қол  сілтеуіне  тыйым  салыңыз.  Досыңызға 

немесе туысыңызға психикалық науқас екенін және оларды көмектесу үшін шақырғаныңызды 

түсіндіріңіз.  

Сес көрсетпеңіз. Бұл күш көрсету ойыны сияқты ұғылып, қорқынышты ұлғайтып, агрессияның 

тұтануына әкелуі мүмкін.



Аурудың асқынуы кезеңінде туысыңызбен қалай қарым-қатынас құру керек 

 

85



Айғайламаңыз.

 Егер адам сізді естімесе, ол оған бөгде «дауыстардың» кедергі келтіруінен 

болуы мүмкін.

Сын айтпаңыз.

 Бұл тек жағдайды қиындатпаса, ешқашан көмектеспейді.

Кімнің кінәлі екенін анықтаймын деп, жағдайдан шығар жол іздеу барысында, отбасыңыздың 

басқа да мүшелерімен жанжалдаспаңыз. Бұл өз көзқарасыңызды дәлелдейтін қолайлы уақыт 

емес.

Пациенттің қорқынышты нәрсе жасаймын деген қорқытуларына мән бермеңіз. Трагедияны 



болдырмас үшін, оларға жауап бермеңіз.

Пациенттің үстінен төнбеңіз:

 егер ол отырса, өзіңіз де жайғасыңыз.

Ұзақ уақыт байланыс жасау немесе жақындасудан сақ болыңыз.

Қатер төндірмесе және ақылға қонымды болса, оның өтініштерін орындаңыз. Бұл пациентке 

өзінің бақылауда екенін сезіну мүмкіндігін береді.

Есікті жаппаңыз.

 Бірақ пациент пен шығу жолы арасында тұрыңыз.

Нейробиологиялық бұзылудан зардап шегетін адаммен тұрсаңыз, сізге көмектесетін бірнеше 

кеңестер.

1.  

Асықпаңыз.

  Күйзелісті  жеңу  уақытты  талап  етеді.  Оқиғаларды  асықтырмаңыз, 

олардың табиғи жүрісін шапшаңдатпаңыз. Кідіріс жасап, демалыңыз.

2.  


Оқиғаны  ушықтырмаңыз.

  Салқынқандылық  сақтаңыз.  Энтузиазм  –  бұл  жақсы. 

Бірақ оны тұншықтырған жақсырақ. Дауласу – бұл қалыпты. Алайда, дауласу сезіміне 

берілмеңіз.

3.  

Жақын адамыңызды уақытша жайына қалдырыңыз

, оған өзімен-өзі болып, қарым-

қатынастан демалуына мұрсат беріңіз. Үзілістер кез келген адам үшін өте маңызды. 

Қарым-қатынасты мүлде тоқтату міндетті емес. Сіз оған бірдеңе ұсына аласыз – бұл 

қалыпты жағдай. Бірақ егер ол бас тартса, онда тұрған ештеңе жоқ.

4.  


Шекара  мен  ережелер  орнатыңыз

.  Әрбір  адам  оны  біліп,  сақтауы  тиіс.  Бірнеше 

жақсы ережелер оқиғаны бақылауда ұстауға көмектеседі.  

5.  


Өзгерте алмайтын нәрсеңізді бақылауға тырыспаңыз.

 Бірақ күш көрсетудің көрініс 

табуына ешқашан итермелемеңіз!

6.  


Жағдайды ушықтырмаңыз.

 Айтар ойыңызды нақты, сабырлы және позитивті түрде 

жеткізіңіз.

7.  


Дәрігер  кеңесінің  орындалуын  қадағалаңыз. 

Медикаменттер  дәрігердің 

тағайындаған мөлшерлемесі бойынша ғана қабылдануы керек.

8.  


Өзіңіздің  әдеттегі  қоғамдық  және  іскери  өміріңізді  жалғастырыңыз. 

Кәдімгі 


отбасылық тәртібіңізді мүмкіндігінше тез қалпына келтіріңіз. Отбасылық және достық 

байланыстарды сақтаңыз. Демалыс алыңыз. 

9.  

Ешқандай наркотик немесе алкогольге жол бермеңіз.

 Олар белгілерді күшейтеді.

10.  

Күйзелістің  жақындап  қалған  алғашқы  белгілерін  аңғарыңыз.

  Көңіл-күйдің 

өзгерістерін, үдемелі ашушаңдық және т.б. қадағалаңыз.



86 

ТІРЕК КӨЗІ

   

Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы



11.  

Проблемаларды  бірте-бірте  шешіңіз.

  Нақты  мақсатты  таңдап,  басқаларына 

алаңдамай, тек сонымен жұмыс жасаңыз.

12. 


Өз  үміттеріңізді  қандай  да  бір  уақытқа  бәсеңдеткеніңіз  жақсы  болады.

  Жеке 


табыстарыңызды  қадағалаңыз.  Өткен  жыл  мен  келер  жылдың  мәліметтерін 

салыстырғанша, осы ай және өткен айдың кішігірім жетістіктерін салыстырып отырған 

жақсы.

Қайталануды (рецидив) қалай болдырмау керек 

Науқасты қажетті қолдаумен қамтамасыз етіп, күйзелістен қорғайтын, нақты құрылымданған 

қоршаған  ортаны  қамтамасыз  етіңіз.  Бәрі  білуі  тиіс  және  соған  бағынатын  жүріс-тұрыстың 

нақты  нормаларын  белгілеңіз. Туысыңызға  нақты  міндеттер  беріңіз,  бірақ  одан  көп  нәрсе 

күтпеңіз. Күтуді, сондай-ақ девианттық мінез-құлыққа ақылға қонымды шеңберде шыдауға 

үйреніңіз. Күннің белгіленген кестесін, кез-келген үй оқиғалары үшін  тұрақты кестесі бар, 

күнделікті қайталанатын жұмыстарды белгілеңіз.

Үй ахуалын мүмкіндігінше тыныштықта ұстаңыз. Отбасының әрбір мүшесі айтқысы келетін 

сөзді  өз  атынан  сөйлеуі  тиіс.  Басқа  біреудің  ойы  мен  сезімін  топшылаудың  қажеті  жоқ. 

Отбасының  әрбір  мүшесі  басқа  да  туыстармен  жеке  қарым-қатынаста  болсын.  Ағаның 

(інінің)  әпкеге  (сіңіліге)  бір  нәрсе  айтуын  өтіңбеңіз.  Оны  өзіңіз  істеңіз.  Осы  қағиданы  өз 

жақындарыңыздың есіне салып отырыңыз. 

Эмоциялық  қашықтықты  сақтауға  тырысыңыз,  туысыңызды  үнемі  бақылауға  ұмтылмаңыз. 

Ол үйде өз бетінше жүрсін. Сын және асыра мақтауды барынша азайтыңыз. Жалықтырғыш 

болмаңыз,  ол  үшін  ойлап,  сөйлеуге  тырыспаңыз,  «Осындай  жұмыс  сенің  жаныңа  жақын» 

немесе «Осы саған міндетті түрде ұнайды» деген сияқты сөздерді айтпаңыз. Бейбіт, тыныш 

және қауіпсіз кезеңдерді күтудегі рахатқа бөленіңіз. Назарыңызды ұсақ-түйекке аудармай, 

туысыңыздың мінез-құлқына тілектестік немқұрайлылықпен қараңыз.  

Жауластық  немесе  оғаш  мінез-құлыққа  шектеу  қойыңыз.  Егер  науқасқа девианттық  мінез-

құлық немесе сандыраққа мүлде жол берілмейтінін ақырын, эмоциялық тұрғыда емес етіп 

айтсаңыз, ондай нәрселер қысқарады. Егер туысыңыз адамдар өзіне зиянын тигізгісі келеді 

деген  секілді  параноидальды  идеяларға  бағынышты  болса,  онымен  дауласпаңыз.  Оның 

орнына өкінішті екенін айтып, аяушылық танытыңыз.  Егер агрессивті мінез-құлқы жалғаса  

беретін болса, оның салдары туралы барынша сабырмен ойлаңыз.

Емделу  және  ынталандыру  мүмкіндігін  қамтамасыз  етіңіз.  Аурудың  қайтуы  немесе  үдеу 

белгілерін  көрсететін  сигналдарды  тануды  үйреніңіз.  Ем  жүргізетін  дәрігерлерді  науқас 

жағдайының  кез  келген  өзгерістері  жайлы  хабардар  етіп  отырыңыз.  Күйзелісті  емес 

жағдайларда  ынталандыруды  қамтамасыз  етіңіз.  Егер  туысыңыз  қызығушылық  танытып, 

өзін-өзі жақсы бақыласа, қыдыру, қонаққа бару, ел алдына шығу сияқты нәрселер көмектесе 

алады. Оны тек қателер және сынамалар әдісімен анықтауға болады. Отбасыларға қол жетімді 

әлеуметтік бағдарламалар қөмектесе алады. Олар жайында көбірек біліңіз, жақындарыңызға 

көмектесудің кез-келген мүмкіндігін пайдаланыңыз, оларды жақтап, құқықтарын қорғаңыз. 

Іс-әрекеттеріңіз  қаншалықты  белсенді  болса,  жақындарыңыз  соғұрлым  жақсы  күтімге  ие 

болады, сол арқылы олардың жағдайы да тұрақты болады. 




Аурудың асқынуы кезеңінде туысыңызбен қалай қарым-қатынас құру керек 

 

87



Өздеріңізді  күтіңіз.  Отбасы  өздеріне  қамқор  болуға  міндетті.  Өз  эмоцияларыңыз  туралы 

басқа  адамдармен  бөлісіңіз.  Қолдау  топтарына  қосылыңыз.  Отбасынан  тыс  әлеуметтік 

байланыстарыңызды  кеңейтіңіз.  Туғандарыңыздың  тек  науқастың  мүдделерімен  ғана  өмір 

сүрмей, өз қажеттіліктерін де ұмытпауларына көз жеткізіңіз.  

Есте  сақтаңыз:  болашақ  бұлдыр,  осы  шақпен  өмір  сүріңіз.  Тез  нәтижелерді  күтпеңіз. 

Туысыңыздан көзге көрінетін оң нәтижелерді күте отырып қысым көрсетпеңіз. Шынайы тәсіл 

мен жақсыға деген сенім арасында ақылға қонымды балансты ұстаныңыз.

Қалай араласу керек?

Шизофрениямен  ауыратын  адамдармен  тиімді  қарым-қатынас  жасау  (коммуникация)  өте 

маңызды,  өйткені  олар  сыртқы  ортаның  әсеріне  жеңіл  шалдыққыш  болады.  Алдын  ала 

ойласқан қатынасу пациенттер мен олардың отбасыларының мүшелеріне күнделікті пробле-

маларды шешу қабілеттігіне біршама ықпал етеді.

Тиімді  қарым-қатынас  туысыңызбен  не  жайлы,  қалай  және  қашан  сөйлесу  керектігін 

түсінетіндігіңізді болжайды.

Әңгімені қашан бастаған жөн?

Ашуланған немесе қапаланған болсаңыз, маңызды мәселелерді талқыламаңыз. Ондай сәттерде 

айқын  ойлау,  мұқият  тыңдау  және  конструктивтік  шешімдер  қабылдау  қиын. Туысыңызбен 

әңгіме бастамас бұрын, өзіңізді сабырға шақырып тынышталуыңыз керек.



Нені талқылау қажет?

Шизофрения  бұл  күрделі  ауру,  ол  тек  пациентке  ғана  емес,  сонымен 

бірге  оның  айналасындағы  адамдарға  да  залалын  тигізеді.  Сондықтан 

олардың бірлескен өмірлерінде талқылауды, кейіннен соған байланысты 

мәселелерді шешуді қажет ететін проблемалық кезеңдер көп.  Барлық 

бағыттар бойынша бір мезгілде жүргізілетін жұмыстар тиімсіз және 

туысыңызды  абыржытып  жіберуі  мүмкін.  Ең  жақсысы  –  өзгерткіңіз 

келген  нақты  бір  проблема  немесе  мінез-құлықты  таңдау.  Мысалы, 

оған:  «Джон,  кешкі  тоғыздан  кейін  радионы  мұндай  қатты  дауыста 

тыңдамашы, өтінемін» деп айтыңыз. «Джон, түн сенің кесіріңнен шуға 

толы» деп айтуға болмайды.

Ақпарат көзі:  http://www.schizophrenia.com/family/60tip.html  

аударма: Ирина Гончарова  

Редактор: Анна Нуруллина  

фейсбуктегі біздің топ:  https://www.facebook.com/specialtranslations 

вконтактедегі біздің паблик: https://vk.com/public57544087


88 

ТІРЕК КӨЗІ

   

Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы



«Аман-саулық» ҚҚ денсаулық сақтау және әлеуметтік 

қорғау саласында жұмыс істейтін құқыққорғаушы ұйым 

болып  табылады.  Біздің  назарымыздың  негізінде 

–  денсаулыққа  деген  құқық,  қазақстандықтардың 

әлеуметтік стандарттары және өмір сапасы, алдыңғы 

кезекте, зейнеткерлер, соғыс және еңбек ардагерлері, 

ерекше  қажеттілігі  бар  адамдар,  жағдайы  нашарлар, 

жұмыссыздар,  көпбалалылар,  бас  бостандығынан 

айрылғандар,  адамның  иммунодефицит  вирусымен 

өмір сүретіндер, дәстүрлі емес сексуалдық ұстанымдағы 

адамдар  сияқты  тұрғындардың  әлеуметтік  осал 

топтары  үшін  медициналық-әлеуметтік  қызметтердің 

қолжетімділігі.  2008  жылдың  қаңтар  айынан  бастап 

«Аман-саулық» ҚҚ қарасты, медициналық тегін көмектің 

кепілденген көлемінің сапасы мен қолжетімділігі сауал-

дары бойынша тұрғындардан үндеу қабылдап тұратын 

тегін  телефондық  «Шұғыл  желі»  жұмыс  істейді.  Егер 

де  Сізде  немесе  жақындарыңызда  денсаулыққа 

деген  құқықты  жүзеге  асыру  барысында,  сол  сияқты 

медициналық-әлеуметтік  қызметтердің  сапасы  мен 

қолжетімділігі бойынша сауалдарыңыз болса:



Бұл басылым Сорос-Қазақстан Қорының қаржылық қолдауымен 

дайындалды.  Осы  шығарылымның  мазмұны  автор(лар)дың 

көзқарасын  көрсетеді,  ал  оның  Сорос-Қазақстан  Қорының 

көзқарасымен сәйкес болуы міндетті емес.



БІЗГЕ КЕЛІҢІЗДЕР, ҚОҢЫРАУ ШАЛЫҢЫЗДАР

ЖАЗЫҢЫЗДАР

ҚҚ «АМАН-САУЛЫҚ»:

Мекен-жайы:   

050013, Алматы қ., ул. Байтұрсынов к-сі, 145  

Габдуллин кәшесінің, каб. 110, 112.

Тел/Факс:  

 

8 (727) 292-04-85



Телефондың «Шуғыл желі»:

 

8 (727) 220-71-87, 8-707-137-61-84 



E-mail:

    


 

amansaulyk@mail.ru 



On-line консультация:

  

www.amansaulyk.kz

Күнделікті 

сағат 09:00 дан 16:00

 

дейін демалыс және мейрам күндерінен басқа



Document Outline

  • МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ
  • ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫ: ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ АДАМНЫҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТІ
  • ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ
    • Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша мүгедектік деген не?
    • Қазақстан Республикасындағы психикалық денсаулық қызметін реформалау туралы қысқаша қпарат
    • Пайда болу себептері, психикалық бұзылыстары бар адамдарды емдеу және оңалтудың ерекшеліктері жайлы талқылайды 
    • Психикалық бұзылыстар туралы жалпы мәліметтер
    • «Менің ұлым - өмірдегі басты ұстазым» 
  • ЕСКІ ЖҮЙЕГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ЖАСАУДЫ ДОҒАРЫҢЫЗДАР
    • «Мемлекеттің қамқорындағы және «қабілетсіз» статусына ие тұлғаларға қатысты заңнама қайта қаралуы тиіс»
  • КЕҢЕС» ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУ ЖӘНЕ ЕҢБЕКПЕН ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ»
  • ӨМІРДІ ЖАҚСЫЛЫҚ АРҚЫЛЫ ӨЗГЕРТЕМІЗ
    • «Мен ешқашанда өз ұлым үшін ұялмаймын!»
    • «Мен емес қой мұндай болған. Олар сондай. Біз барлығымыз әртүрліміз»
  • ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ БҰЗЫЛУЫ ЖАЙЛЫ ЖАҚЫНДАРЫНА ҚАЛАЙ АЙТУҒА БОЛАДЫ
  • ШИЗОФРЕНИЯСЫ БАР ЖОҒАРЫФУНКЦИОНАЛДЫ АДАМНЫҢ КҮНДЕЛІГІ.
  • ТУЫСТАРЫ МЕН ДОСТАРЫНА КӨМЕКТЕСЕТІН АЛТЫ КЕҢЕС
  • АУРУДЫҢ АСҚЫНУЫ КЕЗЕҢІНДЕ ТУЫСЫҢЫЗБЕН ҚАЛАЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ҚҰРУ КЕРЕК

жүктеу 25,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау