Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы Алматы, 2017 жыл «Аман-Саулық»



жүктеу 25,93 Mb.
Pdf просмотр
бет20/30
Дата13.11.2018
өлшемі25,93 Mb.
#19108
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30

Біздің әріптестеріміз 

 

51



Мысал  ретінде  –  қабілеттілігін  қайтарған  бірінші  қыз  күйеуге  тиіп,  қыз  тауып,  бақытты 

отбасылық өмір кешіп жатыр.

Егер біздің жоба болмаса, ол әлі күнге дейін психикалық сақталынған сырқаты бар науқастарға 

арналған интернаттың қамқорында жүрер еді.



 

► Сұрақ: 



Арнайы әлеуметтік мекемелердің тәрбиеленушілері құқықтық 

көмекке және қорғауға қаншалықты зәру келеді?

Қ.Кужагариева 

Процестерге дайындық барысында, тәрбиеленушілермен әңгімелесу бары-

сында, біз әрине олардың құқықтарының бұзылған фактілерін анықтадық. Мысалы, көптеген 

жастар өздерінің «қабілетсіздік» статустарының барлығын тек бірнеше жылдар өткен соң ғана 

білген,  яғни,  олар  сол  сот  отырыстарына  қатыспаған,  олардың  мүдделерін  қамқоршылары 

қорғаған.

Кейбір тәрбиеленушіледің диагноздары күмән туғызады, алайда, мен дәрігер емеспін, ол бой-

ынша таласа алмаймын. Сондықтан да, біз заңды жолдарды таңдап, сол арқылы жүрдік, негізгі 

диагноз  бойынша  талас  тудырмай  және  денсаулық  жағдайының  анағұрлым  жақсарғаны 

туралы айттық.

Неліктен    осы  адамдардың  мүддесін  қорғайтын  және  олардың  жағдайын  ойлайтын 

жабық  мекемелердің  тәрбиешілері  және  басшылары,  қамқоршы  орган  өкілдері  өздерінің 

қамқорлығындағы  адамдардың  құқықтарын  қалпына  келтіру  мәселесін  осы  күнге  дейін 

көтермеген?

Өмір бойы жабық мекемеде болған балаларға әрине құқықтық қолдау көрсету қажет болады. 

Олар әлі дәрменсіз, және де олар бейімделу кезеңінен, әлеуметтік және жетектік қолдаудан 

өтулері керек.

 

► Сұрақ: 



Қазір сіздер Алматы қаласының басқа да интернаттардың 

тәрбиеленушілеріне қабілеттілік статусын қайтару бойынша 

жұмыстарды жалғастырып келесіз, заңгерлер, құқық қорғаушылар, 

адвокаттар сізден үлгі алып, сіздің жолыңызға түсіп жүрсе. 

Бұл қазақстандық соттарда арнайы әлеуметтік мекемелердегі 

тәрбиеленушілерге «қабілеттілік» статусын алып беру бойынша 

толқынды тудырмайды ма екен?

Мен  оған  тек  қана  қуанар  едім.  Алайда,  адамдардың  арнайы  әлеуметтік  мекемелерден 

«шығарылуы»,  «қабілеттілікті»  қайтаруы  заңға  сәйкес  жүзеге  асырылуы  тиіс  және  мемле-

кет  тарапынан  нақты  әлеуметтік  қолдау  табуы  тиіс.  Мемлекеттік  әлеуметтік  қолдау  әзірге 

жеткіліксіз - өзімен-өзі немесе жетекшінің көмегімен тұратын жерлері жоқ, жеке көмекші-

ассистенттер  жүйесі  жұмыс  істемейді,  шағын  сыйымдылықты  үйлерді  енгізу  баяу  жүруде. 

Көптеген қамқоршылықта жүргендер интернат қабырғасында қалуда, себебі, қабілетті бола 

тұра олардың жергілікті тіркелулері жоқ.



 

► Сұрақ: 



Сіз қалай ойлайсыз, бұл процесс қанша уақытқа созылады? 

Қазір арнайы әлеуметтік мекемелердің қабырғасында жүргендердің 

барынша жеке өмір сүру мүмкіндері бар ма?


52 

ТІРЕК КӨЗІ

   

Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы



Бүгінгі  күні  біздер  қоғамдық  ұйымдармен  бірлесе  отырып,  Алматы  қаласы  тұрғындарды 

әлеуметтік қорғау және қолдау басқармасы мен Сорос Қазақстан Қорының көмегі арқасында 

арнайы әлеуметтік мекемелердің тәрбиеленушілерін жеке өмірге жетелейтін жобаны жүзеге 

асырудамыз. Мен бұл процесті тоқтамайтын деп есептеймін, алайда, қайталап айтқым келеді, 

ол сапалы құқықтық жетекшілік етуді және осындай адамдардың тағдыры туралы әрі қарай 

мемлекет тарапынан қамқорлық көрсетуді қажет етеді. Жетекке алып тұру үшін интернаттан 

«шығарылған» балалар, қайтадан сол жерге оралуы мүмкін - ертең жобаның қаражаты таусы-

лады, ал бұл мақсаттағы мемлекеттік қаражат жеткілікті дәрежеде бөлінбейді, инфрақұрылым 

жасалынбаған,  стандарттар  дайындалмаған.  Біз  Қазақстанда  жабық  мекемелердің  бол-

мауы үшін қолдан келген барлық мүмкіндіктің бәрін пайдалануымыз керек. Бүгін ол жерде 

жүргендердің басым көпшілігі біздің қолдауымызға ие болып, қоғам ортасына оралатынына 

менің сенімім мол. Бүгін біздер екі қызға көмектестік, ертең олардың саны онға, жүзге жетеді. 

Мен  өзімнің  әріптестерім  заңгерлерді,  құқық  қорғаушыларды,  адвокаттарды  осы  жұмысқа 

қосылуға және адамдарға қоғамның толыққанды мүшесі болуға көмектесуге  шақырамын.




Біздің әріптестеріміз 

 

53



«КЕҢЕС» ӘЛЕУМЕТТІК 

БЕЙІМДЕУ ЖӘНЕ 

ЕҢБЕКПЕН ОҢАЛТУ 

ОРТАЛЫҒЫ»



Мүгедектердің қоғамдық бірлестігі «Кеңес» 

әлеуметтік бейімдеу және еңбекпен оңалту 

орталығы (әрі қарай – Орталық) Сулеева Майра 

Мағауияқызының және психиневрологиялық  

патологиялары бар мүгедек-балалардың ата-

аналарының ұсынысымен 1992 жылдың ақпан 

айында құрылған болатын.

25  жылдан  астам  уақыт  бұрын  ауыр  психоневрологиялық  патологиялары  бар  балалар 

өздерінің  пәтерлерінің  төрт  қабырғасында  отыруға  мәжбүр  болатын,  ал  ата-аналардың 

оларды  медициналық-әлеуметтік  мекемеге  тапсырудан  басқа  амалы  қалмайтын,  бұл 

дегеніміз,  балалар  ата-аналары  бола  тұра  тірі  жетім  болатын.  «Кеңес»  Орталығы  күндізгі 

уақытта  балаларға  қамқор  болуды,  оқытуды  және  тәрбиелеуді  өз  мойнына  алды,  ата-

аналар  азаматтық  қоғам  тарапынан  қамқорлықты  және  ерекше  балаларды  тәрбиелеуге 

берілген көмекті сезіне алды, ал балалар болса – туғандары мен жақындарынан алыстамады.

Орталықтың  табысты  практикалық  еңбегінің  арқасында  психоневрологиялық 

патологиялары  бар  балаларды  туылған  кезден  бастап  ересек  шаққа  дейін 

сүйемелдеудің  Авторлық  кешенді  моделін  құру  мүмкін  болды,  оның  ішінде:

• 

үй патронажы жағдайында, балаларды ерте бастан, туылғаннан 1,5 жасқа дейін оңалту 

бағытында, отбасыларға (ерекше балаларды тәрбиелеуші) кешенді сүйемелдеу көрсету;

• 

1,5 жастан 3 жасқа дейінгі мұқтаж балаларды күндізгі режимде болуына бейімдеу;



• 

күндізгі  режим  жағдайында  ерекше  білім  қажеттіліктеріне  ие  3  жастан  18  жасқа 

дейінгі  балаларда  әлеуметтік,  тұрмыстық,  еңбектік  дағдыны  қалыптастыру, 

сонымен  бірге  бейімделу  тәртібін  және  әлеуметтенуді  қалыптастыру;



• 

псхиневрологиялық  патологиялары  бар  18  жас  және  одан  жоғары 

тұлғаларда  тұрмыстық,  еңбектік  дағдыны    және  әлеуметтенуді  қалыптастыру;

• 

ерекше 


білім 

қажеттіліктеріне 

ие 



жастан 



7  жасқа  дейінгі  балаларды  «мектепке  дейінгі  инклюзия»  жобасы  аясына  тарту.


жүктеу 25,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау