§3. Психология салалары
Психологиялық білімдердің даму ерекшеліктері психологияның басқа ғылымдарға тәуелді байланысынан ғана емес, көп жағдайда олар қоғамдық тәжірибенің өрістеп жатқан қажеттерімен белгіленеді. Егер психология алғашқы уақытта теориялық тарапы басымдау, дүниетанымдық пән болса, қазіргі кезде ол өзінің танымдық қызметін сақтай отырып, өндірістегі, мемлекеттік басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық, заң мекемелеріндегі, мәдениеттегі, спорттағы және т.б. кәсіби тәжірибелік іс-эрекеттің бір саласына айналуда.
Сонымен, осы заман психологиясы көп тармақты білімдер жүйесі ретінде танылып, әртүрлі еңбек тәжірибесімен байланысуда. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі - психиканың іс-әрекетте даму принципі. Сондықтан, көбінесе психология салаларын топтастыру негізіне адамдардың әртүрлі еңбектік әрекеттері алынады. Осыған орай психология келесі салаларға бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |