Жұмыс істеу әдебіміз
23
10.5. Біздің Тұтынушы бөлімінен өзі жайлы қандай жеке
ақпарат бар екенін және оның барлығын жоюға сұраныс
жасаған тұтынушыдан электронды хат келді. Оларды жоюым
міндетті ме?
Иә. Біз жеке дерегін маркетингтік мақсатта қолданғанымызды
қаламайтын тұтынушылардың сұранысын бағалауымыз керек
және тізімдерімізді әрдайым жаңартып отыруымыз қажет.
Кейбір мемлекеттерде жеке ақпаратын пайдаланғанды
қаламайтын тұтынушылар тіркелетін арнайы тізім болады.
Осы тұтынушыға ең тиімді жауап беру үшін Заң бойынша
директормен хабарласыңыз.
10.6. Бір әріптесіме туған күн сыйлығын үйіне жібергім келеді.
Кадр бөлімінен оның мекенжайын сұрап едім, олар маған
"бұл оның жеке құқығын бұзу" деп, бере алмайтындарын
айтты. Бұл артық кету емес пе?
Кадр бөлімінің жауабы толығымен орынды. Барлық қызметкер
жайындағы дерек қатаң құпия сақталуы керек. Олар ережені
бұза алмайды.
10.7. Бір әріптесімнің кадр бөлімімен басқа бір әріптесім
жайлы сөйлесіп жатқанын және оның ауыр дертке
шалдыққаны туралы айтқанын естідім. Бос уақытымда ауыр
дертке шалдыққан адамдарға көмектесетін қайырымдылық
шараларында волонтерлікпен айналысамын. Менің көмегім
бола ма екенін білгім келген еді. Әріптесіммен тікелей
хабарлассам бола ма, әлде алдымен менеджеріммен
сөйлесуім керек пе?
Жоқ. Әріптесіңізбен тікелей емес, тек кадр бөлімі арқылы
хабарласыңыз. Орынды болса, әріптесіңізге өздері хабарын
береді. Әріптесіңіздің құпиялылығын сыйлап, білген
ақпаратыңызды ешкімге айтпағаныңыз жөн.
Кіммен хабарласу керек:
Жеке дерек жайлы күмәніңіз
болса, ішіңізде сақтамаңыз.
Менеджерге, заңды
директорға, кадр бөлімінің менеджеріне немесе этика
тілшісіне айтыңыз; олар сізге көмек пен қолдау көрсете
алады (сондай-ақ "Менің мыналарға қатысым бар:
Ашық талқылау" тарауын қараңыз).
24
Біз мына әрекеттерді жасауымыз қажет:
+
Компания акцияларын сыйлап және қорғап,
жоғалмағанына, зақымдалмағанына, бұрыс
пайдаланылмағанына, зая кетпегеніне, басқаларға қарызға
берілмегеніне, тасымалданбағанына, сатылып немесе
рұқсатсыз қайырымдылыққа берілмегеніне көз жеткізу.
+
Компанияның барлық акцияларының және құжаттарының
L'ORÉAL компаниясына тиесілі екенін анықтау.
Біз мына әрекеттерді жасамауымыз қажет:
-
Компанияның акцияларын жеке мақсатта пайдалану.
Электронды пошта, телефон және интернет сияқты
байланыс құралдарын пайдалануды шектеулі пайдалану
күтпеген шығымға ұшыратпаса, жұмыс міндеттеріне нұқсан
келтірмесе орынды болып саналады.
-
Компьютер жүйелерін, қызметтік электронды пошта
тіркелгілерін және интернетті орынсыз пайдалану.
-
Бөтен тұлғаларға тиесілі (фотосуреттер, кинолар, мақалалар,
т.б.) акцияларды L'ORÉAL компаниясының пайдалануға
құқылы екеніне көз жеткізбестен пайдалану.
-
Контактілеріміздің тізіміне, қызметтік электронды мекенжай
кітабына әлеуметтік желілер (Facebook, LinkedIn, т.б.) арқылы
қатынауға рұқсат беру.
Этикалық па?
11.1. Тобымдағы бір адамның компания уақытында жеке
кеңес беру жұмысымен айналысып, бұл үшін компанияның
компьютері мен электронды поштасын пайдаланып
жатқанына күдігім бар. Осыны Ақпарат қызметтеріндегі
досыма хабарладым. Ол сол адамның электронды
поштасына қатынай алады. Ол маған мәселенің мән-жайын
анықтау үшін тыңшылық шарасын ұйымдастыруды ұсынды.
Бұл орынды ма?
Жоқ. Осы сияқты күдік туындаса, оны тікелей менеджеріңізбен
талқылағаныңыз жөн. Тәртіп бұзушылықты зерттеу
шараларында қызметкердің электронды пошталарына қатынау
туралы арнайы үдерістер болады. IT бөліміндегі досыңыздың
тіркелгілерге қатынау мүмкіндігі болса да, компанияның ресми
арналарының тиісті рұқсатынсыз қатынауға рұқсат жоқ.
11.2. Үйіміздегі принтер бұзылып қалып еді. Әйеліме шұғыл
түрде бір жұмыс орнына түйіндемесін жіберу керек болды.
Мен түйіндемені жұмыстағы компьютерден теріп, басып
шығаруыма бола ма?
Жұмыстан тыс уақытта жеке құжаттарыңызды теруіңізге болады.
Бірақ жұмыстағы міндеттемелеріңізге нұқсан келтірмеуі тиіс
және ол орынды, дәлелді себеппен болу керек.
11.3. Мен басқа бөлімдегі досымнан "бүгінгі күн қалжыңы"
атты электронды хаттарын әлі аламын. Кейбіреулері өте
күлкілі. Олардың кейбіреуін әріптестеріме жіберіп, дүйсенбі
таңертеңінде көңілдендіргім келеді. Бірақ менеджерім
қолдай ма оны білмеймін. Не істеуім керек? Оны тізімнен
шығарып тастайын ба?
Бұл "қалжыңдарды" ешкімге жібермегеніңіз жөн. Қалжыңды
барлығы бірдей түсіне бермейтінін ескеріңіз. Әсіресе, жеке
тұлғаларға деген сыйға келгенде, компанияның электронды
пошта және интернетке қатынау жүйелері L'ORÉAL РУХЫНА
сай келмейтін материалға қатынауға, сақтауға, жіберуге
немесе жариялауға пайдаланбау керектігін естен шығармаңыз.
Бұған порнография немесе бұзық суреттер, саяси, діни немесе
жынысқа байланысты кемсіту мазмұнды материал және де
қатыгездік, өшпенділік, жанжалдық тудыратын материалдар
қамтылады.
11.4. Мен біздің компанияның дүкенінде сатылатын
өнімдерді достарыма үстеме бағасыз сатамын ба?
Немесе оларды нарықтағы бағасымен сатамын ба?
Компанияның дүкенінде сатып алуға болатын өнімдер тек сіздің
және отбасыңыздың пайдалану аясымен шектелген және оны
мүлдем сатуға болмайды.
Кіммен хабарласу керек:
Компания ресурстарын
пайдалану жолына қатысты күдігіңіз болса, ішіңізде
сақтамаңыз.
Менеджеріңізбен, кадр бөлімінің
менеджерімен немесе этика тілшіңізбен сөйлесіңіз;
олар сізге көмек пен қолдау көрсете алады (сондай-ақ
"Менің мыналарға қатысым бар: Ашық талқылау"
тарауын қараңыз).
Бизнес ретінде
Компания ресурстары L'ORÉAL іскерлік мақсаттарына қол жеткізуге көмектесуге бағытталған. Қызметкер уақытымен қоса,
компанияның басқа да ресурстарының бұрыс пайдаланылуы немесе зая кетуі барлығымыздың жанымызға тиеді және
L'ORÉAL компаниясына жат әсер тигізіп, операциялық және қаржы әрекеттеріне нұқсан келтіреді.
КОМПАНИЯ
РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ