Жаңа сабақ
ребус
Жазғы киім
1 тапырсма
2 тапсырма
3 тапсырма
4 тапсырма
5 тапсырма
6 тапсырма тест
|
Балалар өткен сабақтарда біз киім туралы өткен болатынбыз. Енді бүгін сол тақырып бойынша жалғастырамыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбын білу үшін мына ребусты шеш:
ғы киім
Дұрыс таптыңдар балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жазғы киімдер» деп аталады.
Бүгін сабағымыз ойын сабақ сол себептен біз бүгін ойынымызды бастау үшінкубизм тәсілін пайдаланамыз.
Кубиктің әрбір бетінде сандар сандарға байланысты тапсырмалар орындайсыңдар.
Алдымен «Жазға киім» деген не? сонымен танысып алайық.
С оңғы жылдары жастарға арналған киімге ерекше назар аударылып жүр. Оны жас жігіттер мен қыздардың өмір салтына үйлесімді ете түсуге әрекет жасалуда. Қазіргі кезде жастардың киімі ашық түсті сәнді. Жас қыздарға қызыл, сары, жасыл, қызғылт және көгілдір түсті, айқын, нәзік, ашық та таза түс жарасады. Жас қыздарға ауа сияқты жеңіл материал жарасымды. Олардың киімдерінің ыңғайлы және ықшам болуы маңызды. Жазғы киімдер жеңіл матадан тігіліп, жұқа болады. Жазда көбінесе футболка, шортылар киеді.
Сонымен біз жазғы киіммен таныстық. Енді ойынымызды бастаймыз. Кубикті лақтырамыз. Соған сәйкес конвертті алып, тапсырманы орындаймыз.
Берілген сөйлемдерді мазмұнын сақтап, қысқартып жазыңдар.
Ең алдымен, күнделікті киімнің жайын ойластырған жөн.
Сымбатты қыздарға спорт кеудеше мен полувер немесе күртешемен бірге шалбар кию жарасады.
Қыздың екі белдемшесі: біреуі – неғұрлым қалың матадан күнделікті киюге, жұқа матадан сәнге киюге арналып тігілген түрлері болуы керек.
Түсі мен өрнегі әр түрлі, арзан және оңай жуылатын матадан тігілген кеудеше, жүннен тоқылған свитерлер немесе күртешелер киім түрлерін байыта түседі.
Бас киімдерден тоқыма бөрік немесе капюшон жарасымды.
Диалогті толықтырып, өзара сөйлесіңдер.
Жасөспірімдерге қандай киім кию керек?
.........................................................................
Спорттық үлгімен тігілген киім жарасымды ма?
.................................................................................
Жазда қандай киімдер киюге болады?
..........................................................................
Қыс мезгілінде қандай киімдер кию керек?
...................................................................................
Сергіту сәті
Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.
1. Мектептерде барлық оқушылар киіп жүруге міндетті мектеп формасы болады.
2. мектеп формасы – тәртіптіліктің және ұжымға деген құрметтің айғағы, сондықтан оны мектептегі салтанаттарға да киіп, ұқыпты ұстау керек.
3. әдемі болу үшін гардероб таңдай білу жеткіліксіз, киіміңізді күте білуіңіз де қажет.
Мына сөздерді септе, тәуелде.
Киім,жастар, футболка
Атау септік киім,жастар, футболка
Ілік септік киімнің ,жастардың, футболканың
Барыс септік киімге,жастарға, футболкаға
Табыс септік киімді,жастарды, футболканы
Жатыс септік киімде,жастарда, футболкада
Шығыс септік киімнен,жастардан, футболкадан
Көмектес септік киіммен,жастар, футболкамен
Жарайсыңдар балалар!!!!!
Соңғы 6 тапсырмамыз бұл тест сұрақтары: 10 тест сұрақтары беріледі соған жауап бересіздер.
1 . тәуелдік жалғау дұрыс жалғанған сөйлемді тап:
А) асқардың добы жаңа екен В)сенің арманым үлкен С0)олардың қарындасың мектепте оқиды.
D)біздің аттарыңыз жүйрік. Е) оның арманымыз ғарышкер болу
2 .қазақ тіліне тән әріптерді белгіле
А)б,ғ,ң,қ,о В)қ,ғ,ө,у,н С) қ,ғ,ң,ө,ә D)қ,ғ,ң,о,ү, Е) ү,ұ,ы,і,ө
3 .барыс септікте тұрған сөзді тап
А)сыйлықты В)ғарышта С)үйдің D)баламен Е) мектепке
4 .аралас сөзді тап:
А)сөз В)шешен С)орман D)кітап Е) сары
5. мақал – мәтелдің жалғасын тап: «білікті бірді жығады,....................................»
А)білімсіз ұятқа қалар В)білімді мыңды жығар С)инемен құдық қазғандай D)біліксіз үйге барар Е )жеңілген сөзге қалар
6. бірінші жақтағы жіктік жалғауын тап:
А) нан, ым, нен, ім В)ың, мын, ің,мін С) мын,мыз, мін, міз D)сың,сың,мыз,міз Е) ды,ді
7. «роза» сөзінің аудармасын тап:
А)бәйшешек В)раушан С)лалагүл D)бүлдірген Е) қызғалдақ
8 . бітеу буынды сөз қайсы?
А) астана В) қалам С) кітап D) мұғалім Е) мектеп
9. синоним сөзді табыңыз
А)сыйлы - сыйлық В) үлкен –кіші С) аға - іні D)сұлу - көркем Е)көрші - көрді
10. « ананың баласын сүюі» өлеңінің авторы?
А)Абай Құнанбаев В)Шоқан Уәлиханов С)Ыбырай Алтынсарин D)Ғабит Мүсірепов Е) Мұқағали Мақатаев
|
Ребус шешу
Жеке жұмыс
Сыныппен жұмыс
Жеке, әрбір оқушыға тапсырма
Топтық жұмыс
Жаттығу жасау
Жеке өздік жұмыс
Жеке түсу жұмысы
|
Топпен жұмыс
Мәтінмен жұмыс
Сөйлемдерді жаз
Топтық, сыныппен жұмыс
Сздерді тәуелде ,септе
Топтық жұмыс
|
Жеке оқушымен жұмыс
Мазмұнда
Қысқартып жаз
|
Диалог құрастыру
Топтық жұмыс
Тест сұрақтарына жауап бер
|
Синтаксистік талдау
|