дәлелденді.
Анықтама. Біренеше оқиғалардың әрбір екі оқиғасы өзара тәуелсіз болса, және олардың әрбір оқиғасымен қалғандарының кез-келген комбинациясы тәуелсіз оқиғалар болатын болса, бұл оқиғаларды тобымен тәуелсіз оқиғалар дейміз.
Мысал. А1, А2 және А3 оқиғалары тобымен тәуелсіз болса, онда мына: А1 мен А2, А1 мен А3, А2 мен А3, А1А2 мен А3, А1А3 пен А2, А2А3 пен А1 оқиғалары да тәуелсіз болады.
Ескерту. Егер бірнеше оқиғалар қос-қостан тәуелсіз болса, бұдан бұл оқиғалардың бәрі тобымен тәуелсіз деген ұғым тумайды. Яғни тобымен тәуелсіздіктің талабы, қос-қостан иәуелсіздіктің талабына қарағанда қатаңырақ.
Мысал. Қобдишада 1 қызыл түске (А – оқиғасы), 1 көк түске (В – оқиғасы), 1 қара түске (С – оқиғасы), 1 осы үш түске де (АВС – оқиғасы) боялған төрт шар бар.
Сонда , , болатындығын байқауға болады. Егер бұларды қос-қостан қарастырсақ, мысалы А мен С-ны, В мен С-ны т.с.с. , бәрібір олардың ықтималдығы ге тең болады да, олар қос-қостан тәуелсіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |