Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы



жүктеу 0,53 Mb.
бет75/203
Дата07.06.2020
өлшемі0,53 Mb.
#30874
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   203
Psikhologia negizderi-1

Науқасқа зиян келтірмеу
Отикалық нормалар (жүріс-тұрыс стандарты) бойынша қарастырылады.

Шындық- деген медицина бойынша киелі өтірік. Шындық дегеніміз ашық және шын көңілді болуды көрсетеді. Бірақ науқастың көңілі үшін толық шындықты айтпаса да болады. Сөз адамды тірілтеді, сөз адамды өлтіреді.

I. Приваттық - жеке емес, ресми жағдай. Бұл адам сүйгіштік жаққа бұрылуға болады деген сөз.

2. Конфидициальдық - дәрігер құпиясы.

3. Лояльдық - науқасқа кешірімділікпен қарау.

4. Компетенттік - дәрігердің білгірлігі.

Жазылмайтын аурулар туралы мәселе дискуссия тудырады. Ресейдің клиникалық медицинасының негізін қалаушы, профессор М.Я.Мудров «Жазылмайтын ауруды жеңеміз деу дәрігердің не білімсіздігі, не немқұрайлығы» деп санайды. Осы принципті ұстанған профессор М.Я.Мудровтың замандастары доктор Мольц пен проф. Арендт дуэльден кейін өліп бара жатқан Л.С. Пушкинге шындықты айтқан. Бірақ қазір дәрігерлердің көпшілігі жазылмайтын ауруы бар науқасқа таза шындықты айту гуманистік емес дейді. Науқасқа толық шындықты айту ауыр психикалықзақымдануға не қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Орыс дәрігері В.А.Манассеин (1881-1901жж):«Медициналық купия ешбір жағдайда да ашылмауы тиіс» - деп санайды. Орыстың ірі заңгері А.Ф. Кони: «Медициналық құпияны еске алыпотырып, бірақ кейбір жағдайда, мысалы қылмысты ашу кезінде біз жеке адам мен қоғам арасындағы байланыстыіздеуіміз керек» - дейді.



Медициналық этика мен деонтология психологиялы» дәрігерлік қызметтің өзекті, сонымен қатар күрделі мәселелерінің бірі. Деонтологиягректің «деонтос» - міндет, міндеттілік және «логос» - ғылым, зерттеу деген сөздерінен құралады. Этика гректің еtnоs - дағды, әдет деген сөзінен шыққан. Этиканыңзерттейтін объектісі мораль. Мораль - mores деген латын сөзінентуған (әдет-ғурып). Мораль - адамдар жүріс-тұрысын реттейтін қоғам санасының бір түрі.

Деонтология терминін алғашқы рет ағылшын философы Бентам (1743-1832ж.ж.) ұсынды. «Жанып тұрған май шам» деонтологияэмблемасы. Бұл модельді Голландия дәрігері Ван Тюльп ұсынды. Бұл символдың мағынасы: «Басқаларға көмек жасаған кезде өзіңжанып күйесің». Деонтология дәрігерлік әрекеттердің маңызын терең ашып, «психикалық асептиканың» және дәрігердің жоғарғыәдептілігінің принциптерін көрсетеді. Әдептілік бар жерде кәсіби топта кәсіби этика тарайды. Медициналық деонтология дәрігердің күнделікті қызметінде қажет этикалық, моральдық қасиеттерін, кәсіби міндетін атқару барысын сипаттайды. Деонтология принциптеріне сай күнделікті атқаратын жұмысынбұлжытпай орындайтын дәрігер ауру адамның, қоғамның,әріптестерінің, тіпті мемлекеттің жоғары сеніміне және құрметіне бөленетіні сөзсіз.

Дәрігердің негізгі міндеті ол ауру адамды науқасынан айықтыру, оның хал-жағдайын жақсарту, аурудан сақтап, оның алдын ала жолдарымен шұғылдану болып табылады. Міне, осы міндеттерді орындау барысында дәрігер мен ауру адамның арасында күрделі қарым-қатынас туады. Осы қарым-қатынастың дұрыс өзекке тусуі үшін дәрігер бойында көптеген жақсы қасиеттердің бәрін бір сөзбен сипаттасақ, мамандығына сәйкес жақсы «медициналық» мінез қалыптасуы керек. Жақсы «медициналық» мінезді қалыптастыратын қасиеттердің бірі ол ауру адамға барынша сүйіспеншілікпен ниет көрсетіп, дұрыс ықыласпенқарау. Гиппократ антында төмендегідей сөздер бар: «Емдеу жолында немесе ауру адаммен сұхбаттасқанда, оның науқасы немесе өміріндегі басқа жағдайлары туралы естіп білгенімді ешкімге жарияламаймын. Оны дәрігерлік құпия деп есептеймін».Дэрігерлік мамандықтың тағы бір ерекшелігі дәрігерлік құпияны сақтай білу. Дәрігерлік құпияны сақтау жақсы дәрігерді сипаттайтын қасиеттердің бірі. Қызмет барысында науқастың жан дүниесін түсініп, ауруының түрін анықтау үшін дәрігер ауру адамнан көптеген мәлімет алады. Ол мәліметтер ауру адамның дәрігерге толық сенім білдіріп, басқа ешбір жанға айтпайтын мәліметтерді оған ашуға мәжбүр болады. Сол мәліметтерді дәрігер тек диагноз қоюға немесе дұрыс емдеуге ғана қолдану корек.

Осы жерде ескере кету керек, дәрігерлік құпияға жататын кейбір мәліметтер кейде қоғамға, халыққа, ауру адамды қоршайтын жандарға зияны тиіп, қауіпті жағдайлар туғызуы мүмкін. Ондай мәліметтерге мына төмендегілер жатады:


  1. Жыныстық қарым-қатынас арқылы таралатын аса қатерліинфекциямен ауыратын науқастар;

  2. Маскүнемдікке салынған, психикасы бұзылған науқастар;

3. Кейбір мамандықтарда қызмет істеуге болмайтын жағдайлар (жүргізушілер, ұшқыштар үшін құлақтың естімеуі, көздің нашар көруі т.б);

4. Кісі өлімін көздеген дене жарақаттары, зорлау, улану,криминалдық жолмен жүктілікті доғару т.б.


Міне, осындай жағдайларда олар туралы арнайы мекемелерге(милиция, емдеу мекемелері т.б) хабарлауға тура келеді. Кейбіржағдайларда этика, деонтология принциптерін дұрыс сақтамау әртүрлі асқынуларға алып келуі мүмкін. Медицинақызметкерлерінің абайсызда айтылған сөзінен, іс-әрекеттерінен пайда болатын ауруларды немесе аурулардың асқынуларын ятрогендік ауру деп айтамыз. Соророгения немесе соророгендік ауру дегеніміз (ағылшын тілінде-сорор-мейірбике)мейірбикелердің абайсызда айтылған сөзінен, іс-әрекеттерінен пайда болатын ауру немесе асқынуларды айтамыз. Егер ауру немесе асқынуға себепші басқа науқастар болса, ондай ауруларды эгратогения немесе эгратогендік аурулар деп атайды.

жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   203




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау