Кіріспе тақырыптың өзектілігі


Жүректің қылын тербеген жазушы



жүктеу 94,15 Kb.
бет5/19
Дата05.01.2022
өлшемі94,15 Kb.
#36362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
жабайы алма курсовой Касенова Шолпан

1.2 Жүректің қылын тербеген жазушы

«Жазушылық өнер дейміз. Жазушылық тағдыр да ғой. Қазір жасы алпысқа толып, не оның қырқасынан асып бара жатқандар алпысыншы жылдардың басында тырнақалды дүниелерін баспаға жаңа әкеп ұсынып жүрген өрімдей жас жігіттер еді. Көпшілігі әлі үйленбеген де. Сондағы бәрінің басын құраған ортақ мұң – әдебиет жүгін шама – шарықтарынша жұмылы көтерісу, әрқайсысының сол салқар көшке қосар шығармашылық үлесі» - деп жазады Рамазан Тоқтаров.

«Сайын – өзі де кербез, сыпайы, аса мәдениетті жігіт. Нағыз бозым – ақ! Биязы қалпына қарап Сайынды тым момын екен деп қалу қиянат. Өтірікке төзбес, қарулыққа, қиянатшылыққа қарсы жолбарыстай атылар шағын да талай жиын – бас қосуда көргенбіз. Сол тік, тура мінезінен де тапқан болар, Сайынның жауластары да, дауластары да жетерлік. «Дұшпаның болмағаннан қорық! » дей ме қазақ» - деп жазады Шәрбану Құмарова.

Асқар Егеубаев: «Сайын Мұратбеков талантының құдіретті тұғыры – өмірдің өз топырағы. Қазақ елінің қазақы тұрмыс – тірлігі, қазақы тұрмыс – тірлігі, қазақы мінез – құлқы, арман – мүддесі. Сайын ағаның шығармаларындағы өзгеге әсте ұқсамайтын даралығы да, жаңалығы да жаратылыспен жарасымды жан дүниесі. Қазақ елін білетіндер де, білмейтіндер де жазушы шығармалары арқылы дүниеде өзгеше бітімді жері, өзінше мінез – бітімі, тіршілігі бар ұлтты, сол ұлт арқылы қаламгердің өзін анық таныр еді. Өмірдің өзіндей қанық түскен, өзге тұрмақ, өзді – өзіне ұқсамайтын суреткер қаламының біртуар іздерін еркін түйсінер еді. «Жусан иісінен» де, «Жабайы алмадан» да, «Менің қарындасымнан», «Жанболаттан», «Біреуден», күллі ірілі-ұсақты шығармаларынан, әлдеқашан беттерінен қазақ даласының тамаша суреттері, сол даланың ғажайып бітімді, адамдары, сән-салтанаты ешкімнен кем емес қазақ елінің қарапайым құбақан тұрмысы жамырап қарсы алады. Тіршіліктің өзіндей қарапайым, тіршіліктің өзіндей әлеуеті, толыққанды қайталанбайтын суреткер. Дала жұмбағына, қазақы тұрмыс поэзиясына ғашық суреткердің қаламынан төгілген дала көріністерінің өзін суретке түсірсе жаратылыстың керемет құдіретті галереясы дүниеге келер еді.

Дүние жаңғырды, қоғам сілкінді. Адам өзгерді, талғам жаңарды. Көптеген шығармалардың күні өтті. Бұрын мақтаулы біраз дүниелерді «түсіністікпен», жеңіл күлкімен атайтын болдық. Өкініштісі, күн өткен соң күні өткен кезеңдік кітаптар мұншама көп болар ма? Сол көпірдің ішінде өмірдің өзіндей қарапайым даналығымен, тұрмыстың өз сабағындай жарасымды ақиқатымен біртуар таза қалып сақтап, оқшау тұрған Сайын Мұратбеков шығармалары. Сайын Мұратбековтің ресми марапатталмаған, түрлі саяси кезеңдерде әспеттелмеген көп қырлы, көркем кестелері – иісі қазақтың төл мүлкі. Өйткені, жазушы кітабын ашқан оқырман, терезесінен ауласына көз салса-ақ сол суреттерді көреді, кітапты сөресіне қойып, сыртқа шықса сол дала поэтикасын түйсінеді. Әдебиеттің құдіреті деген де, өнердің тектілігі деген де осы.»

Талаптан Ахметжан: «Біз Сайын Мұратбековтің әңгіме, повестерін бала жастан жастанып оқыдық. Жетпісінші жылдары мектеп шаңырағы астына жиналған оқушылардың Сайын ағамыздың «Жабайы алмасына» тамсанбағандары, сонымен жарыса әңгіме қылмағандары некен-саяқ шығар. Сол кезде бәріміздің бірдей неге сайыншыл болғанымызды түсіне бермеуші едік. Әйтеуір, ұнайтын, ұнаған соң оқитынбыз, оқып шыққан соң оқымағандарға әңгімелеп беруге, одан сайын қызықтыра түсуге тырысатынбыз. Енді арада жылдар өткен соң барып салмақтасам, біз Сайын ағаның шығармаларынан өзімізді тауып, танып қуанған екенбіз. Сайын Мұратбеков ауыл өмірін, ауыл психологиясын, ауыл баласының мінез-құлқы мен дүниетанымын шеберлікпен суреттеген екен.

Сайын Мұратбековтің шығармаларында оқырманды еріксіз баурап әкететін сиқырлы саз бар: тау арасында жалғаз келе жатқан жолаушының ыңылдай баяу салған әні іспетті мұңлы, жүрекке жылы тиетін әуен. Сайын ағаның қай шығармасын алып оқысаңыз да, жазушының «мені» сіздің өз «меніңізбен» үндесіп, домбыраның қос ішегіндей қатар тартылып, қоңырлата ескен әсем күйді елжірей тыңдап отырғандай боласыз. Шынайы көркем шығармадан жазушының жанын, бүкіл болмысын танисыз. Шығармасының өн бойына өз жүрегінің лүпілін, қан тамырларының қағысын, өзегін өртеген өкініші мен жанын әлдилеген сағынышын ұялата білген жазушыдан асқан бақытты жан жоқ. «Жүрегінің түбіне кір жасырмай» ақ қағаздың бетіне жан құпиясын жайып тастау әркімдердің қолынан келе бермейтін ерекшелік. Бұл да – аралап жүріп, алалап қонатын дара қасиет. Сайын Мұратбеков – сондай қасиет дарыған қаламгер.

Сайын Мұратбеков – «тың» тақырып іздеп әуре-сарсаңға түспеген, өзі көрмеген, білмеген нәрсесіне ат-ізін салмаған жазушы. Саясаттың сойылын да соққан жоқ. Жазушы оқырманына қарапайым ұғынықты тілмен жүрегін жайып салды. Бояуын қалың да жақпады, шығармаларында ауыл тіршілігі өз табиғи қалпын сақтап тұр. Сондығымен де құнды, сондықтан да Сайын Мұратбеков шығармалары үнемі оқыла береді.» [ 5, 13 б.]



1.3 Жусан иісті дара талант
 Жазушының алғашқы шығармалары 50-ші жылдардың аяғында жариялана бастаған. Содан бергі уақытта әңгімелері мен повестерінің «Менің қарындасым» (1961), «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы (1981), 1986 және 1991 жж. екі томдығы, 2004 жылы «Ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген. 1989 жылы «Қалың қар», 1995 жылы «Өліара» повестері кітап болып шықты. Алматы баспаларынан орыс тілінде  «Дом молодых», «Камен тугай», «Дикая яблоня» және т.б. кітаптары, Мәскеу баспаларынан әр жылдары жарық көрген «Дикая яблоня», «На вершине Учкары», «Запах полыни», «У теплого родника», т.б. кітаптары, Ташкентте  өзбек тілінде «Евшан иісі», Қазанда татар тілінде «Әрем иісі», украин, белорус, грузин, армян, әзербайжан, литва, т.б. туыстас халықтар тілдерінде әңгіме, повестері, араб тілінде «Жусан иісі» повестері мен әңгімелері жеке кітап болып шықты.

Аударма саласында Әнуар Әлімжановтың белгілі роман-повестерін, сондай-ақ Г. Толмачевтің Д. Қонаев, Н. Назарбаев туралы деректі повестерін, Алекс ла Гуманың «Тас ғалам» романын қазақшалаған.

«Тел өскен ұл» (реж. Ш. Бейсенбаев, 1976) кинофильм сценарийінің авторы. 2003 жылы «Жабайы алма» повесі үшін Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды.  «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.

1990 жылы «Қалың қар» повесі үшін Қазақстан Жазушылар одағының М. Әуезов атындағы әдеби сыйлығы, 1998 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағы берілген. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болды.  [ 6, 5 б.]

Қазіргі жалпы совет әдебиеті, оның ішінде ұлт әдебиеттерінің күрт дамуына да Ұлы Октябрь революциясы мен Ұлы Отан соғысының әсері тимей отыр деп те айта алмас едік. Бұл екі тарихи оқиға да әдебиетіміздің өрісін кеңейткен негізгі тақырыбы болумен қатар, өзін көрсетуге тиіс жаңа типті суреткерлерін де дүниеге ала келгендігі анық еді. Өйткені суреткер өмірді емес, өмірдің өзі суреткерді туғызатындығы мәлім. Сондықтан да қаламгер атаулы уақыттың ұрпағы болып саналады. Айталық, бүгінде орта буын санатына енген, әдебиетімізге елуінші жылдардың соңын ала, алпысыншы жылдардың бас кезінде имене енген ақын-жазушылардың біразы Ұлы Отан соғысының тауқыметін бастан өткеріп өскендер екен. Бұғаналары бекіп, қабырғалары қатпастан қыруар қиыншылықты бастан кешіріп, қаршадайынан қағылездікке үйренген бұл ұрпақтың бойындағы сезімталдық пен сергектікті, азаматтық пен аяушылық, қайсарлық пен қайраттылықты сол сұрапыл уақыттың рухы қалыптастырған-ау деген де ойға қаласың. Бұл ұрпақтың айтары да аз болмаса керек. [7, 158-169 б.]

Жазушы Сайын Мұратбеков те бар балалық балауса кезі - бала шағы Ұлы Отан соғысының отты жылдарына тап келіп, тар кезеңдегі тағдырдың татымсыз талқанын ерте татқан буынның өкілі. Ол, атап айтқанда, отызыншы, қырқыншы жылдардың рухани атмосферасына тән материалдық жұтандыққа жүйкесін жұқартпай, қайта керісінше, моральдық байлықты мұрат тұтқан, тазалықты, адалдықты, темірдей тәртіпті, коллектившілдікті, қоғамдық мүддені ту етіп ұстаған, социалистік қоғамның жарқын болашағына деген зор сеніммен, асқақ идеямен күн кешкен аға ұрпақтың адамгершілік тәрбиесін алғанын қашан да мақтаныш етуге тиіс деп ойлаймыз. Сайын 1941 жылы 22 июньде не бәрі бес жаста ғана екен. Ауылдағы ер-азамат майданға аттанып жатқанда жаратылысынан сезімтал, сергек баланың ет жүрегі езілмейді дейсіз бе?! Әкелері мен бауырларының басым көпшілігі енді қайтып туған жердің топырағын баспайтыны сонда сол қара сирақ балалардың естеріне де кіріп шықпаған болар... Адамды қашан да уақыт есейтіп, жағдай жар жағалатқан ғой. Сол әкелері маңдайынан аялы алақандарымен соңғы рет сипаған балаларды қытымыр уақыттың да еркелетпей қыл шылбырымен қысып ұстағаны күні бүгінге дейін де олардың түсіне кірмейді дейсіз бе?!. [8, 5 б.]

…Сайын ғана емес, оның құрбы-құрдастары сол бір жаралы жылдары жар құлағы жастыққа тимей, шөп шауып, шөмеле тартқаны, үлкендермен бірге еңбекке араласқаны да рас. Сөйтіп жүріп жетімдік пен жесірліктің желке қияр қамытына талша мойындары талса да үлкендерше табандылық көрсетіп, қара қағаздың қасіретін тартқан қам көңіл қаралы елдің қайғысын бөліскен бала ұрпақтың ішінен суреткер шықпауы да мүмкін емес еді. Ендеше туған әдебиетіміздің киелі табалдырығын алпысыншы жылдардың басында аттаған талантты топ - табанды буын бүгінде әдебиетіміздің әдемі бір әуені болып отыруында да белгілі бір заңдылық бар екен. Әрбір талантты жазушының әдебиетке келуі ұлттың рухани өмірдегі қуанышты құбылыс екендігіне ешкім де таласа алмайды. Сондай талантты суреткер өзімен бірге өзіне дейін болмаған беймәлім бір идеялық-көркемдік жаңалық ала келетінін өмірдің өзі көрсетіп келеді. Сайын Мұратбеков те әдебиет әлемінде шу деп төбе көрсеткеннен өзіндік өрнегімен жұртшылық назарын өзіне аударғаны жақсы мәлім. Ол қандай өрнек еді?



С. Мұратбековтың алғашқы әңгімелерінен бастап бүгінгі жазғандарына дейін үміт отындай маздап, үзілмей келе жатқан жібек орамалдың жанға жайлы желпігеніне ұқсас жылы бір нәрсе бар. Бәлкім, Сайын әңгімелерінің сыры да, сыны да осында шығар? Ол жазушы творчествосындағы мөлдір сезім шынайылығы, осыдан келіп туындайтын табиғилықтың адам жанының нәзік пернелерін тап басуы дер едік. Былайша айтқанда, Сайын әңгімелеріндегі психологиялық лиризм, яғни қобыздың үніндей сыршыл сарын, психологиялық тереңдік көңілге қонақтап қалып отырады. Жазушы не туралы жазса да, өмірдің ащы немесе тұщы шындығын қай қырынан суреттеп отырса да, сол бір лирикалық пафосынан танған емес. [9, 73-76 б.]

Сайынның ең тұңғыш көркем дүниесінің бірі осыдан жиырма бес жыл бұрын жарияланған «Менің қарындасым» атты әңгімесі де кейіпкер сезімінің шынайылығымен өз оқушысын баурап алып еді. Міне, осындағы оның адам жанының нәзік те бейтаныс қырлары мен беймәлім сырларын лирикалық планда мөлдіретіп табиғи жеткізе білуі әдебиетімізге өз жаңалығы бар жаңа жазушы келгендігін жария еткен болатын. Автор бұл әңгімесінде еліктің лағындай ерке де еркін өскен қыздың бейкүнә бейнесін жасауы арқылы бәріміздің де қарындасқа деген ағалық, бауырлық сүйіспеншілігімізді тағы да оята түскен. Әңгіме қылымсуды білмейтін бір ғана қылықты қарындастың аяулы мінезін көрсеткенімен барша қарындастарымыздың бойынан іздейтін жан дүние сұлулығы мен рухани тазалық, адал сезім туралы ойға қалдырады. Сондай-ақ, Сайынның осы әңгімесінен кейін ақ бантикті қыздар жайында әр түрлі дәрежедегі шығармалардың да көбейіп кеткендігі бәріміздің есімізде. Сөз жоқ, бұл осынау жақсы әңгіменің әсерімен тікелей байланысты еді. Әсер дегеннен шығады. Мұратбековтың «Жусан иісі» атты әңгімесінен соң да жусан туралы жамырай жазбаған жас жазушы жоқ та шығар, осыдан бірер жыл бұрын жусан деген сөзден көз қарығатын еді, қайта енді-енді азая бастаған сияқты. Асылы, әр жазушының творчестволық жаңалығы ол бейнелеген көркемдік шындықтың өзгешелігінен, сол арқылы әдебиетке «таныс-бейтаныс» характерлер әкелуінен, қысқасы, адам жанының диалектикасын өз көзқарасы тұрғысынан ашуынан көрінсе керек. Міне, осы бір эстетикалық өлшем биігінен қарағанда С. Мұратбековке тән суреткерлік жаңалықтың кейбір қырлары ашыла түседі. Мәселен, жоғарыда айтып өткен «Менің қарындасымдағы» Әлима сияқты еңлікгүлдей ерекше сүйкімді еркебұлан қыздар өмірде аз емес болатын. Алайда, солардың бәріне тән бізге белгісіз ортақ сырды Сайын Мұратбеков Әлима бейнесі арқылы ашып бергенін атап айтуымыз керек. Сайынның әрбір жаңа әңгімесінде бұрын айтылмаған жағдай, ашылмаған сыр, көрінбеген характер алдыңнан шығып отырады. Және осының бәрін ол мен мұндалатып көзге ұрмай, сол өзінің лирико-психологиялық пландағы сырбаз, сыпайы, жайма-шуақ жазу стилімен жеткізеді. Ол не нәрсе туралы айтқысы, қандай жағдайды көрсеткісі, нендей шындықты ашқысы келсе де қамырдан қыл суырғандай баппен, байыппен жазады. Сондықтан жалпы С. Мұратбеков прозасының табиғаты тау өзенінің тасып аққанынан гөрі, тұма бұлақтың бірқалыпты бүлкілінен туатын күміс сылдырды көбірек еске түсіреді. Тіпті оның жан сезімінде жаңалықтары мол образ, характерлері де есіктен кіре төрге ұмтылмайтын жайлы да жайдары, қайырымды да қарапайым болып келеді. Жазушы геройларының прототиптері өз арамызда жүрген адамдар болғанымен, көбісінің жандүниесін, ой әлемін, мақсат-мұратын, қуанышы мен мұңын, дүниеге көзқарасын, адамгершілік бет-бейнесін Сайын әңгімелерін оқыған соң тереңірек тани түсіп, бұрын білмей келген, байқамай жүрген жаңа сырлар таптық дер едік. С. Мұратбековтың әрбір әңгімесіндегі суреттелетін өмір шындығына көңіл аударып, адамдарының мұңы мен мұратына ортақтасқан сайын біздің ойымызға халық әндеріндегі қайталанбас мұңды әуен, сағынышты саз, терең толғаныс, ойлы, ойнақы наз, қимас сезім орала берді. Біздіңше, мұның өзі жазушы творчествосындағы халықтық сипаттың жақсы әсері де болу керек. Осы сипат оның әдеби геройларын бізге ет жақынымыздай жақындатып та тұр. Тағы бір атап айтатын нәрсе, Сайын әр әңгімесінде кем дегенде екі-үш адамның көзге ыстық, көңілге жақын жанды бейнесін лирикалық планда жасап, олардың психологиясын өзгеше өрнектейді. Міне, сол геройлар оз бойындағы адалдық сезімімен, аңқылдақ мінезімен, бір сөзбен айтқанда, адамдық аяулы болмысымен оқушы есінде қалып қояды. Сайын характер диалектикасын ашуда, яғни адамды табиғи бар болмысымен көрсетуде ерекше шеберлік танытады. Мәселен, «Кәментоғайдағы» Зағипа, «Ескек желдегі» Рысжан, «Ұлтуғандағы» Ұлтуған, «Ана арманындағы» әже, «Отау үйдегі» Ұзақ пен Тана бейнелері туған әдебиетімізге Сайын Мұратбеков әкелген жаңалықтар, соны образдар, айшықты характерлер. Жазушы мүсіндеген көптеген геройлар жан дүниесіндегі жарқындық, іс-әрекетіндегі адалдық, сезімталдық, қайырымдылық, бауырмалдық сияқты қасиеттер үшін оларға деген симпатиямыз да арта түседі. Сайын өз творчествосында сүйікті геройларының өмір жолы арқылы осы аталған адамдық қастерлі қасиеттерді көркемдік қисынын тауып дәріптеуді басты суреткерлік мұраты санайды. Жазушы әңгімелерінің басым көпшілігін оқушы қауым енжар қабылдап, сыншылар да елеусіз қалдырған емес. Әсіресе солардың ішінен жұртқа оның «Күсен-Күсеке» атты әңгімесі қатты ұнаған сияқты. Ол жайында кезінде Москва сыншылары да бір ауыздан жылы лебіз білдірді. Қазақ әдебиетін Одақтық көлемде насихаттауға едәуір еңбек сіңірген белгілі сыншы, марқұм И.Н. Крамов, сол сияқты жазушы әдебиетшілер П. Ульянов, В. Руденко-Десняк және тағы басқалар Сайынның бұл әңгімесін осы жанр бойынша Одақтық масштабтағы елеулі құбылыс деп бағалағаны баспасөз бетінен жақсы мәлім. «Күсен-Күсеке» әңгімесінде жазушы Сайын Мұратбеков мүлде жаңа қырынан көрінді, жаңаша творчестволық ізденіс үстінде екенін танытты. Анықтап айтқанда, ол бұрын оқиғаны негізінен лирикалық ракурста беретін және адам жанының терең де нәзік пернелерін, ішкі сезім иірімдерін тамыршыдай тап басатын психолог, лирик жазушы ретінде көбірек көрінсе, мұнда ол өміріндегі әлеуметтік күрделі мәселелерді аңғарғыш әрі соларды орнымен көтере білетін ойшыл суреткер екенін де дәлелдеп шықты. Жазушы осы әңгімесінде сырын терең білмеген сырт көзге алаңғасар, аңқау, аңқылдақ, тіпті берекесіз көрінетін Күсен секілді қазақ Дон-Кихотының жаңа типін жасаған сияқты. Ал шындығында мүлде олай емес. Рас, Күсен өзінің адамгершілік қасиеті, сезімі жағынан Сайынның бұрынғы кейіпкерлеріне ұқсас. Сөйтсе де бұл образ өзінің әлеуметтік салмағымен әлдеқайда күрделі. Күсен ой көзімен қараған адамға ешқандай да комикалық герой емес, керісінше езу тартқызып отырып еңсеңді көтеріп тастайтын, ойламаған жерден терең ойға қалдыратын ойлы образ. «Халық іші - қазына» демекші, Күсен сияқты тұрған бойы көркем тұлға боларлық ақ көңіл адамдар ел арасында жүздеп кездесетіндігі анық. Жазушы солардың типтік бейнесін Күсен арқылы әдебиетімізге алып келді. Кейбіреулер үшін Күсен ақ қар, көк мұзда қоғам малын бағып жүріп тапқан-таянған мол ақшасын бей-берекет шашушы, дүниенің ығын білмейтін берекесіз көрінуі де әбден мүмкін. Себебі, табан ақы, мандай термен келген ақша түгіл, жолдан тауып алған қара бақырын да шығаруға қалтырап, соны қарақан басы үшін ортаймас олжа көретіндер жоқ па екен?! Тоғышар, дүниеқоңыз адам үшін дүниенің кілті тек ақша ғана екені түсінікті. Сондықтан да оның тар да тайғақ жолында арын да, арманын да аяққа басып кететіндер де жоқ деу көпе-көрінеу көз жұмбайлық болар еді.

Мұратбековтың Күсені өз ақшасын қайда жұмсау немесе қалай сары майдай сақтау керектігін ешкімнен кем білмейді. Алайда, Күсен үшін ақшадан да асқақтап жоғары тұрған, тіпті есепсіз ақшаға да сатып алуға болмайтын асыл нәрселер бар. Күсен үшін адамға қолыңнан келгенше жақсылық жасаудан, оны қуантып, көңілін табудан, адамға адамның шын көңілімен қол ұшын беріп, риясыз көмектесуінен, онымен сыйласып, сырласудан артық еш нәрсе жоқ. Сондықтан да Күсен сияқты адамды қуантудан рақат алатын және одан асқан ештеңе жоқ деп білетін қарапайым кісінің қолында адал еңбегінің мол ақшасынан басқа беретін несі бар?! Демек, Күсен өз ақшасын ағайын-туғанға анда-санда осылай үлестіру арқылы оларға деген көлеңкесіз көл-көсір көңілін көрсеткісі келеді. Оларды қуанттым деп ойлайды. Олай болса, Күсеннің осы мұраты оның адамгершілік қасиеті емей немене?! Бойында осындай қасиеті бар адамдар аз болса, мынау кең дүние де тар көрінер еді-ау. Егер Күсен әнші болса әнімен, дәрігер болса емімен адамға қуаныш, бақыт, сұлулық сыйламай тұра алмас еді. Өйткені жаратылысынан жақсылық жасау үшін туған жандар мейлі қой бақсын, мейлі ой бақсын С. Мұратбековтың Күсені сияқты адамға деген ақ көңілімен, қарымтасыз мөлдір қарым-қатынасымен, шексіз сүйіспеншілігімен айналасын ақ нұрға бөлеп жүретіндігі күмәнсіз. Ендеше өмірдің күңгейінен гөрі көлеңкесін, жеңілінен гөрі ауырын көріп жүргендеріне қарамастан алғанына емес, бергеніне дән риза Күсен сықылды адамдардың өз басынан бұрын ағайынның аман-саулығын көбірек ойлайтындықтары олардың жамандықтары емес екен! Жазушы Сайын Мұратбеков аталмыш әңгімесіндегі Күсен образы арқылы үлкен әлеуметтік идея көтеріп, оқушыны оймен бетпе-бет қалдырады. Сайынның концепциясы бойынша, адамның адамгершілік қасиеті, мейлі ұлық бол, мейлі кішік бол, көлеңкесіз көңіл тазалығынан, өзінен бұрын өзгеге деген сүйіспеншілік сезімінен көрінеді екен. Сондықтан да Күсен жақыны мен жамағайынына ақшасын үлестіруші емес, шынайы көңілін үлестіруші. Ол үшін дүниедегі ең қастерлі нәрсе ақша табу емес, адамның көңілін табу, адамның қуанышына да, қайғысына да ортақтаса білу. Міне, осының өзі біздің қоғамымыздың әлеуметтік моралінен, адамгершілік принципінен туындайтын қасиет. Демек, Күсен өз әрекетімен әлеуметтік тұлға екен, Күсеннің жанына бататын нәрсе, кейбір адамдардың бір-біріне деген қайырымының жетпей жататындығы, тым өзімшілдігі, көңілдерінің көрсоқырлығы. Күсенді тағы бір мазалайтын жағдай, ағыл-тегіл молшылықтың, барлық пен байлықтың кезінде көңілдің тарылуы, сезімнің жұтаң тартуы, шынайы сүйіспеншіліктің азаюы. С. Мұратбековтың «Күсен-Күсеке» әңгімесіндегі көтеріп отырған адамгершілік проблемасы оның бүкіл творчествосының негізгі пафосы болып табылады. Жазушы қай туындысында да адамның адамшылығы, азаматтығы, рухани биіктігі, жан дүние сұлулығы, сезім шынайылығы туралы сыр шертіп, ой толғап келеді. Сондықтан да Сайын мүсіндеген негізгі геройлар «өмір - адам, адам - өмір» деген күрделі философиялық зандылықтарын өз тұрғысынан түсіндіруге тырысқан суреткер мұратының көрінісі деп қараймыз. [10, 18-24 б.]

Суреткер мұраты! Бұл өте қиын ұғым, оны бірден тап басып тану оңайға түспейді. Себебі әрбір суреткерді өмір - адамның әр түрлі жайттары толғандырады. Көркем шығарма сол толғаныстарға көркемдік тұрғыдан берілген жауап болса керек. Сондай-ақ бұл жауаптар оқушы көкейіндегі сауалдарға да дөп келсе құба-құп. С. Мұратбековтың суреткерлік мұраты адам бойындағы сезімталдық пен аяушылық сезімді дәріптеу, өмірдегі ізгі де игі істерді, адамгершілік қасиеттерді көрсету. Адамның моральдық байлығын, жан дүние сұлулығын, рухани биіктігін, әр қырынан ашу Сайын творчествосының негізгі кредосы. Жазушының, «Отау үй» атты әңгімесі адамға ең қажетті қасиет - сезімталдық пен аяушылық асыл сезімнің жас адамдардың семьялық қарым-қатынасындағы оянуы мен дамуы туралы шертілген мөлдір сыр десе де болғандай. Мұндағы Ұзақ пен Тананың бойындағы рухани тазалық, жан сүлулығы, ішкі әлеміндегі психологиялық нәзік құбылыстар ерекше суреткерлік шеберлікпен ашылған. Әңгімеде «сүйдім», күйдім» деген бір ауыз сөз жоқ, сөйтсе де Ұзақ пен Тананың бір-бірін іштей тереңнен шығар, сөйтсе де солардың көбісі өмірдің ағынымен жүріп, сол туған жерге көп жылдар бойы барып қайтудың реті бола бермеуі де мүмкін ғой. Ал сәті түсіп бара қалған жағдайда адам бойында қандай сезім, қандай көңіл күй болуы мүмкін? Мұны кез келген адам қағазға түсіріп бере алмаса керек. Сайын аталған әңгімесінде, міне, осы сәттегі сезім құбылысын нақты да нанымды детальдар арқылы психологиялық шынайы қалпында көрсетіп береді. Уақыт бір орында тұрған ба? Өмір деген толы өзгеріс емес пе? Ендеше сол ауылдағы адамдар бойындағы әлеуметтік- психологиялық өзгерістер жазушы қаламынан өзгеше өрнек тапқан. Осы әңгімедегі Сәулетай, Зағипа, Шынар секілді геройлардың тағдыры, мінезі, сезімі, іс-әрекеті өмірдегі жүздеген, тіпті одан да көп таныс-бейтаныстарымызды еріксіз еске түсіріп, ойымызға ұмыта бастаған көп нәрселерді түсіретіндігімен жанымызға жақындай түседі. Әңгімеде көңіл босатар мұнтаздай таза мұң, жастық шақ, сазын еске түсіретін сағыныш әуені, ең бастысы - ұядай жылы сезім бар. [11,36 б.]



С. Мұратбековтың соңғы кезде жазғандарының ішінен оның «Біреу» атты әңгімесін айрықша атап айтқан жөн сияқты. Сайын мұнда тақырып аясын кеңіту, оқиғаның әлеуметтік мазмұнын тереңдету, жанр табиғатын түбегейлі игеру, характерді күрделілендіру, жаңа идея айту, тың концепция ұсыну, адам жанының қат-қабат қайшылығын ашу, ішкі драматизмге терең бойлау, интеллектуалдық психологизмге ден қою жағынан өскендігін танытты. Сайынның бұған дейінгі әңгімелерінде оның стиль ерекшелігін айқындайтын сүйікті тәсілі - психологиялық лиризм болатын. Яғни ол оқиғаны да, ойды да, образды да лирикалық планда алып, психологиялық этюдтер түрінде өрнектейтін еді. Сол этюдтер іштей сабақтасып, өзара байланыса келіп, біртұтас көркемдік жұмыр дүние болып шығатын. Сонымен бұл әңгіме жазушы Сайын Мұратбековтың творчествосындағы көркемдік бетбұрысты, ізденісті, суреткер ретінде диалектикалық іштей өсуді көрсететін эстетикалық фактор. Әңгіме аты «Біреу», ондағы негізгі герой да аты-жөні нақты айтылмаған белгісіз біреу. Әрине мұның өзі бұрын Сайын творчествосында ұшыраспаған көркемдік шарттылық екенін ұмытпауымыз керек. Бұл біреу дегені кім, ол неғылған белгісіз жан, мезгілсіз, мекенсіз жүрген ол қандай адам деген оймен әңгімені оқып шыққанда, көз алдымызға белгісіз біреуіміз таныс-бейтаныс біреулерге ұқсай берді, соларды еске түсіре берді. Біз осынау біреудің характерінен, тіршілігінен, өмір сүру принциптерінен қазіргі уақыттың кейбір шындығын, әлеуметтік нышандарын, біраз адамның басындағы типтік жағдай мен ортақ психологияны көргендей болдық. Әңгіменің атында ғана емес, затында да символикалық терең мән, әлеуметтік астар бар. Жазушы бұл әңгімесінде адамның өз мүмкіндігіне лайық өмірдегі орнын табуының қиындығы жайлы қиын мәселені қиюын тауып көтере біліпті. Нақтырақ айтқанда, өмірден өз орныңды табудың, өз үлесіңді алудың жөні осы екен деп табиғи және рухани мүмкіндігінің төмен екеніне қарамастан биікке ұмтылып, сөйтіп әлін білмей әлекке түсіп, бақталастықпен, көрсеқызарлықпен, атаққұмарлықпен жалған өмір сүру - тоғышарлық принцип екені туралы толымды сыр толғайды. Адам баласының бойы ғана емес, ойы да әр түрлі емес пе? Ендеше неге сол ойымыздың дәрежесіне қарай мақсат қойып, арман қумасқа? Көрпеңе қарай көсілмей, мүмкіндігінді асыра бағалап, кез келгеніміз биік мансап, жоғары атаққа, қол жетпеске ұмтылу шарт па екен. Мәселе тек абырой қуып, атақ алып, жеңіл жолмен ақша табуда, ішіп-жеуде ғана ма екен? Жазушы оқушысын осындай өткір сауалдар төңірегінде ойға қалдырады. Әңгімедегі негізгі герой біреу, яғни сол таныс-бейтаныс замандасымыздың бар ойы жеңілдің асты, ауырдың үстімен күн көріп өмір сүру. Сол жеке басының мүддесін көбірек ойлайтын Біреу көздеген көкейтесті мақсаттарына өз еңбегімен ат арытып, тон тоздырып жетуді бос әурешілік деп қарайды. Одан гөрі тамыр-таныстықтың күшімен, өзі сый-сыяпат көрсеткен адамдардың көмегімен қиындықсыз жетуді ғана ойлайды. Біздің арамызда мұндай типтер ұшыраспайды деуге болмас еді. Жазушы осындай тоғышарлық психологияның шылауында шырмалып жүргендердің типтік образын нанымды жасай отырып, олардың рухани жарымжандығын батыл сынайды. Сондай тек аларман адамдардың асығы алшысынан түсіп, алшаңдап жүруіне, ойлағанның бәрін ойдағыдай орындауына жол бермеуге үндейді. Иә, автор солардың рухани-творчестволық әлсіздігін көре тұра көрмегенсу, тіпті кей тұста оларға өліп-өшіп қамқорлық жасап, қолтығынан демеу - азаматтық болмысымызға нұқсан, адамгершілік мұраттарымызға сын екенін ескерткен. Жазушы Сайын Мұратбеков туған әдебиетімізде жиырма жылдан астам уақыт бойы еңбек етіп келе жатыр. Ол осы мерзім ішінде оннан астам кітап шығарып үлгерді. Әрине, сандық жағынан алсақ бұл аз емес, ал сапалық өлшем тұрғысынан қарасақ әдебиетімізге елеулі үлес болып қосылғанын атап айтуға тиістіміз. Сөйтсе де Сайын творчествосында саннан гөрі сапаның салмағы үстем екенін көрер едік. Бұл түсінікті де. Себебі сан қуған жерде сапа жоққа шығады, ал сапа салтанат құрған жерде сан аяғын тартып басатыны мәлім. Яғни олардың бірін-бірі жоққа шығармай тұра алмайтындығы әлімсақтан белгілі жай. Диалектиканың ұлы заңдылығы бойынша екеуінің тепе-тең түсіп жатуы мүмкін емес, мүмкін болған жағдайдың өзінде оның өзі өте сирек құбылыс. Олай болса, Сайын Мұратбековты аз жазады деп қарау ағаттық болар еді. Оның жиырмадан аса таңдаулы деген әңгімелері жеке дара тұрған бір көркемдік әлем сияқты. Бұл әңгімелер болмаған болса, төл әдебиетіміздің бір бүйірі ойсырап, олқы тұрған болар еді. Қазір өзімізді айтпағанда, Одақтық және шет елдік әдебиет сынында «Мұратбековтың әңгімелері» деген әдеби термин де қалыптаса бастады. Мұның өзі «Шукшиннің әңгімелері», «Распутиннің повестері» дегендегідей жұртты елең еткізе түседі. [12, 6 б.]

Сайын Мұратбеков творчествосының негізгі тақырыбы ауыл өмірі деп көп айтылып жүр. Біздіңше, мұнда жалпыламалық басым да нақтылық жете бермейді. Ал шындығына келсек, Сайынды моральдық үлкен проблемалар көбірек мазалайтындай, сондықтан да оның басты тақырыбы адамгершілік, ар-ождан мәселесі дер едік. Өйткені жазушының қай әңгімесін алып қарасаңыз, адамның рухани байлығы: жан дүние сұлулығы мен сезім шынайылығына, көңіл тазалығы мен мұрат биіктігіне айрықша назар аударылады. Сондықтан да ол үшін өмірдегі, адам бойындағы жақсылық, сезімталдық, қайырым, ізгілік, сезім сұлулығы, тазалық, адалдық сияқты моральдық-этикалық категорияларды жазу мұраттың мұраты сияқты.

Әңгіме көркемдік қиюы оңайшылықпен табылмайтын қиын жанр. Сол себепті де Флобердің «әңгіме жазу қиын болғандықтан да роман жазуға мәжбүр болдым» деген сөзінде шындық бар секілді. Жеке дауыста ән айту кез келгеннің қолынан келе бермейді ғой. Ал хорға қосылып екінің бірі айта бермей ме? Әңгіме жазу да жеке дауыста ән салуға ұқсас өнер. Адам көзінің еш нәрсені жасыра алмайтыны сияқты, әңгіме жанрында да жазушы жетістігі мен кемістігін жасыра алмайды. Әңгіме -жазушы шеберлігінің айнасы, мұнда бәрі көктамырланып көрініп, бәрі алақандағыдай анық әрі сайрап тұрады. Яғни шағын жанрдан жазушы шеберлігін әлдеқайда айқын көретін болсақ, сөз өнерінің үлкен жолындағы Сайын Мұратбеков әңгімелері де оның суреткерлік кемел келісімін танытады. [13, 46-52 б.]

Начало формыКонец формы2 С.Мұратбеков «Жабайы алма» повесіне әдеби-теориялық талдау


жүктеу 94,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау