Ипохондриялық синдром — науқас өзінде жазылмайтын ауру бар деп ойлайтын ойлау патологиясы.
Тілдің шалдығуы (сөйлеудің бұзылулары)
Бас ми қан айналымының бұзылуларында көлемдік процестерде жиі кездеседі.
Сөйлеу жылдамдығына байланысты жылдам, көп және тез сөйлеу не баяу ойлар болады, аз және баяу сөйлеу.
Үзілгендік (разорванность) - сөйлегенде логикалық байланыстың болмауы.
Толықтық (обстоятельность) - сөйлегенде екінші дәрежедегі жағдайларды артығымен айту.
Өсиетшілдік (резонерство) - көп сөздің ішіндегі негізгі мәні түсіну қиындығы.
Афазия - сөйлеудің бұзылуы. Оның 3 түрі бар.
Моторлы афазия кезінде науқас басқалардың сөзін түсінеді бірақ өзі сөйлей алмайды.
Сенсорлы афазияда - науқас өзі сөйлейді, бірақ баскалардың сөзін түсінбейді.
Аралас афазияда - науқас сөйлей алмайды және басқалардың сөзін түсінбейді.
Достарыңызбен бөлісу: |