Құнды қағаздар ә р түрлі болады
Мысалы,
Әр қағаздың өз ерекшеліктері бар. Бірақ, олардың жұмыс істеу негізі бір. Құнды
қағаз сатып алу арқылы инвестор өз ақшасын компанияға тапсырады. Ал осының
нәтижесінде дамыған компания табысының бір бөлігін инвесторға қайтарады.
бір зауыт 1000 құнды қағаз шығарды делік. Әр
қағазды инвесторларға 500 теңгеден сатты. Яғни,
ол 500 000 теңге көлемінде қаражат тартты. Осы
ақшаға зауыт дами отырып, табысын ұлғайтады.
Зауыттың құнды қағаздарын сатып алған адам табыстың бір бөлігін, яғни
дивидендтерді алуға құқылы. Сонымен қатар, құнды қағаздың өзі қымбаттауы
мүмкін. Мысалы, инвестор оны 500 теңгеге сатып алып, бір жылдан кейін 600
теңгеге сатуы мүмкін.
Басқаша айтқанда, егер инвестор 20 құнды қағазды
10 000 теңгеге сатып алып, оларды бір жылдан
кейін сатып жіберсе, оның табысы 20%, немесе
2 000 теңгені құрайды.
59
Құнды қағаз – инвестордың
инвестициядан түскен табыстың бір
бөлігіне құқылы екенін жә не қайтарым
шарттарын растайтын құжат
20 қағаз X 500 теңге = 10 000 теңге
–
сатып алу
20 қағаз X 600 теңге = 12 000 теңге
–
сату
12 000 – 10 000 теңге = 2 000 теңге
–
табыс
Құнды қағаздардың негізгі
түрлері және айырмашылықтары
60
Акция
– инвестордың компания капиталының бір бөлігіне құқылы екенін
дәлелдейтін құжат. Акция компанияны басқару ісіне қатысуға және табысын
бөлісуге құқық береді. Ол тәуекел деңгейі ең жоғарғы құнды қағаз болып саналады.
Себебі, инвестицияланған қаражаттың қайтарымы мен табыстылығы компания
жұмысының нәтижесіне тікелей байланысты. Егер компания оңтайлы жұмыс істеп,
дамыса – жақсы. Себебі, компания табысын ин-
вестормен бөліседі. Нәтиже болмаса – табыс
та болмайды, инвестор да ештеңе алмайды.
Ең сорақысы – инвестицияланған ақшаның өзі
жоғалуы мүмкін.
Облигация
– компанияның инвестордан
белгілі-бір соманы қарызға алғанын растайтын
қағаз. Облигацияны сатып алушы компанияның
басқару ісіне қатыса алмайды. Бірақ, акциядан айырмашылығы – компания
инвесторға жүйелі түрде табыс төлеп тұруы тиіс. Осы себептен, облигацияның
тәуекел деңгейі мен табыс деңгейі акцияға қарағанда төменірек.
Вексель
– бұл қағаз компанияның инвестордан белгілі бір соманы қарызға
алғанын растайды және сол соманың қайтарылу мерзімі мен кепілдендірілген
үстеме пайызын бекітеді. Вексельдердің табыстылығы, тәуекелдің жоғары болма-
уына байланысты, шамамен депозиттердің табыстылығымен бірдей немесе одан
аздап асады.
Мүмкіндік болған жағдайда сен инвестицияны қандай
салаға салар едің? Неге? Қандай құнды қағаз арқылы
инвестиция жасар едің? Осыны ата-
анаңмен талқыға сал, өз таңдауыңды
түсіндір.
Мен инвестор болсам...
Талқылау...
Құпия10.
Жайсыздықтан қорғанудың құны қанша?
Күнделікті өмірде әртүрлі күтпеген
жағымсыз жағдайларға тап болу
ғажап емес. Сондай жағдайға
тап болу мүмкіндігі тәуекел деп
аталады. Кейде өрт, апат, су
тасқыны, жер қозғалысы орын
алып жатады. Оның үстіне,
бәріміз де адамбыз – кейде
ауырамыз (ол да тәуекелдің бір
түрі). Алайда, осындай
тәуекелдердің жайсыздығынан
сақтануға бола ма? Осы
жайлы ойлап па едің?
Сақтандырудың түп негізін түсіну үшін оны қолшатырмен салыстыруға болады.
Қолшатыр ауа-райы жайсыз күні жаңбырдан қорғайды (әсіресе, үстіңе жаңа киім
киіп шыққан күні, немесе шаштараздан жаңа шыққан кезде, немесе достарыңмен
кездесуге асығып тұрғанда жаңбыр бар жоспарыңды бұзуы мүмкін).
Ол әр түрлі жайсыздықтардан, сен үшін құнды бір затты жоғалтып алу
мүмкінділігінен қорғайды. Әрине, біз ертең, немесе бір айдан кейін не болаты-
нын біле алмаймыз. Бірақ, біз дәл бүгін тәуекелдерден сақтала аламыз. Ол үшін
сақтандыру деген қызметті қолдану қажет.
61
Жайсыздықтардан сақтану үшін адамдар
сақтандыру әдісін ойлап тапқан
Сақтандыру да қолшатыр сияқты
Мысалы, отбасы қала сыртында
ағаш үй салды делік. Өрт болған
жағдайда сол үйдің зақымдану
қауіпі бар.
Егер көлік сатып алсаңыз, оның
ұрлану немесе апатқа ұшырау
қауіпі бар.
Әрине... Ал осының барлығы сақтандырылған болса, мұншалықты
өкінішті болмас еді.
Қала сыртындағы үй иесіне өрттен сақтану полисін сатып алуға болады. Яғни, ол
сақтандыру компаниясына белгілі бір соманы береді, көп емес. Сақтандыру ком-
паниясы оған сақтандыру полисін тапсырады. Өрт болған жағдайда сақтандыру
компаниясы үй иесіне сол үйдің толық не жартылай құнын төлейді. Төленетін сома
сақтандыру шарттарына байланысты. Дәл осылай көліктің ұрлануына, үйдің то-
налуына, өте құнды мүліктің, мысалы сурет, не жауһар алқаның ұрлануына қарсы
сақтануға болады.
Сақтандырудың негізгі мақсаты – біздің
мүлкімізді, тыныштығымызды және
денсаулығымызды сақтау.
Өкінішті болар еді, солай ма?
62
Сақтандыру қалай жұмыс істейді?
Нені сақтандыруға болады?
Сақтандыру полисін сатып алғаннан кейін
Сақтандыру полисі сақтандыру компаниясында сатып алынады.
Сақтандыру полисі
– заңды құжат. Онда сенің қандай жайсыздықтан
сақтанатындығың, яғни сол жайсыздық орын алған кезде кепілді түрде өтемақы
алатындығың жазылады. Сондай-ақ, полисте сақтану мерзімі, сақтану шарттары
және сақтанудың бағасы көрсетіледі.
Егер жайсыздық орын алса – өтемақы аламыз.
Егер жайсыздық орын алмаса – өтемақы алмаймыз
Теориялық тұрғыда – кез келген нәрсені.
Адамдардың айтуы бойынша, бір әйел өзін басқа
планеталықтармен кездесуден сақтандырыпты.
Мамандар осындай жағдайдың орын алуының
ықтималдылығын өте төмен деп бағалапты.
Сондықтан, сол сақтандырудың құны
бар болғаны 5 теңге болыпты.
Әншілер дауыс желбезегін, бишілер аяқтарын, сазгерлер
қолдарын, ал ғалымдар бастарын сақтандырады.
Бұдан ертерек біз саяжайды немесе үйді
өрттен, көлікті ұрланудан немесе апаттан, ал құнды зат-
тарды тоналудан сақтандыру керек деп айтқан бола-
тынбыз. Әрине, сақтандырудың бұл түрлері толықтай
еркін жасалады. Бірақ, міндетті сақтандыру түрлері де
бар.
Сонымен қатар, әр адам ерікті медициналық сақтандыру
полисін (немесе ЕМС) сатып алып, ақылы денсаулық сақтау
мекемелерінде емделе алады.
63
Сен басқа елге сапарға аттанар кезде саяхатшының
медициналық сақтандыруын ала аласың. Оны алу
міндетті емес. Әр саяхатшы оны сатып алу жай-
лы шешімді өзі қабылдайды. Әрине, ешкімнің
қызықты саяхат кезінде ауырғысы келмейді. Бірақ,
әртүрлі жағдай болу мүмкін ғой, солай емес
пе? Сақтандыруың болмаса, саған тек ақылы
медициналық көмек көрсетеді. Ал дәрігерлердің
қызметі қымбат. Ал егер саяхатшы сақтандырылған
болса, емге кеткен шығынды сақтандыру полисін
сатқан сақтандыру компаниясы өтейді.
М ы с а л ы , с е н ж аз ғ ы д е м а л ы с ы ң д ы
Еуропадағы лагерде өткізгелі жүрсің. Бірінші
нұсқада сен шетелге шығушыларға арналған
сақтандыруды алдың делік. Оның бағасы
күніне 200 теңге. Сенің жолдамаң 21 күнге
арналған. Яғни, сен 4 200 теңге төлейсің. Егер жайсыздық орын
алса (аяғыңды ауыртып алсаң, күн өтіп кетсе), сен дәрігерге
барасың. Бірақ оған ештеңе төлемейсің, себебі дәрігердің
қызметін сақтандыру компаниясы төлейді. Екінші нұсқасында
сен сақтандыруды алмадың делік. Сөйтіп, жайсыздыққа ұшыраған кезде дәрігерге
қаралып, оның қызметі үшін ақша төлеуге тура келді. Дәрігер кеңесі 15 000 теңге
тұрады, ауруханада орналасу – күніне 60 000-нан 120 000 теңге. Енді қалай
ойлайсың, сақтандыруды алу керек пе екен?
Сен қандай жайсыздықтардан
сақтанар едің? Сенің отбасың үшін
қандай жайсыздықтардан сақтанған
жөн болар еді? Сенің отбасыңда
сақтандырудың қандай түрлері
бар? Сенде қандай сақтандырудың
болғанын қалар едің?
Сақтандыру керек пе?
64
Ойланып
көр...
Санап көр...
65
Құпия 11.
Адам өз болашағын қалай қамтамасыз
ете алады?
З е й н е т к е р л і к к е з е ң д і
қамтамасыз ету – ең ұзақ
мерзімді және аса маңызды
қаржы мақсаттарының бірі!
Зейнеткерлікті жиі біздің
өміріміздің асыл кезеңі деп
атайды! Неге екенін білесің
бе? Өйткені бұл кезде мектеп-
ке не жұмысқа барудың қажеті
жоқ, уақытты өзің жақсы көретін
нәрселерге арнауға болады!
барлығы жұмысқа асығып бара жатқан кезде ұйықтап жатасың, басқалар сабақта
немесе офистерде отырған кезде, саябақта қыдырып жүресің, сен жер шарын айна-
ла саяхатқа шыға аласың, өйткені сенің бос уақытың көп болады. Және де, өзіңнің
әуесті ісіңмен айналысасың, балалар мен немерелеріңді күтіп-бағып жүресің, сая-
жайда дәмді көкөністер өсіресің және көптеген басқа да істермен айналысасың!
Бұл кезде сен жұмыс істемейсің, ал азық-түлікті, киімді, автобусқа немесе саяхатқа
билеттерді сатып алу керек болады, сондықтан зейнет кезінде ыңғайлы өмір сүру
үшін саған алдын-ала ақша жинау керек. Зейнетке шыққан кезде табыстар бірнеше
көзден қалыптасуы мүмкін. Біріншіден, қазіргі таңда Қазақстанның әрбір жұмыс
істейтін азаматы келешек зейнетақысын өзі жинайды. Ай сайын әр қазақстандықтың
жалақысынан белгілі-бір пайыз ұсталып отырады. Ол ақша Ортақ мемлекеттік
зейнетақы қорына жіберіледі. Жиналған сома азамат зейнетке шыққан кезде
төленеді. Екіншіден, банктер мен инвестициялық қорлар ұсынатын осыдан бұрын
айтылған құралдар арқылы жеке өзің қосымша ақша жинай аласың.
Зейнетке шыққан кезде сен
Зейнетке шыққан кезде ыңғайлы өмір сүрудің
қажетті талабы – жиналған ақша
66
Егер зейнеткер жасына келген кезде мемлекет
төлейтін ақша адамға
Қосымша жинақтар
жайлы өмір сүру үшін жеткіліксіз болса, болашақ зейнет-
кер жетіспейтін ақшаны өзі жинай алады. Қосымша
ақшаны банктер, инвестициялық қорлар және
зейнетақы қорлары арқылы жинауға болады.
Біз зейнетақы қалай қалыптасатыны туралы айтып
бердік. Бірақ еңбекақы мен табыстың басқа да түрлерін
алып тұратын әр адам зейнетақысына қосымша үстемені өзі
қамтамасыз ете алады. Және бұл жөнінде алдын ала, жас кезіңнен-ақ
ойлану керек.
белгілі бір жақса жеткен кезде төленеді. Бұл жас зейнеткер жасы деп аталады.
Қазақстан Республикасында зейнеткер жасы әйелдер үшін 58 жас, бірақ алдағы он
жыл ішінде бұл көрсеткіш 63 жасқа дейін көтеріледі. Еркектер үшін зейнеткер жасы
63 жасты құрайды. Зейнеткер жасына жеткен кезде адам зейнетақы алуға құқылы
болады. Зейнетақы – адамның еңбек өтіліне байланысты тағайындалатын ай сайын
берілетін жәрдемақы. Сонымен қатар, зейнеткер еңбек өтілі барысында жинаған
қаражат есебінен қосымша зейнетақы алады.
Зейнетақы
67
Құпия 12.
Қарызға алу жолдары
Яғни, ақшаның жиналғанын күтуге
уақыт болмайды. Мысалы, сенің
компьютерің сынып қалды делік,
ал ол саған оқу үшін қажет. Оны
жақын арада сатып алмасаң, оқу
үлгерімің төмендеуі мүмкін. Бірақ
компьютер қымбат тұрады, ал
сенде ақша жоқ. Не істеу керек?
Несиеге не сатып алуға болады?
Несие деген – банктен уақытша қарызға
алуға болатын ақша. Банк саған ақша
бергені үшін сен оған қосымша ақша
төлейсің. Оны несие бойынша пайыз деп
атайды.
Қандай жағдайларда
несиені пайдалануға
болады?
Өмірде қалағаныңды дәл қазір орындау керек
болатын жағдайлар болады.
Барлығы
90 000
теңге
18 500 теңге.
Несие жарты
жылға
Қолма-қол ақша несиесі
– қолма-қол ақшамен беріледі, оны кез кел-
ген мақсатта жұмсауға болады. Бірақ банкте пәтер не машина сияқты ешқандай
кепілзат болмайды, сондықтан бұл жағдайда банктің тәуекелдері жоғары болады.
Осы себептен банк несиені жоғары пайыздармен береді.
өйткені оларда кепілзат, яғни қарыздың қайтарылуын
кепілдендіретін еш нәрсе болмайды. Егер біз, мы-
салы, пәтерді банк беретін ақшаға сатып алатын
болсақ, банк, біз несиені қайтармаған жағдайда,
біздің пәтерімізді сатып, бізге қарызға берген
ақшаны қайтарып алатынын біледі, машина-
мен де солай істей алады. Ал егер біз банктен
ақшаны демалысқа бару немесе телефон са-
тып алу үшін қарызға алып, оны қайтармасақ,
ол ешнәрсе сата алмайды, сондықтан мұндай
несиенің тәуекелі жоғары болады.
Біз тауарды бүгін сатып алу мүмкіндігін аламыз, бірақ бұл үшін банкке
пайыз төлеуіміз керек. Несиелер бойынша пайыздар банк пен несие түріне бай-
ланысты өзгешеленеді. Не болса да, несиеге сатып алған зат үшін біз көбірек
төлейміз, өйткені оның құнына қоса, біз банкке сауда жасау үшін алған қарыздың
үстемақысын төлейміз.
68
Тұтынушылық және қолма-қол ақшамен
берілетін несиелер – ең қымбат несиелер,
Несие тегін берілмейді
Ипотекалық несие
– пәтер, үй, жер сатып алуға арналған арнайы несие.
Мұндай мүліктердің бағасы жоғары болады, сондықтан несие өте ұзақ мерзімге
(10-20 жылға) беріледі. Ол бөліп қайтарылады, көбінесе несиенің бір бөлігі айы-
на 1 рет несие бергені үшін банктің пайыздарымен бірге төленеді. Несие толық
өтелгенше пәтер банк үшін кепілзат болып қалады.
Несиелер ә ртүрлі болады
Автонесие
– автокөлікті сатып алуға арналған арнайы несие. Бұл ретте
автокөлік несиенің қайтарылу кепілі болып табылады.
69
Мысалы, Руслан мопедті несиеге сатып алу
мүмкіндігін қарастырып жүр делік
Мопедтің құны 126 000 теңге. Руслан мопедті несиеге 19,5%-бен алса (несие
мерзімі екі жыл), онда ол 27 200 теңге артық төлейді. Мұндай есептеуді ол банктің
сайтындағы несиелік калькулятор көмегімен жасады.
Есімізде болса, Руслан ай сайын
банкке жылдық 10%-бен 75 000 теңге-
ден салып отырса, ол мопедті 17 айдан
кейін сатып алады.
Руслан мопед үшін
126 000 теңге төлейді
Руслан оны сатып алу үшін
17 ай бойы ақша жинайды
Егер Руслан мопедті ертең несиеге
сатып алатын болса, ол 27 200
теңге артық төлейді.
Руслан мопед үшін
153 200 теңге төлейді
Несиенің құны
27 200 теңге болады
Жинау
Бағасы = 115 000 теңге
Несиеге сатып алу
Бағасы = 143 000 теңге
Қолымыздағы ақша шамалы екені
есімізде. Демек, 27 200 теңгені не-
сие бойынша пайыздарды төлеуге
жіберсек, Руслан ол ақшаны
өзінің басқа бір маңызды
қаржылық мақсатына
жұмсай алмады.
70
Несиені есептеп көр
Саған алғыс айтамыз
Есептеп
көр...
1. Несие алу қажет болатын жағдайларға мысал келтір.
2. Ата-анаңмен бірге банктен бір жылға жылдық 23%-бен 50 000 теңгені қарызға
алған жағдайда, сол несиені пайдалану үшін шамамен қандай соманы төлеу
керек екенін есептеп көр. Интернеттегі несиелік калькуляторды пайдалан.
3. Ипотекалық, автонесие, тұтынушылық және қолма-қол ақшамен берілетін неси-
елер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді тап. Олардың қайсысы қымбатырақ
екенін анықтап көр?
Біздің кітап сен үшін қызықты болды және сен уақытты
пайдалы өткіздің деген ойдамыз. Енді сен ақшаны қалай
дұрыс жұмсау керек екендігін білесің. Бұл жерде ашылған
құпиялар саған армандарыңды орындауға міндетті түрде
көмектеседі!
71
Кітапты ә зірлегендер:
Автор:
Блискавка Е.А., Қаржылық жоспарлау институтының директоры, Несие брокерлері
және қаржы кеңесшілерінің ұлттық ассоциация директорлары кеңесінің мүшесі
және Financial Planning Association (АҚШ) мүшесі. «Жеке қаржыны тиімді бақылау»
тақырыбы бойынша бірқатар оқыту бағдарламаларының, кітаптар мен 50-ден аса
мақалалардың авторы.
Басқа да қатысушылар:
Тәуелсіз қаржы кеңесшілері:
Юрий Губкин (С.-Петербург), Дмитрий Малышев (Мәскеу), Анна Воробьева
(Подольск), Ирина Иванова (Тюмень), Анатолий Земцов (Томск), Наталья
Холченко (Ростов-на-Дону), Светлана Ильина (Волгоград), Елена Аграновская
(Екатеринбург), Андрей Киреев (Самара), Алексей Фёдоров (Рязань), Татьяна Лаэф
(Красноярск), Елена Самаркина (Хабаровск), Вячеслав Картамышев (Владивосток),
Алексей Охильков (Чебоксары), Игорь Подымов (Брянск), Сергей Яворский (Киров),
Алексей Кудрявцев (Ярославль), Наталья Соболева (Мәскеу)., Светлана Есентаева
(Алматы), Альмира Рембекова (Алматы).
Сарапшылар:
Анна Зеленцова, педагогика ғылымдарының кандидаты, РФ Қаржы министрлігінің
«Ресей Федерациясында халықтың қаржы сауаттылығы деңгейін көтеруге және
қаржы білімінің дамуына қолдау салу» жобасының координаторы, Жиырма тобының
қаржылық қол жетімділігі жөніндегі жаһандық серіктестігінің көмекші төрағасы.
Ольга Курышева, психология ғылымдарының кандидаты, доцент, мектептегі білім
және балалардың даму мәселелері саласындағы сарапшы, 20 жылдан аса еңбек
өтілі бар тәжірибелі психолог, РФ Қаржы министрлігінің «Ресей Федерациясын-
да халықтың қаржы сауаттылығы деңгейін көтеруге және қаржы білімінің дамуына
қолдау салу» жобасының жетекші кеңесшісі. Екі монография және әр жастағы психо-
логия мәселелері бойынша 50-ден аса баспа жұмыстарының авторы.
Банк нарығының сарапшылары: Станислав Дужинский, Надежда Куликова, Наталья
Калиниченко, Антон Сергунов, Алсу Тинчурина, Ирэн Шкаровская.
Дизайнерлер: Дмитрий Сазонов, Кристина Иванова, Сергей Задорнов.
Нұсқаулар үшін
Нұсқаулар үшін
Нұсқаулар үшін
Нұсқаулар үшін
Блискавка Евгения
Қаражат әлеміне саяхат
Балаларға отбасы қаржысын үйрететін құрал
Парақтау: Вячеслав Лукьяненко
Орыс тілінен аударған: Мынбаев Данияр
Редактор: Татьяна Эм
Беттеу: Екатерина Пеликиди
Басуға қол қойылған күн: 15.05.2014.
Пішімі 60x90 1/8. Гарнитура Arial
Офсеттік қағаз. Офсеттік басу.
Басу шарт. 10 б.
Тираж 1000 дана. Тапсырыс № 778
«Издательский дом «LEM»» ЖШС,
050008 ҚР, Алматы, Әуезов көш, 82 үй
тел: +7 (727) 390 21 75, +7 (727) 375 51 33 / ішкі 508/
print@lem.kz, http://lem.kz
Тапсырылған материалдарға
сәйкес басылап шығарылды
Достарыңызбен бөлісу: |