Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Ғылыми кітапхана
«Оқу орны кітапханаларының оқу үрдісіндегі ролі, даму кезеңдері мен бағыт алысы» атты облыстық конференция
МАТЕРИАЛДАРЫ
19 қазан 2012 жыл
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 80 жылдығына арналады
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Западно-Казахстанский государственный университет имени
М. Утемисова
Научная библиотека
МАТЕРИАЛЫ
областной конференции
«Роль библиотек в учебном процессе, пути развития и направления»
19 октября 2012 года
посвящается 80-летию Западно-Казахстанского государственного университета имени М.Утемисова
Орал - Уральск
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Ғылыми кітапхана
«Оқу орны кітапханаларының оқу үрдісіндегі ролі, даму кезеңдері мен бағыт алысы» атты облыстық конференция
МАТЕРИАЛДАРЫ
19 қазан 2012 жыл
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 80 жылдығына арналады
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Западно-Казахстанский государственный университет имени
М. Утемисова
Научная библиотека
МАТЕРИАЛЫ
областной конференции
«Роль библиотек в учебном процессе, пути развития и направления»
19 октября 2012 года
посвящается 80-летию Западно-Казахстанского государственного университета имени М.Утемисова
Орал - Уральск
ӘОЖ/УДК
КБЖ/ББК
О
Редакторы:
Т.Е.Алимбекерова – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапхана директоры
Құрастырған:
Н.А.Ермеккалиева - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапхана әдіскері
Оқу орны кітапханаларының оқу үрдісіндегі ролі, даму кезеңдері мен бағыт алысы: Облыстық конференция материалдарының жинағы. Роль библиотек в учебном процессе, пути развития и направления: Сборник материалов областной конференции.-Орал: М.Өтемісов атындағы БАҚ және баспа орталығы, 2012.- б.
Университет ғылыми кітапханасы Батыс Қазақстан облысындағы ЖОО, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханаларына әдістемелік орталық болып табылады. БҚМУ-дың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында облыстық көлемде өткізілген конференцияда кітапханалардың оқу жүйесіндегі орны, бет алыс бағыттары мен жетістіктері, айтарлықтай кемшіліктері мен нақты даму жолдары қарастырылған.
Бұл жинақ білім және ғылыми мекеме қызметкерлеріне, оқытушылар мен кітапханашы мамандарына арналған.
Алғы сөз
80 лет????
Университет ғылыми кітапханасы Батыс Қазақстан облысындағы ЖОО, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханаларына әдістемелік орталық болып табылады. БҚМУ-дың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында облыстық көлемде өткізілген конференцияда кітапханалардың оқу жүйесіндегі орны, бет алыс бағыттары мен жетістіктері, айтарлықтай кемшіліктері мен нақты даму жолдары қарастырылған.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
ғылыми кітапханасының даму кезеңдері
Т.Е.Алимбекерова
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан
мемлекеттік университеті ғылыми кітапхана директоры
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ғылыми кітапхасының тарихы Орал педагогикалық институтының қалыптасу тарихымен байланысты. Алғашқысында Орал педагогикалық институтының кітапханасы болып, 1932 жылы құрылды. Бастапқы кітап қоры негізін Орынбордың реальдік училищесі берген 7500 томдары құраған. Орташа есеппен жыл сайын 13000 данадан кітаптар жиналған.
БҚМУ ғылыми кітапханасы қолжазбалар және сирек кездесетін құнды кітаптар қорының иегері. 18-19 ғасырдағы сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар кітапхана қорында сақталған. Сирек кездесетін кітап қоры: «Революцияға дейінгі Ресей энциклопедиялары мен энциклопедиялық сөздіктер», Ресей Мемлекетінің тарихы, әмбебап библиографиялық коллекциялары, «Пушкиниана» және ежелгі славяндық жазбадағы түпнұсқалық ескерткіштер.
1995 жылы кітапхана іс-қызметіне алғашқы жұмыс компьютері берілді. Қорда бар кітап қорын алғашқылардың бірі болып, маман Г.Б.Днекешева енгізе бастады.
2000 жылдардан бастап дәстүрлі әдістер мен қызметтерді сақтай отырып, университет кітапханасы заманға сай өз қызметін жаңа инновациялық технологиямен жалғастырды. Университет кітапханасының кітапханалық-библиографиялық процесіне ақпараттық технологиялар ене бастады. Дәстүрлі каталогпен (алфавиттік және жүйелі) қатар электронды каталог «Библиотека 5.2» бағдарламасы бойынша жұмыс жасай бастады. Кітапхана қоры жаңа электронды басылымдармен толығып, электронды база құрылды.
2004 жылдан бастап оқырмандар пайдалана бастаған «Библиотека 5.2» бағдарламасы бойынша «Книги», «Статьи», «Труды ППС», «Художественные книги», «Электронная библиотека», «ОФИ», «Авторефераты», «Высшее образование» атты мәліметтер базасымен қамтиды. Электронды каталог базасы бүгінде 100 000 жазбаны қамтиды.
2005 жылы заман ағымы мен оқу процесінің қажеттілігіне орай электронды оқу залы ашылып, компьютер қоры көбейтілді. Негізгі мәліметтер базасы ресейлік және қазақстандық электронды оқулықтар болды. Студенттер электронды оқулықтарды пайдалануды үйрене бастады. Студенттер сабақтан тыс білім алып, ақпараттық технологияларды пайдалана бастады. Интернет желісіне қосылып, локалды сеть орнатылды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында білім мен ғылым интеграциясының мақсаты - интеллектуалды ұлт қалыптастыру мен мемлекеттің индустриялық-инновациялық жандануы деген болатын. Жолдауда сонымен қатар, Қазақстанда университеттік білім мен ғылымның дамудың жаңа сатысына көтерілуі керектігі айтылған. Жолдауға сәйкес сапалы білім беру Қазақстанды индустрияландыруды және инновациялық дамудың негізі бола алады.
2006-2007 оқу жылы университет кітапханасы үшін үлкен елеулі оқиға болды. Жаңа толқындағы жаңа 20 компьютер, сканер, принтер, видеопроекторы бар және функциялы аппаратпен жабдықталған «Электронды оқу залы» ашылды. Электронды оқу залында іс-тәжірибелік сабақтар, студенттердің өзіндік жұмыстары, видео материалдарды пайдалану жұмыстары жүргізілді. Абонементтер мен оқу залдары компьютерлермен жабдықталды.
2008 жылы университеттің кредиттік оқыту жүйесіне көшуімен бірге студенттерге, оқытушы-профессорлар мен университет қызметкерлеріне ақпараттық қызмет көрсету сапасына деген сұраныс ұлғая түсті. Оқырмандарға уақтылы, сапалы қызмет көрсету техникалық және технологиялық процестермен қамтылумен тығыз байланысты болды.
Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану тәсілдері: электронды каталог, электронды оқулықтарды компьютер арқылы оқу, аудио-видео материалдар көмегімен ақпарат алуда қолайлы және тез арада оқырмандар сұранымын қанағаттандыруда.
Ғылыми кітапхананың ақпараттық жұмысын қалыптастырып, одан әрі жүргізу мақсатында «Электрондық кітапхана және қоғамда ақпаратты жинақтау» атты үш жылдық бағдарлама өз жұмысын аяқтады. Осы бағдарлама аясында оқу процесіне қажетті оқулықтар электронды түрге көшіріліп, БҚМУ ғалымдарының электронды оқулықтарының презентациясы өткізіле бастады.
Электронды оқу залы өз жұмысын жалғастырып, жаңадан келген заман ағымына сай жоғары сатылы 5 компьютермен толықты. Жаңа техникалық құралдармен жабдықталып видеопроектор, теледидар көмегімен электронды оқулықтарды, видео фильмдерді пайдалана отырып, оқытудың интерактивті әдістері арқылы практикалық сабақтар жүргізілді. Оқулықтар сканер арқылы электронды түрге аударылып, студенттердің кітап оқуына электронды нұсқасы беріледі. Электронды оқу залында пайдаланушылардың сұранымы көрсетіліп, қатысуы туралы арнайы журнал жүргізіледі.
2009 жылы жаңа ақпараттық технологияларды қолдану тәсілдері: электронды каталог, электронды оқулықтарды компьютер арқылы оқу, аудио-видео материалдар көмегімен ақпарат алу қолайлы және тез арада оқырмандар сұранымын қанағаттандыра бастады.
«Студенттер мен оқытушы профессорлар құрамын қажетті ақпаратпен қамтуда электронды кітапхананың жұмысын жандандыру» /2009-2011 жж./ бағдарламасы; «Университеттің білім беру процесінде ақпараттандыруды жақсарту және бағалы басылымдарды электронды тасымалдау құралдарына көшіру» /2009-2011 жж./ бағдарламалары аясында кеңінен жұмыстар жасалуда. Осы бағдарламалар негізінде БҚМУ ғылыми кітапханасы электронды кітапханалық ақпараттар ресурсын (кітаптар мен мерзімді баспасөздер көшірмелері) қалыптастыруда.
Кітапхана заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыстануға көшті. Электронды оқу залы жаңа техникалық құралдармен жабдықталып видеопроектор, теледидар, видеомагнитафон, компьютер көмегімен электронды оқулықтарды, видео фильмдерді пайдалана отырып, оқытудың интерактивті әдістері арқылы практикалық сабақтар жүргізілді. Электронды оқулықтардан басқа, 2000 нан аса пәндердің оқу-әдістемелік кешені енгізілді. Аз даналы оқулықтар және сирек кездесетін ғылыми басылымдар сканер арқылы электронды түрге аударылып, студенттердің кітап оқуына электронды нұсқасы берілді.
Жаңа толқындағы компьютерлер, көшірме техникасы, принтер, сканер, видеопроектор және жаңа толқындағы «А» сериялы ЭЛАР ПланСканермен т.б. ақпараттық техникамен жабдықталуы, электронды оқу залына интерактивті тақтаның орнатылуы кітапхана қызметінің инновациялық дамуының көрсеткіші болды.
«ЭЛАР ПланСкан «А» жаңа толқындағы сканер аппаратының презентациясы болып өтті. Таныстырылымға университет проректорлары, ОПҚ мен студенттер, ЖОО кітапханалары, облыстық және қалалық балалар кітапханаларының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жаңа толқындағы сканер аппараты арқылы кітапхана қорындағы әртүрлі маштабтағы құжаттардың электронды нұсқасын бере отырып, кітапхананың электрондық ақпарат қоры толықтырылды. Кітапхана қызметкерлері сирек кездесетін және құнды кітаптарды, графикалық схемаларды, ғылыми мақалаларды «ЭЛАР ПланСкан «А» сканер аппаратының көмегімен электронды нұсқасын дайындай бастады. Батыс Қазақстан облысы бойынша алғашқы болып бұл заманауи құрылғыны алып, орнатып іске асырған осы университет кітапханасы болатын.
Білім және ғылым министрлігі 03.06.2009 жылғы «Республикалық ЖОО аралық электронды кітапхананы құру» №260 Бұйрығы бойынша Республикалық ЖОО аралық электронды кітапхананы құруда М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми кітапханасынан жіберілген электрондық мәліметтер алғашқылардың бірі болып қабылданды. РЖООЭК жүйесіне кіргеннен кейін мынадай мүмкіндіктерге ие болдық:
1) интернет желісі арқылы «е-Білімгер» порталынан барлық ЖОО ресурстарын қарап, ақпарат алуға;
2) ЖОО өзара оқу әдебиеттерімен, пәндердің оқу-әдістемелік кешенімен, ғылыми мақалалармен алмасуға;
3) РЖООЭК жүйесін интернет желісі негізінде ЖОО кітап қорымен танысқаннан кейін, қажет оқулықтарын оқуға мүмкіндіктің болуына;
4) Магистранттар мен студенттердің ғылыммен айналысуына, диссертация, дипломдық жұмыс жазған уақытта электрондық кітапхана қорымен пайдалануға.
Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана жүйесіне ай сайын 100-ге тарта оқулықтар мен БҚМУ ғалымдарының ғылыми еңбектері жіберіліп келеді. Оқытушылардың ғылыми мақалалары мен оқу құралдарының толық мәтінінің электронды нұсқасы жинақтала бастады.
2009 жылдың желтоқсан айынан бастап, БҚМУ Ғылыми кітапханасы - ЖОО, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханаларына әдістемелік орталық болып табылады. Орта білім беру мекемелерінің кітапханаларына көмек ретінде құжаттарды толтыру туралы жеке кеңестер беріліп, «Атаулы күндер тізбегі» және т.б. басылып шыққан библиографиялық көрсеткіштер мен библиографиялық тізімдер ұсынылды.
Ғылыми кітапхана қызметінің автоматтану кезеңдері. 1 диаграмма
Орта білім беру мекемелерінің кітапханаларының статистикалық есептері алынып, жүйеге келтіріліп кесте толтырылды.
2010 жылы әдістемелік орталық жоспарға сай екі әдістемелік семинар өткізілді. 1.«М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ғылыми кітапханасы ЖОО, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханаларына әдістемелік орталық». 2.«ЖОО, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханаларында ақпараттық технологияны енгізу және қолдану».
Тақырыптық әдістемелік семинарларға БҚМУ проректоры мен оқытушылары, ЖОО, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханаларының кітапхана меңгерушілері, ғылыми кітапхана қызметкерлері қатысты.
Семинарларда Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана (РЖООЭК) жүйесіне М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми кітапханасынан жіберілген электрондық құжаттар алғашқылардың бірі болып қабылданғандығы туралы мәлімет берілді. Тікелей интернет желісімен көрсетілген РЖООЭК жүйесін қолдану реті қызметкерлер тарапынан қызығушылық туғызды. Келелі мәселелер қозғалып, сұрақтарға жауап берілді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «ЖОО-лардың техникалық дайындығына қарай оларды Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электрондық кітапханаға қосу жүзеге асырылатын болады» деп баса көрсетілген. Осыған орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханаларында РЖООЭК жүйесіне қосылуды жоспарлау керектігі айқындалды.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханаларына әдістемелік орталық болғаннан кейін кітапханалық бағдарламалар бойынша әдістемелік көмек көрсетілді. О.Р.Димухамбетовтің «Библиотечное дело» бағдарламасы колледж кітапханаларының деңгейіне сай болғандықтан үгіт насихат жұмыстары да жүргізіліп, аталмыш бағдарламаның іс-қызметі түсіндірілді.
Егемендікке жеткен жылдардан бері әсіресе университеттің республикада жоғарғы оқу орындарының алғашқыларының бірі болып жаңа кредиттік технологиялық жүйемен оқуға көшуіне орай, кітапханаға оның кітап қорына, оқу-әдістемелік мәселелерін жаңашаландыру мен инновациялық электрондық оқу технологиясын екпінді енгізу кезеңдері басталғаннан кітапхана ұжымы жоғары ұйымшылдықпен университет әкімшілдігінің заманға лайықты талаптарын еңбекқорлық үлгісін көрсетіп, орындап отырды.
Бүгінгі таңда университет ғылыми кітапханасында 1.025.440 дана кітап қоры бар. Кітап қоры отандық және алыс шетел әдебиеттермен, диссертация, ақпараттық, библиографиялық, реферативтік басылымдар және электронды құжаттармен толықтырылған.
Ғылыми кітапхана құрылымы 3 бөлімнен тұрады: әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімі, оқырмандар сұранысын қамту бөлімі, ақпараттық технология және библиография бөлімі. 9 оқу залы, 3 абонемент жылына 6 мыңға жуық пайдаланушыларға қызмет көрсетеді, оның ішінде ғалымдар залы мен электронды оқу залы бар. Ғылыми кітапхана іс-қызметінде 25 жоғары білімді кітапханашылар еңбек етеді. Кітапханашылардың барлығы өз саласының білгір мамандары.
Ғылыми кітапхананың жылына кітап беруі 1 млн., оқырмандардың кітапханаға қатынауы 600 мыңнан асады. Жыл сайын 500 атаулы шетелдік және қазақстандық мерзімді басылымдарға жазылады. Қазақстан ЖОО Ассоциациясымен, Қазақстандық және Ресейлік ірі басылымдармен байланыс орнатып, Қазақстандағы жоғары оқу орындары кітапханаларымен тығыз қарым-қатынаста.
Халықаралық кітап алмасу. Ресей ЖОО-ы Астрахань мемлекеттік университеті, Ресей халықтар достығы университеті, Волгоград мемлекеттік университеті, Орынбор мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, П.Ф.Лесгафт атындағы дене шынықтыру мемлекеттік академиясы, Саратов мемлекеттік педагогикалық университеті, Майнцтағы Гумбольд университеті, Польша университеті кітапханаларымен байланыс орнатылған.
Шетел және ТМД елдерінің университеттерімен, басқа да ақпараттық орталықтармен байланыс төмендегідей бағыттармен жүргізіледі:
- университет оқытушылары мен студенттеріне тегін қызмет көрсету;
- ғалымдардың ғылыми еңбектерімен кітап алмасу және т.б. жұмыстары
Электронды оқу залы пайдаланушыларға электронды оқулықтарды оның ішінде, университет ғалымдарының электронды оқулықтарын, видео-дәрістер, әдістемелік құралдар, энциклопедия мен сөздіктер, оқу видеофильмдерін, оқытушылардың дәрістерін ұсынады. Жаңа технологияларды пайдалана отырып кафедралармен бірлесе түрлі сабақтар өткізіле бастады. Пайдаланушыларға Интернет желісі ұсынылған. Университет сайтының білім порталында ғылыми кітапхана өз электронды ресурстарымен қатар, ғылыми кітапхана өнімдерін топтастырған. Жаңа әдебиеттердің виртуалды көрмесі, Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті оқытушы профессорлар құрамы еңбектерінің библиографиялық көрсеткіші, атаулы мерекелер мен белгілі тұлғаларға арналған библиографиялық көрсеткіштер, виртуалды көрмелер, атаулы күндер тізбегі, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жасалған виртуалды кітап көрмелері, «БҚМУ Хабаршысы» журналының электронды нұсқасы сайттың «Электронды кітапхана» айдарында орналасқан.
Кітапхананы пайдаланушылар жаһандық ақпараттар желісі Internet, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпараттар орталығы құқықтық және заң «Заң-Закон» мәліметтер базасы қызметін қолдана алады.
Университеттің Bеб-сайт беттерінен ғылыми кітапхана туралы ақпарат топтастырылған, өз www.library.wksu.kz электронды поштасы бар.
БҚМУ ғылыми кітапханасы заман ағымымен жандану үстінде. Жаңа компьютерлік технологияларды енгізу мен қолдану, оқу және ғылымды ақпаратпен қамтуда заман ағымына сай теңдесі жоқ құрал болып табылады.
Қоғам дамуының қос қанаты - білім мен ғылымға қолдау көрсету ерекше мәнге ие. Елбасының халыққа арнаған биылғы Жолдауында бұл бағытқа басымдық берілген. Бүгінгі таңда елімізде білім сапасын арттыру үшін инновациялық технологиялар барынша енгізілуде. Білімнің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы үлкен. Өйткені бұл жас ұрпаққа сапалы білім берудің негізі болып табылады. Осы бағыттарға сәйкес ғылыми кітапхана іс-қызметі де қалыс қалған емес.
2011 жылы «ИРБИС» бағдарламасына көшуді жоспарлап, сондай-ақ, Ғылыми кітапхана сайтын ашып, оған өз өнімдерімізді бере отырып, оқырмандармен, басқа да кітапханалармен тығыз байланыс орнату кезек күттірмес жоспарлы істер болып саналады. Шетелдік «Elsevier», «Kluwer», «Academic Press», «Blackwell Publishers», EBSCO басылымдардың бірімен байланыс орнату инновациялық даму болып табылады.
Университет тарапынан ғылыми кітапханаға деген қөзқарас оң бағаланып отыр. Кітапхананың барлық корпустағы оқу залдары, абонементтер, бөлімдері түгелдей дерлік жаңа жиһаздармен жабдықталып, оқырмандардың білім алуына түгелдей дерлік жағдай жасалған. Әсіресе ақпараттық технологиямен жабдықталу жоғары деңгейде. Жалпы саны 55 компьютер паркі, басқа да түрлі техникалық құралдар саны 10 нан асады: оның ішінде интерактивті тақта, көшірме аппараттары, сканер, принтер, видеопроектор, теледидар, видеомагнитафон т.б.
Электронды оқу залының 21 компьютері 21 жаңа толқындағы ноутбуктерге айырбасталып, локалды сеть орнатылды. Кітапхана бөлімдері, абонементтер, оқу залдары жаңа компьютерлермен жасақталды.
Кітапханашылардың біліктіліктілігін көтеру интернет, «Кітапхана әлемі», «Кітапхана», «Библиотека», «Мир библиографии», «Научные и технические библиотеки» т.б. журналдар, білім берумен кітапхана қызметіне қатысты мемлекеттік құжаттар арқылы жүргізіледі. Республикалық, аймақтық конференциялар мен семинарларға қатысып тұрады.
***
Кітапханалардағы оқу процесіне қатысты электронды ресурстарының жасақталуы, жетілдіру жолдары
(Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғылыми кітапханасының жұмыс тәжірибесінен).
А. Б. Есенаманова,
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан
аграрлық-техникалық университеті
ғылыми кітапхана директоры.
Бiртұтас ақпараттық - кiтапханалық кеңiстiктi жасау мәселесі, кiтапханааралық кооперация Қазақстан және Ресейдің кәсіптік басылымдарында кеңінен талқылануда. Ақпараттық-коммуникативтік технологияның жоғары қарқынды дамуы, ақпараттық көздердің өсуі кітапханалардың бірігуімен кітапханалық консорциум, қауымдастықтар, біртұтас ресурстар мен мәліметтер базасын құрды. Әсіресе сұраныста толық мәтінді ақпараттар.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті шетелдермен байланысқа басымдылық танытуда. 40-тан астам елдердің ЖОО-мен білім және ғылым салаларында келісім-шартқа отырды. Оның ішінде Ресей, Германия, Ұлыбритания, Израиль, Чехия және т.б. мемлекеттер бар. Университеттің дамуының негізгі беталысы әлемдік ғылыммен ықпалдасу және оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, білімі, инновациялар енгізуі болып табылады. Ғалым, студенттер және магистранттар бір семестр бойына әлемнің мықты деген университеттерінде оқуға мүмкіндік алды. Сондықтан да, жедел ақпаратқа деген сұраныс күрт өсуде.
Қызмет орындарындағы және үйлеріндегі компьютерде ғаламтормен еркін пайдаланыла алса да, оқырмандарымыз ғылыми ақпараттарды іздегенде біздің кітапханаға келіп толық мәліметтер алады. Өйткені «ғылыми және ЖОО кітапханалары ғылыми білімнің маңызды, сенімді және тұрақты коммуникациялық каналдары болып табылады». [1; Б.56.]
Ғылыми және ЖОО кiтапханалары, ғылыми бiлiмнің сенiмдi және тұрақты, коммуникативті арнасы болып табылады. Университет кітапханасы барлық оқырмандарды сенімді, әрі толық ақпаратпен қатар, ғылыми біліммен қамтамасыз етеді. Ресейлiк және әлемдiк тәжiрибелер бiздiң кiтапхананың электрондық қызмет көрсету дамуында ескеріледі.
Кітапхана ісіндегі біріккен және келісілген ақпараттық және компьютерлік технологияларды енгізу, бізге дәстүрлі технологиялардан, аз шығынмен электрондық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Ғылыми кiтапхананың дамуындағы басым бағыт - білім, ғылым және тәрбие жұмыстары үшiн қажетті ақпараттық ресурстар және әртүрлі қызметтер сапасын арттыру болып табылады. 2011 жылдан бастап университетіміз Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен электрондық толық мәтінді шетел деректер базасын пайдалануға мүмкіндік алды. Олар: THOMSON REUTERS, Springer Link, Science, Elsevier деректер базасы. Студенттер, магистранттар және оқытушылар үшiн (ЖООЭК,THOMSON REUTERS, Springer Link, Science, Elsevier-дiң ) ДБ-ында мәлiмет iздестiруді және қолдануды үйрену, электрондық каталогты және библиографиялық деректер базасының «Диссертация және авторефераттар», «Профессор-оқытушылар құрамы ғылыми еңбектерi», «Электрондық ресурстар» АБИС WEB-ИРБИС модулдың көмегімен пайдалануды үйрету бойынша тренингтар үнемi жүргiзiледi.
Жәңгiр атындағы БҚАТУ-ң ғылыми кiтапханасының сайтындағы электрондық кiтапхана бөлiмінде Http://library.wkau.kz/ - бұл электрондық дәрістер, оқулықтар, халықаралық ғылыми конференция материалдары, университеттiң «Білім және ғылым» ғылыми журналын табуға болады.
Электрондық кiтаптарды және мақалаларды сайттан көшіріп немесе тiкелей оқып отыруға болады, олар жалпы сипатталып және PDF-тың пішінімен көрсетілген. Дәл осылай бұл ресурстар сайттан iске асады. http://www.rmeb.kz.
2001 жылы Ресей ЖОО-ң кітапханалары отандық мерзімдік басылымдардағы мақалаларға библиографиялық талданған жазбалардың негізгі мәліметін құру үшін кететін шығындарды азайтудың жолын табу мақсатында бірлескен болатын, дәл осы кезден бастап МАРС жобасының тарихы басталды.
Осы уақыт аралығында жобаның техникалық негізі түпкілікті өзгерді, МАРС жобасы Ресейдің аймақтық кітапханалары ақпараттық консорциумдар қауымдастығы (АРБИКОН ) жобасының мәртебесін алды, қатысушылар саны да бірнеше мәрте көбейіп отырды, бірақ жобаға қатысушылар жаңа ұрпақтың талабына сай АБИС бағдарламасына көшті. Кiтапханаларда АБИС ИРБИС64-тi жобасы қолданылады.
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ғылыми кітапханасы 2002 жылдан бастап «Аймақаралық талданып жазылған мақалалар» (МАРС) және «Электрондық құжаттарды жеткізу» (ЭДД) жобасының қатысушысы болып келеді.
МАРС және ЭДД жобаларына тегін қатысу өте маңызды. Жобаның негізге алынатын қағидалары өзгеріссіз қалды: қатысушылардың тең құқылығы, техникалық жарақтандыру жөніндегі талаптары. Осы жоба пайда болғаннан бері жазылған журналдардың көлемі 500 %- ға өсті. Қазіргі таңда МАРС 218 кітапханаларды (Ресей, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Украинаны) біріктірген.
2006 жылы біздің университетіміз Ресейдің аймақтық кітапханалары ақпараттық консорциумдар қауымдастығымен (АРБИКОН) келісім шарт жасасты.
1. Аймақтық кітапханалар ақпараттық консорциумдар қауымдастығы (АРБИКОН) жобасына қатысудың бірінші шарты «Аймақаралық талданып жазылған мақалалар» (МАРС). Соған орай журнал мақалалары мәліметтер негізінің библиографиялық түсіндірмесінің ақпараттық сапалы қоры және ақпараттық қорда іздеу сервисі және ұйымдағы библиографиялық жазбалардың негізгі мәліметтерінде ауысып келіп отыру сервисі құрылды.
2. Аймақтық кітапханалар ақпараттық консорциумдар қауымдастығы ( АРБИКОН) жобасына қатысудың екінші шарты, журналдардағы мақалалардың көшірмесі- электрондық тапсырыс және құжаттарды жеткізу (ҚЭЖ) болып табылады.
МАРС және ЭДД жобасына қатысу – бұл кәсіби шеберліктің мектебі. Бiз жүйелі түрде АРБИКОН жобаларымен жұмыс iстеу арқылы АРБИКОН-ның үйлестірушілер мен жетекшiлерiнiң әдiстемелiк құжаттарын аламыз, конверторлар және бағдарламалар, нұсқаулар алып отырамыз. Жыл сайын басылымдар каталогын өзіміз жазылатын журналдар тізімімен толықтырып тұрамыз.
Бiздiң ғылыми кiтапхана 6 журналдың 1200 библиографиялық жазбаларын жібереді. Олар: «АПК: экономика, управление», «Банковские услуги», «Гражданская защита», «Открытое образование», «Стандарты и мониторинг в образовании», «Управление риском» журналдары.
Жобаға қатысушылар «Құжаттардың электрондық тапсырысы мен жеткiзуi» (ҚЭЖ) керек мәлiметтерді алуда ұтымды пайдалануға мүмкiндiк бередi. Онлайн режимінде 2-8 сағат аралығында тапсырыс орындалады.
Өз тарапымыздан да Карелия әріптестеріміздің тапсырыстары бойынша Қазақстандық журналдардан, ғылыми жиынтықтардан, жоғары оқу орнының ғылыми еңбектері жиынтықтарынан да мақалалар жіберіп отырдық. Мысалы: Петрозаводск университетінің ғалымдары Г. Колосованың «Критерии деления публицистики на жанры» атты мақаласына тапсырыс берді. Оны біз // Журналистика / М-во высш. И средн. Спец, образования КазССР. Каз. Гос. Ун-т им. С. М. Кирова. – Алма-Ата: Изд-во КазГУ, 1975. – Вып.5 (7). тауып бердік.
«ҰҒТАО» АҚ «Біртұтас электрондық кітапхана» жобасын жасауда. Басты мақсаты Қазақстанның рөлін дүниежүзілік ақпараттық нарығында көтеру, Қазақстанның ақпараттық ресурстарын жинақтау, халықаралық электрондық ақпараттық ресурстарға қолжеткізуді қамтамасыз ету.
2012-2013 жылдарына оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерінде кітап беру жұмысын автоматандыру жоспарлануда. Кітапханадағы барлық инновациялық өзгерістер, жаңа модульдар, кітапхананың қызметін жақсарту болып табылады, оның өзі кітапхананың жаңа кәсіптік сатыға көтерілуіне, сапалы қызмет көрсетуге жалпы кітапхананың ақпараттық қоғамның талабына сай болуына әкеледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Юрик И. В. Интеграция Центральной научной библиотеки имени Я. Коласа Национальной академии наук Беларуси в онлайновое пространство научных коммуникаций / И. В. Юрик // Научные и технические библиотеки. – 2012. – № 5. – С. 55-60.
***
Кітапхана ақпараттық білім беру орталығы
С.Ж.Нурлиева
«Еуразия» гуманитарлық экономикалық
колледжінің кітапхана меңгерушісі
Колледжде білікті мамандар даярлау, оқыту сапасын арттырудың бірден-бір жолы озық білім беру мен оқытудың инновациялық технологияларын ендіру, шетелдермен интеграциялық байланыста болу және тағы да басқа бағыттарда атқарып жатқан жұмыстар көп. Осындай міндеттерді жүзеге асыруда колледж құрылымдық бөлімі ретінде кітапхана өзінің көп салалы дәстүрлі кітаптар және электронды ресурстарымен пайдаланушылардың оқу-тәрбие үрдістері мен ғылыми ізденістерін қамтамасыз етуші, ақпараттық білім беру орталығы ретінде зор үлес қосуда. Студенттің білімінің сапасы жоғары болуы әрине, біздің оқу орнының дайындап жатқан болашақ мамандарына тікелей қатысты. Сондықтан да олардың сапалы білім алуларына біріншіден оқытушылардың, екіншіден кітапхананың кітап қоры мол және қолда бар құндылықтарды жеткізе, насихаттай білетін білікті кітапханашының болуы маңызды.
Бүгінгі таңда кітап қорын оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, қосымша әдебиеттермен қатар әртүрлі электронды тасымалдағыштардағы ресурстармен толықтырылған. Кітап қорын толықтыру отандық кітап баспаларымен келісім-шартқа отыру арқылы жүргізілеуде. Интернет дүкені арқылы Рессей мемлекетінің Самара қаласымен тығыз байланыстамыз. Сонымен қатар оқытушылар өз әдістемелік нұсқауларымен құралдарын және басқада әдебиеттерді кітапханаға сыйға тартуда және қосымша құрал ретінде жыл сайын газет-журналдарға жазылу ұйымдастырылған.
Кітапхана дәстүрлі алфавиттік және жүйелі каталогтар мен қоса электронды «КАБИС» каталог бағдарламасымен жұмыстануда. Оқырмандардың ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру қазіргі заман талаптарына сай бірнеше бағыттарда жүзеге асырылуда. Оның бір «ЗАҢ» базасын қолданып, құқық қорғау мамандығы бойынша оқитын студенттердің, яғни оқырмандардың оқу-іздену үрдісіне пайдалануға толық ақпарттармен қамтып отырмыз. Кітапханада кітап қорын насихаттау және қоғамдағы зиянды әрекетерден аулақ болу т.б. мақсатында көптеген мәдени іс-шаралар жүргізіледі. Жыл сайынғы Қазақстан Президентінің халыққа жолдауын кітапхана оқырмандарына және студенттерге жеткізу, түсіндіру мақсатында ашық көрме, конференция ұйымдастырылды. Көрмеге Елбасының еңбектерін, «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасын, жолдау туралы пікір ойлар жазылған мақалаларда екі тілде жинақталып қойылған. Оқырманның рухани ой-өрісін,патриоттық тәрбиесін дамыту мақсатында Тәуелсіздік күніне және Наурыз мерекесіне орай әдеби-сазды кеш және сайыстар өткізу жұмыстары жүргізіледі.
Кітапхана оқырмандарына қызмет көрсету, кеңес беру,сұрақ талаптарына нақты жауап беруде кітапханашының міндеті. Сондықтан әр бір студентті оқырман етіп тіркегеннен бастап кітапхананың ережесімен таныстырып, кітапхана ресурстарымен қалай пайдалану туралы дұрыс түсіндіре білу керек. Күнделікті кітапхана күнделігін жүргізу, оқырмандардың сауалдарын тіркейтін журналды толтыру, картатекамен жұмыстануда қызмет көрсету бөлімінің бір жұмысы. Кітапхана бүгінгі таңда жаңа технология мен қамтылған, интернет желісіне қосылған, пайдаланушылардың сұраныстарын толық қанағаттандыру және барлық жағдай жасауды ұйымдастырған.
***
Кітапханада ақпараттық электронды ресурстарды қолдану
К.Ж. Умбетова
«БҚОӘББ Орал газ, мұнай және салалық
технологиялар колледжі» кітапханасының меңгерушісі
ХХI ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры.
Бар білімнің қайнар көзі – кітапхана.
Н.Назарбаев.
Білім беруді ақпараттандыру Қазақстан Республикасының әлеуметтік ортасының дамуының басым бағыты. Білім беруді ақпараттандырылуын дамыту, Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі заман талабы елімізді білімді кәсіби мамандармен қамтамасыз етіп отырған колледждердің қазіргі заман талабына сай жастарға сапалы білім мен саналы тәрбиенің жоғары деңгейде берілуін талап етеді. Қазіргі заманғы оқыту барысында колледж кітапханасы колледждің білім беру, оқыту және тәрбие мәселесін қатар жүргізілетін жаңа құрылымдық бөлігі ретінде жұмыс істеуде.
Елбасы Н.Назарбаев «ХХI ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі – кітапхана» деп атап көрсеткендей, ХХІ ғасырда кітапхана саласын дамыту пайдаланушыларға сапалы қызмет көрсету, жаңа технология, бағдарламаларды енгізу, кітапхана қорын насихаттау, ақпараттық ресурстарды құру және сақтау – бұл жаңа бағытта жұмыс істеуді талап етеді.
Кітапхана саласында қолданылып жатқан жаңа ақпараттық технологиялар, электрондық ресурстар, пайдаланушыларға қызмет көрсетудің жаңа формалары, кітапхана қорларын сақтау – бұл бүгінгі күннің белесі.
Қазіргі заманға сай кітапханалар өздерінің дәстүрлі міндеттерімен қатар оқырмандардың ұлттық, әлемдік және интеллектуалдық ақпараттық байланыстарға қол жеткізуіне мүмкіндік беретін ақпарат орталығының міндетін атқарады.
Кітапхана саласында басты назар аударатын бағыттардың бірі ақпараттық электрондық ресурстарды басқару және оларды кітапханада қолдану, ақпараттық-электронды ортада ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету.
Егеменді еліміздің жаңа даму сатысында стратегиялық бағыттан бастау алған білімді, ізденімпаз оқырмандардың рухани талабын қанағаттандыруда Орал газ,мұнай және салалық технологиялар колледжі кітапханасы оқушылардың сапалы да саналы білім алуына көмектесу мақсатында, білім саласы бойынша әдебиеттерді насихаттау, заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқырмандар сұранысын қанағаттандыру бағытында жұмыс атқаруда. Бүгінгі күні колледж кітапханасының жалпы қоры 122286 дананы құрайды, оның 99140 данасы оқулықтар.
Кітапхана құрылымына оқу залы, абонемент бөлімі және электронды оқу залы кіреді. 40 орынға арналған оқу залы 3 компьютермен жабдықталған. Бүгінгі ақпарат қоғамында кітапханалардың көрсететін қызметтерінің бірі ақпарат кеңістігіне жол ашу болса, колледж кітапханасының электронды оқу залы оқырманның талап-тілектеріне, олардың өскелең интелектуалды сұраныстарына сәйкес сапалы да нәтижелі ақпаратпен қамтамасыз етіп, қызмет көсетуде. Электронды оқу залы 12 компьютермен, принтер, сканермен жабдықталып, жергілікті жүйелікке және Интерент желісіне қосылған.
Электронды оқу залында:
- компьютер арқылы электронды оқулықтарды (DVD, CD-ROM, аудио, видео) пайдалану;
- электронды каталогтан мәліметтер базасын қолдану;
- толық мәтінді деректер базасына қолжеткізу;
- электронды кітаптың қажетті беттерін принтерден өткізіп алу;
- интернет жүйесін пайдалануға мүмкіндіктер бар.
Оқу үрдісінің тиімділігін арттыру үшін, дәстүрлі оқыту жүйесінде электронды оқулықтарды пайдалану бүгінде өзекті болып отыр.
Электронды оқу залында 130 электронды оқулықтар бар. Сонымен қатар соңғы жылдары колледжде электронды оқулықтарды дайындау дәстүрге айналды. Қазіргі уақытта колледж оқытушыларының 25 дана электронды оқулықтары жинақталды. Электронды оқу залында әр оқушы өзіне қажетті материалдарды қарап, электронды оқулықтарды еркін пайдаланып, рефераттар, көрнекіліктер және Интернет жүйесін пайдалану арқылы өз білімдерін терең де, сапалы дамыта алады.
Кітапхана жұмысын автоматтандырудың негізгі мақсаты- кітапхана қызметін жетілдіріп, ашық ақпарат кеңістігінде ақпарат түрлерін еркін пайдаланып, ақпарат және кітапхана-библиография қызметін кеңейту, ақпараттарды оқырманға тез және ыңғайлы түрде жеткізу, сонымен қатар кітапхана жұмысына жаңа ақпараттық технологияны енгізу. Анықтамалық-библиографиялық жұмысты заманауи технологияға сәйкес жүргізу бағытында 2010ж. колледж кітапханасына «КАБИС» (Қазақстандық автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйе) бағдарламасы алынды. Бұл бағдарламаның мақсаты-қордағы кітаптардың электронды нұсқасын жасақтау, компьютерлік-ақпараттық коммуникацияға негіздеу.
Электронды каталог – ақпарат іздеудегі басты құрал. Электронды каталогты қолдану кітапханадағы оқырмандарға қызмет көрсетудің мүмкіндігін кеңейтеді,электронды каталогты пайдалану арқылы кітаптар, мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі электронды басылымдарды жылдам таба алады, табылған әдебиеттер тізімін басып шығаруға болады;
- электронды каталог (ЭК) дәстүрлі карточкалы каталогпен қатар жүргізіледі және кітапхананың анықтама-іздестіру аппаратының құрама бөлігі болып табылады;
- электронды каталог кітапхана қорларының ғылыми және толықтай мазмұнын ашады.
Ғылым мен техниканың ерекше алға басқан қазіргі кезеңінде кітапхананың қызмет көрсету ауқымы электронды ресурстармен толығуда. Оқырмандар арасында өтетін көпшілік шараларда экран, проекторды пайдалану үрдіске айналуда. Кітаптардың тұсаукесері, слайдтар, «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасын оқу, «Қазақ жырының Қадыры», «Тәуелсіздіктің ұлы тұлғалары», «Мәдени мұра – жас ұрпақтың игілігі», «Ұлы ерлік ұрпаққа үлгі» және т.б. тақырыптық кештерде көрсетілген бейнефильмдер кітапхана жұмысындағы ақпараттық технологияның дамып келе жатқанының айғағы.
Оқырманға тақырыптық, нақтылау, фактографиялық түрлеріне қарай библиографиялық анықтама беруде әлемдік ақпараттық интернет жүйесінен, электронды картатекадан ақпарат алуға толық мүмкіндік бар.Бұл оқырман сұранысын толық қанағаттандыруда мүмкіндік береді.
Оқырмандарға кітапханалық-библиографиялық білім беруде консультациялық оқулар, библиографиялық сабақтар жүргізіледі. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану тәсілдері: электронды каталогпен жұмыс, электронды оқулықтарды компьютер арқылы оқу, аудио, видео материалдар көмегімен мәлімет алу тәсілдері үйретіледі.
Кітапханадағы ақпараттық жұмыстар болып табылатын дәстүрлі кітап көрмелері, шолулар, әдебиеттермен таныстыру жұмыстары жүргізіліп, олар «Ақпарат күндері», «Диплом қорғаушылар күні», «Мамандар күні» сияқты кешенді іс-шараларға жалғасады.
Тәуелсіз Қазақстан алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына кіру үшін жас ұрпақты, зияткерлік ұлтты, мемлекетшіл азаматты тәрбиелеу ісі қашан да маңызды.
«Адам баласы бір-бірінен өнер, білім, ғылым, мінез арқылы ғана озады, одан басқамен оздым деген ақымақтық», - деп айтылған ұлы Абай сөзіне сүйене отырып, өскелең ұрпақтың кітап әлемінен керекті ақпарат алуына мүмкіндік туғызып, тәлім-тәрбие беруде кітапхана ұжымы қашанда игілікті істердің басында.
Әдебиеттер:
1. ҚР-сындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы [Мәтін] // Егемен Қазақстан.- 2010.- 18 маусым.
2. Назарбаев, Н.Ә. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты [Мәтін]: Жолдау /Н.Ә. Назарбаев //Егемен Қазақстан.- 2012.- №41-42.-28 қаңтар.
3. Кітапхана әлемі /Мир библиотеки //Алматы, 2012.- №1
4. Кітапхана әлемі /Мир библиотеки // Алматы, 2011.
Достарыңызбен бөлісу: |