Кітаптан есімде қалғаны ақша бала сияқты, оны қорғап, аялау керек. Ең дұры- сы ақшаның банкте сақталғаны. Өйткені ол жерде ақша өседі



жүктеу 6,11 Mb.
Pdf просмотр
бет8/13
Дата20.11.2018
өлшемі6,11 Mb.
#22502
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Ал сенің ақшаң саған бағынады ма? 

Сенің  басыңнан  мынадай  жағдай  өтіп  пе  

еді – сен әмияныңа, не жинағышыңа қараған 

кезде ондағы ақша сен ойлағаныңнан азырақ 

екен? Немесе, керісінше – ондағы ақша сен 

күткеннен көбірек екен?

Бюждет қанша ақшаны жинағышқа салғаныңды және қанша ақшаны және не үшін 

жаратқаныңды нақты көрсетіп тұрады. Бюджет арқасында сен дәл қазір қанша 

ақшаң бар екенін біліп тұрасың, жоспардан ауытқымас үшін өз шығындарыңды 

басқара аласың, ай сайын бөлінуге тиіс соманың қандай бөлігі жиналғандығын біле 

аласың. Ол қалай жұмыс істейді? Бар жоғы – апта немесе ай басында жоспарланған 

бюджетті сол апта немесе ай соңындағы бюджет нәтижесімен салыстыру қажет.

Көріп тұрғанымыздай, бұл айда Диананың бюджетінде үлкен профицит (2 850 

теңге) пайда болды, себебі осы айда оның туған күні өтіп, оған туыстары сыйлықты 

ақшалай берді. Ондай сыйлық бюджетке енбеген болатын.

Керемет  нәтиже!  Профицитпен  не  істейтінін  ол  әлі  шешкен  жоқ:  бұл  ақшаны 

РlауStation-ға жинаған ақшаға қосып, ойын қондырғысын тезірек алуға болады. 

Немесе, оны келешекте болатын тосын жағдайларға да сақтауға болады – тәттілер, 

журналдар және ойын-сауыққа.

Диананың бюджетін қарастырып көрейік



38

Тосын жағдайларға

тап болмас үшін 

бюджет қажет

Ойланып 

көр...


Ай басында жоспарланған  

бюджет

Ай соңында (нәтижесінде) шыққан 

бюджет

Табыс, теңге         

Шығыс, теңге

Табыс, теңге

Шығыс, теңге

Күнделікті 

берілетін ақша                         

2500  Журнал сатып 

алу      

400


Күнделікті 

берілетін ақша    

2 500  Журнал сатып 

алу      

600

Үйдегі жұмыс үшін



берілетін ақша

750 Ойын 

құрылғысына 

ақша бөлу                

2000

Үй ішіндегі  



жұмыс    

750 Ойын 

құрылғысына 

ақша бөлу                

2000

Сыйлықтар 



0 Тәттілер алу                    

0

Сыйлықтар 



3 000  Тәттілер алу                 800

Барлығы:

3250 Барлығы:

2400

Барлығы:

6250 Барлығы:

3400


39

Өзіңнің жеке бюджетіңді құрастыр

Ойланып 

көр... 


1.  Өз бюджетіңнің кіріс және шығыс бөліктерінің негізгі баптарын 

атап берші. 

2.  Дүкенде  жасаған  әр  саудадан  кейін  сатушы  бізге  чек  береді.  Сол  чекте 

саудамыздың сомасы көрсетіледі. Сол соманы бюджеттің қай бөлігіне енгізу ке-

рек – кіріс бөлігіне ме, жоқ әлде шығыс бөлігіне ме? 

4.  Бюджетті апта басында және соңында құрастырып көр. Сол бюджеттің аясында 

қала алдың ба?

Табысың  шығыстан  көбірек  болып  шықты  ма?  Керемет!  Енді  сен 

арманыңа ақша жинауды бастай аласың. Табысқа қарағанда шығыс 

бөлігі көбірек болып шықты ма? Онда, ақшаны азырақ жаратудың 

жолын іздеу керек. Дереу бюджет «тұзақтарын» тауып, оларды жою 

қажет. Егер сондай тұзақтарға түсіп қалсаң, бюджеттің шығыс бөлігі 

күрт өсуі мүмкін. Ондай жағдайда сен ақша жинай алмайсың. Тіпті, 

керек-жарағыңды ала алмауың да мүмкін!

3.  Ата-анаңа айтып берші – неге өз табысың мен шығысыңды басқарған жөн? Сенің 

отбасыңда бюджетті кім және қалай басқаратынын сұра.




40

Бюджет «тұзақтары» 

Жоспарланбаған, кездейсоқ, кейде пайдасыз сауда-саттықты бюджет тұзақтары деп 

атайды. Олардың әсерінен біздің шығындарымыз өседі, жоспарлаған бюджетіміз іс 

жүзінде өзгеше болады, дефицит пайда болады – яғни, табысымыз шығысымыздан 

кем болады. Нәтижесінде, ақша жинауға мүмкіндігіміз жоғалып, арманымызға жете 

алмаймыз. Алайда, бұл құбылыспен күресуге болады! Зиянды «тұзақтармен» 

күресудің кейбір әсерлі әдістері туралы келесі бөлімде айтып береміз.

Күнделікті берілетін 

ақша


Үйдегі жұмыс үшін ақша

Туыстардың мерекеге 

берген сыйлығы

Басқасы 


Барлығы:

Күнделікті берілетін 

ақша

Үйдегі жұмыс  



үшін ақша

Туыстардың мерекеге 

берген сыйлығы

Барлығы:

Сауда-саттық 

Сауда-саттық

Қаржы нысанасына 

бөлінген ақша

Басқасы 


Барлығы:

Сауда-саттық 

Сауда-саттық

Қаржы нысанасына 

бөлінген ақша

Барлығы:

Олар туралы білгің келе ме?



ЖОСПАР. 

Бюджетімнің кіріс 

жақ бөлігі

ЖОСПАР. 

Бюджетімнің 

шығыс жақ бөлігі

ФАКТ.  

Бюджетімнің кіріс 

жақ бөлігі 

ФАКТ.  

Бюджетімнің 

шығыс жақ бөлігі


41

Құпия 6.


 

Ақшаны «тұзақтардан» қалай сақтауға 

болады?

Алдыңғы  бөлімде  ақшаны  қалай 



бақылау  керек  екенін  айтқан  бо-

латынбыз.  Егер  бюджетке  сай 

әрекет етіп, қолымызда профи-

цит болса, біз ақша жинай ала-

мыз!

Түрлі-түсті бояулар мен уәде беру арқылы жарнама бізді керек емес заттарды 



да сатып алуға итермелейді. Мысалы – жаңа ойыншық, тағы бір журнал, тағы бір 

кәмпит қорабы... Жарнамаға сенсек, сен тек жаңа телефонмен ғана достарыңмен 

қуана-қуана хабар алыса аласың. Осындай «тұзаққа» қалай төтеп беруге болады?

Оп-оңай: сол зат саған шынымен де соншалықты керек пе? Әрине, жарнама-

ны көрген, не естіген кезде, сол затты бірден алғың келеді. Бірақ, асықпа, ой-

лан. Алдымен, мысалы, өз ұялы телефоныңа қарап ал. Оның несі кем екен? Еш 

кемшілігі жоқ-ау, сірә. Сол кезде қажетті және қалаған заттар туралы ойды есіңе  

ал – осы алғалы тұрған зат қайсысына жатады? Ойланып көрші, жаңа телефонға 

бола өзіңнің қаржылық мақсаттарыңнан бас тартуға дайынсың ба?

Есіңе түсірші – қаншама рет бөлмедегі жарықты сөндіруді ұмытып, не суды ағызып 

кетесің? Отбасыңның қанша ақшасы сол сумен бірге ағып кететінін білесің бе?

Үйдегі су мен жарық көздеріне ұқыпты бол: бөлмеде ешкім болмаса, жарықты 

сөндір; ата-анаға энергия үнемдейтін шам қолданайық деп айт; әкеңмен бірге ағып 

тұрған кранды жөндеңдер; суды жауып кетуді ұмытпаңдар; есептеуіш құралды 

қолданыңдар. Осындай әрекеттер жылына 15 000 теңгеден 50 000 теңгеге дейінгі 

соманы су мен жарықтың мөлшерден тыс шығындалу «тұзағынан» сақтай алады.

Су мен электр қуатының шығыны

«Жарнама» тұзағы

Руслан  мен  Диана  сіздер  үшін 

ең  жиі  кездесетін  және  оларға 

ең  қызықты  көрінген  «тұзақтар» 

тізімін жасап, оларға қарсы күресудің 

әдістерін айтып берді.

Алайда ақша 

«тұзаққа» түсіп 

қалуы мүмкін




жүктеу 6,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау