Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы



жүктеу 0,53 Mb.
бет16/203
Дата07.06.2020
өлшемі0,53 Mb.
#30874
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   203
Psikhologia negizderi-1

Психофармакология - дәрі-дәрмек заттардың адамның іс-әрекетіне әсерін зерттейді.

ІІсихотерапия - ауруды емдеу үшін психикалық әсер ету тәсілдерін қолдануды зерттейді.

ІІсихопрофилактика мен психогигиена - адамдардың денсаулығын қамтамасыз ету үшін шаралар жүйесін талдауды зерттеу болып табылады.

Арнаулы психология - бірнеше бөлімдерге белінеді: патопсихология, олигофренопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология.

Патопсихология - адамдардың дұрыс психикалық іс-әрекетінің бұзылуының әр түрлі түрін зерттейді.

Олигофренопсихология - мидың туғаннан болатын ақауына байланысты психикалық дамудың патологиялық сипатын зерттейді.

Сурдопсихология - есту сезімінің бұзылуына байланысты психологиялық ерекшеліктерді зерттейді.

Тифлопсихология - көру сезімінің бұзылуына байланысты психологиялық ерекшеліктерді зерттейді.

Заң психологиясы заң жүйесін іске асырумен байланыстыпсихологиялық мәселелерді қарастырады. Ол сот психологиясы,криминалды психология, пенитенциарлық немесе еңбекпен түзеупсихологиясы. Сот психологиясы тергеу үрдісіне:қатысушылардың мінез-құлқыныңпсихологиялықерекшеліктерін зерттеумен айналысады; криминалды психология деп мінез-құлықтың психологиялық мәселелерін және қылмыскер тұлғасын қалыптастыру мен қылмыстың себептерін анықтайтын саласын айтады; еңбекпен түзеу психологиясы еңбекпен түзеу колониясында ұсталғандардың психологиясы, сендіру жәнекөндіру әдістері арқылы тәрбиенің психологиялық мәселелеріменайналысады

Әскери психология адамның соғыс жағдайындағы қылық-әрекетін, қолбасшы мен оның билігіндегі сарбаз арасындағы қарым-қатынастың психологиялық тараптарын, әскерді рухтандырушы үгіт-насихат психологиясының әдістерін және әскери техниканы басқарудың психологиялық мәселелерін

зерттейді.

Аталған топ қатарына спорт, сауда, ғылым мен өнердің шығармашылық психологиясы да кіреді.

Психология тармақтарын топтастыру негізіне дамудың психологиялық қырлары да алынуы мүмкін. Бұл жағдайда психологияның даму принципі іске асады. Осыған байланысты психология келесі салаларға бөлінеді: Жас сатыларының психологиясы жеке адамның әртүрлі психикалық процестері мен психикалық қасиеттерінің онтогенезін (жеке даму) зерттейді де келесі салаларды өз ішіне қамтиды: балалар психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, ересек адамдар психологиясы мен кәрілік психологиясы (геронтология).



Салыстырмалы психология - психикалық өмірдіңфилогенетикалық (біртұтас даму) формаларын зерттейді.

Әлеуметтік психология деген атпен психологияның көптеген салалары бірігеді. Әлеуметтік психология адамдардың әртүрлі ұйымдасқан ресми немесе ұйымдаспаған бейресми топтарда көрініс беретін психикалық болмысын зерттеумен шұғылданады.

Жалпы психология барлық психология салаларының ішінде айрықша орынды иеленетінін атап өткен жөн. Бұл тараудың негізгі міндеті - психологияның әдіс мәселелері мен тарихын, психикалық құбылыстардың пайда болуының, дамуының және болмыстың жалпыланған заңдылықтарын ғылыми нақтылау. Сонымен бірге жалпы психология танымдық және тәжірибелік іс-әрекетті де зерттейді. Жалпы психология зерттеулерінің нәтижесі - психология ғылымының барша салалары мен белімдерінің іргетасы қызметін атқарады.

жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   203




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау