Кіріспе өзектілігі


Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың маңыздылығы



жүктеу 1,44 Mb.
бет8/14
Дата30.07.2020
өлшемі1,44 Mb.
#31197
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Курсовая МОИ

1.2. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың маңыздылығы.

Сыныптан тыс ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, əдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Мысалы, үйірмелер отырысы, сыныптан тыс оқу, мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы сыныптан тыс жұмыстарға жатады. Бірақ кей жағдайларда (оқулар, үйірмелер т.б.) мұғалімдер басшылық жасаса, кей жағдайларда (байқау, кеш т.б.) оқушы белсенділігі мен басқаруында болады. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пəнаралық байланыс іспеттес. Компьютерді қолданып басқа пəндерден сыныптан тыс шаралар өткізу оқушылардың дүниетанымы мен қызығушылықтарын арттыра түседі. Сыныптан тыс жұмыс-сабақтан тыс уақыттағы мектепте өткізілетін жəне оқу жоспарына кіретін əртүрлі оқу-тəрбиелік іс-шаралар. Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері. Сабақтан тыс жұмыс мақсаттарын, мазмұны мен тəсілдері бойынша оқу үрдесінің сабақтан тыс уақыттағы жалғасы бола отырып, онымен үйлеседі жəне үнемі еріктілік сипатта бола бермейді. Оны жоспарлау мен ұйымдастырудағы анықтаушы роль педагогтың үлесіне тиеді. Оған пəн мұғалімдері дарынды оқушылармен бағдарламалық материал бойынша білімдерін көтеру мен тереңдету үшін, сонымен бірге артта қалушылармен білімдерін толықтыру үшін жүргізілетін жұмыс мысал бола алады. Мектептегі тəрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын сыныптан тыс жұмыстар─ баланың өмірге қажетті əлеуметтік ортадағы тəжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты: (Сызба 1.1)



Сызба 1.1

Сыныптан тыс жұмыстар келесі мәселелерді шешуге бағытталған: (Сызба 1.2)



Сызба 1.2

1.Баладан жағымды Мен-тұжырымын қалыптастыру, бұл келесі факторларға байланысты:

А) өзіне басқа адамдардың жақсы көзқараста екендігіне сенімділігі;

Б) өзінің белгілі тақырып немесе қызметті меңгеретініне сенімділігі;

В) өзінің маңызды орын алатынын сенінуі.

Жағымды Мен-тұжырымы баланың өзіне,өзін бағалауға жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуынада оң əсер етеді. Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар баланың күнделікті сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Сыныптан тыс жұмыстың әр түрлі болуы баланың өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бағалауын, өз іс- әрекетін бақылауын қалыптастырады. Сонымен қатар әр түрлі жұмыстар баланың іс-тəжірибесі мен дағдысын, адамдар қызметінің əртүрлілігі туралы білімі мен біліктілігі арттырады.

2.Ұжымдық жұмыс жасау тəжірибесі мен серіктестік дағдысын қалыптастыруға жағдай туғызу. Оқу үрдісінде сыныптан тыс жұмыстарға қарағанда ұжымдасып жұмыс істеу мүмкіндігі аз. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қатынаста болады. Əртүрлі сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.

3.Əлеуметтік қызметтер қажеттіліктерін қалыптастыру. Бұл тікелей əртүрлі қызметтер түрімен танысуға байланысты. Сыныптан тыс жұмыстарды қоғам қажет ететін түрлі қызметтерді ұйымдастыру мүмкіндігі бар, бұл жағдай əсіресе теріс жолға түскен жасөспірімдердің (алкоголь, нашақорлық, тəртіп бұзушылық т.б) көбеюімен көкейкесті болып тұр.

4.Əлемтанудағы адамгершілік, эмоциональдық, еріктілік компоненттерін қалыптыстыру. Сыныптан тыс жұмыстарда рухани адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды дəріптеу жақсы жолға қойылады. Ол оқушыларды өнермен байланыстырады.

5.Танымдық қызығушылықтарын дамыту. Сыныптан тыс жұмыстардың бұл міндеті оқу үрдесіндегі жəне оқудан тыс іс-əрекеттердің біртұтас екендігін білдіреді, өйткені сыныптан тыс жұмыстар оқу үрдісіндегі тəрбие жұмысы сонымен қатар оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Сыныптан тыс жұмыстағы оқушылар қызығушылығын тəрбиелеу маңызды мəселелердің бірі─ мамандық таңдау мен еңбекке, кəсіпке баулуды шешеді.



6.Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру. Қазіргі кезде келеңсіз жағдайлардың алдын алуда баланың бос уақытын педагогикалық ұйымдастыру қажет. Оқушылар тəртібі олардың бос уақытын қалай өткізетіндігіне байланысты екендігі анықталған. Үлгермеуші оқушыларды сыныптан тыс жұмыстарға тарту олардың оқуына кедергі келтіреді деген ұғым дұрыс емес. Қайта сол оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануына көместесу қажет. Информатика бастауыш сыныптағы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырғанда оқушылардың дүниетанымын кеңейту мен өмірінен байланыстылығын ұғындыруды мақсат етіп алған жөн. Кіші сынып жасындағы балалар назарының тұрақсыз болып келуі олармен өткізілген жұмыстың эмоциянальды жəне жарқын болуын талап етеді. Ондай іс шаралардың ойын түріндегі өткені тиімдірек. Бастауыш сыныптардың қызығушылықтары айқындалмағандықтан сыныптан тыс жұмыстарға тек кейбірі ғана қатысады. Жəне бұл оқушылар жұмыс істеуге дағдыланбаған болып келеді,сонымен қатар өз күштеріне деген сенімсіздіктері басым, əрі өз бетімен жұмысқа да үйренбеген. Сондықтан сыныптан тыс жұмыс басынан аяғына дейін мұғалім басшылығымен отуі тиіс. Орта буынды сыныптардағы сыныптан тыс жұмыстарды олардың осы уақыт ішінде алған білімдері мен өмірлік тəжірибелерін ескере отырып ұйымдастыру қажет. Бұл жастағы оқушылар əр нəрсеге құмар болып келеді, өздерінің күші мен білімдерін көрсеткісі келіп тұрады. Қиын жағдайларға өз ойлары мен идеяларын батыл айта алады. Орта буында оқушылар өз еріктерімен қалаған үйірме, қосымша сабақтарға қатысып жүреді. Тəрбиелеуші мұғалімнің міндеті əрбір жасөспірімге өз қызығушылығын қанағаттыра отырып ары қарай өз қабілетінің дамуына үлес қосатын сыныптан тыс жұмыс тауып беру. Жоғарғы сынып оқушылары бұлар болашақ жоғары жəне арнайы оқу орындарының студенттері, сонымен қатар өнеркəсіп қызмет саладағы болашақ жұмысшылар. Олар өздері өзін өзі ересек санап, өз бос уақыттарын өздері ұйымдатыруға жəне оны тиімді əрі пайдалы өткізуге тырысады. “Ұстаз жақсының ұстанымы жақсы” дейді халық, оқушылардың жоғарғы нəтижелерге жетуі, əрине ұстаздың үздіксіз білімін жетілдіріп, шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасауының жемісі. Сондай–ақ оқушылармен жұмыс жасау сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың рөлі үлкен. Айтар болсақ, сыныптан тыс жұмыс оқушылардың жеке басын дамытудың аса маңызды құралдары болып табылады. Педагогика мамандығы үнемі шығармашылық ізденісті, өзін өзі жетілдіруді, кəсіптік деңгейді жоғарылатып отыруды талап етеді. Бұл əсіресе информатика пəнінің мұғаліміне ерекше қатысты, өйткені оқу мазмұны мен мақсатының үздіксіз өзгерісі, оқушылардың компьютерлік сауаттылық деңгейінің өсуі, мұғалімнің бір деңгейде қалып қоймай үздіксіз кемелденуіне, шыңдалуына жетелейді. Оқушыларға күнделікті, тіпті қас─қағым сəтте өзгеіп отырған заман ағымына сай болу үшін, оларға сыныптан тыс өткізген информатика сабағымен ғана шектелмей сыныптан тыс жұмысқа ерекше мəн беру керек. Сыныптан тыс жұмыс деп баланың жеке басын əлеуметтендіру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін, оқушылардың оқудан тыс уақыттағы түрлі қызмет түрлерін, ұстаздың шеберлікпен ұйымдастыруын айтады. Сонда ақ сыныптан тыс жұмыстар мектепте оқу бағдарламалары шеңберінен тыс жəне сабақтан бос уақытта өткізілетін түрлі тәрбиелік – оқу іс-шараларды да айтамыз. Сыныптан тыс жұмыс ұғымы кең ауқымды болып табылады, оған мазмұны, тағайындалуы, өткізу əдісі,нысандары мен тəсілдері бойынша сан алуан жұмыстар кіреді. Сыныптан тыс жұмыс мектептегі тəрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, қоғамдағы өмір үшін аса қажетті əлеуметтік тəрбиені игеруге жəне қоғам қаблдаған құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталады. Қазіргі уақытта балалар қараусыздығының жағымсыз зардаптарының алдын - алу үшін ұйымдастырылған педагогикалық əсер ету уақытын ұзартудың маңызы зор. Өйткені оқушылардың мінез - құлқы мен олардың бос уақытын қалай өткізетіндігіне тікелей байланысты. Педагогика жағынан өз бетімен кеткен оқушылар көбінесе үйірмелерге қатыспайды. Қоғамдық тапсырмалары жоқ, сондықтан да олардың мектеп жəне сынып өміріне қызығушылығы болмайды. Бос уақытының ұлғаюыны қарай оны пайдаланудың қоғамдағы рөлі өсе түседі. Нашар оқитын, үлгерімі төмен оқушыларды сабақтан аландатпау керек деген пікір қалыптасқан. Бұл қате пікір, өйткені бос уақытты қалай дұрыс пайдалану керектігін дəл соларға үйрету керек. Информатика бұл арада нашар оқитын оқушылар үшін де зор мүмкіндіктерді тудырады. Сыныптан тыс жұыс мектеп алдында тұрған оқу - тəрбие міндеттерін шешу зор мүмкіндік тудырып, оқушыларды табандылыққа баулып ұйымдастырушылық қабілетін дамытып жігерін ұштастырады. Ол əрі мұғалімнің өзіне де үлкен пайдалы. Өйткені сыныптан тыс жұмыста мұғалім мен оқушының ара қатынасының рөлі ерекше зор. Жұмысты ұйымдастыру кезізнде педагог үнемі іздену үстінде болып, сыныптан қалыптасқан жағдайларға қарай жұмыстың жаңа нысандарын іріктеп, жасап отыру керек. Сыныптан тыс жұмысының əсерлі жүргізілуі үшін педагогтың шығармашылығы қажнтті ал,ы шарт болып табылады. Сыныптан тыс сабақтарды оқушылардың бағдарламалық материал тұрғысында білімдерін тереңдету, олардың логикалық ойлауын зерттеушілік дағдыларын дамыту, Информатика тілін меңгеру, компьютермен дұрыс жұмыс істеуді, оқушыларға информатика тарихы мен мəліметтер беру үшін пайдалануға болады. Жұмыстың негізгі принциптерін атап кетсек, оларға: мақсат қою принципі, еңбек қызметі, шығармашылық қызметі, оқушылардың жас жəне жеке ерекшеліктерін ескеру принципі жəне басқалар. Енді сөзімізге арқау болып отырған, сыныптан тыс жұмыстар екі бағытта жүргізілуі керек. Біріншісі, бағдарламалық материалдарды оқып үйренуде, басқалардан кенже қалған оқушылармен жұмыс (қосымша сыныптан тыс жұмыстар), екіншісі, информатиканы оқып үйренуде, басқаларға қарағанда ерекше қызығушылқ білдіретін, жоғары қабілетті, үздік оқушылармен жұмыс. Бірінші бағыт əр мектепте дерлік орын алады. Сонымен қатар информатиканы оқудың əсерлігінің жоғарлауы артта қалушылармен қосымша оқу жұмысын төмендетеді. Оның негізгі мақсаты оқушыларды информатика курсы бойынша білім мен дағдылардағы оқулықтарды мерзімінде жою жəне алдын алу болып табылады [4 56-57 - бб].



жүктеу 1,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау