Көкшетау қаласы. 2017 жыл. Мазмұны


Кіріспе XXI ғасыр мектеп кітапханашысының жұмысы



жүктеу 0,55 Mb.
бет2/3
Дата03.02.2020
өлшемі0,55 Mb.
#28084
1   2   3


Кіріспе


  1. XXI ғасыр мектеп кітапханашысының жұмысы.

Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан - дүниесі бай, білім мен біліктілігі жоғары, талап - талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу, жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, отансүйгіштік, тағы басқа қасиеттер болу керек.

Ол үшін жас ұрпаққа тәрбие беруде ар - ұят, адалдық, рухани, адамгершілік, ізгілік мәселелерін қатар қою қажет.

Қазіргі таңдағы жан - жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі - мектеп кітапханасы. Кітапханалар сол оқу орындарындағы білімге ұмтылатын жас ұрпақтың, сондай - ақ ұстаздардың табылар жері. Осы заманғы ақпарат құралдары дамыған, жаңа технологиялар заманында да кітап адамның ішкі дүниесіне, ой - өрісіне ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын, рухани азығы болып қала бермек. Бүгінгі оқушы ертеңгі ел маманының еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін артуы, олардың бойында ұлттық намыс, отаншылдық, адамгершілік қасиеттерінің ұлғая түсуі жолында кітапхана қызметкерлері - халқымыздың қилы тарихын, өнегелі әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрін, мәдени мұраларын, әдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін оқырмандарға кітап арқылы насихаттай білуі қажет.


  1. Ел Президентінің «Қазақстан - 2030» бағдарламасы

Ел Президентінің «Қазақстан - 2030» бағдарламасында «ХХІ ғасырда білімсіз мүмкін емес. Халықты салауатты да сауатты бағыттауымыз керек» деген сөздері бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма тәрізді. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден - бір рухани қазына ордасы – мектеп кітапханасының алар орны зор.

Ел Президентінің «ХХІ ғасырда білімсіз мүмкін емес. Халықты салауатты да сауатты бағыттауымыз керек» деген сөздері бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма тәрізді. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір рухани қазына ордасы – мектеп кітапханасының алар орны зор. Оқу процесін қажетті құжаттармен қамтамасыз етуге міндетті орын - оқу кітапханасы. Мектеп кітапханалары педагогтерге қызмет көрсете отырып, сонымен қатар сыныпқа арналған және сыныптан тыс қызмет көрсететін көпшілік кітапхана болып табылады. 1.


  1. Жоспары:

- Ақпараттық мәдениетінің деңгейін көтеру,оқырман ретінде дамуына

ықпал ету;

- Қызығушылығын аттыру;

- Ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру;

- Кітапхана қорын кітап көрмесі арқылы насихаттау;

- Электронды оқулықтарды пайдалану және меңгеру;

- Ақпарат көздерімен жұмыс жасай білу.




  1. XXI ғасыр мектеп кітапханашысының жұмысының барысы

Бүгінгі таңда мектеп кітапханасы өз заманының даму деңгейінде болып, мектептің өркендеуімен қалыптасуы, оның балалар мен жасөспірімдерге тәрбие беру мен оқытуда үлкен көмек беруі керек. Жасөспірімдермен жұмыс жасай отырып, кітапханаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру оларға кітаптар мен жұмыс жасай білуге үйрету - кітапхана қызметінің негізгі міндеттерінің бірі. Кітапхана қызметкерлері кітапханада және кітапханадан тыс көркем әдебиеттен бастап, баспа түріндегі немесе электрондық ақпараттар түрлеріндегі әртүрлі кітаптарды және ақпараттар көздерін пайдалануға көмектеседі. Себебі бүгінде білімнің қайнар көзі кітапханада.

Оқу процесін қажетті құжаттармен қамтамасыз етуге міндетті орын - оқу кітапханасы. Мектеп кітапханалары педагогтерге қызмет көрсете отырып, сонымен қатар сыныпқа арналған және сыныптан тыс қызмет көрсететін көпшілік кітапхана болып табылады

Кітапханашылар мен педагогтар алдында тұрған міндет – ХХІ ғасыр азаматтарына алуан түрлі ақпараттар ағымында жөн сілтеп, пайдалыларын өз игіліктеріне жұмсауға үйрету. Ақпараттық қоғам тіршілігіне әзірлеу. Қоғам өз кітапханашыларының мәнін әлі түсінбейді. Көпшілігі кітапхананы тек кітап сақтайтын, кітап беретін орын есебінде қарайды. Көпшілігі интернет қызметіне үйренген, олар электронды тасығыштарды, соның ішінде компакт - дискілерді, сақтау және ақпараттық жеткізу құралдарын қолдана біледі және кітапханаға білім мен жаңа технология үндескен қазіргі заман талабына сай мәдени орталық ретінде қарайды.



Мектеп кітапханасы – мектептің бір бөлігі. Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен,рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу, әрбір адамның келер шаңырағы – кітапхана. Бүгінгі таңда алда тұрған мақсат – білімді ұрпақ тәрбиелеу.Олай болса,біздің барлық іс - әрекетіміз, осы бағытта болу керек. Ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине кітаптан.Өйткені тәрбие мен білім – егіз ұғым десек, тәрбие мен білім берудің, жаңа жолын кітапханадан табамыз. Біздің ұсынып отырған кітапханалық сабағымыздың жылдық жоспарымен жұмыс дәптерінде оқушыларға кітап туралы,кітапты қалай пайдалану, кітапханадағы салалық әдебиеттерді қалай пайдалануға болатыны жайлы мәліметтер беріледі. Кітапханада-библиографиялық білім беру, оқу мәдениетін дамыту және ақпараттық сауаттылықты жетілдіру үшін жұмыстың әр түрлі формаларын пайдалануға болады. Мысалы: жеке және топтық кеңес, сыныптан тыс жұмыстар,кітапханаға экскурсия, сонымен бірге кітапханалық оқуларды атап айтуға болады. Кітапханалық оқу - оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мен балалардың ақпарат құралдарымен өздігінен жұмыс істеулеріне көмек беру- мектеп кітапханасының негізгі қызметтерінің бірі болып табылады.

Кітапханалық - библиографиялық ілімнің негізімен барлық мектеп жасындағы балаларды күнделікті жұмыс барысында жүйелі түрде,арнайы «кітапхана сабақтарында» таныстыру.

Кітапханалық сабақты өткізу барысында негізгі талаптардың сақталуына назар аударылады, олар:

Сабақтағы оқушыларға берілетін мағлұматтың көп болуына қарамай-ақ, жүйелі принципті болуы шарт. Олай болмаған күнде берілетін білім шашыраңқы болады:

жалғастырушылық принципі: - сабақ материалдарын түсіндіруде сатылай күрделендіру:


  • белгілі жас ерекшілігі мен мектептің негізгі бағытына сай болуы:

Ұсынылған материал мектеп кітапханашыларына кітапханалық сабақ өткізуге және оқушылардың ақпараттық мәдениетті болуына,сонымен бірге пән мұғалімдерімен кіріктірілген сабақтар өткізуге пайдалануға болады. Әр сабақтың үштағандығына сай болуы керек: білімділік, тәрбиелік, жетілдіру. Кітапханалық оқуларды өткізудің бірнеше түрлері бар. Көбіне оқулардың классикалық түрін пайдалануға болады. Оқырмандарға кітап, кітапхана туралы тереңірек мағлұматтар беріп, сауаттандыру.

«Кітап-рухани қазына» бағдарламасы оқушы оқырмандарға арналған. қушыларды кітаптың оқырманның қолына жеткенге дейінгі шығу тарихымен, кітапхананы пайдалану ережелерімен таныстыру. Оқушыларды кітап әлемімен танысып,кітапты дұрыс оқу мәдениетіне, пайдалануға және өздігінен кітап таңдай білуге қызығушылығын арттыру үшін маңызы зор. Өзектілігі багдарламаны игеу барысында оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту,олардың кітап оқуға деген қызығушылығын аттыру.алған білімдерін күнелікті қолдана білу. Қазіргі заман талабына сай оқушының жан-жақты болып қалыптасып, білімді жалғастыруға,практикалық тұрғыда пайдалануға мүмкіндік береді. Формалары,әдіс тәсілдері, жұппен,шағын топпен жұмыс,іскерлік ойындар, эссе жұмыстары, бағалау.Жаңашылдық дәрежесі қазіргі заманғы білімді меңгеру үшін оқушыға нәтижелі бағдарламаны тиімді оқыту. Басты бағыт оқырман оқушыға кітаптан алған білімінің өмір бойы азық болатынын түсіндіру.


  1. Мақсаты

Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру,кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын,ой-өрісінің дамуын,рухани байлығын, қызығушылығын арттыру.Оқушы оқырман баланың жан-жақты болуына жағдай жасау.Теорияны тәжірибемен ұштастыру.



Болжамы;

Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылыммен білімнің пайдасы меңгеріп шықса,ой-өрісі кемел қабілеті мол іскер білімді тұлға даярланады.



Объектісі:Оқушының танымдық іс-әрекеті.

Курыстың өту барысында оқушылар білу керек:бағдарлама негізінде кітап өмірлік серік екенін,жаңалықтарды өз бетімен меңгеріп,кітапхана ережесін сақтау.

Біліктілік:Оқушы оқырманның ойлау қабілеттерін,кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға,кітапты қадірлей білуге қалыптастыру.

Дағдылық: Өздігінен ізденуге қалыптастыру, танымдық қабілеттерін дамыту арқылы белсенділіктерін арттыру: ақпараттық мәдениетін көтеру.
6. Кітап көрмелер
Кітап көрмесі - белгілі бір мақсатта арнайы іріктеліп,жүйеленіп оқырмандардың оқып танысуы үшін ұсынылатын әдебиеттер жиынтығы.

Көрме - оқырманға ақпаратты жеткізу құралы. Көрме – жауапкершілігі мол шығармашылық жұмыс. Көрме кітапханашы мен оқырмандарды байланыстырады және өзіңе, айналаңа сүйіспеншілікпен қарауға үйретеді.

Көрмелер:



Стастусына қарай: - дербес немесе белгілі бір шараға байланысты ұйымдастырылады.

Мазмұнына қарай:- әмбебап (универсал),салалық көрмелер.

Қызмет ету уақытына қарай:-тұрақты,қысқа мерзімді,белгілі бір уақытқа қарай өз маңызын жоймайтын көрмелер туралы оқырман оқушыларға мәліметтер береді.







жүктеу 0,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау