Кодексті қалай пайдалану керек менің мыналарға қатысым бар: ашық талқылау бірге жұмыс атқару



жүктеу 0,87 Mb.
Pdf просмотр
бет9/15
Дата19.11.2018
өлшемі0,87 Mb.
#21457
түріКодекс
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

Жұмыс істеу әдебіміз

19

Коррупция болмайды деп сенеміз әрі L'ORÉAL РУХЫНА нұқсан келтірмейді. Біз жұмыс істейтін қауымдастықтарда коррупция 



зиян әрі компанияға нұқсан келтіреді. Коррупцияға біз жұмыс істейтін барлық елде тыйым салынған, әсіресе әлеуметтік орган 

өкілдері  қатыстырылған  елдерде.  "Жарна"  төленетін  коррупцияға  қатысты  нөлдік  рұқсат  саясаты  бар.  Бұлар  мәселелерді 

шешу  рұқсаттары  немесе  кедендегі  тауарларды  босату  сияқты  заңды  әрекеттерді  жылдамдатуға  немесе  қауіпсіз  етуге 

пайдаланылатын төлемдер болып табылады.

 

Біз мына әрекеттерді жасауымыз қажет:

+

  Біздің бизнес серіктестер мен делдалдарымыздың 



стандарттар туралы хабардар екендігін және коррупция 

қаупі үлкен елде біздің компанияны көрсету кезінде арнайы 

сыйластықпен қарағанын тексеру.

+

  Біздің коррупция саясатымызға сәйкес емес әрекетке 



тап болған жағдайда менеджерге, аумақ менеджеріне, 

я болмаса корпорация немесе аумақ ұжымына және топтың 

атқарушы комитетінің мүшесіне дереу хабарлау.

+

  Бопсалау немесе талпыныс жасалған бопсалау, яғни L'ORÉAL 



қызметкеріне зақым келтірмеу мақсатында ақша, құнды 

зат, қажетті құжатты талап жағдайында біздің коррупция 

саясатымызға сәйкес емес әрекетке шалдыққан жағдайда 

менеджерге, аумақ менеджеріне, я болмаса корпорация 

немесе аумақ ұжымына және топтың атқарушы комитетінің 

мүшесіне дереу хабарлау.



Біз мына әрекеттерді жасамауымыз қажет:

-

  Мемлекеттік органға, саяси тарапқа немесе саясаткерге, 



сауда ұйымына немесе сауда ұйымдарына қатысы бар 

тұлғаға арналған жарнамен немесе құнды затқа (сыйлықтар, 

ойын-сауық, т.б.) қоса ақша ұсыну, беру немесе уәде беру.

-

  Мемлекеттік органдардан, саяси тараптан немесе сауда 



ұйымынан L'ORÉAL компаниясына артықшылық алу 

мақсатында қайырымдылық немесе ұқсас ұйымға ақша 

немесе құнды зат (сыйлықтар, ойын-сауық, т.б.) ұсыну, 

беру немесе уәде беру.

-

  Компанияның заңды сақтау міндеттемесін орындамауға 



әкелетін басқа компания өкіліне немесе қызметкерге ақша 

немесе құнды зат (сыйлықтар, ойын-сауық, т.б.) ұсыну, 

беру немесе уәде беру.

-

  L'ORÉAL компаниясының заңды сақтау міндеттемесін 



орындамауға әкелетін немесе бизнес қатынасқа түсу 

мақсатында ақша немесе құнды зат (сыйлықтар, ойын-

сауық, т.б.) қабылдау немесе сұрау.

-

  Рұқсат етілмейтін немесе тікелей біздің тараптан рұқсат 



етілмейтін үшінші тараптарды ешқашан пайдаланбаңыз. 

Яғни кеңесшілерді, қосалқы мердігерлерді, агенттерді және 

бизнес серіктестерді таңдауда және бақылауда өте сақ 

болуымыз керек.



Этикалық па?

7.1. Шет мемлекеттен қажетті рұқсат алуға көмек ретінде 

жергілікті "кеңесшіні" жұмысқа алу керектігін айтқанмын. 

Бұл кеңесші үлкен төлем сұрап, "үдерісті алға жылжытуға 

көмектесу" үшін қаражатты пайдаланатынын айтты. 

Қаражаттың қандай жолмен жұмсалатынын білмегендіктен, 

ол туралы алаңдауымыз керек пе?

Иә. Егер белгілі бір агент дұрыс жұмыс істемейді деп ойласаңыз, 

дұрыс төлемдер жасалғаны анықталмайынша ешқандай төлем 

жасаудың қажеті жоқ.



7.2. Жаңа кеңсе салмақшымын және жергілікті органдар 

телефон желілерін орнатпас бұрын кішкентай қаржылай 

сыйлық сұрады. Осы төлемді жасауға бола ма?

Жоқ, егер төлем заңды орнату шығыны болмаса, оған 

төлемеу қажет.

7.3. Өнімдерімізді жаңа клиентке жеткізу үстіндемін. Осы 

клиентке жұмыс істейтін кеңесші осы клиент туралы құпия 

ақпаратпен қамтамасыз етуге көмектесе алатынын айтты.

Бұл ұсынысты қабылдамай, менеджерге хабарлау қажет. 

Сондай-ақ клиентке оларға тиесілі құпия ақпаратты үшінші 

тараптың сатқысы келетіндігі туралы ақпарды айту қажет.



 ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

 

"Коррупцияның алдын алу жолы" бөлімін оқыңыз.

Кіммен хабарласу керек:

 Егер парақорлық және жарна 

туралы күдігіңіз болса, ішіңізде сақтамаңыз. 

Менеджер, 

ішкі бақылау менеджері, қаржы директоры, заңды 

директор, сатып алу менеджері, кадр бөлімінің 

менеджері немесе этика тілшісімен сөйлесіңіз; олар 

сізге көмектесіп, қолдау көрсетуі мүмкін (сондай-ақ мына 

тарауларды оқыңыз: "Сыйлықтар және ойын-сауық" 

және "Менің мыналарға қатысым бар: Ашық талқылау" 

тарауын қараңыз).

ПАРАҚОРЛЫҚ 



ПЕН ЖЫЛДАМДАТУ ҚАРЖЫСЫ


20

Ақпарат  құнды  болып  саналады.  Ішкі  ақпаратты  тиісті  өкілеттіксіз  ашу құндылықты  жоғалтуға  әкеп  соғып,  L'ORÉAL 

компаниясына  зардап  шектіруі  мүмкін.  Ішкі  ақпаратты  компаниямыздың  ережелеріне  сай  қорғау  барлығымыздың 

парызымыз  болып  табылады.  Бизнес  серіктесіміз  туралы  құпия  ақпаратқа  рұқсаты  бар  тұлғаларға  да  сол  ақпаратты  ашу 

тиімді.

 

Біз мына әрекеттерді жасауымыз қажет:

+

  Ішкі ақпараттың ашылуын L'ORÉAL мүддесіне қызмет ететін 



"білуі қажет" тұлғалардың шеңберіне дейін шектеу.

+

  Компанияның ақпарат басқармасына қатысты ережелерімен 



таныс болып отыру.

+

  Қызметкер, тұтынушы және қамдаушыға қатысты жазулы 



және электронды түрдегі құпия жазбаларды қауіпсіз 

тұрғанын қадағалау.

+

  Ішкі ақпаратты L'ORÉAL компаниясынан тыс бөтен



тараптармен (атап айтқанда, отбасы мүшесімен немесе 

әлеуметтік желілерді пайдаланғанда) бөлісер алдында, 

айтуға құқылы заттарды тексеру.

Біз мына әрекеттерді жасамауымыз қажет:

-

  Ішкі ақпаратты сөйлесу естілетін немесе дерек бұрмалану 



мүмкіндігі болатын қоғамдық жерлерде талқылау немесе 

онымен жұмыс істеу.

-

  Алдыңғы жұмыс берушінің ішкі ақпаратын ашу.



-

  L'ORÉAL компаниясынан жұмыстан кеткенде кез келген ішкі 

ақпаратты (түпнұсқа материалдың барлық көшірмелерін 

қоса) сақтау.



Этикалық па?

8.1. Достарым әрдайым L'ORÉAL компаниясындағы 

жұмысым туралы сұрайды: оларды біздің өнімдерімізге 

не қосатынымыз және жуырда қандай өнімдер 

шығаратынымыз қызықтырады. Әрине, жұмыс бабымен 

мен көп сұрақтарына жауап беремін. Алайда қаншалықты 

айтуыма болады?

Көпшілікке белгісіз және сізге L'ORÉAL қызметкері ретінде 

қолжетімді кез келген ақпарат (жазулы, электронды, ауызша 

және кез келген түрдегі) ішкі болып саналады. Ондай ақпаратты, 

тіпті сенімді достарға болсын, айтуға болмайды. Бұл L'ORÉAL 

мүдделеріне зиянын тигізуі мүмкін.



8.2. Біз өмір сүріп жатқан сандық революция қоғамында 

байланыс оңтайлы және шексіз болып келеді. Бұл Этика 

кодексіміздегі құпиялық заңдарына қарқын береді.

Сандық әлемде құпиялықты қадағалау қиынға түсуде, бірақ 

бұл бәрінен де маңызды. Компанияның осыған қатысты, 

атап айтқанда, қоғамдық медиа ресурстарын және ақпарат 

пен байланыс технологияларын дұрыс пайдалану жөніндегі 

заңдармен таныс болу әркімнің міндеті.



8.3. Өткен күні ықтимал тұтынушымызды жиналысқа алып 

жүрдім. Жиналыс бөлмесіне бара жатқанда, әріптесімнің 

кеңсесінің жанынан өттік. Жақында мен тұтынушымен 

кездесу үшін конференц-залға өтіп бара жатып, бір 

қызметтесімнің тұтынушымен телефон арқылы даусын қатты 

шығарып баға беру шарттары туралы сөйлесіп жатқанын 

естідім. Оның абай болғаны жөн емес пе еді?

Біз жұмыс орнында ақпарат құпиялығын сақтау үшін 

қолымыздан келгенді жасауымыз керек: мысалы, "таза үстел" 

ережесін сақтап, файлдарды құлыптау, құпиясөздерді жиі 

ауыстыру және динамик арқылы сөйлескенде сақтық дағдысын 

жаттықтыру. Кімнің өтіп бара жатқанын біле бермейміз. Тіпті 

L'ORÉAL қызметкерлері арасында коммерцияға қатысты ақпарат 

тек "білуі қажет" ортада ғана белгілі болуы тиіс.



8.4. L'ORÉAL компаниясынан жақында ғана жұмыстан шыққан 

әріптесім үйінде ішкі ақпараты бар L'ORÉAL құжаттарының 

қалып қойғанын айтты. Оған қандай кеңес беруіме болады?

Ол құжаттар көшірме болса, оларды жою керек екенін 

айтқаныңыз жөн. Егер де түпнұсқа болса, ондай ақпаратты 

ұстауға өкілеттігі бар L'ORÉAL қызметкеріне беруі қажет. Дұрыс 

шаралардың қолданылуы үшін менеджеріңізбен сөйлесіңіз.

 ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

 

"Сатып алу жолымыз" атты қамдаушыларымызбен қарым-

қатынас жайлы тарауды және "Бәсекелесу жолымыз" атты 

бәсекелесушілеріміз бен тұтынушыларымызбен қарым-қатынас 

жайлы тарауды да оқуыңызды сұраймыз.

Кіммен хабарласу керек:

 Құпиялыққа қатысты күдігіңіз 

болса, ішіңізде сақтамаңыз. 

Менеджерге, кадр бөлімінің 

менеджеріне немесе этика тілшісіне айтыңыз

олар сізге көмек пен қолдау көрсете алады  

(сондай-ақ "Менің мыналарға қатысым бар: 

Ашық талқылау" тарауын қараңыз).

Бизнес ретінде

ҚҰПИЯ


АҚПАРАТ


жүктеу 0,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау