Кіріспе тақырыптың өзектілігі



жүктеу 94,15 Kb.
бет18/19
Дата05.01.2022
өлшемі94,15 Kb.
#36362
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
жабайы алма курсовой Касенова Шолпан

ҚОСЫМШ А

Теңеулер:

  1. Төңкерілген қара қазандай үлкен-үлкен қарбыздар теңкиіп-теңкиіп көрінеді. [54 б.]

  2. Жыланша бұралаңдаған ирек жолмен біріміздің артымыздан біріміз тізіліп жотаның үстіне шықтық. [55 б.]

  3. Найза тастардың ұштары бояулы қарындаштай қызыл күрең тартып жан-жақтан состиып  тұр. [56 б.]

  4. Аспандағы ала шабыр бұлттардың бауыры жарып-жарып қойған қарбыздай қып-қызыл. [56 б.]

  5. Қазір күн батсын кішкене, аш бөрідей тиісерміз, бүйірден,- деп сақылдай күлді Әжібек, батырлар жырын оқығандай мақамдап.[56 б.]

  6. Қазір күн батсын кішкене, аш бөрідей тиісерміз, бүйірден,- деп сақылдай күлді Әжібек, батырлар жырын оқығандай мақамдап.[56 б.]

  7. Шымырбайдың бағанағы тайыншадай төбеттері арсылдап қоя берместері бар ма. [57 б.]

  8. Табанымыздың асты тастай қараңғы шыңырауға айналды, үңірейіп жатыр, бір кішкентай ғана от жылт-жылт етеді.  [58 б.]

  9. Бәлкім, балғын балалығымызға жара салған соғыс кінәлі шығар, күтімсіз өскен жабайы алмадай ащы болуымыз да содан шығар, жабайы алманың тісті қамап сырқырататыны тәрізді жанға батар қылықтар істеуіміз де содан шығар?  [60 б.]

  10. Бәлкім, балғын балалығымызға жара салған соғыс кінәлі шығар, күтімсіз өскен жабайы алмадай ащы болуымыз да содан шығар, жабайы алманың тісті қамап сырқырататыны тәрізді жанға батар қылықтар істеуіміз де содан шығар? [60 б.]

  11. Төңіректегі балқұрақ сәске күннің қыздыра бастаған аптабына майланған қайысша балбырап, былқып тұр.  [61 б.]

  12. Аттың шашасынан шашылған құмдай бытырайды.  [62 б.]

  13. Сүйреткіге шөпті таудай қып тиегеннен кейін салынып жатқан маяның түбіне әкеп, маяшыларға көтеріп бере бастады.[62 б.]

  14. Ол басын тұқыртқан күйде өңі бұзылып, сұрланып өне бойы дір-дір етіп, менің білегімнен тастай қып қысып ұстап алды да, мелшиіп отырды да қойды. [63 б.]

  15. Есімді жиып, басымды көтерсем, бозарып, қауынның тілімімдей боп ай туған екен. [64 б.]

  16. Ырысбек аға-а!..- деп шұрқыраса дауыстап, құстай ұшып келеміз. [67 б.]

  17. Тосаңсып қалған қолын жаттықтыру үшін құлақ күйлердің біразын бірінен кейін бірін шұғыл-шұғыл қайырып тастап отырды да, бір кезде еті қызған жүйріктей күмбірлетіп ап жөнелді дейсің. [70 б.]

  18. Үйдің ішіндегілер де, сыртта терезе түбінде тұрған біздер де демдерімізді ішімізге тартып, сілтідей тына қалдық.  [70 б.]

  19.  Ырысбек өзі бір төбе, байқаусызда қаз, тауықтардың арасына кеп қонақтап қалған қыран бүркіт сияқты. [70 б.]

  20. Мына кеудеме оқ тиіп, екі күн ұрыс даласында есімнен танып, қансырап жатқанымда орыстың бір қаршадай қызы жанымды арашалап аман алып қапты. [71 б.]

  21. Иіріліп-иіріліп жатқан жылан сияқтысы да, тісі ақсиған қорқау қасқыр сияқтысы да, әйтеуір толып жатқан жексұрындар ғой түрлері. [71 б.]

  22. Ой, мынаның өзін жігіт пе десем, қатын жанды бірдеңе ғой, бұзауша жаланып,- деді күйіп-пісіп.[77 б.]

  23. Бар, ауыз үйге шық та қайта кіріп солдатша сәлемдес![79 б.]

  24. Ақтаңдақ-ақтаңдақ боп әк жағылған бетімізге, күйемен боялған қасы-көзімізге, сақал-мұртымызға, алым-жұлым ұсқынымызға, күс-күс боп жарылған көсеудей қап-қара аяқ-қолдарымызға қарайды да, ал кеп күледі.  [87 б.]

  25. Даусы мұздай боп,сөздері қатқыл шықты.[88 б.]

  26. Шау қарға құсап әңгіріп енді отырған отырыс мынау. [91 б.]

  27. Әжібектің құлындай даусы...[96 б.]

  28. Қыржиятын түк те жоқ! - деді Нәзира әпкем құдды апамша дікілдей ұрсып. [100 б.]

  29. Қазір де дәл апам сияқты ұрсып тұр.  [101 б.]

  30. Мұқан ағай ұстарамен тып-типыл, айнадай ғып сыпырды да тастады.[104 б.]

  31. Сонда ғой басқа қыздар болса өгіздей өкіріп, буынып өлер еді, ал Мәридің ойына да кіріп шыққан жоқ. [104 б.]

  32. Сонан бері өзі еркек балаша киінеді, көйлегінің етегін шолақ шалбардың ішіне салып, ылғи ышқырланып алады. [104 б.]

  33.  Қанат, осы құрақтардың ішінде үлкендігі нақ жолбарыстай жабайы мысық бар көрінеді,-дейді Мәри. [105 б.]

  34. Үйдің мұржаларынан ұшқан от ұшқындарындай әр тұстан жылт-жылт етіп жұлдыздар көрінді. [106 б.]

  35. Ымырт шапағында жарқыраған аппақ тістері маржандай тізіліп сүп-сүйкімді көрінді. [106 б.]

  36. Үйге келісімен тамақ ішуге де мұршам келмей мұрттай ұштым. [106 б.]

  37. Әдіре қалғырлар, Қозы мен Баян ғұсап қапты ғой,- деді Нұрсұлу күңкілдеп. [112 б.]

  38. Көзі шатынап, жұдырығы тастай боп түйіліп алпамсадай еркек енді бүруге шақ қалғанда апам тайсалмастан оны тағы бір тартып жіберді де:.. [113 б.]

  39. Әдіре қалғыр, саусағыңды қимылдатшы кәне, жүнше түтелік! - деді Нұрсұлу гүжілдей ұмтылып. [113 б.]

  40. Өзінің туған ел, туған жермен қош айтысып, аждаһа жауға қарсы аттанғаны, жауған оқ пен жанған оттың ортасына тап болғаны, әккі жаумен арыстанша алысқаны, қапыда жараланғаны, содан қансырап ұрыс даласында қалғаны, бір жұтым суға зар болғаны, сол сәтте туған ел, туған жер, күліп-ойнаған құрбы-құрдас бәрі-бәрі тізбектеліп өте бастайды көз алдынан; әрқайсысының көңіл қимас мінез-қылықтары, құрбылық наздары бар, итшілеген тірлікте бір-бірінің қадірін білмеген, көкіректі қарс айырған өкініш бар.. [115 б.]

  41. Әй, меніңше сол Ырысбек, бізді бала ғұсатып аузымызды аңқитып алдап жіберген сияқты. [118 б.]

  42. Әдіре қалғыр, осыдан алдап көрсін, немістің оғынан қалған жарты өкпесінен бір қойып, көкірегін қаздай шулатайын. [118 б.]

  43. Әйтпесе, бұ не, ертеңнен қара кешке ат үстінде селк-селк етіп айнала-айнала кейін тентек болған қой сияқты миғұла боп қаларсың. [120 б.]

  44. Мә, саған жинадым,- деп сыбырлап бармақтың басындай жер сағызды алақаныма бүге қойды [120 б.]

  45. Арқам тіпті көк ала қойдай. [120 б.]

  46. Өкіл деген бастықтың үйіне барып, жылы-жұмсақты жеп, ұйқысын қандырып жатушы еді, мынау бір қарақшыдай қақиған біреу болды ғой,- деседі күңкілдеп. [122 б.]

  47.  Бұ қалай, Нұғыман-ау, соғыс болса мынау күннен-күнге арқаға аяздай батып қыса түсуде. [130 б.]

  48. Өңі қу шүберектей боп-боз, адам шошырлық еді. [133 б.]

  49. Көз жанары бұлыңғыр күзгі аспан сияқты кіртиіп мүлде жансыз қарайды, көкшіл ме, қоңыр ма, сарғыш па - айырып болмайды. [133 б.]

  50.  Ал Иван болса көзі тұздай көкпеңбек, бұйраланған сары шашы шаң-топырақ, маймен сірескен, өзі күлкішіл жасөспірім бала жігіт, менің Нәзира әпкемнен бірер жасы кіші, комбайнның оқуын ол да былтыр бітірген.[135 б.]

  51. Әдіре қалғырлар, жүргізетін болсаңдар дұрыстап жүргізіңдер де, әйтпесе, көзге шыққан сүйелдей болмай құртыңдар көздеріңді! [136 б.]

  52. Ертеден бері үш-ақ айналдыңдар, осы алақандай жерді. [136 б.]

  53. О, көкесінен айнымай қалған жарығым, тіпті аузынан түскендей ұқсауын қарашы,- деп, мені құшағына алып қысып-қысып қойды. [164 б.]

  54. Ал Әжібек болса қолына кәкпір алып, қазандағы қайнап жатқан жұдырықтай кесек етті шығарып пышақпен шетінен кесіп жеп көрді де, қайта салды. [165 б.]

  55. Шынын айтқанда , көбімізге мына қыста тауға шығып отын шабу- ең қызық ойын сияқты көрінді. [171 б.]

  56. «А-хо-ау-у-у, хайли-лау, ли-ли-лау, ли-ләй-лау...» - деп әдемі, зор қоңыр даусымен бастап кеп жіберген кезде, күп-күңгірт боп көлеңкелеріміз ербиіп, үрейді ұшырып отыратын жадау-жүдеу үйдің іші самаладай боп жарқырап сала берді. [180 б.]

  57. Менің де ұйқым келіп отыр, бірақ үйдегі естияр еркек езім екенім есіме түссе-ақ, ұйқым шайдай ашылады. [182 б.]

  58. Айнаға барып қарағам; маңдайым, мұрнымның үсті, екі бетімнің ұштары мысық тырнағандай жара-жара боп қапты. [184 б.]

  59. Әй, өзің курортта жатқандай әбден-ақ семіріпсің, бір-екі күнге аштан өле қоймайсың. [189 б.]

  60. Біз, Әнипа апайымыздың тілегі бойынша, екі ұлы бірдей майданға аттанып, жалғыз отырған, иілмейтін, қаққан қазықтай тік жүретіндігі үшін бүкіл ауыл Қадауқара атап кеткен Зылиқа кемпірдің үйіне қарай алып жүрдік.[190 б.]

  61.  Ертеңгісінгі Ырысбек берген алақандай жүз сомдықты бәрімізге көрсете отырып.[14, 196 б.]


жүктеу 94,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау