Эмпатия тұралы түсінік
Ауру адамның қажеттілігі менықыласына байланысты дәрігер меноның арасында емдеу үшін дүрысқарым-қатынас жасау қасиетінэмпатия дейді. Эмпатияны ұнамдыэмоционалдық қатынас симпатияданажыратқан жөн. Эмпатия - ауру адамға әлеуметтік көмек ретінде пайдаланатын, эмоционалды бейтарапүрдіс.
Эмпатия (гректің еmраtһеіа-бірге қайғыру) – науқастардың уайымын өзінің басынан өткергендей сезініп, қайғысына психологиялық ортақтасу, оның ішкі ойын сезіну.
Жеке адамның эмпатиялық қабілеті өмірлік тәжірибе молайған сайын жоғарылайды. Дәрігер мен науқас арасында оң қарым-қатынас пайда болуы үшін «психикалық вентиляция» қажет. Психикалық вентиляция дегеніміз науқастың шағымдары, қайғылары, мәселелері туралы үзілмейтін әңгіме. Дәрігердің уақыты аз болса да, ол оны науқасқа білдірмей шағымдарын тыңдау керек.
Эмпатия деп басқа біреудің ішкі жан дүниесін терең және мүлтіксіз қабылдап, қайғы қасіретті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшырағандарға жанашырлық білдіріп, олардың калін өз басына түскендей сезінуді айтады.
Психологтар эмпатияны 3 деңгейге бөліп қарастырады:
ең төменгі деңгей - бұл өзгелердің ойы мен сезімдерін тусінбеушілік. Бұндай адамдарды тек өзі ғана қызықтырады, ол озгелерді түсінемін және жақсы білемін деп ойлайды, бірақ оныңтұжырымдары жиі қате болады. Олардың өз қателіктерін мойындауға өздерінің төменгі деңгейдегі эмпатиялары кедергі жасайды, өзіндік қателіктері өмір бойы жалғасуы мүмкін.
ең өзгелердің ойлары мен сезімдеріне эпизодтық соқырлық, бұл өте жиі кездеседі. Жеке тұлғалардың барлық түрлерінде, әртүрлі жағдайларда болса да кездеседі.
ең жоғары эмпатия, бұл әрдайым өзге адамды терең және дәл түсіну, оның қайғысын өз қайғысындай сезіну, өз ойын немесеөзінің қызығушылықтарын күштеп орындатпай-ақ дұрыс шешім қабылдауға жол көрсету. Бұл үшін өзіндік «менінен» бір сәтке ажырай білу, өзара қарым-қатынас пен альтруизм ұстанымдары бойынша қатынас құру.
Әртүрлі жеке тұлғалар эмпатияның түрлі сатысына бейімкеледі, қарым-қатынаста әртүрлі деңгейде талантты. Серіктестердің мүмкіндігінше біреуі қатынаста талантты болса,
қарым-қатынас уйлесімділігінен үміт жоғары болады. Егер екеуіде талантсыз болса, мүмкіндік те аз болады. Шынында бұлжағдайда серіктестер қарсыласуы төмен жолмен жүруі мүмкін -
олар өзінде жабылып және осынысымен дау-дамайдың болмауынқамтамасыз етеді. Бірақ бұл мәселені уақытша ғана шешеді,өйткені біреуді түсінбеу - бомба сияқты түбінде жарылысқа;
әкеледі.
Эмпатия бұл табиғаттың берген сыйы, дамыған этика, жеке тұлғаның формасын үйлестіретін, меланхолик темпераменті мен жоғары моральды ұстанымдардан тұрады. Доминантты және шығармашылық тұлғалар эмпатияның ортаңғы деңгейіне үнемі жақын болады, бірақ бұл этика функциясы дамығандарда көбіреккөрінеді. Эмпатияның өте аз логикалық түрлері жеке тұлғаның нормаланған формасын пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |