Кітаптан есімде қалғаны ақша бала сияқты, оны қорғап, аялау керек. Ең дұры- сы ақшаның банкте сақталғаны. Өйткені ол жерде ақша өседі



жүктеу 37,25 Mb.
Pdf просмотр
бет5/13
Дата21.11.2018
өлшемі37,25 Mb.
#23015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

22

Шынайы ақша белгілері

Ал енді ақшаны оңтайлы жарату 

жолдары туралы ә ңгімелесейік

Бұл бөлімде біз ақшаның қандай болатынын, оның шынайылығын қалай 

тексеру керектігін білдік, ақшаны санап, онымен есептесуді үйрендік.




23

Диананың  анасымен  болған  әңгімесін 

тыңдайық:

неге анасы Дианаға жаңа сөмкені сатып алу ақшаны жөнсіз жарату 

деп айтты? Бұл нені білдіреді? Бұрын қажетті заттар мен қалаған зат-

тар туралы естіп пе едің? Олардың айырмашылығы неде?

Құпия 3. 

Ақшаны пайдалы жаратудың жолдары 

Сен қалай ойлайсың

Анашым, мен 

мектепке жаңа рюкзак 

алғым келеді

Шіркін, солай 

болса ғой!

Жоқ, бұның 

жарамайды...

Иә, рас. Бірақ 

ол сәннен 

шығып кетті.



Неге? Менде 

қалағанымның бәрі 

болушы еді!

Әрине, бірақ, бұл ретте өзімізге 

қажетті нәрсені сатып алуға 

мүмкіндігіміз болмас еді. Қажетті 

нәрсе мен қалаған нәрсенің 

айырмашылығы болады  

Бола берсін. Біз саған 

алты ай сайын жаңа 

сөмке алып бере 

алмаймыз. Бұл бекер 

ақша шашу.

Қазіргі сөмкең де жарап 

тұр. Оны алғанымызға бір 

жыл да болған жоқ қой.


Қажетті жә не қалаған заттар

Біз сатып алатын заттардың барлығын екі түрге бөлуге болады: қажетті 

және қалаған заттар. Қажетті заттар – адамның өмірі үшін маңызды заттар: 

су, тамақ, үй және т.б. Қалаған заттар – көздің жауын алып тұрғанымен, он-

сыз өмір сүруге әбден болатын заттар.

Мысалы, Диананың жақсы мектеп сөмкесі бар. Алайда Диана дүкендегі 

бір рюкзакты қатты қалап тұр. Сол рюкзак Диананың қалаған заты болып 

табылады. Бірақ, Диананың қазіргі мектеп сөмкесі жыртылып қалса, сол 

рюкзакты сатып алу қажеттілік болар еді. Əрине, біз қалап тұрған заттар 

бізге ерекше қуаныш сыйлайды. Дегенмен, қолымыздағы ақша аз болып 

тұрса, олардың кейбірін алмасақ та болады.

24

Қажетті  заттар 

  адамның  өмірі  үшін  маңызды 



заттар.

 

Қалаған заттар 



– 

көздің жауын алып тұрғанымен, 

онсыз өмір сүруге ә бден болатын заттар.



25

Тамақ. 


Əр  адамға  толық  қамды  тамақтану 

қажет.  Алайда,  тамақ  әртүрлі  болады.  Тез 

өсіп,  жетілу  үшін  бала  ет,  көкөніс,  жеміс, 

ірімшік,  балық  және  жаңғақ  жеу  керек.  Шо-

колад,  тәттілер,  печенье  және  бәлішті  де 

жеуге  болады,  бірақ  көп  емес.  Яғни,  қажетті 

тағам  түрлерімен  қоса  маңыздылығы  шама-

лы тағамдар да болады екен. Ет, көкөніс, сүт 

тағамдары  –  бізге  қажетті    тамақ  түрлері.  Ал 

киндер-сюрприз – сенің қалаған тәтті тағамың.

Тұрмыстық қызмет. 

Ай сайын біз үйді, 

ауланы, ал қыста шатырды қардан тазалаған 

үшін  белгілі  бір  соманы  төлеп  тұрамыз.  Біз 

электр  қуатын,  газды  және  суды  қолдана-

мыз  –  ол  үшін  де  ақша  төлеу  қажет.  Осы 

қызметтің барлығы біздің үйде тұруымыз үшін 

қажет. Сонымен қатар, басқа да қызмет түрлері 

бар.  Мысалы,  интернет  немесе  кабельді  те-

ледидар.  Дәл  осы  қызмет  түрлері  үшін  ақша 

төлемесек те, біз бәрібір жылы, әрі жарық үйде 

тұра береміз. Яғни, олар – қалаған заттар.

Байланыс. 

Үйдегі телефон мен әрбір от-

басы  мүшесінің  ұялы  телефоны  байланыс 

құралдарына жатады. Телефон арқылы біз бір-

бірімізбен хабар алмасып тұрамыз, туыстары-

мыз  бен  достарымыздың  қайда  екенін  біле 

аламыз. Сонымен қатар, телефонды ойын ой-

нау үшін де пайдалануға болады. Сондықтан, 

байланыс үшін төленетін ақша – қажеттілік, ал 

қалғаны – біздің қалауымыз болып саналады.

Енді қажетті жә не қалаған заттардың  

айырмашылығын қарастырайық




26

Көлік. 


Əдетте, жұмысқа, мектепке, спорт секция-

сына, үйірмеге т.б. жету үшін бізге көлік қажет (авто-

бус, метро, трамвай немесе машина). Бұл – қажеттілік. 

Ал егер біз келесі көшеде тұратын досымызға маши-

намен барсақ, ол біздің қалауымыз болады.

Киім-кешек. 

Егер ескі аяқ-киім жарамсыз, не 

тар болып қалса, жаңасын сатып алу қажет болады. 

Ал егер сенің екі аяқ-киімің бола тұра тағы біреуін 

алғың келіп тұрсаң, ол сенің қалауың болар еді.

Тұрмыстық  техника. 

Теледидар, 

тоңазытқыш,  кір  жуғыш  машина 

  қажетті  заттар. 



Олар  біздің  тұрмысымызды  жеңілдетеді.  Егер  ескі 

тоңазытқыш бұзылып қалса, жаңасын сатып алу – 

қажеттілік.

Үйірмелер, секциялар, сабақтар. 

 

Жақсы білім, әрдайым спортпен шұғылдану немесе 



пайдалы үйірмеге қатысу өте маңызды. Ата-анаң сенің 

өсіп, дамығаныңды, үнемі жаңа нәрселерді үйреніп, 

бір  нәрсемен  әуестенгеніңді  қалайды.  Сондықтан 

да,сенің біліміңе жұмсалған ақшаны қажеттілік деп 

есептеуге болады.



27

• Үйдегі электр қуаты мен су

• Журнал, киноға билет

• Ет, балық, көкөніс және жеміс-жидек

• Торт, печенье, газдалған сусын, кәмпиттер

• Телефон мен интернет ақысы

• Жылы аяқ-киім және қысқы күртеше

• Автобустың айлық билеті

Лотерея билеті

• Мектепке арналған кітаптар

Тапсырманың жауабын ата-анаңа көрсет. Олар сен таңдаған қажетті және қалаған 

заттар тізімімен келісер ме екен?

Ақшаны жұмсамас бұрын қажетті және қалаған заттар туралы еске түсірген жөн. 

Біз үй мен тұрмыстық қызмет, интернет пен телефон ақысын төледік, автобус пен 

метроның айлық билетін сатып алдық, бір айлық азығымызға ақшаны бөліп қойдық. 

Осыдан кейін отбасымызда ақша қалды ма? Қалса, киноға бару жайлы немесе 

жаңа компьютерлік ойын алу жайлы ойлануға болады. Ал қалмаса, қалауымызды 

кейінге шегіндіре тұруға тура келеді.

Иә, дәл солай. Əдетте, ата-анаңның ай сайын алатын ақшасы белгілі бір сомадан 

аспайды. Ол ақшаға тек шектеулі көлемдегі қызметтер мен тауарлар алуға болады.

Тізім ішінен қажетті жә не қалаған 

заттарды тап

Алдымен қажетті, сосын қалаған заттар

... бә рін бірдей алу мүмкін бола бермейді 

Ойланып 

көр...



жүктеу 37,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау