Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі


«Dr.Koffer» ерлер сөмкесінің жарнама үлгісі («Quattroruote» журналы)



жүктеу 1,44 Mb.
бет8/12
Дата17.11.2017
өлшемі1,44 Mb.
#556
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

«Dr.Koffer» ерлер сөмкесінің жарнама үлгісі («Quattroruote» журналы)

№ 1 сұрақ. Берілген жарнама сіздің назарыңызды аудартты ма? Бұл жарнаманың ерлерге бағытталғандығына қарамастан, әйелдер де, елдер де жарнаманы дұрыс қабылдап, назаларын аудартқан.

№ 2 сұрақ. Берілген жарнамада бірінші кезекте неге көңіл аудардыңыз? Әйелдер де, ерлер де бірінші кезекте жарнама суретіне көңіл аударған. Бірнеше әйел респонденттер жарнама суретіндегі ең бірінші көзге түскен элементтерін жазған.

№ 3 сұрақ. Жарнаманы ең бірініші рет көргенде жарнама мәтініне мұқият қарадыңыз ба? Берілген жарнамада жарнама мәтіндері аз. Біз тек берілген тауардың бренд атауын ғана және төменде орналасқан мәтінді көреміз, яғни тауарды алуға болатын мекенжай туралы ақпараттар. Ерлер де, әйелдер де жалпы тауар атауына ғана көңіл аударған.

№ 4 сұрақ. Сіздің ойыңызша берілген жарнама қай аудиторияға арналған? Ерлер де, әйелдер де жарнаманың ерлерге арналғанын белгілеген.

«Sumsung» планшеті жарнамасының үлгісі («Quattroruote» журналы)

№ 1 сұрақ. Берілген жарнама сіздің назарыңызды аудартты ма? Берілген жарнама әйелдердің көбісін қызықтырған жоқ. Олардың айтуынша бұл жарнамада сұр түстерінің болуынан, ал ерлерді керісінше қызықтырды, себебі жарнамада нақтылық пен минимализм көрінеді.

№ 2 сұрақ. Берілген жарнамада бірінші кезекте неге көңіл аудардыңыз? Ерлер жалпы суретке және тауар атауына көңіл аударған. Ал әйелдерге бірінші кезекте жарнаманың түсіне көңіл аударған.

№ 3 сұрақ. Жарнаманы ең бірініші рет көргенде жарнама мәтініне мұқият қарадыңыз ба? Жарнама мәтініне қатысты, әйелдер тек қана тауардың маркасын ғана мұқият қарап, қалған мәліметтерге көңіл адурмаған. Ал ерлер тауарды сипаттап тұрған басты қысқаша мәтінді мұқият көрген.

№ 4 сұрақ. Сіздің ойыңызша берілген жарнама қай аудиторияға арналған? Жарнаманың жалпы сипаттары бойынша ерлерге арналғанына қарамастан, ол тауармен ерлер де, әйелдер де қолданатындықтан, бұл сұрақ бойынша олардың ойлары бұл жарнама ерлерге де, әйелдер ге арналған.

«Blend-a-med» тіс пастасы жарнама үлгісі («Quattroruote» журналы)

№ 1 сұрақ. Берілген жарнама сіздің назарыңызды аудартты ма? Берілген жарнама ерлердің 36% және әйелдердің 32% ғана назарын аудартты.

№ 2 сұрақ. Берілген жарнамада бірінші кезекте неге көңіл аудардыңыз? Ерлердің де, әйелдердің де 80% жарнама суретіне көңіл аударған, бұл жарнама мәтінінің өте кіші әріптермен жазылғандықтан және жарнама түстерінің қанық болмағандығынан болуы мүмкін.

№ 3 сұрақ. Жарнаманы ең бірініші рет көргенде жарнама мәтініне мұқият қарадыңыз ба? Респонденттер жарнаманың негізгі мәтіні төменде және өте майда әріптермен жазылғандықтан, тек қана негізгі көзге түсіп тұрған, жарнама тақырыбына мұқият оқыған.

№ 4 сұрақ. Сіздің ойыңызша берілген жарнама қай аудиторияға арналған? Берілген жарнаманың ерлерге арналған журналда орналасқанына қарамастан, жарнама тауарымен ерлер де, әйелдер де қолдана алатындықтан, бұл сұраққа берілген жауаптардың нәтижелері бойынша бұл жарнама ерлерге де, әйелдерге де арналған.

«Loreal Paris» ерін далабы жарнамасының үлгісі («Cosmopolitan» журналы)

№ 1 сұрақ. Берілген жарнама сіздің назарыңызды аудартты ма? Әйелдердің 76% берілген жарнамаға назалары аударылса, ерлердің тек қана 12% жарнама жағымды безендірілуіне байланысты назарларын аудартқан.



№ 2 сұрақ. Берілген жарнамада бірінші кезекте неге көңіл аудардыңыз?

Диаграмма 7 - Название
Диаграммадан көретініміз, ерлер бұл жарнамада бірінші кезекте тауардың қанық түсіне көңіл аударған. Берілген жарнамада басты көзге түсіп тұрған түс – ерлердің назарына ең қатты түсетін қызғылт түсі. Ал әйелдер, керісінше, суретке көңіл аударған.

№ 3 сұрақ. Жарнаманы ең бірініші рет көргенде жарнама мәтініне мұқият қарадыңыз ба? Ерлердің көп бөлігі мәтінмен таныспаса да, оны түсінікті деп айтқан. Әйлдердің көп бөлігі жарнама мәтінін мұқият оқыған. Жарнама әйелдерге арналғандықтан, эмоционалды сөздермен жазылған.

№ 4 сұрақ. Сіздің ойыңызша берілген жарнама қай аудиторияға арналған? Барлық респонденттер бұл жарнаманы әйелдер аудиториясына бағытталғандығын белгілеген.

«Mary Kay» әтірі жарнамасының үлгісі («Cosmopolitan» журналы)

№ 1 сұрақ. Берілген жарнама сіздің назарыңызды аудартты ма? Жарнама ерлердің назарын мүлдем аудартпады, оның себебі, жарнаманың элементтерінің көп болуы, нақтылық жоқ. Ал әйеледердің тек 30% жарнама қызықтырған жоқ, бұл олардың жарнама тауарының маркасына деген қатынастарына байланысты.



№ 2 сұрақ. Берілген жарнамада бірінші кезекте неге көңіл аудардыңыз? Ерлердің 80% жалпы жарнама суретіне көңіл аударса, ал қалғаны жарнама түсіне бірінші кезекте көңіл аударған. Әйелдер өз кезегінде, 60% бірінші кезекте жарнаманың жалпы түсіне, ал 40% тауардың маркасына көңіл аударған.

Диаграмма 8 - Название
№ 3 сұрақ. Жарнаманы ең бірініші рет көргенде жарнама мәтініне мұқият қарадыңыз ба? Ерлер жарнаманың мәтініне мүлдем назар аудармаған. Әйелдер жарнаманың басты тақырыбшасы мен тауар маркасының атауын мұқият қараған.

№ 4 сұрақ. Сіздің ойыңызша берілген жарнама қай аудиторияға арналған? Ерлерден де, әйелдерден де бірдей жауап: жарнаманың әйелдерге арналғаны жазылған.



жүктеу 1,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау