1.2. Аймақтардың әлеуметтік инфрақұрылымының аумақтық дамуын бағалау және сараптау көрсеткіштер жүйесі
Аймақтардың әлеуметтік инфрақұрылымының аумақтық ауытқуын зерттеу үшін көрсеткіштер жүйесін құрайтын статистикалық көрсеткіштер пайдаланылды. Әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі көрсеткіштері бойынша көрсеткіштер жүйесі жергілікті басқару мекемелері мен Батыс Қазақстан облысының статистика департаментінің статистикалық есептерінен құралды. Аймақтардың әлеуметтік инфрақұрылымының аумақтық ауытқуын анықтауында төмендегідей негізгі көрсеткіштер қолданылды:
Блок 1. Жалпы көрсеткіштер (факторлар)
1.1. Аумақтың ауданы
1.2. Халық саны
1.3. Елді-мекендер саны
1.4. Қала халқының саны
1.5. Халықтың жастық-жыныстық құрылымы
1.6. Халықтың жұмыспен қамтылуы
Блок 2. Білім беру саласының көрсеткіштері
2.1. Балабақша саны
2.2. Жалпы орта білім беретін мектептер
2.3. Коледждер
2.4. ЖОО саны
2.5. ЖОББМ-дегі оқушылардың саны
2.6. Балабақшалардағы бала саны
Блок 3. Денсаулық сақтау саласының көрсеткіштері
3.1. Денсаулық сақтау мекемелерінің саны
3.2. Денсаулық сақтау мекемелеріндегі жұмыс жасайтын дәрігерлер саны саны
Блок 4. Спорт және мәдениет саласының көрсеткіштері
4.1. Спорт және мәдениет мекемелерінің саны
Аумақтың ауданы. Батыс Қазақстан облысы – Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Шығысында Ақтөбе, оңтүстңгңнде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі.
Жер аумағы 151339 км2. Республика бойынша 8-ші орынды алады.
Халық санының бірнеше жылдар ішіндегі өзгеру бағытын мына кестеден байқауға болады:
Кесте 2. - Халық санының бірнеше жылдар ішіндегі өзгеру бағыты
Жылдар
|
Халықтың саны
(мың адам)
|
Проценттік өсу қатынасы
|
2009
|
598 3
|
116,6%
|
2010
|
624280
|
121,7%
|
2011
|
608 318
|
118,5%
|
2-кестенің жалғасы
2012
|
612,6
|
119,4%
|
2013
|
617,698
|
120,3%
|
2014
|
624,0
|
121,6%
|
2015
|
629 951
|
122,7%
|
2016
|
637 405
|
124,1%
|
2017
|
641 513
|
124,8%
|
2018
|
646 927
|
125,8%
|
Статистикалық көрсеткіштерге көз салатын болсақ, жалпы Ұлы Отан соғысы ауыртпашылығынан кейін облыс халқы 201,5 мың адамға өскендігі байқалады. 1989 және 2009 жылдар аралығында облыс тұрғындары 600 мыңның көрсеткішін көрсеткен. Ал 1999 – 2009 жылдар аралығында облыс тұрғындары, КСРО-ның ыдырауы, еліміздің егемендік алуы барысындағы қиыншылықтарға байланысты халық саны 19,1 мың тұрғынға азайған. 2009 жылдан бастап облыс халқы 600 мыңнан асқан. Соңғы екі жылда 2012-2014 жылдар аралығында халықтың саны едәуір өскендігін, нақтырақ 11479 адамға артқандығын байқауға болады.Негізгі себептеріне ішкі және сыртқы миграцияның тұрақтануы мен туу деңгейінің өсуі және оралмандардың санының есебінен көбейіп отыр.
Сурет 1. Батыс Қазақстан облысы халқының саны
Кесте 3. – Аудандар бойынша халықтың саны
Достарыңызбен бөлісу: |