Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы


Күйзелістік кернеуге мынадай белгілер тән



жүктеу 0,53 Mb.
бет108/203
Дата07.06.2020
өлшемі0,53 Mb.
#30874
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   203
Psikhologia negizderi-1

Күйзелістік кернеуге мынадай белгілер тән:

  • бір нәрсеге жете ден қоя алмау;

  • жүмыста жіберілетін жиі қателіктер;

  • есте сақтау қабілетінің төмендеуі;

  • жиі шаршау сезімінің пайда болуы;

  • тез сөйлеу;

  • аурудың (басы, арқасы, қарын тұсы ауырады) жиі білінуі;

  • жоғары қозу сезімі;

  • жұмыстан бұрынғыдай ләззат ала алмау;

  • әзілдесу сезімін жоғалту;

  • шегетін темекі санының кенет артуы;

  • алкогольді ішімдіктерге қүнығу;

  • тамаққа тұрақты түрдегі қомағайлық сезімі;

  • тәбет жоғалту - жалпы ас дәмін сезбеу;

  • дер кезінде жұмысты аяқтай алмау.

Күйзелістік жағдайлар өте жиі және ұзақ мерзімді болғанда, адамның тек қана психологиялық жағдайына жағымсыз әсер етіп қоймайды, сонымен қатар денсаулығына да әсер етеді. Күйзелістік жағдайлар қан тамырлары мен ішек-қарын ауруларының пайда болуы мен асқынуының негізгі факторлары болып табылады.

Демек, бұл тек көңіл-күйге әсер ететін психологиялық фактор ғана емес, адам денсаулығына кейде шешуші әсер ете алатын медициналық мәселе.



Қатты күйзеліс дені сау адам үшін зиянсыз түрде тез өтеді. Ал денсаулығы нашар адамдар үшін оның психофизиологиялық әсері қатты сезіледі: көңіл-күй бүзылады, ұйқысы нашарлайды. Әйтсе де, біраз уақыттан кейін бәрі де қалпына келеді.

Ал хроникалық, яғни созылмалы күйзеліс - ұзаққа созылған келеңсіз жағдайлар, күн сайын еңсені езетін нәрселер - адам денсаулығы үшін өте зиянды. Өйткені бұл жағдайда, ең алдыменартериалды гипертония, бронхиалды астма, жүректің коронарлыаурулары, қант диабеті сияқты психосоматикалық аурулар пайдаболады.

Күйзелістің психологиялық белгілері ұмытшақтық, есте сақтау қиындықтары, қобалжу, шектен тыс уайымшылдық, себептерқорқыныштар, ашуланшақтық болып табылады. Бұл өзіне дегенсенімділігін жоғалтып, түрлі ауруларды, психикалық шаршауларды туындатады және дәріге бағынышты етеді.

Мысалы, қатты күйзеліс кезінде ағзада түрлі химиялық заттартүзіле бастайды. Егер ер адамдар спортпен шұғылданатын болса, ол қосындылар «жанып» кеткен болар еді. Ал күйзелісті жағдайдан кейін өз эмоциясын сыртқа шығармай, теледидар алдында отыра беру жүрекке зиян. Эмоцияны іште ұстау психологиялық тұрғыдан алғанда өте зиянды нәрсе.Шетелдіктердің әрқайсысының өз психотерапевті бар екендігі сондықтан болса керек. Ал бізде негізінен оны алкоголь арқылы шешуге тырысады. Әрине, ішімдік қысқа мерзімге көмектесе алады, бірақ оның буы тарағаннан кейін де шешілмеген мәселелер өз орнында қала бермек.

Негізінде, күйзелісті қабылдауы, онымен күресе білуі адамныңақыл-ойының, парасатының деңгейіне, өзгешеліктеріне тікелейбайланысты.

Ал, күйзелістердің адам ағзасына зияны туралы пікірлер көп. Шындығында да, ол ағзаның қорғанысқа қабілетін әлсіретіп, иммундық жүйесіне тікелей әсер етеді. Мысалы, қатерлі ісік ауруы адам ағзасының ең бір әлсіреп, қалжыраған сәтінде бас көтеретіні белгілі. Әсіресе, эндокринді жүйеде пайда болған рак ауруы күйзеліспен тікелей байланысты. Бұл «Барлык ауру -жүйкеден» деген сөздің дұрыстығының тағы бір дәлелі.

жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   203




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау