Пәні: Педагогика.
Тақырыптың практикалық маңызы. Педагогика мұғалімдерді белгілі жас тобындағы балаларды тәрбиелеп ерекшеліктері жөніндегі кәсіби білімдермен қаруландырып, әрқылы жағдайлардағы оқу-тәрбие процесін болжастыруға, жобалауға және іске асыруға, оның тиімділігін бағалауға үйретеді. Тәрбие процесін ұдайы жетілдіріп отыру қажет, себебі адамдардың өмір жағдайлары өзгермелі, ақпараттар көлемі ұлғаяды, осыдан мұғалімге қойылатын талаптар жыл сайын күрделене түсуде. Қоғамның мұндай талаптарына педагогтар өсіп келе жатқан жастарды, балаларды оқыту, тәрбиелеу және оған білім берудің жаңа технологияларын құрастырумен жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: |